"Самұрық-Қазына" компанияларын жаппай сатып жатыр
Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы ірі xалықаралық компаниялар, инвесторлар мен банктердің 300-ге жуық өкілімен кездесу өткізді. Қордың Активтерді жекешелендіру департаментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов 217 компания сатылатынын айтты, деп хабарлайды baq.kz.
«Самұрық-Қазына» АҚ активтерді 2016-2020 жылдары жекешелендіреді. Басты мақсаттың бірі – ЭЫДҰ елдері стандарттарына сәйкес қордың экономикадағы үлесін 1,5 пайызға қысқарту.
«Қазіргі уақытта қор активтерін жекешелендіру бағдарламасы белсенді жүргізіліп жатыр. Бағдарлама аясында 217 актив екі кезеңге бөлініп сатылады. Бірінші тізбеде 45 ірі компания бар. Оның ішінде «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «Эйр Астана» АҚ IPO-ға шығарылатын компаниялар тізімінде. Акцияларды орналастыру туралы шешім көптеген факторға байланысты. Макроэкономикалық аxуал, құнды қағаздар нарығындағы жағдай мен компаниялардың дайындығы ескеріледі. Қазіргі кезде біз IPO-ға дайындықтың алғашқы кезеңінде тұрмыз, инвестициялық банктерді таңдап, компаниялардың дайындығын бағалап жатырмыз»,- дейді Дәурен Тасмағамбетов.
2016 жылы қор екінші тізбедегі активтердің 75 пайызымен жұмыс істеп, мемлекеттік комиссияның келісімі бойынша оларды сатуға кірісті. Ірі активтерді сату 2018 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?