Жарқын болашақ жолында...

 Жарқын болашақ жолында...

Едігеева Мәншүк
11 сынып, №145 мектеп

Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақстанның білім және ғылым қызметкер-лерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: "Қазақстанның отан-шылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы” – деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, дербес мемлекет болуы және өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады.

Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух, діни наным сенімдер-мен тығыз байланысты. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері.

Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы – бұның басты шарттарының бірі. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан – 2030 ” атты еңбегінің "Қазақстан мұраты” деп аталатын бөлімінде: "…біздің балаларымыз бен немерелеріміз… бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, азат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады” – деп көрсетілген.

Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келеді. Одан "ұлттық патриотизм”, "қазақстандық патриотизм” деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ өсіп келе жатқан жас буындарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн, олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады, бұдан былайғы кезде ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдердің формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма деген сияқты көптеген мәселелер толық зерделенбей отыр.

Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: " Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатын-дығын көрсетеді.

Жазбадан патриотизмнің – халықты көбейтіп, байыту үшін еңбек ету, ата-баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау екендігін аңғарамыз. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.
Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадір қа-сиет тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қорқыт ата, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, т.б. айтқан болатын.

Ықылым заманнан бізге жеткен "Қорқыт ата кітабында” тәлімдік мәні күшті, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Мысалы: "Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды, өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық” – деген екен. Бұл өсиет сөздерден ақыл-парасат, өтірік айтпау, атаның атын былғамау туралы ойлар мен шығарманың өн бойынан ұлы даланың байтақтығын, әдемілігін көреміз, бұл әр түріктің бойында осы далада туғаны үшін мақтаныш сезімін тудырса керек.

Әл-Фараби өзінің "Азаматтық саясат”, "Поэзия өнері туралы”, "Бақытқа жол сілтеу”, "Риторика”, "Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері” атты трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелермен бірге көркемдік, сұлулық, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, олардың негізгісін дәлелдеп берген.
Ойларын жырмен өрнектеген ақын-жыраулар халыққа өнегелі сөздерімен ықпал етіп, оларды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі болып , жорықтарға бірге аттанды, ру тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.

Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі халықтың береке бірлігін, Отанға адалдығын сақтау, намысты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау

– ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы екен-дігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз. Қазақтың айбынды ақындарының бірі Махамбет Өтемісұлы қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді армандап өткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлігін, олардың адамгершілік қасиеттерін жыр етті. Өз халқына, ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларынан да көруге болады.

Осы ойларымды қазақтың қайсар қарапайым қызы Жадыра Таспамбетованың бейбіт күнде жасаған ерлігін баяндай отырып,бекіте түскім келеді..

Жадыра ата-анасының аялаған үш қызының үлкені болып өскен.Әкесі Есен екі жанарынан айырылған күннен бастап Жадыраның өміріндегі ауыр кезең басталады.Бір үйдің отын-су,мал жайлау сияқты жұмыстары қаршадай қыздың мойынында болды.Мектепті бітіре салысымен механизаторлықпен айналысады.Комбайншыға көмекші болып орақ науқанына қатысады.Сол күндердің бірінде рульде отырған Жадыра бункерде тығыздалып қалған дәнді аяқпен итеріп жіберем дегенде қайта суыра алмай қалады.Ауруханада дәрігерлер аяғын кесуге мәжбүр болады.Артынша аудан басшылары кеңесе келіп,Жадыраның жанына кісі қосып беріп,Алматыға жіберді.Протез жасайтын орталықта Жадыра жиырма шақты күн ішінде «аяғынан» тік тұрды.Мүгедектігіне қарамастан Жадыра қайта трактор айдап,еңбекке араласты.

Әрбір маусыммен бірге ауысып келіп отыратын еңбек ырғағы оны өз арнасымен алып кете берді.. Көктемде жер жыртып,дән себеді,жазда шөп шауып,қысқы мал азығын әзірлейді,күзде егін орып,қыста қар тоқтатып,малға жемшөп тасиды.Шаруашылықтың зәру жұмысы қайда болса,Жадыра сонда жүрді.

Қазақ елі -мәңгілік ел.Мәңгілігін алда сақтай алу үшін жас ұрпақ өз елін шексіз сүйетін патриот,еңбекқор,өнегелі болуы қажет.Жарқын болашақтың іргетасының берік болуына Қазақстанның әрбір азаматы үлес қосуы тиіс.Ұрпақ рухы Жадырадай берік болса,қазақ елінің көркейе түсеріне еш шүбәм жоқ.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі