Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ

МАЗМҰНЫ Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ . . . . . . 7 § 1. Сыбайлас жемқорлық ұғымы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. 7 § 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары . . . 11 § 3. Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде . . . . . 17 § 4. Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21 2-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ТЕТІКТЕРІ МЕН ДАМУ ИНСТИТУТТАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .34 § 5. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы отбасы рөлі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .34 § 6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері . . . 38 § 7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетігі ретінде қоғамдық бақылау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 44 § 8. Саяси партиялар мен БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралдары ретінде . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 57 § 9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие . . . . . . . . . . . . . . 67 § 10. Сыбайлас жемқорлық тәртіптің психологиялық тетіктері . . . . . . 71 3-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 87 § 11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық негіздері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 87 § 12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың эволюциясы . . . . .93 § 13. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 115 4-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖӘНЕ БИЗНЕС ОРТАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 131 § 14. Мемлекеттік қызметті реформалаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектісі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 131 § 15. Мемлекеттік жоспарлау сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылдың тетігі ретінде . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 140 § 16. Мемлекеттік қызметтер екөрсету процесін жетілдіру . . . . . . . . . 150 § 17. Бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 157 Негізгі әдебиет . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

№1 қмж

КІРІСПЕ Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты руханиэтикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті. Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс келешек түлектердің қызмет бейініне қарамастан барлық оқу орындарын қамтуға тиіс. Өткен жылдан бастап барлық жоғары оқу орындарындағы оқу процесіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты жаңа пән енгізіле бастады. Дегенмен, бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дүниетанымдық, этикалық, рухани аспектілерін жан-жақты көрсететін тиісті әдебиет әлі аз, ал бұл проблема бойынша қолда бар әдебиет көбіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық аспектілерін ашуға бағытталған. Қалыптасқан мән-жайды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғалымдар тобы бұл проблема бойынша оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету үшін оқу құралын жасау туралы бастама білдірді. Ұсынылатын оқу құралы Академияның профессор-оқытушылар құрамының жұмыс нәтижесі болып табылады, оқу орнының құрылымдық бөлімшелерінде құқық қорғау, экономикалық және тәрбиелік моделдерін қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетіктері жүйелі түрде әзірленуде. Авторлар ұжымына әртүрлі бейіндегі мамандар кірді, олардың ішінде – практикалық тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілер, педагогика, философия, экономика, юриспруденция саласында зерттеулер жүргізетін ғалымдар бар. Авторлық ұжымның мұндай іріктелуі белгіленген міндеттерді шешуге және тарихи әрі қазіргі заман тұрғысынан алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті проблемаларын байыптауға кешенді көзқарасты қамтамасыз етті. Жүйелі тәсілдің міндетін белгілеген авторлар сыбайлас жемқорлықтың мәнін, табиғатын, шығу тегін, оның орнықтылығының себебін ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани-этикалық аспектілерге сапалы талдау ұсыну әрекетін жасады. Оқу құралында қамтылған мәселелер кешеніне орай оларды төрт тарауға топтау орынды деп табылып, олардың әрқайсысы тиісті тақырыптық блокты қамтыды. 6 Оқу құралы аясында оқырмандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сияқты ұғымдармен танысып, қазіргі күннің құбылысы ретіндегі сыбайлас жемқорлық және оның тарихи тамырлары туралы мәлімет алады. Тұлғаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұрғысынан тәрбиелеуде отбасының рөліне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздеріне, шетелдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға айрықша назар аударылған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу құралында авторлар оқытудың тәрбиелік сипатына сүйенді, сондықтан ол жоғары оқу орындарының барлық мамандықтары мен дайындық бағыттары бойынша оқу процесінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының соңғы жылдары жинақтаған тәжірибесін пайдаланғанымызды, Академияда еліміздің мемлекеттік қызметшілерін оқытудың барлық бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылық пәндері енгізгенін атап көрсету қажет. Бұл тақырып бойынша бірінші оқу құралының жарыққа шығуы және оның отандық жоғары оқу орындарының білім беру процесінде пайдаланылуы бұл пәнді оқытудың жаңа модельдері мен әдістемелерін өмірге әкелуі мүмкін. Оқу құралының мән-мазмұны бойынша берілетін кез келген ескертулер, ұсыныстар бұл ұжымдық еңбектің мазмұнын жақсарту тұрғысынан алғанда мұқият қаралады және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы білім беру саясатының бұл маңызды бағыты бойынша ынтымақтастыққа дайын.

№2 қмж

§ 1. Сыбайлас жемқорлық ұғымы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми және қоғамдық-саяси әдебиетте кеңінен қолданылады. «Сыбайлас жемқорлық» сөзі (латын тілінен «corumper») көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, «rumpere» көп мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын «со» қосымшасы сыбайлас жемқорлық – бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді. Бұдан өзге, латынша «corruptio» «параға сатып алу», «іріп-шіру» дегенді білдіреді, «сыбайласу» етістігі «біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен параға сатып алу» дегенді білдіреді. Рим құқығында «corrumpire» сөзі «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға сатып алу», сондай-ақ «құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы» деген мағынаны білдіреді[1]. Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен қатар, латын термині «corruptio» екі түбірлі сөзден «cor» (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және «ruptum» (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны параға сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал әлеуметтік жүйені, оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату, іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы өзінің жағдайын жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде. Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы. Ежелгі дереккөздерді талдау сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың туындауымен қатар пайда болған және әртүрлі тарихи даму кезеңінде барлық елдерге сол немесе өзге дәрежеде тән болды. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы деректерінің бірі – Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екінші жартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары (біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр). Ежелгі құқық көздерінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін нақты жазалануы тиіс екені көрсетіледі: «§ 5. Егер судья істі талқылап, шешім шығарып, мөрі бар құжатты дайындаса, сосын өз шешімін өзгертсе, онда бұл судьяны шешімін өзгерткенін әшкерелеген жөн және осы істегі талап сомасын жиырма есе етіп төлеуі тиіс, одан бөлек жиналыста оны судьялар орынтағынан қуылуы тиіс және ол орнына қайтып келіп, сотта судьялармен бірлесіп отырмауы тиіс. § 6. Егер адам құдайдың затын ұрлап алса, ол адам өлтірілуі керек, сонымен қатар оның қолынан ұрланған затты қабылдаған адам да өлтірілуі тиіс» [2]. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 8 Ежелгі Үндістанда біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасыр мен біздің эрамыздағы ІІ ғасыр арасында брахман мектептерінің бірі құрастырған Ману Заңдары ежелгі үнді құқығының ескерткішін, брахманизмнің діни және этикалық догматтарына сәйкес үндістердің жеке және қоғамдық өміріндегі мінез-құлқын реттейтін нұсқаулар мен ережелердің жинағы білдіреді, сонымен қатар мемлекетті басқару және сот өндірісі бойынша өсиеттерді қамтиды. Заңдар судья шенеуніктерін «сот өндірісінің қағидаларын басшылыққа алуға» шақырды және «әділетсіз шешім шығарып, аспанға қол жеткізуді білдіретін мәңгілік рахаттан айырылуға болатынын» есте сақтауды ескертеді [2]. Сыбайлас жемқорлық туралы кең ауқымды мәліметтер антик дәуірінің мұрасында кездеседі. Ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель өз жұмыстарында бірнеше рет билікті асыра пайдалану мен парақорлықтың қоғамның экономикалық, саяси және рухани өміріне күйретуші және бұзушы ықпалы туралы ескерткен, пайдакүнемдік – мемлекеттік басқаруда жол берілмейтін, сыбайлас жемқорлықтың себептері деп атаған. Аристотель «Саясат» деген еңбегінде сыбайлас жемқорлықты мемлекетті күйретуге әкелмесе де, азғындауына әкелетін маңызды фактор деп атап көрсеткен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Аристотель мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі деп санаған: «Кез келген мемлекеттік құрылыста ең бастысы – бұл заңдар және қалған тәртіп арқылы істі лауазымды адамның пайда таба алмайтындай етіп құру керек» [3]. Кейіннен Гегель былай деп атап көрсетті: «Афинада әрбір азаматтың қандай қаражатқа өмір сүретіні жөнінде есеп беруге міндеттейтін заң болған, ал қазіргі кезде бұнда ешкімнің шаруасы болмауы тиіс дейді» [4]. Рим құқығында «сыбайлас жемқорлық» заң нысанын иеленді. Бұған мысал ретінде рим құқығының жиынтығын – XII кестелер Заңын (біздің эрамызға дейінгі V ғасыр, латынша leges duodecim tabularum) келтіреміз, онда «corrumpere» термині соттағы жауап беруді ақшаға алмастыру немесе судьяны параға сатып алу деген мағынада пайдаланылады: «Сот ісін жүргізу кезінде (істі талқылау үшін) тағайындалған және осы іс бойынша ақша сомасын алған деп айыпталған судья немесе делдалды өлім жазасына кесетін заң қаулысын қатал деп есептейсің бе?» [2]. Орта ғасыр кезеңінде «сыбайлас жемқорлық» ұғымы шіркеулік, канондық мәнді иеленіп, «азғыру», «шайтанның азғыруы» және «күнә» ретінде теологиялық бағытта болды. Латын сөзі «corruptibilitas» адамның баянсыздығын, бұзылуға бейімделуін білдіреді. Католицизм дін оқуындағы сыбайлас жемқорлық күнәһарлықтың көрінісіне айналды. Италия ойшылы мен саясаткері Н. Макиавелли (1469-1527 жж.) еңбектерінде сыбайлас жемқорлықты пайымдауға маңызды серпін берілген. Өзінің «Билеуші» атты еңбегінде (1513 ж.) ол сыбайлас жемқорлықты «жария мүмкіндіктерді жеке басының мүддесіне қарай пайдалану» ретінде анықтады, сыбайлас жемқорлықты алдын ала қиын анықталатын, бірақ жеңіл емделетін, ал ол асқынып кеткенде, анықталуы оңай, бірақ емделуі қиын аурумен салыстырған [5]. 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 9 Ағылшын мемлекеттік қайраткері және философы Т. Гоббс (1588– 1679 жж.) «Левиафан» атты еңбегінде (1651 ж.) былай деп жазады: «Өз байлығына былыққан адамдар қылмыстарды батыл жасай береді, себебі олар мемлекеттік әділетпен сыбайласу арқылы жазадан қашып құтыламын немесе ақшаға не басқа да сыйақы түрімен кешірім аламын деп үміттенеді». Гоббс бойынша сыбайлас жемқорлық «барлық уақытта да және кез келген қызықтырып азғындау кезінде барлық заңдарға деген жек көрушілік туындайтын тамыр» [6]. XVII ғасырдың ортасында жасалған осы тұжырым ХХІ ғасырда да өзекті болмақ. Неміс философы М. Вебер (1864-1920 жж.) сыбайлас жемқорлық туралы ұғымның дамуына өз үлесін қосты. «Саясат міндет және кәсіп ретінде» (1919 ж.) еңбегінде ғалым саясаттан өзінің кәсібін және міндетін жасаудың екі тәсілін бөліп көрсетті: «не саясат «үшін» өмір сүру, не саясат «есебінен» өмір сүру... Саясат «есебінен» кәсіп ретінде оны тұрақты