Абай Құнанбаевтың Қара сөздері (45)

Абай Құнанбаевтың Қара сөздері (45)

Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі - неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадаләт, махаббат құдайға лайықты дегендігі.

Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз. Сол махаббат пен ғадаләтке қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады. Инандым, сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес.

Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат пен сезім бар. Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол - ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.





Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 7
  1. Оқырман Аяулым
    Оқырман Аяулым 18.11.2022 20:25
    6 + 2 -
    Абай Құнанбаевтін неше қара сөзі білімге байланысты
  2. Оқырман Аяна
    Оқырман Аяна 06.02.2022 18:19
    3 + 6 -
    Абайда 46 қара сөзбе, 45 пе?
  3. Оқырман Аяна
    Оқырман Аяна 06.02.2022 18:19
    5 + 1 -
    Шынында да, 45 қара сөз екен ғой
  4. Тдщоұщррщощщощощт
    5 + 0 -
    кара создер керемет
    1. Оқырман Аяна
      Оқырман Аяна 06.02.2022 18:22
      1 + 2 -
      Ия
  5. Керейхан
    Керейхан 29.12.2020 22:57
    1 + 5 -
    Мен сізің шығармаңызды қалаи жаздыңыз
    1. Керейхан
      Керейхан 29.12.2020 22:57
      0 + 5 -
      Оидди