16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік - тұғырым)
Мамытбай Асқар 11 сынып
Қ. Байғабылұлы атындағы орта мектеп
Райымбек ауданы,Тоғызбұлақ ауылы
Жетекшісі: Бөтеева Салтанат
Қ. Байғабылұлы атындағы орта мектеп
Райымбек ауданы,Тоғызбұлақ ауылы
Жетекшісі: Бөтеева Салтанат
Қарт тарихпен тілдессек, ұлы дала қазақ деген халықтың жер бетіндегі ізі үш мың жылдың төңірегінен көзге түседі екен. Арғы тегі ғұндар мен сақтардан құралған халық содан бері – ақ жерін жатқа жайлатпай, елінің еркіндігін қорғап келеді. Әлемге апат әкелген Шыңғыс шеруді де, жоңғарлардың жойқын шабулы да оның атын жер бетінен өшіре алмады. Өте арыға бармай-ақ «Ақтабан шұбырынды» заманыны үңілсек, тұлпар мініп, беліне қылыш байлаған батырлар еркіндікті бәрінен де қымбат санағанынан көз жеткіземіз.
Ел мен жердің жел жағына шығып, қар жастанып, мұз төсеніп жүріп, елін, жерін басқыншы халықтардан тазартып, қорғап қала береді. Шалқар сахарада еркін өмір кешкен ежелгі халықты ХХ ғасырдың ғаламат сойқаны тас-талқан етті. Жоңғар шапқыншылығынан кейін қазақ жеріне енді патшалық Ресей ауыз салды. Қазақтар сәнді көштері қаздай тізілген жазиралы мекенінен ығыстырыла бастады. Бұлақты, көгалды, шұрайлы қоныстарды шақырылмаған қонақ «қара шекпенділер» иемденді. Соған қарап «Кеттің ғой тым болмаса мал баға алмай» деп,-күңіренді Абай.
Қазан төңкерісінен кейін қазақ халқы ұжымдастырудың солақай соқпағына ұрынды. Голощекиннің қансоқты қақтығысын бастан кешті, әлемде ала бөтен жұтқа жалықты. Отыз жыл бойы сталиндік ылаң жайлады. Осының бәрі еңсені еңкейтіп, ұлттық дәстүрден, ізгі мәдениеттен, тіпті, туған тілді де айыру апатына дейін алып келді. Ұлттық байлықтарсыртқа қарай ағылып, табиғаттан түс, көлден су, дәннен дәм қашты. Атамекен отан ошағына айналды.
Алайда, бостандық бұлттан шыққан күндей жарқ ете қалмағаны ақиқат. Иә, бостандыққа жету жолының ауыр болғаны талай өмір сабағынан жұлынып, талай боздақтардың басы кеткенінен аңғаруға болады.
Ғасырға бергісіз жыл бар. Күллі ғасырдың арман-тілегін аспандатқан, абыройымен жүзеге асырған талай істер бар. мұның алғашқысы бірнеше ғасыр бабаларымыз бен әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған 1991 жыл болса, ал соңғысы ұлт-азаттық қозғалысының асау арнасы тәуелсіздіктің тұғырына табан тіреген жылдар. Біз үшін тәуелсіздіктің алғашқы тың жылы-тәуелсіздікті қызықтаған желпінісінің емес, оның қиын да күрделі тағдырын ойлаған тебіреністің жылы болды. тәуелсіздіктің он жылы-жоғалғанымыздың көзі, іздегеніміздің өзі екені ақиқат. Үшінші мыңжылдық табалдырығынан дүние жүзінің айтулы елдерінің қатарында Қазақстан Республикасының аттап тұрғаны да қандай мақтаныш!
Осы жылдар ішінде біз неге жеттік? Өз жағдайымызды тәуелсіздік жолындағы қиын күреспен салыстырғанда жеткен жетістіктеріміз көп. Өз елдігіміздің белгісі рәміздерімізді, Ата Заңымызды енгіздік. Экономикалық даму жолын таңдап , бірте-бірте нарықтық жолға түстік. Мәдените, өнер салалары табыстарға жетіп, қазақ жастары шетелдерде оқып жатыр. өнеркәсіп пен ауылшаруашылық салалары да қарыштап, дамып келеді. Оған Қазақстанның көп жерінде ашылып, салынып жатқан зауыт, фабрикалар дәлел бола алады . тәуелсіздіктің соңғы жылдарында Түркістанның 1500 жылдығын мерекелеп, Мұхтар, Абай, Қаныш сияқты азаматтарымыздың мерейтойларын атап өттік. Елорданы жаңа астанаға көшіріп, тұңғыш рет ел астанасын Астана деп атадық және ең бір қуанатын жағдай – ежелгі ата-бабалар мұрасы Күлтегін ескерткіштерінің көшірмесі Қазақстанға әкелінді. Осындай табыстар сыйлаған тәуелсіздікке ешбір өкпеміз жоқ.
Қорыта келгенде, мен болашақта жақсылықтар көп болады деп сенемін. Себебі, біз талай қиындықтарды жеңген алыптардың ұрпағымыз. Барлық әніміз де, жырымыз да Отан үшін, туған жер үшін арналады. Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші ме найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Тәуелсіз өркениетті елімізге білімді мамандар, елі мен жері үшін тәуекелге бара алатын нағыз отансүйгіш, адал, «желтоқсан» жастарындай азаматтар мен азаматшалар керек екенін түсіндік. Қазақ елінің абыройын асырап, мерейін үстем етер, әлем таңқалар талай-талай жаңалық ашар білімділер керек екенін түсіндік. Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңге жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, боалшағы үшін жауап беретін біздер екенімізді сезіндік.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?