табыс көзіне айналдыру тырысатындар, ал саясат «үшін» өзге мақсатты көздейтіндер өмір сүреді» [7]. Вебер парақорлық пен сыбайлас жемқорлық орта ғасыр қоғамына тән әкімшілік аппараттың ажырамас қасиеті деп санады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы алғашқы ескертулерді тарихшылар біздің эрамызға дейінгі XXIV ғасырға – шенеуніктердің тарапынан асыра сілтеушіліктің жолын кесу мен сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер үшін жауапкершілік белгілейтін мемлекеттік аппарат реформасын ұйымдастырған шумер билеушісі Урукагиннің уақытына жатқызылады. Осылайша, шамамен төрт мыңжылдық бұрын Ежелгі Вавилонда парақорлық үшін жауапкершіліктің болғанын Хаммурапи патшаның заңдары, сондай-ақ египет фараондарының заңдары көрсетеді. Сыбайлас жемқорлық Рим империясы тұсында да нақты айқындалған, ол XII кесте Заңдарында көрініс тапты. Рим империясының құлдырау себептерінің бірі – сыбайлас жемқорлық болған. Сол кезеңде мемлекеттік орындарда, мемлекеттік лауазымдарға тағайындау кезінде парақорлық жайлаған. [8]. Мемлекеттік басқару өнері бойынша ежелгі үнді «Артхашастра» трактатында (біздің эрамызға дейінгі IV ғасыр) патша алдында тұрған маңызды міндет қазынаны тонауға қарсы күрес болып табылады деп атап көрсетілген. Трактатта қазынаны тонаудың 40 тәсілі санап көрсетілген және айлакер шенеуніктердің айласынан гөрі аспандағы ұшатын құстың жолын болжау оңай, ал бұл қазіргі заман үшін де. Қазынаны тонауға қарсы күрестің негізгі құралы – аңду болды [2]. Сыбайлас жемқорлық туралы шығыс өркениетінде де айтылған. әль-Фараби шенеуніктер өз лауазымдарына қабілеттеріне қарай орналасуы қажет деп санаған. ХІІ ғасырдағы Қытайдың саяси қайраткері Ванг Анши сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептерінің бірі ретінде нашар заңнама мен нашар шенеуніктер деп көрсеткен [9]. Бұл – ежелгі дәуірдің өзінде көрнекті ойшылдардың өзі саламатты дамушы қоғам құруға мүмкіндік беретін ашық және адал қатынастарға шақырған, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің әлеуметтік феномені ретінде нақты және сыйымды анықтамасын табуға тырысқан және СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 10 ғылымда танымал үлгілерден сыбайлас жемқорлық дендеген қоғам үлмемлекеттік және халықаралық институттарының беделін түсіреді. Ол заң үстемдігіне, демократия мен адам құқықтарына қатер төндіріп, билікке, мемлекеттік басқару, теңдік пен әлеуметтік әділдік қағидаттарына нұқсан келтіреді, бәсекелестікке кедергі келтіреді, экономикалық дамуды қиындатып және демократиялық институттардың тұрақтылығы мен қоғамдық моральдық ұстанымға қауіп төндіреді. Осындай жағымсыз үрдістерді жою үшін мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қалыптастыруға кірісті. Тірек сөздер: сыбайлас же

ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР 1. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? 2. Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасын беріңіз. 3. Ұғымның этимологиялық анықтамасы қандай? 4. Сыбайлас жемқорлықты зерттеудің негізгі тәсілдерін талдаңыз. 5. Сыбайлас жемқорлық біздің өмірімізде. Сіз онымен ұшырастыңыз ба? 6. Сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсы тұра аламыз? 7. Сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне ықпалы.

