Тау туралы мақал-мәтелдер ?️ жинағы

Тау туралы мақал-мәтелдер ?️ жинағы

Асқар тау алыстан көрінеді.

Асқар таудай алып бол,
Әппақ күндей жарық бол.

Асқар таудың айбыны қарыменен

(Орынбай ақын).


Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке тау жақсы.

Көрінген таудың алыстығы жоқ.
Табалдырықтан биік тау жоқ.

Тасты бассаң кетілер,
Сазды бассаң жетілер.

Тау айналмайды, тас айналады.

Тау баласы тауға қарап өседі

(Тұманбай).


Тау бұлағымен сәнді,
Көл кұрағымен сәнді.

Тауға сүйенген таудай пәледен аман қалады.

Таудың биіктігін төбе аңғартады,
Маяның биіктігін көде аңғартады.

Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.

Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.

Таулы жердің қыраны көп.

Тау мен тасты су бұзады,
Азаматты сөз бұзады.

Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына карай торайы.


Қарап көріңіз:




Асқар таудың басына балапан ұшып шыға алмас

(Абыл).


Асқар таудың өлгені — басын мұнар шалғаны.
Көктегі бұлттың өлгені — аса алмай таудың қалғаны.
Ай мен күннің өлгені — еңкейіп барып батқаны.
Айдын шалқар өлгені — мұз болып тастай қатқаны.

Асқар таудың сәні жоқ көк майса белі болмаса.
Өзен, судың сәні жоқ аймақты елі болмаса

(Дулат).


Асу бермес асқар жоқ.

Биік таудың басы қыс,
бауыры жаз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!