Менің елімнің салт-дәстүрі

 Менің елімнің салт-дәстүрі

Сәлімбай Алтынай
5 сынып, №176 мектеп-гимназия

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы.

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт – береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм тұзды ақтай білген елміз» - деген.

Әдет - Ғұрыпқа байланысты салтдәстүрлерді айтсақ: Туған жерге аунату. Әдетте, басқа жақта тұратын ер-азаматтарды туған жеріне келгенде оны сол жерге аунатып алатын жақсы дәстүр бар. Мұның мән мағынасы көп. Біріншіден, «сен осы жерде тудың, ұмытпа, перзенттік парызыңды өте» деген мағынада. Екінші, «туған жер – ата-анаң, Отаның, оның жақсы қасиеттері бойыңда, ойыңда жүрсін» деген тәлім жатыр.

Балаларға қатысты салтдәстүрлерді айтсақ: Балаға ат қою - ата-ана үшін жауапты іс. Қазақ халқының ерекше бір көңіл бөлетін ғұрыптарының бірі - өмірге жаңа келген бөпеге ат қою. Әрбір ата-ана өзінің баласына әдемі әрі мағыналы есімді қоюды қалайды. Сондықтан болар ырымшыл халқымыз перзентіне қол бастаған батырлардың, сөз бастаған шешендердің, ел бастаған билердің, жез таңдай, күміс көмей әнші-жыршылардың атын қоюға тырысады.

Қазақ халқы шаңырақты, бесікті, табалдырықты қасиет тұтқан. Бұл үшеуін ешқашан аяқпен баспаған. Бұл үшеуі қашанда бірімен бірі байланысып, ұштасып жатады. Осынау қасиетті үш затты қатты тозып, тым ескірген кезде де аяқтың астына тастамай, өртеп жіберетін болған әрі күлін де аяқасты қылмай, көміп тастаған. Менің елім салт-дәстүрге бай оны айта берсем көп.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу

Ілмектер: салт дәстүр шығарма, салт дастур шыгарма, салт дастур туралы шыгарма, салт дәстүр туралы шығарма, салт дәстүр туралы, салт дастур туралы, қазақ салт дәстүрлері эссе, қазақ салт дәстүрлері шығарма, қазақтың салт-дәстүрлері эссе, қазақтың салт-дәстүрлері шығарма, қазақтың салт дәстүрлері реферат, салт дəстүр туралы шығарма, казактын салт дәстүр туралы шыгарма казакша, казахские традиции и обычаи на казахском языке сочинение на казахском, қазақ, салт, дәстүрлері, эссе, шығарма, қазақтың, салт-дәстүрлері, реферат, дəстүр, туралы, казактын, дәстүр, шыгарма, казакша, казахские, традиции, и, обычаи, на, казахском, языке, сочинение, қazaқ salt dәstүrleri esse, қazaқ salt dәstүrleri shyғarma, қazaқtyң salt-dәstүrleri esse, қazaқtyң salt-dәstүrleri shyғarma, қazaқtyң salt dәstүrleri referat, salt dəstүr turaly shyғarma, kazaktyn salt dәstүr turaly shygarma kazaksha, kazahskie traditsii i obychai na kazahskom yazyke sochinenie na kazahskom, қazaқ, salt, dәstүrleri, esse, shyғarma, қazaқtyң, salt-dәstүrleri, referat, dəstүr, turaly, kazaktyn, dәstүr, shygarma, kazaksha, kazahskie, traditsii, i, obychai, na, kazahskom, yazyke, sochinenie, казахские традиции сочинение на казахском языке