№3 қмж

Сыбайас жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады. Сондықтан бұл параграфта сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феноменін қарастырамыз. Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана болып бөлінеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында мүдделер қақтығысы «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін» деп айқындалады [1]. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық көрінісінде мүдделер қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың призмасы арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінезқұлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы санаға нысандандыру, белгілілік пен кесімділік тән. Сондай-ақ моральдық және құқықтық міндеттерді орындауға қатаң бақылау талабы тән. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың рөлі оның танымдық, реттеуші, бағалаушылық, болжамдық функцияларында көрінеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың танымдық функциясы (гносеологиялық) әлеуметтік зұлымдық ретінде сыбайлас жемқорлық туралы білімді жинақтау және оның негізінде адами өзара қарымқатынастар әлемін одан әрі пайымдау мүмкіндігінен тұрады. Реттеуші функциясы. Белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 12 құндылықты бағдарлар арқылы қоғамдық қатынастардың реттеушісі болады. Осы реттеудің нәтижесі – сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік болады. Бағалау функциясы өмірлік тәжірибе мен практика негізінде әлеуметтік өмірдің әртүрлі жағы мен құбылыстарына тұлғаның белгілі бір эмоционалдық қатынасынан көрінеді. Моральдық және құқықтық нормалар, моральдық-құқықтық жүйенің басқа элементтері бағалау объектісіне айналады. Бағалау функциясы тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қатынасын айқындайды. Оның көмегімен моральға және этикалық кодекске, құқық пен заңнамаға, құқық қорғау органдарына, азаматтық қоғамға, борышқа, айналасындағылар мен өзінің де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына деген қатынас бағаланады. Болжамдық функция моральдық-құқықтық жүйенің болашақтағы жай-күйін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын көре білу мүмкіндігінен тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сияқты рухани мәдениеттің интегративті нысаны болып табылады. Мәдениеттің, сонымен қатар адам санасындай басымдықтары да бар, әлеуметтік деп айқындалатын барлығының қалыптасуы мен дамуында атқаратын рөлі де бар. Ақиқатты игеру тәсілі ретінде мәдениет – жекелеген бағалау, нормалар емес, олардың жиынтығы, сомасы емес, керісінше тұтастық ретінде алынған құндылықты элементтер. Мәдениет сана феномені ретінде тұтастықты білдіреді. Мәдениет – пассивті, қажетсіз, жүзеге аспаған білім, білік, сенімдер емес. Ол өзіндік процесті, ішкі қызметті білдіреді, оның негізінде өзара іс-қимыл, өзара өту және білім, білік-дағдының, тұлғаның құзыретінің, оның сенімінің, ақпараттық, сезімдік және күшжігер компоненттерінің түйісу жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет рухани мәдениет жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Адам мәдениет субъектісі ретінде еңбек, саяси, этикалық, эстетикалық, адамгершілік және басқа мәдениеттердің жанашыры болып табылады, ол өзара тығыз байланысты, ал әртүрлі үйлесімде кірпияз симбиозды қалыптастырады. Мәдениет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет айрықша функцияларды орындап, қоғамның белгілі бір тұтастығы мен ұйымшылдығын сақтай отырып, ерекше орын алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет өз мазмұнына мәдениеттердің барлық қалған түрлерінің элементтерін қамтиды, бұл олардың тұтастығының жалғыз субъектісі ретінде адамның өзінің табиғатымен байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ерекшелігі мәдениеттердің барлық түрлерімен өзара байланыста ғана емес. Оның мазмұны бірінші кезекте құқық пен адамгершілікті қамтиды. Мәдениеттердің барлық түрлері арасындағы диалог олардың арасындағы тығыз байланыстың барын белгілейді, олардың өзара толықтырушы рөлін атап өтіп, күшейтеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілеті.

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 13 Осындай адамның мазмұны құқықтық мәдениет болып табылатыны маңызды. Қазіргі әдебиетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мазмұны негізінен құқықтық құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті толықтай құқықтық мәдениетке апару дұрыс емес. Құқықтық мәдениет мысалы, адамгершілік, саяси мәдениетпен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тек бөлігі ғана. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамгершілік пен азғындық (орынды және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» ұғымы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсініледі. Сондай-ақ ол білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі». «Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады» [1]. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді: – сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік; – моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу; – құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру; СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 14 – қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру; – мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру. Осыған байланысты мыналар қажет: – сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық «иммунитетті» қалыптастыру және осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамыту; – Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін қалыптастыру, бұл ретте «сыбайлас жемқорлық» сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік тойтарыс, төзбеушілікті туындатуы тиіс; – құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен тәртіпті құрметтемеуді білдіретін құқықтық нигилизмді жою (латынша nihil – ештеңе); – құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл» ұғымының мазмұны «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі» ретінде ашылады. Ал «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» – «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі» [1]. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет нақты әлеуметтік жүйенің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағдарланған, сондықтан оның түбегейлі қасиеті сыбайлас жемқорлықты тұтас, жүйелі – оның барлық адамгершілік, заңдық, экономикалық, саяси, ресурстық, технологиялық, экологиялық, әлеуметтік-психологиялық аспектілерінде, байланыстары мен көріністерінде болжай білу болып табылады. Әлеуметтілік, әлеуметтендіру сияқты адамгершілікті қолдау мемлекеттің қызметіндегі институттардың, құқықтың, тетіктердің, тәртіптің, рәсімдердің белгілі бір жай-күйін қажет етеді. Бұл мәселеде өркениеттік біртектіліктің ерекше мәні бар. Біздің еліміз үшін бұл көптеген басқа да мемлекеттер үшін де маңызды. Жаңа қазақстандық мемлекетті құру жағдайында тәуелсіз Қазақстанның өзіндік табыс коды, әлеуеті мен құндылықтары бар екенін ұмытпау қажет, оны сыбайлас жемқорлықтың шығу себебін жоя отырып, оған қарсы күресте жандандырған жөн. Қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті социумды тұрақтандырудың басты факторларының бірі болып табылады, қоғамның кез келген құрылымдық деңгейінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы күрестің табыстылығын айқындайды.

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 15 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуде заңнаманың сапасы, құқық қолдану нысандары, шарттық міндеттемелерді сақтау, азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау да маңызды. Моральдық-құқықтық қағидаттарды білу мен ұтымды конформистік сенімдерді үйлестіру – қоғам өміріндегі тәртіптіліктің қуатты факторы. Қорытындыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың, тіпті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі тұлға мен қоғамның сыбайлас жемқорлықтың тұрақсыздандыру күшін сезіну дәрежесіне байланысты екенін белгілеуге болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті – сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті білім алушы жастардың азаматтық позициясы ретінде бекіту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға берік иммунитетті нықтау, оларды жария түрде жоққа шығару болып табылады. Тірек сөздер: сыбайлас жемқорлық, мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адамгершілік мәдениет, сыбайлас жемқорлық мінез-құлық себептері. ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз не? 2. Адамгершілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымындағы орны қандай? 3. Сыбайлас жемқорлық мінез-құлық үлгісінің мазмұны. 4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» және «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» ұғымдары 5. «Сыбайлас жемқорлық сана» және «сыбайлас жемқорлық мәдениет» ұғымдарының теориялық мазмұны олардың күнделікті қолданылуына сәйкес келе ме? 6. Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары. 7. Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің жағдайын талдаңыз.

