file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

сынып жиналысы хаттама


Хаттама № 1

05.09.2023 ж. Күні С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 6 «а» сынып жиналысы болып өтті.

Барлығы : 25

Қатысқандар:25

Күн тәртібінде:

  • Сынып белсенділерін сайлау.
  • Оқушылардың мектеп формасы.
  • Мектеп ережесі, қауіпсіздік ережесі.

Тыңдалды:

І мәселе бойынша сынып жетекшісі Абилдаева Назгул сөз алды, биылға 2023-2024 оқу жылымен құттықтап, быйылғы жылдың алдына қойған мақсаттарын атап өтті. Оқушылармен бірге отырып сынып белсенділерін тағайындалды. Сыныптың топ басшысы Қалмұрат Айшуақ болып тағайындалды. Оның көмекшісі әрі тазалық секторы болып Әзіхан Ясмина сайланды.

ІІ мәселе бойынша оқушылар мектеп формасын сақтау қажеттігі туралы айтылды. Қыздар ақ жейде, қара белдемше кию керектігі ескертілді.Ал ұлдар ақ жейде мен классикалық үлгідегі шалбар кию керектігі айтылды. Біркелкі болып жүру, мектеп формасын сақтау әдемі көрінетіндігі айтылды.

ІІІ мәселе бойынша мектептің ішкі тәртіп ережесін еске түсіре отырып, мектеп ережелеріне бағыну, сабақтан себепсіз қалмау, формамен келу, ұялы байланыс құралдарын әкелмеу, білім сапасын жақсару қажеттілігі айтылды. Өмір қауіпсіздік ережесі таныстырылды.

Шешім.

  • Сыныптың топ басшысы болып Қалмұрат Айшуақ тағайындалсын. Әзіхан Ясмина тазалық секторы болып тағайындалсын.
  • Метеп формасын сақтасын.
  • Қауіпсіздік ережелері қатаң сақталсын.

Сынып жетекшісі: Абилдаева Н

Хатшы: Қалмұрат А

Хаттама № 2

16.10.2022 ж. Күні С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 6 «а» сынып жиналысы

Барлығы : 24

Қатысқандар:24

Күн тәртібінде:

  • Сыныптың сабақ үлгерімі.
  • Зиянды әдеттерден аулақ болайық.
  • Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы

Тыңдалды:

І мәселе бойынша сынып жетекшісі Абилдаева Назгул сөз алды, сыныптың өткен 2022-2023 оқу жылындағы білім сапасына тоқтала келіп, биылғы білім сапасын да сол межеде ұстау қажеттігін айтты. Сабақ үлгерімдеріне аса мән беру қажеттігін баса айтты. Кейбір пәндердің күрделенуі қиындық тудырып жатқанын балалар да айта өтті. Алдағы уақытта білім сапасына зор мән беру қажеттілігі айтылды.

ІІ мәселе бойынша оқушылар зиянды әдеттер мен түрлі зиянды заттардан аулақ болуын, оның денсаулыққа тигізер зиянының қаншалықты деңгейде екендігі баса айтылды. Мектептің ішкі ережелеріне бағыну қажеттігі, ата-анамен тығыз қарам –қытынас жайында айтылды.

ІІІ мәселе бойынша әлеуметтік желінің зияны мен пайдасын ажырата отырып, әлеуметтік желілерді шектен тыс пайдаланбау қажет екеніне тоқталды. Балалар тек сабақ оқу үшін пайдалану қажеттігі айтылды. Әңгіме дебат әткізу жайында ұсыныс жасалды.

Шешім.

  • Сыныптың білім сапасы жақсартылсын.
  • Зиянды әдеттерден аулақ болсын.
  • Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы тақырыбында сынып ішінде дебат ұйымдастырылсын.

Сынып жетекшісі: Абилдаева Н

Хатшы: Қалмұрат А

Хаттама № 3

14.12.2022 ж. Күні С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 8 «ә» сынып жиналысы болып өтті.

