Арзан азық-түлік: супермаркет, әлде базар?

Арзан азық-түлік: супермаркет, әлде базар?

Тиімді сауданың қайда екенін білу үшін, күнделікті қажетті азық-түліктің тізімін жасап шықтық. Нысанаға Рамстор, GreenMart, Magnum, Interfood супермаркеттері және Алтын Орда мен Көк базар алынды.
Арзан азық-түлік: супермаркет, әлде базар?



Сонымен, біз жасаған тізім бойынша минималды чекке Алтын Орда базарында сауда жасауға болады екен. Әсіресе, ет өнімдері бұл базарда халыққа қолжетімді бағада ұсынылады. Арзан бағаға таңырқаушыларға мұнда да санитарлық тексерістер болатынын айта кеткеніміз жөн. GreenMart қой етін әлі сатылымға шығармаған. Ал, салыстырмалы түрде ең жоғарғы баға Interfood сауда маркетінде болып шықты. Жоғары баға мұнда ет, сүт, май бағасында екенін ескере жүргеніңіз абзал.

Тұтынушы пікірі

Дана Бақбергенова, ұстаз: Баға жағынан ұтамын десеңіз, базарға барыңыз. Алайда өз басым уақытымды үнемдеу үшін супермаркетке барамын. Супермаркеттің бір артықшылығы: барлық тауарлардың жарамдылық мерзімдері қадағаланып отырады. Мұнда қалаған дүниеңді бір орыннан табасың.

Айсана Ержігіт, студент: Супермаркетте жеміс-жидек, көкөністердің тауарлық қалпын тартымды етіп көрсету үшін нейтратталады. Оған химикат пайдаланылатыны жасырын емес. Сол үшін де мен оларды базардан аламын. Себебі адамдардың өз қолдарымен өсірген көкөніс, жемістері базарда сатылады.

Эльмира Айткенова, экономист: Ақшаны банк картасында ұстағанды жөн санаймын. Алайда базарға барып, картамен төлем жасау мүмкін емес. Сол себепті супермаркетте сауда жасағанды тиімді санаймын. Мұнда таразыдан да, бағадан да «желінбейсің». Көңіліңе жақпаса, кассаға келіп, тауарды қайтаруға болады.

Ақмарал Дүйсенбекова, үйбикесі: Мен екеуіне де барамын. Байқағаным, базарда жаңа піскен жеміс-жидек, көкөністерді супермаркеттен қарағанда, базардан табуға болады. Базарға сол себепті барамын. Ал макарон, шай, қант т.б. супермаркеттен аламын. Мұнда бір жақсысы, өз еркіңмен, асықпай таңдап алуға болады. Ал базарда салыстырып қарап тұруыңа сатушының қарсылық білдіретіні сөзсіз. Сонымен қатар, супермаркеттерде «Біреуін алсаң, екіншісі тегін» деген тәрізді жеңілдіктер жиі болып тұрады.

Ақжарқын Қыдырханова

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі