Қазақ халқының салт-дәстүрлері

 Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Ерланқызы Жанерке
1 сынып, Ә.Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ
Жетекшісі: Жұманбаева А.А.

"Халық-қалың орман,әрі пана,әрі қорған", - деп Қ.Мырзалиев ағамыз жырлағандай, әр халықтың өзінің кәсібіне,сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын салт-дәстүрі болады.
Салт-дәстүр бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде:
Құрсақ шашу,жарыс қазан,шілдехана,сүйінші,балаға ат қою,бесік тойы,атқа мінгізу,баланы қырқынан шығару,тұсау кесер тойы,сүндет той,тілашар,тоқым қағар.Бала дүниеге келмей тұрып анасының құрсағында жатқан күннің өзінде-ақ,құрсақ шашу тойын жасайды.

Сүйінші: Қазақ халқының жақсы дәстүрінің бірі "Сүйінші". Жас нәресте дүниеге келгенде немересі ата-әжесінен сүйінші сұрайды.Сүйінші сұраған немересіне сыйлығын береді.

Дүниеге келген жас нәрестеге ата-анасы мен ата-әжелерінен ат қою дәстүрін жасайды.

Ат қою. Балаға ат қою – қазақта аса салтанатты жағдай. Әдемі, атақты, құрметті адамдардың атын қоюға тырысады. Сол атқа лайықты болуын қалайды. Атты сыйлы құрметті адамға қойғызады. Бүгін де құрметті адамдардың аттарын қояды: Бауыржан, Абай, Сәкен, Абылай, Фариза, Олжас т.б. Қазақта «ат қою» мен «ат тергеу» бар. Келін күйеу әкесін - «ата», інісін - «қайны», қарындасын - «қайнысіңілім», үлкен ағасы – «ағеке», «мырза қайнаға», «би атам», «еркем» т.б. деп атайды. «Ат тергеу» үлкен кішіге дер құрмет. Үлкендердің атын атау – құрметтің жоқтығы, әдепсіздік болады. Атты азанмен жұртқа естірте айтып, онан соң бесіктегі баланың екі құлағына: «Сенің атын пәлен» деп 3 рет айтады.

Қырқынан шығару. Қырық күн өткен соң баланы әйелдер суға түсіріп, шашын , тырнағын алады. Суға түсірген әйелдерге сый-құрмет көрсетіліп, рахмет айтады. Жыйналған адамдарды дастарханға шақырады. Қазақта 3,7,41 сандарды ерекше қайырлы сандар деп есептеледі.Сәби дүниеге келгеніне 40 толған соң, нәрестенің "сүт тырнағы мен қарын шашын"- алып,теңгелер салынған ыдысқа 40 қасық су құйып шомылдырады.

Шілдехана. Жарыс қазанның арты іле-шала не сол күні түнде, ертеңіндегі кеште шілдеханамен жалғасады.Шілдехана тойына нағашы ата-апасы қалжа қойын сойып,қоржын әкеледі. Шілдехана тойына арналып мал сойылады. Сол малдың барлық етін асады.Мойыннан әйелдерге ауыз тигізеді,баланың мойыны қатаю үшін жоғары іліп қояды.
Бесік тойы. Бесік қасиетті, киелі мүлік, сәбидің алтын ұясы болып саналады. Бұған-да ел-жұртына аяулы, ұрпақты бір әжесі лайық. Бұрынғы шаман дінінің отқа табынған салты бойынша әлгі бәйбіше темірді отқа қыздыртып сәбидің маңына пәле-жала, жын-шайтан жоламасын деп бесіктің арқалығын бірнеше жерден қарайтып тұрып қариды. Басқа бәйбішелер қырандай болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды. Бұл бесік дегеніңіз баланың тазалығы ұшін, көшпелі елдің көші-қоны, ат үсті үшін табылмайтын қолайлы нәрсе. Бесіктегі бала көбінесе омыраудан шыққанша жатады . Ит көйлегі тозып, қарын шәші алынған бала талпынып, артынан бақа тірсегі бір бүктеліп, бір созылып еңбектей бастайды. Бала бұл шамаға келген соң бесікті аса кәдірлейтін қазақ әдемілеп тазалап, келешек ұрпақ тезірек келсін, енді сол жатады деп үйдің ең бір сенімді жеріне сақтайды . Бесікті қазақ құрметтейтіні, сақтайтыны соншалық, атасы жатқан бесікке немерелері жатады. Кейде қазақтың туған жерді де алтын бесік деуі де осы ардақтаудан шыққан болар. Сондықтан да бесік тойы қазақ өмірінде үлкен орын алады. Бесікке баланы қырқынан шыққан соң салады.

