Айгүл Иманбаева бұдан былай әртіске тұрмысқа шықпаймын деп уәде берді

Айгүл Иманбаева бұдан былай әртіске тұрмысқа шықпаймын деп уәде берді

Актриса Айгүл Иманбаева алғашқы некесінен сабақ алса керек, өнер саласында жүрген ер азаматтарға жігіт ретінде қарай алмайтынын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы актрисаның КТК арнасындағы “Инсталайық” бағдарламасына берген сұхбатынан белгілі болды.

"Әртіс жігіттер, ренжімеңіздер, Бәрін өзімнің інім, бауырым, досым ретінде жақсы көремін, бірақ жігіт ретінде емес", - деп кесіп айтты ол.

Еске сала кетсек, Айгүл Иманбаева танымал актер Сәбит Әбдіхалықовтың бірінші жары. Олардың ортақ бір ұлы бар. Осы күнге дейін актриса ешкіммен отаспады. Ал екінші рет Алтынай Жорабаеваға үйленген актер ақыры онымен де ажырасып тынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?