Ескі көліктен қалай құтыламыз?
"Темір тұлпарлар" да тозады. Ал ескі көліктерді қайткен жөн? Елімізде өткен жылдың 21 қарашасынан бастап ескі көліктерді қабылдайтын жоба басталғаны белгілі. Сонымен, көне көліктерді қайда, қалай өткізу керек?
Көліктер қалай қабылдануда?
Елімізде өткен жылдың 21 қарашасынан бастап көне көліктерді қабылдайтын қанатқақты жоба басталғаны белгілі. Бір жарым айға жетпейтін уақыт ішінде жобаның аяқ алысы, автокөлік иелерінің ықылас-ынтасы жаман емес екені байқалды. Мәселен, Шымкенттегі қабылдау орталығында 661 автокөлік жиналса, Қостанайда 672 адам көлігін «қорымға» өткізіпті. Ал Ақтөбеде 412 машина тапсырылған.
Энергетика министрлігінің мәліметіне сенсек, қабылданған көліктердің орташа «жасы» 25-30 жыл екен. Бірінші санат, яғни қаңқасы сау, есік, капот, жүксалғыштың қақпағы сынды негізгі бөліктері, коробка, радиатор, аккумулятор, дөңгелек сияқты ірі бөлшектері сау көліктер 150 мың теңгеге бағаланған. Тек 2 көлік қана 2-санатқа жатқызылып, 48 мың теңге төленіпті.
16 қаңтардан бастап «ӨКМ Операторы» ЖШС тозығы жеткен көлік құралдарын өткізуді ынталандыру бағдарламасын толығымен іске қоспақ. Жоба сол күнге дейін уақытша тоқтап тұр. Қалалар мен ондағы қабылдау орындарының мекен-жайы, телефондары сияқты тиісті ақпараттар ғаламторға салынған. Біз Астанадағы орталыққа автокөлік иесі ретінде хабарласып көрген едік. Қазір барлық орталықтарда көне көліктерді бағалау және қабылдауды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 16-сы күні хабарласыңыз. Қажетті құжаттар, машинаға қойылатын талаптар компанияның сайтында, БАҚ-тарда хабарланады, деген жауап алдық. Халыққа ыңғайлы болуы үшін, «ӨКМ Операторы» электронды кезек жүйесін енгізіп, ескі көліктерді жинайтын бекеттердің кестесін де жасамақшы көрінеді.
Ескірген машинаның ендігі күйі
Қайта кәдеге жарату зауытына тапсырылған көліктерге не болады? Алдымен оны өлшейді, радиациялық әсері тексеріледі. Содан соң қауіпті деген май, басқа да сұйықтықтары ағызылып, аккумуляторы алынып, резеңке заттары ағытылып тасталады. Кәдеге жарауы мүмкін, бүтін деген бөлшектері де бөлек алынады. Сосын, шредерде ұсақталып, металл күйінде балқыту зауытына жіберіледі.
Жалпы, 1 литр машина майының 200 тоннаға тарта топырақты ластап, ол жерді ондаған жыл бойы пайдалануға жарамсыз етіп тастайтыны ғылымда дәлелденген. Оған жыл сайын жарамсыз болып қалатын 90 мың тоннаға жуық дөңгелек шинаны қосыңыз. Осы сияқты қоршаған ортаға зиян келтіретін заттар көне көліктерді кәдеге жарататын жерлерде жиналса, құрылыс мақсаттарына қолданылса, зиянның орнына пайда көруге болар еді.
Жуырда, Қарағандыда «Recycling Company» ЖШС қолданыстан шыққан көліктерді кәдеге жаратумен шұғылданатын зауыт салынатыны белгілі болды. Зауыттағы италиялық қондырғының көмегімен сағатына 20-25 көлікті, әр ауысым сайын 150 жеңіл көлікті үгітіп, жыл сайын 50 мың автокөлікті шикізатқа айналдыруға болады екен. Яғни, көлігінен құтылғысы келетіндер болса, қол ұшын беретін зауыттарға кенде болмаймыз.
Ал «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның тозығы жеткен көлік құралдарын ынталандыру бағдарламасы бірнеше күннен кейін, яғни 16 қаңтардан бастап еліміздің 17 қаласында толығымен іске қосылады. Қанатқақты жобаның аясында әр қалада жүздеген көліктердің тапсырылғанын ескерсек, «қартайған» көліктерінен құтылуға асығатындар қатары аз болмайтын сыңайлы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?