Барлығы : 25

Қатысқандар:25

Күн тәртібінде:

  • І жартыжылдықтың аяқталуы
  • Қысқы демалыстағы қауіпсіздік
  • Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы.
  • ТИМСС тапсырмаларын уақытылы орындап отыру.

Тыңдалды:

І мәселе бойынша сынып жетекшісі Пайзлаева Айгүл сөз алды, сыныптың 1-тоқсан мен 2-тоқсандағы бағаларын салыстырмалы түрде алып, қткен жылмен салыстырып, білім сапасының төмендігін алдағы 2 жарты жылдықта білім сапасын көтеру қажеттігін айтып өтті. Сонымен қатар мектептің ішкі тәртіп ережелеріне тоқталып білім мен тәртіп егіз ұғымдар екеніне тоқтала кетті.

ІІ мәселе бойынша қысқы демалыста мұз айдындарына, көлге сырғанауға бармау қажеттілігі, оның қаншалықты қауіпті екендігі ойтылды. Алдаға мереке күндерінде пиротехникалық заттарды тұтынбау керектігін, оның қандай зияндары бар толық мағлұмат берілді.

ІІІ мәселе бойынша әлеуметтік желінің зияны мен пайдасын ажырата отырып, әлеуметтік желіліерді шектен тыс пайдаланбау қажет екеніне тоқталды. Балалар тек сабақ оқу үшін пайдалану қажеттігі айтылды. Әңгіме дебат әткізу жайында ұсыныс жасалды.

IV мәселе оқушыларға ТИМСС тапсырмаларын өз мерзімінде кіріп, уақытылы орындап отыру керек екендігі ескерілді.

Шешім.

  • Сыныптың үлгерімі көтерілсін.
  • Қысқы демалыста қауіпсіздік шаралары қатаң ұсталынсын.
  • Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы тақырыбында сынып ішінде дебат ұйымдастырылсын.
  • ТИМСС тапсырмаларын уақытылы орындап отырылсын.

Сынып жетекшісі: Пайзлаева А.

Хатшы: Алменова С.

Хаттама № 4

19.04.2023ж. Күні С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 8 «ә» сынып жиналысы болып өтті.

Барлығы : 25

Қатысқандар:25

Күн тәртібінде:

  • Сабақ үлгерімі
  • Көктемгі демалыстағы қауіпсіздік ережесі
  • Судағы қауіпсіздік ережесі.
  • ТИМСС тапсырмаларын уақытылы орындап отыру.

(Нақты тест тапсыру мерзімі анықталды.5.05.2023ж.)

Тыңдалды:

І мәселе бойынша сынып жетекшісі Пайзлаева Айгүл сөз алды, сыныптың сабақ үлгеріміне тоқталып өтті. Алдағы тоқсандарға қарағанда алға жылжу барын айтып, алдағы 2 жартыжылдықта білім сапасын арттыру қажеттілігі айтылды.

ІІ мәселе бойынша көктемгі демалыста түрлі пикниктер ұйымдастырмау керектігін, беймезгіл уақытта ата-ананың қарауынсыз жүрмеу қажеттігін, жалғыз қалаға бармау қажетігі түсіндірілді.

ІІІ мәселе бойынша күннің жылуына байланысты су айдындарына баруға болмайтынын. Судағы қауіпсіздік ережесін балаларға түсіндіріп өтілді.

IV мәселе оқушыларға ТИМСС тапсырмаларын өз мерзімінде кіріп, уақытылы орындап отыру керек екендігі және тесттің тапсыратын нақты күні 5.05.2023.шыққанын айтып ескерілді.

Қаулы.

  • Сабақ үлгерімі жақсарсын.
  • Көктемгі демалыста қауіпсіздік ережелері сақталсын.
  • Су айдындарына бармасын.
  • ТИМСС ке дайындық күшейтілсін.

Сынып жетекшісі: Пайзлаева А.

Хатшы: Алменова С.



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу