Баян Есентаева профессорға: Сіз секілді менің де ажырасып, тұрмысқа шығуға құқым бар

Баян Есентаева профессорға: Сіз секілді менің де ажырасып, тұрмысқа шығуға құқым бар

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы ұлттық бірыңғай тестілеу сұрағында өзінің аты-жөнінің көрсетілгенін сынаған профессор Сайраш Жиенбаеваға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бұған дейін Қыздар педагогикалық университетінің деканы Сайраш Жиенбаева мемлекеттік емтихан сұрақтарына аты-жөні көрсетілген Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайды қатаң сынға алған еді. Тіпті олардың ұлт үшін үлгі еместігін басып айтты.


«Мен Баян Есентаева мен Нұртас Адамбай туралы ақпараттың ҰБТ сұрақтарына енуі – дұрыс емес деп ойлаймын. Тіптен артық. Иә, олар шоу-бизнестің креативті өкілдері, оларды кәсіби жетістікке жету мен өзін-өзі дамытуда үлгі ретінде көрсетуге болады. Бірақ жеке өмірде екеуі де сәтсіздікке ұшырады және олар үлгі бола алмайды. Баян Есентаева да, Нұртас Адамбай да отбасын сақтап қала алмай, ажырасып кетті» деп мәлімдеген болатын профессор.

Бұл ақпараттан хабардар болған продюсер уақытты созбастан өз жауабын жария етті.

«Шыны керек, мемлекеттік емтихандарға мен туралы сұрақтардың ену-енбеуі мені алаңдатпайды. Менің кәсіби жетістіктерім мен жеке өмірімнің не қатысы бар? Осы жайт мені алаңдатады. Құрметті Сайраш Жиенбаева, сіз секілді менің де ажырасып, тұрмысқа шығуға құқым бар. Сіздің жеке өміріңіз қоғамнан тыс қалып жатқан шығар, ал менде бұл мүмкін емес.

Танымалдылығым үшін кешірім сұраймын, бұл танымалдылық маған кәсіби қызметім арқылы келді. Ендеше,өзім продюсерлік еткен фильмдегі ұлы Күләш Байсейітовадан үлгі алуды қояйық. Ол да ажырасып, тұрмысқа шықты. Бибігүл Төлегеновадан да және тағы да басқа тұлғалардан үлгі алмайық онда...

Менің сізге сұрағым бар, қалауым мен тырысуымның нәтижесінде шәкіртім Жанар Дұғалова "Түрквижнде" жеңіске жеткенде Қазақстан туын сіз көтердіңіз бе? Бүкіл ел танып жатқан Кәмшат Жолдыбава мен өзге де студенттеріңізге шығармашылық жолды сіз сыйладыңыз ба?

Бәлкім «Тракторшының махаббаты», «Махаббатым жүрегімде» секілді рейтингі жоғары сериалдарға сіз продюсерлік еткен шығарсыз? Мүмкін жыл сайын шын мәнінде қазақ қыздарын тәрбиелеп, салт-дәстүр мен қазақ тілін, тарихын білуіне жол сілтейтін «Қазақ аруы» байқауын сіз ұйымдастыратын шығарсыз?» деп жазды продюсер.

Мұнан соң Баян Мақсатқызы профессор еңбегі еленбегендіктен өзінің фамилиясын пайдаланып жатқан шығар деп топшылаған.

«Мен сізден кәсіби этиканы ұстанып, өзіңізге түк қатысы жоқ біреудің жеке өміріне араласпауыңызды сұраймын. Және де менің жеке өмірім құрдымға кетті деп көпшілікке жария салу – зиялылық емес, сіз профессор емессіз бе?!

Бәлкім енді керісінше, менде бәрі дұрысталып, Отаным үшін екі есе күшпен еңбек ететінімді сіз ойламаған шығарсыз? Өз атымнан жеке өміріңізге бақыт тілеймін, бақыт сізде болған кезде менің өмірім сізді азырақ қызықтыратын болады», - деп ойын түйді Баян Мақсатқызы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!