Ертеңгіні болжағың келсе, елдің кешегісін танып ал

 Ертеңгіні болжағың келсе, елдің кешегісін танып ал

Сейдали Ақерке
11 сынып, №2 ЖББМ
Жетекшісі: Умбетова Ж.Қ.

«Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым өмірге, қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім»
Жұбан Молдағалиев


Туған жер... Бұл сөзде қаншама сезім, қаншама адалдық, қаншама махаббат бар. Сол сезімдер кейде әрбіріміздің жанымызды керней түсетіндей көрінеді . Туған жердің әрбір тасы мен тауы, қаласы мен даласы, шүйгіні мен орманы бізге аса бағалы. Туған жердің сарқыраған өзендері мен тұнық көлдері,
биік шыңдары жазира даласы жаныңды шын мәнінде тыныштыққа бөлейді. Біздің еліміз -Қазақстан Республикасы- бүгінгі таңда даму жағынан

көптеген елдерден алда келеді. Мұның басты себебі деп, еліміздегі жанашыр, әрі өз Отанының шын патриоттарының жасаған еңбектерінің жемісі деп білемін. Бірақ біздің еліміз қашанда осындай тәуелсіз әрі бейбіт болған емес. Әр елдің болмасын тарихында киындықты бастан кешкен кездері болады емес пе? Сол сияқты біздің еліміз басындағы түрлі қиындықтар тарих беттеріне түскен әжімдей әр адамның есінде сақтаулы тұр.

Қазақ елінің толық қалыптасу кезеңі деп Қазақ хандығының құрылуын айтамыз. Осы кездерде біздің батыр бабаларымыз, білікті ел басқарушыларымыз ұлтарақтай жерімізді жау қолына бермеу үшін, қыздарын күң қылмай, ұлдарын құл қылмай, болашағына зор үмітпен қарап, жерімізге көз алартқандарға қарсы соққы беріп отырған.
Осы кезеңдегі ел тарихына үлкен үлесін қосқан әйгілі шешен билеріміз болған. Олардың сарабдылықпен сарапқа салынып, шын жүректен шым жібекше ширатылып шыққан даналық иірім көпшілік қуаттап, жұртшылық қолдаған, талғам таразысына салынып, тапжылтпай тауып айтқан әрбәр сөзі ел тарихында елеулі орын алған.

Ал бұдан кейінгі кезеңді біз еліміздің біртіндеп Ресей бодандығына қосыла бастауымен байланыстырамыз. Алғаш болып Кіші жүз қазақтары бастаған бұл үрдісті қалған екі жүз қазақтары жалғастырып кетті. Сонымен қазақ жері түгелдей дерлік Ресей қол астында болды. Солай қараңғы қазақ өз жерінде өзі нансыз қалды. Тек билер мен болыстар, өз ұлтын ұмытып, орысқа жалтақтай беретін «ел басқарушылар» жақсы өмір кешті. Осы кезде елімізде Махамбет пен Исатай, Кенесары мен Сырым, Амангелді мен Әліби сынды біртуарлар бой көрсетті . Әйгілі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы да осы кезге сай келді.

Ақтабан шұбырынды...
Ақтабан шұбырынды...
Қадарсын қайда барып тұғырыңды?!
Қазақ жері алып бір қара қазан,
Қазанда қайран жұртым қуырылды.

Өз халқымызды өздеріміздің хандарымыз қанап отырғанын көрген Махамбет пен Исатай Жәңгір ханға «Хан емессің қасқырсың» деп бетіне басып, халықты көтеріп, ханға қарсы шықты. Бұл көтерілістерді хан айла шарғымен басып тастағанымен, ел жүрегінде көтерісшілер нағыз батыр болып қалады.

Ал 1991- жылы еліміз өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл желтосан оқиғасымен тығыз байланысты. Себебі, егер біздің жастарымыз сол алғашқы қадамды жасамағанда, еліміз тәуелді күйінде қала берер ма еді? 1986- жылғы жастар көтерілісі санамыздағы өшес із. Біз мәңгіге сол жастардың көрген қиындықтары мен тілеген тілектерін, айтқан аманаттарын естен шығармаспыз.

Бүгінде біз дамыған елдермен терезесі тең, тұғыры биік мемлекетпіз. Бұған біз елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей атсалысуымен қол жеткізіп отырмыз. Еліміздің өз халқы, өз тілі, өз ұлты бар. Мемлекеттік мәртебемізді асқақтатын мемлекеттік рәміздеріміз де бар. Біз қазақ жұрты тәуелсіздігімізді білдіретін рәмәздерімізді қадірлеуіміз қажет.
Менің тілейтінім Қазақстанымның қашанда тек биіктерден көрінуі. Біз Қазақстан азаматары, игі ағалар жолын қууда мүлт кетпейміз деп сенемін. Еліміздің тарихын қастерлейік, ұмытпайық. Өйткені тарихы жоқ елдің ертеңі болуы мүмкін емес!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?