Тұсау кесу. Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп , өз көзімен алдына қарап бет алады. Ұядан өз қанатымен қалықтап ұшқан балапандай бала да, ең алғашқы тіршілігін бастайды. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған да мал сойып, жұрт жияды.Баланың анасы ала-құла шуда жіптен екі-үш қарыс дайындап, оны ауылдағы ең бір желаяқ пысық әйелге: «Ал, тұсауды сен кес. Өзіңдей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсамысша байлап сонан соң ортасынан кеседі. Бала андайдағы апасына қарай тәлтіректей жөнеледі. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болу үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдірге алма дегенді әу бастан ақ құлағына сіңісті етеді. Сүндет тойы. Атқа міну жасына толған, яғни үш жасқа толған ұл балаға

тән тағы бір той – сүндет тойы.Баланы сүндетке тақ жасында отырғызады. Яғни үш жаста, бес, жеті, тоғыз, тым кешіксе он үш жаста. Баланың сүндетінің жеңіл болуы, біріншіден, баланың күтіміне байланысты болса,екіншіден сүндет жасаған адамның қолының жеңілдігіне байланысты болатын. Сүндет тойы думанды тойдың бірі. Мұнда баланы арнаулы «Сүндет ат» деп аталатын атқа мінгізіп, сәндеп киіндіріп, үкі тағып, ауыл-аймақты аралатады, баланың өз аузымен тойға шақыртады . Дәстүрлі салт бойынша ойын-сауықтың бар түрі көрсетіледі . Баласы сүндетке отырғанда ата-анасы «балам мұсылман санатына қосылады» деп қуанады.

Тоқым қағу. Ашамайға мінген соң іле-шала бәсіресіне мінген бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылаған да әке-шешесі бір малын сойып, оның тоқым қағарын өткізеді. Ал тоқым қағу ақ инеттен, адал көңілден міндетті түрде атқарылатын әдет. Міне , осыдан кейін қазақ бұл балаға арнайы айыл-тұрман, ер-тоқым, жүген-ноқта, шідер мен кісен, арқан дайындайды.
Қыз баланың құлағын тесу. Екі-үш жасқа келген соң-ақ қыз бала өз табиғатына тартып қуыршақ жасап, үй жасап ойнауға әуестенеді. Жылтырауық заттарға, қызылды-жасылды киімге қызығады. Осы тұста қыз балаға арналған жаңа бір қуаныштың сәті түседі. Ол – қызша киіндіріп, құлағын тесу. Құлағын тесетін күні қыз балаға қос етек көйлек, кестелі камзол, үкілі тақия кигізеді . Ауыл әйелдері түгел жиналып, ең қолы жеңіл деп танылған әйелге жол береді. Құлақ тесудің де екі түрлі әдісі болған. Оның бірі – күміс инемен тесу, екіншісі – тарымен тесу. Күміс инемен тескенде иненің ұшын қарсалып, әбден салқындаған кезде бала сезбей қалатындай шапшаңдықпен тесіп, орнына жіңішке жібек жіп, не болмаса жіңішке күміс сым өткізіп қояды. Инемен тескен жер әбден жазылып, жіптің не күміс сымның орны бітеліп қалмайтындай болған кезде жеңіл сырға тағылады. Шеміршегі қатпаған уыз ет пен теріні екі түйір тары лезде тесіп шығады. Мұнда құлақтан қан да шықпайды. Кесілген жерге жібек жіп, не жіңішке күміс сым, кейде тіпті жеңіл сырғаның өзін өткізіп тастайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: қазақ салт дәстүрлері эссе, қазақ салт дәстүрлері шығарма, қазақтың салт-дәстүрлері эссе, қазақтың салт-дәстүрлері шығарма, қазақтың салт дәстүрлері реферат, салт дəстүр туралы шығарма, казактын салт дәстүр туралы шыгарма казакша, казахские традиции и обычаи на казахском языке сочинение на казахском, қазақ, салт, дәстүрлері, эссе, шығарма, қазақтың, салт-дәстүрлері, реферат, дəстүр, туралы, казактын, дәстүр, шыгарма, казакша, казахские, традиции, и, обычаи, на, казахском, языке, сочинение, қazaқ salt dәstүrleri esse, қazaқ salt dәstүrleri shyғarma, қazaқtyң salt-dәstүrleri esse, қazaқtyң salt-dәstүrleri shyғarma, қazaқtyң salt dәstүrleri referat, salt dəstүr turaly shyғarma, kazaktyn salt dәstүr turaly shygarma kazaksha, kazahskie traditsii i obychai na kazahskom yazyke sochinenie na kazahskom, қazaқ, salt, dәstүrleri, esse, shyғarma, қazaқtyң, salt-dәstүrleri, referat, dəstүr, turaly, kazaktyn, dәstүr, shygarma, kazaksha, kazahskie, traditsii, i, obychai, na, kazahskom, yazyke, sochinenie