Менің Отаным – Қазақстан атты шығарма

Менің Отаным – Қазақстан атты шығарма

Шакеева Динара 11 сынып
№2 орта мектебі
Қапшағай қаласы


 Әрбір ұлттың, халықтың өз отанына деген қатынасы ерекше және өзіндік, құрметі өте зор. Туған елдің мәдениеті, тарихы, тұрмысы, салты, тілі – мұның барлығы халықтың рухани баға жетпес құндылығы, түп қазығы, айбыны болып табылады. «Отан», «Туған жер» дегеніміз неткен терең мағыналы ұғымдар. Олар адамға қуат, жақсы әсер беріп, намыс пен мақтаныш, сүйіспеншілік деген шынайы сезімдерін оятады. «Жарық дүниеде туған Отаныңнан сүйкімді не бар?» деп танымал неміс жазушысы Ф. Шиллер айтқандай, Отан расында да асыл даналық.

Менің Қазақстаным – ең ыстық қалаулы, «алтын бесігім», сонымен қатар аяулы, маңызды, ардақты. Бүгінгі күнде мықты, асқақ беделді мемлекет болып әлем жүзіне танымал. Батыстағы Каспийден Алтай асқақ тауларына дейін созылып жатқан қасиетті өлке. «Қазақстан», «Отаным» дегенде көз алдыма биікке желбіреген ашық көгілдір жалаудың бейнесі , шалқыған көк жайлау, қалықтап ұшқан қыран құс, қанатты тұлпарлар, шегі көрінер емес кең байтақ қазақ даласы, алты қанат ақ орда, түтіні бұрқыраған ауыл елестеп, айдын көлдегі аққудың даусы, құлақтан кіріп бойды алар қасиетті домбыраның үні естіледі.

Еліміздің туған тарихы айтарлықтай өзіндік. Біздің халықта атамекенді ардақтау сезімі өте терең болған. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан бірігіп қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Қазақ тарихының әрбір белесінде халықтың мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан, асқан ерлік көрсеткендер өте көп. Олардың аты мәңгі кейінгі ұрпақтың есінде қалады.

Осылайша, ол шеті мен бұл шетіне жеткенше қус қанаты талатын қазіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс ата мекенімізді ұлы жорықтарда батыр бабаларымыздың күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды.

Қазіргі таңда біздің ел – гүлденіп келе жатқан, мықты мемлекеттердің бірі болып келеді. Осы қысқа тарихи мерзімде қол жеткізген жетістіктері көп. Әрине, осы жиырма жылдың ішінде егеменді еліміз өз дамуында ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың ересен күш-жігері, кемел ақыл, кемеңгер саясатымен бір ғасырға бергісіз жолды еңсеріп үлгерді. Бұл жол, алайда, теп-тегіс тақтадай жеңіл болған жоқ. Кешегі КСРО -дай алып державаның күйреп құлағаны, оның құрамындағы барлық елдердің есін тандырып түскенін ешкім жоққа шығара алмайды. Міне, осы бір, әсіресе әлеуметтік экономикалық тұрғыда қисапсыз қиындық туғызған тұста тәуелсіздігін енді ғана жариялаған Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Назарбаев «тәуекел түбі - жалқайық»дегендей, елдің бар құрылымын нарықтық қатынастарға бұрды. Шынында, қандай қиындық, қандай кемшілік болса да, осы бағыт еліміздің өркендеуіне жол ашты. Сондай-ак Қазақстан бейбітшілік елшісі ретінде танылған мемлекетке айналып отыр. Өз еркімізбен ядролық қарусыз ел атанғанымыз бұл бүкіл әлемдік өркениетіне ерекше әсер еткені айқын. Мұның бәрі Қазақстанның өз ішіндегі қоғамдық тірліктің үлгісінен туындап жатқаны белгілі. Бұл елдегі 140 этностың бір шаңырақ астында тату -тәтті өмір сүруінің шынайы белгісі болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында Есілдің ен бойында жаңа ел орда орнығып, Сарыарқаның төсінде Астана бой көтерді. Тарих қойнауында өткен бұл кезеңде Қазақстан әлем аренасына үлкен беделге ие болып , іргетасы берік орнықты. Төрткүл дүние қазақтың кім екенін танып білді.

Қазіргі уақытта мектептен бастап жеке тұлғаны, әсіресе интеллектуалдық тұлғаны қалыптастыру – білім мен тәрбие берудегі ең маңызды мемелекеттік істің бірі болып келеді. Бұл мақсатта мемлекет тарпынан «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда қазақстандық интеллектуалдық ұлтты қалыптастыруда шет елдердің атақты жоғары оқу орындарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан білімді жастарға, еліміздегі зияткерлік мектептердің оқушылары мен «Назарбаев университеті» студенттеріне үлкен сенім артылуда. Оқушыларды білім ордасының қабырғасында жүргенде ақ зерттеу жұмыстарына тартып, болашаққа қлғамның интеллектуалды элитасын қалыптастыру басты міндеттердің бірі ретінде қойылып отыр.
Егеменді еліміздің жарқын болашағы білімді де білікті жастардың қолында екені ақиқат. Сондықтан біздің, жастардың алдындағы биік мақсат – отаншыл, нағыз патриот болып жас мемлекетіміздің дамуына , гүлденуіне үлесімізді қосу, отанымыздың жарқын болашағы үшін арпалысу. 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу