Құда, құдағи

 Құда, құдағи

Құдалының малы бір,
Анық достың жаны бір.

Құда — мың жылдық,
Күйеу — жүз жылдық.

Құданы құдай қосады,
Құдай ұрғанды құмар қосады.

Құданы құдай қосады,
Үйірі басқаны ноқта қосады.

Құданың құдасы,
құнан қойдың сорпасы.

Құдаң барьң қуып қон,
Танысың барың тауып қон.

Құдаңды Құдайдай күт.

Құдаң құрдасыңдай болсын,
Құдағиың сырласыңдай болсын.

Құдаңның түйесін сұра, қорыққанынан биесін береді.

Құдашамен құда ойнар,
Қошақанмен бөрі ойнар.

Құл құдасын табады.

Құрбысының асқанын құдасынан біледі.

Алыс жерге құда болсаң
түйе-түйе ас келер.
Жақын жерге құда болсаң
түйе-түйе сөз келер.

Бай мен бай құда болса арасында жорға жүреді.
Кедей мен кедей кұда болса арасында дорба жүреді.
Бай мен кедей құда болса ілінісіп зорға жүреді.

Бар барын айтады,
Жоқ зарын айтады,
Құда базына айтады,
Құдағи назын айтады.

Итпен құда болсаң боқпен той етерсің.

Қараның таққа мінгені —
бір-біріне құда түскені.

Құда болғанша түп-тегіңді сұрас,
Құда болған соң қол қусырып сыйлас.

Құда болмай құл билігін сұра,
Құда болған соң құл да болса сыйла.

Құдағи сыйымен жарасады,
Қуырдақ майымен жарасады.

Құдадан алған санауға бар, қарауға жоқ.

Құда, құда, құда десіп,
құйрық, бауыр жесіп,
суға, бозға кіріп,
әр нәрсені көріп...

Құдалық белгісі — кит,
Қоныс белгісі — бейіт.


Құда - Құдайдың аты.

Құда - мың жылдық,
Күйеу - жүз жылдық.

Құданы Құдай қосады.

Құданың белгісі - сыйыс,
Қоныс белгісі - бейіт.

Құда болғанша, құлы мен биін сұрас,
Құда болған соң, құл да болса сыйлас.

Жабыны жауға мінбе жалы бар деп,
Жаманмен құда болма малы бар деп.

Құда болдым дедің бе,
Кұйрық-бауыр жедің бе?

Кұда болғанша хал-жайын сұрас,
Құда болған соң, қолда барымен сыйлас.

Құдандалының малы бір,
Айтулы достың жаны бір.

Аты, тоны бар кісі
Жиын, тойға барысар,
Ұлы, қызы бар кісі,
Құдалыққа барысар.

Бай мен бай құда болса,
Ортасында жорға жүреді.
Жарлы мен жарлы құда болса,
Ортасында дорба жүреді.
Бай мен кедей құда болса,
Өзара зорға-зорға жүреді.

Жарлымен құда болғанша,
Баймен барымталас бол.

Енең болмаса да, инең болсын.

Құданың құдасы - құнан қойдың сорпасы.

Біреу болса - құда, екеу болса - ұя.

Құл құдасын табады.
Құданың тайын алғың келсе,
Құлынды биесін сұра.

Құдағи өзіне сайымен жарасады,
Қуырдақ шыжғырған майымен жарасады.

Құдағи құрдасыңдай болсын,
Құдаң шын досыңдай болсын.

Құдашамен құда ойнар,
Қошақанмен бөрі ойнар.

Құдашамен құда ойнар,
Қу шөппен бөрі ойнар.

Ет жемесең ет жеме,
Етегіңді жап, құдағи.

Қараның таққа мінгені - Біріне бірінің құда түскені.

Ағайынның қызығы - алыс-беріс,
Құдалықтың қызығы - барып-келіс.

Алыс жермен құда болсаң,
Түйе-түйе ас келер;
Жақын жермен құда болсаң,
Түйе-түйе сөз келер.

Үндемесең, құдаша, үнің өшсін,
Өткір қайшы сумаңдап тіліңді кессін.

Құда да тыныш, құдағи да риза.

Қойдың басы - құданың асы.

Құдай қосқан құда болады,
Пайғамбар қосқан дос болады.

Баймен құда болсаң, шіренер,
Жарлымен құда болсаң, тіленер.

Құрбысының асқаны құдасынан білінер.

Құданың дәмі - құйрық-бауыр.
Құдасымен Құдай ұрған ұрысады.
Бай мен бай құда болса, достасады,
Бай мен кедей құда болса, қастасады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі