16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздікке тәу ету)

 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздікке тәу ету)

Ағыл да тегіл арындап арман ағысы,
бүтіндеп бойын бүрленді бүкіл бақ іші.
Жанданып жатыр жарасын жалап жазатын
табанын тұзбен тоздырған түздің тағысы.
Қағанаттардан Қазақстанға жеткендей,
қамшы салдырмас қазанаттардың шабысы.

Айбаты асқақ арыстандайын алыстым,
Абылай болып жаныштым мысын Шарыштың.
Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек –
алты алаш үшін құрбаны болған Намыстың.
Қайрат пен Ербол, Сәбира, Ләззат көз жұмған
Желтоқсандағы ызғарлы желмен қағыстым.

Дүние жүзі мойындап тұрған Барыспын,
қайтпас та қайсар қазақ атыммен таныспын.
Ғылымда шыққан биігін әлем құптаған,
Марғұлан Әлкей, Имантай ұлы Қаныштың.
Төріне барып келсе де сонау ғарыштың,
текті ғой жұртым тәубесін білген табыстың.

Самалы ескен Мұғалжар, Ембі, Тұранның,
Сарыарқа төсін шарлаған қайсар Қыранмын.
Еркіндік құрған жеріме төнген қатерге
естірткен үні жаңғырып шыққан ұлармын.
Сан ғасыр бойы иыққа тіреу іздеген
сан алуан ұлттың саясы болған шынармын.

Тіні мен тілін, діні мен ділін сақтаған
түпкілік тегім – Көк Түрік, Ғұн мен Сақ бабам.
Тарихын тасқа қашаған ұлы Күлтегін
мұрасын мәңгі санаға құйып жаттаған.
Әкені – Таудай, ананы Күндей көретін
халықпыз дана баланы балдай баптаған.

Қасиет тұнған, құт қонған мекен – аймағым,
қастерлеп дәйім ұйытқан бірлік қаймағын.
Терезесі тең төрт құбыламды сайладым,
Астанам – айбын, айдыным менен айбарым!
Ерлігім, есіл өрлігім бойды қуаттап,
тік ұстап келем Тәуелсіздіктің байрағын!

Ұмытылмайды өткізген зарлы, шерлі күн,
ұрпаққа мирас етерде осы теңдігін.
Ұлықтай берем арыстарымды азаткер,
Ұлы Даламның аманаттаған кеңдігін.
Мерейің тасып, мәртебең өссін, өрелім,
мызғыма, жұртым, Мәңгілік болсын елдігің!

Автор: Ерлан Ахмет


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу

Ілмектер: тәуелсіздік туралы өлеңдер мен тақпақтар, тәуелсіздік туралы өлеңдер жинағы, тәуелсіздік туралы өлең шумақтары, Қазақша өлең Тіл және тәуелсіздік, 16 желтоқсан өлеңдер, 16 желтоқсан туралы өлеңдер, 16 желтоқсан туралы өлең, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні өлеңдер, тәуелсіздік күні өлең, тәуелсіздік күні өлеңдер, тауелсиздик куни олен, Қазақша өлең: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Желтоқсан), тәуелсіздік күніне қазақша өлең, Қазақша өлең, тил тауелсиздик туралы казакша олен, тауелсиздик куни туралы олен, тәуелсіздік туралы өлеңдер авторымен, тауелсиздик туралы такпактар казакша, тауелсиздик кунине арналган такпактар, стихи на казахском языке о независимости казахстана, стихи на казахском языке о 16 декабря день независимости, 16 желтоксан тауелсиздик куни олен казакша, ерлан ахмет Тәуелсіздік деген осы өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Тәуелсіздік деген осы, ерлан ахмет Тәуелсіздік – тәуекел өлең стихи на казахском казакша олен, Тәуелсіздік – тәуекел, тілдер күніне қазақша өлең