Туған жер, отан, Қазақстан туралы шығармалар жинағы

Туған жер, отан, Қазақстан туралы шығармалар жинағы

Туған жер туралы шығарма

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.


Отан туралы шығарма

Отан… Осы бір қасиетті ұғымның біздің халқымыз үшін  мағынасы өте тереңде. Еліміздің отан  болып қалыптасуы жолында  халқымыздың даналығы, ерлігі, қайтпас қайсарлығы  жатыр емес пе? Қазақ елі талай қиын қыстау кезеңдерден өтіп, бүгінгі күні әлем таныған, терезесі ешкімге тең келмейтін жеке тәуелсіз мемлекет атанып отыр. Бірақ, бұның барлығы бізге ақ пейілді аналарымыздың көз жасы мен ержүрек батыр азаматтарымыздың бағасына татиды.

Менің отаным тәуелсіздігі  тұғырлы киелі қазақ жері. Киелі қазақ жерінің түпкіріндегі орны ешнәрсемен сараланбайтын шағын ғана Малтабар атты ауылым. Менің шырылдап дүние есігін ашқан жерім де, өскен жерім де осы шағын ауылмен тікелей байланысты. Менің ауылым – отанымның кішкентай бір бөлшегі. Яғни, әркімге өзінің туып өскен жері, кішкентай отаны. Осы кішкентай отаныммен үлкен отанымның  амандығы ,бірлігі мен үшін өте маңызды. Мен үшін Отан – жер бетіндегі жан азығыммен өмір мәнінің түйіскен бұрышы деп білемін.

Дархан даламызды Алаштың айбынды азаматтары көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпақтың жарқын болашағына жол салып берді. Отанымыздың алып мемлекет атануына септігін тигізген азаматтардың үлестерін жадымызда сақтау кімге де болсын парыз әрі міндет.Бірақ осы міндетін ұмытқан оты сөнген жандар да баршылық. Олардың адам деген атты құр алып жүруге қалайша намыстары жібереді десеңізші?

Менің ойымша, нағыз отанына деген патриот, «адам деген атты құр алып жүрмей, шың   мәнісінде адам» атануға тиісті. Яғни олардың отанға деген сонымен қоса, отанмен бірге өзінің тағдырына да салғырттығы. Мұзбалақ ақын Мұқағали атамыз жырлағандай үш бақыттың тіпті болмаса біреуін болсың қадірлесе, қазақ азаматы ретіндегі жүрегінде отанына деген патриоттық сезімі болса, онда ата-баба рухы бізге мәңгіге ризашылығын білдіретіні сөзсіз. Олардың көз жасы мен қанының зая төгілмегендігінің белгісі деп білемін.

Еліміздің жарқын болашағы үшін жеке мемлекет болуына үлес қосқандар да аз емес. Олардың есімдері мәңгіге халық жадында сақталмақ. Айта кетер болсам, Ереймен өлкесіндегі Малтабар атты топырағы қасиетті кең жерде қазақ халқының жарқын болашағы үшін  өз өмірін арнаған Алаштың ардақты азаматы Перуаш Кәрімұлы 1914 жылы дүниеге келген.

Өзінің отанына деген қызметін қарапайым ұстаздық етуден бастаған болатын. Бар жоғы 16 жаста мұғалім болып, алғаш мектеп салып,сол мектепті 1936 жылға дейін басқарған болатын. Жас болғанына қарамастан, білімге деген құштарлығы өте зерек – Перуаш Кәрімұлы – бар білімін халқының, отанының болашағы үшін арнаған.

Ол кісіні өз басым сол замандағы зиялы — ағартушылардың бірі әрі бірегейі деп білемін.1937 жылдың  14 наурызында НКВД-ның Еркіншілік аудандық бөлімімен колхоздарда революцияға қарсы әдебиеттерді тарату және іріткі туғызу жұмысын жүргізді және де  Қазақстанда 1937 – 1938 жылдары «ұлтшылдар» , «жат пікірдегілер» деген саяси айып тағылған болатын.

Бірақ басқа түскен қиыншылықтарға қарамастан, Алаштың азаматы өз ұстанымынан таймаған. Өзінің орны ойсырап бос қалса да, артынан өшпейтін мәңгілік отанына деген жүрегінің адалдығы ақталып, қазақтай кең байтақ жердің ұлтаны екенін дәлелдеп кетті. Шіркін, аңсаған мұратынан үміт күткен, алдан жарқын нұрлы өмір белесін көре алмай кетті.

Бір адамның, бір отбасының басындағы қасіретті тілге тиек еткенде XX  ғасырдағы қазақ елі тарихындағы  адамдардың тағдырларын тәлкек еткен қаралы кезең көз алдына келеді. Ол кісі бір ғана жанұяның, бір ғана рудың емес барша қазақ жұртының азаматы. Осы кезеңде біз айбынды ұлдарымыз бен ұлт зиялыларынан айрылған едік. Сол зиялы қауым мен ұлтандарымыз болмағанда, қазақ елінің тағдыры бәлкім басқаша болар ма еді?

«Алаш» ұстанымы үшін 1938 жылы құрбан болған Перуаш Кәрімұлына 103 жыл толып отыр. Яғни, ол- кеңестік биліктің тұрғындарымыздың  ұлттық мүдделерін қорғаушыларды аямай жазаға тартылған қиын кезеңнің құрбаны. Солардың бірі әрі бірегейі – Перуаш Кәрімұлы. Қазіргі уақытта келер ұрпақтың сауатының ашылуына есімі тағдырлас десек, артық айтқаным емес.

Осындай жүрегі қазақ деп соққан азаматымыздың  Малтабар мектебіне есімі берілгеніне мақтан етемін. Алаштың арыстары салып кеткен көркем өмір белестерімен жас та, жігерлі қазақтың батыр ұл – қыздары ер жетіп, өсіп келеді.Ол кісінің дара жолы бір тағдыр, ал біздің өміріміз сол кісінің салған ізімен тікелей байланысты. Осындай алып азаматтарды дүниеге әкелген ата-баба рухына мың тағзым. Солардың да арқасы болар, біздің ешбір уайымсыз ертеңімізге аландамай әр атқан ақ таңдарымызға күліп қарайтынымыз.

Перуаш Кәрімұлының отанына деген үнің мына өлеңінен тапқандаймын:

Қорқыныш осы жерден болмай сенім,

Жақсы жоқ,жаман айтпай дегендейін.

Ырзамын туып – өскен Қоржынкөлім,

Малтабар – кіндік қаным тамған жерім…

Біздің тағдырымыз батыр да, намысқой ата – бабаларымыздың қаныменен шешілді. Ал біз болсақ қазақ жастары ретіндегі олардың рухына мәңгі тағзым етумен ғана шектелмей,отанымыздың тағдырының нұрлы болуына өз септігімізді тигізуіміз керек, сонымен қоса бізден кейінгі ұрпақтардың жалғастығынына,олардың тағдырының себепшісі болуына бар жалынымызды арнауымыз тиіс.

Алаштың азаматтарының рухына тағзым етіп қастерлеу біздің парызымыз.Туған жерін сүймейтін адам жоқ шығар бәлкім. Тек өз сезімін әркім әртүрлі жеткізеді. Суретшілердің тілі – бояу, музыканттардың тілі – ән, ақын-жазушылардың тілі – сөз, ал мен болсам отанымның перзенті ретіндегі оған деген махаббатымды  қағазбен қаламмен сырласып, ой  маржандарын тердім. Ой маржандарымды туған жеріме арнап жазған шағын өлеңіммен аяқтағым келіп отыр: Ерейменім,егеменім,мекенім,                      

                     Өзіңменен тағдырлас ертеңім.

                     Қасиетті киелі мекенім,

                     Жас өренің болашағың мен сенің.

                     Ерейменім, егеменім, мекенім,

                     Өзіңменен сыр шертеді жүрегім.

                     Ата-бабам рухыменен мәңгіге,                                             

                     Байланысты болашағым, ертеңім!

 

Тлеулесова Айгуль Канатовна

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы

Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектеп


Қажетті сілтемелер:


Менің отаным - Қазақстан атты шығарма

Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.

Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.

Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.

«Қазақстан – ұлы Отаным»

Қазақстан менің елім, аңсағаным
Кең байтақ жеріңменен тамсанамын.
Асқар тау, белдеріңмен мақтанып,
Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.

Отаным – Қазақстан туған елім,
Ойнап күліп ер жеткен туған жерім.
Өсе бер өркендей бер, Елім менің,
Ардақтап мәңгі мен сені өтермін. 

Колутон орта мектебі
9 «А» сынып оқушысы
Өмірбек Ақмарал


Пайдалы сілтемелер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: ZHARAR
  • 1 083 508



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 56
  1. Блмисн
    Блмисн 23.11.2020 14:28
    1 + 0 -
    керемет деп айта аламын
  2. Секрет
    Секрет 04.12.2018 21:15
    2 + 0 -
    Кішкене бір бастауыш классқа арналған жоқ па???
  3. Ерболатқызы Сағыныш
    1 + 2 -
    Туған жер-киелі мекен.Эссе.Көмектесіп жібересіздерме.Ішінде Астананың 20жылдығы да қозғалуы тиіс
  4. Махамбет Орынов
    2 + 1 -
    Өте Керемет
  5. Гулназ Королевская
    2 + 1 -
    Рахмет????
  6. Нуржан Марат
    Нуржан Марат 29.01.2017 15:29
    3 + 0 -
    Жаман фу жындылар жазганкои
  7. Акыл Кеңесбек
    Акыл Кеңесбек 20.01.2017 16:55
    1 + 1 -
    күшті
  8. Сабит Далабай
    Сабит Далабай 16.11.2016 20:36
    1 + 0 -
    авторын былмеймын если чтооооо???
  9. Сабит Далабай
    Сабит Далабай 16.11.2016 20:33
    0 + 0 -
    керемет
  10. Sabina Sultanova
    Sabina Sultanova 10.10.2016 18:46
    0 + 0 -
    Көп-көп раxмет сізге!!!
  11. Sabina Sultanova
    Sabina Sultanova 10.10.2016 18:45
    0 + 0 -
    ????????????????????????????????????????????????????????
  12. Аяжан Мурзаева
    Аяжан Мурзаева 22.09.2016 08:24
    0 + 0 -
    Оте кермет
  13. Олжас Асет
    Олжас Асет 20.09.2016 08:07
    1 + 1 -
    дамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Казакстан созн кишкетай арппен жзганы нес ишинде кате бар
    1. Оқырман Наз
      Оқырман Наз 17.11.2022 20:54
      0 + 0 -
      Сізде қате жазып отырсыз
  14. Александр Негутаров
    0 + 0 -
    норм но большой но всеравно улкен рахмет
  15. Нургуль Боканова
    0 + 1 -
    Керемет????????????
  16. Коркемай Темирханова
    0 + 1 -
    базаржоқ
  17. Ali Kasenov
    Ali Kasenov 16.03.2016 08:37
    1 + 1 -
    Керемет
  18. Бексултан Устемиров
    0 + 1 -
    жақсы
  19. Несібелі Ибадуллаева
    0 + 0 -
    ????????????????
  20. Абылай Усенов
    Абылай Усенов 25.01.2016 07:31
    0 + 0 -
    ой мен ушин дайындаган ддесен ия РАХМЕТ

Ілмектер: туган жер туралы шыгарма қазақша, туған жер туралы шығарма қазақша, сочинения на казахском языке про родную землю, сочинение на казахском языке на тему родная земля, Қазақша шығарма: Туған жер, Қазақша шығарма, Туған жер казакша шыгарма, туган жер сочинения на казахском языке, Қазақша шығарма: Туған жер отан, менин туган олкем шыгарма 2 сынып, менин туган олкем шыгарма 6 сынып, менин туган жерим шыгарма, менің туған өлкем шығарма 2 сынып, менің туған өлкем шығарма, менің туған өлкем реферат, менің туған жерім шығарма 2 сынып, туган олкем шыгарма 2 сынып, туган олкем шыгарма жазу, туган жер туралы шыгарма жазу