№4

§ 3. Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің құбылысы ретінде. Сыбайлас жемқорлықты феномен ретінде қоғамдық санадан, оның белгілі бір әлеуметтік жағдайларда қалыптасуы мен өзгеру динамикасынан бөліп қарастыруға болмайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды тергеу, кінәлілерді жауапкершілікке тарту – мамандардың ісі, бірақ осы жұмыстың нәтижелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдің туындау себептеріне қатысты еліміздің әрбір азаматының өзіндік жеке пікірі болуы тиіс. Ол өзінің жеке бағдарларын, адамгершілік ұстанымдарын, діни идеяларын басшылыққа алуы тиіс, сондықтан оның сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері туралы түсінігі нормативтік және ғылыми дефинициялардан ерекшеленуі мүмкін. Қоғамдық өмірдің жағымсыз құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлық қоғамдық айыптауды туындатады, алайда әртүрлі әлеуметтік топтарда оларға төзімділік дәрежесі бірдей емес. Өмірінде сыбайлас жемқорлық фактілерімен ұшырасқан әрбір адам оны азамат пен мемлекет өкілі арасындағы өзара қарым-қатынаста, азаматтардың өз арасында және бизнес саласында орын алмауы тиіс қоғамдық зұлымдық ретінде бағалайды. Моральдық нормалар мен олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы рөлі. Адамзат өркениеті тарихында діни ілімге негізделген мораль нормалары тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Адамның моральдық қағидаттарды саналы түрде сақтауы оның сыбайлас жемқорлыққа деген қатынасы бойынша ұстанымына байланысты. Ол оны кез келген мемлекеттік құрылыстың мәңгі жолсерігі немесе нақты қарсы тұра алатын және қарсы тұру қажет жағымсыз қоғамдық құбылыс ретінде қабылдайды. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық зұлымдық ретінде қоғамға ыдыратушы ықпал етеді. Әсіресе бұл адамдардың қылмыстық мінезқұлқын, сыбайлас жемқорлық фактілерін Интернет желісіне қол жеткізетін тіпті оқушылардан жасыра алмайтын қазіргі ақпараттық технологиялар ғасырында қауіпті. Жастарды тәрбиелеудегі кемшіліктер мен қателіктер, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық ықпал үшін әлсіз санаттарына тиісті көңіл бөлмеу аса жағымсыз салдарға әкеледі. Сыбайлас жемқорлық дендеген адамдардың адуындығы мен арсыздығы, олардың қылмыстық қызметінің нәтижелері адамгершілік құндылықтарының құнын жояды және қоғамның адамгершілік ұстанымдарын әлсіретуі мүмкін. Адамгершілік, әділдікке сену, этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау қажетті жағдайлар кешенін білдіреді. Осы құрамдас бөліктерсіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптаса алмайды және мемлекеттік жазалау саясаты пәрменді бола алмайды. Мінез-құлық актілеріндегі моральдық қағидаттардың басымдығының құқықтық тыйымдар немесе қылмыстық аңду қаупіне қарағанда әсері көп. Мораль, оның жазылған және жазылмаған заңдары болмауы тиіс салаларға «ақша» ережелерін енгізуге қарсы тұра алады, анықталуы бойынша сатып алуға болмайтын нәрсе ақылы алу үшін қолжетімді бола СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 18 алмайды: құрмет, лауазым, дәреже және көптеген басқалар, олардың қоғам алдындағы құндылығын түсіруі мүмкін. Сыбайлас жемқорлықты елдегі адамдар әділетсіздік деп негізді түрде қабылдайды. Бұл жерде әрбір адам өздері байқайтын болмысты оның санасында қалыптасқан тәрбие мен идеологиялық ұстаным негізінде адамгершілік тұрғысынан бағалайтынын тағы да атап өткен жөн. Егер адамгершілік ережелердің кешені жұмыс істемесе, қоғам азғындаған, ал мемлекет – әлсіз болады, егер социум өмірінде мораль тиісті орын алмаса, азғынданған қоғамның болашағы жоқ. Адамгершілік және қылмыстық идеология қақтығысы. Сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз қоғамдық құбылыс ретіндегі ерекшелігі қоғамдық процестер өзгерісінде өте жылдам қозғалғыш келеді, оның қауіптілігін елемеу әртүрлі тәртіптің шығындарына әкеледі. Экономикалық шығындардан және халықаралық аренадағы беделін жоғалтудан бөлек (индекс CPI) [2], кез келген мемлекет қылмыстық идеологияны тарату проблемасына ұшырасады. Ең қауіптісі белгілі бір топтардың бай тап өкілдерінің санасында тоғышарлық элементтерінің тамыр жаюымен сән-салтанатта өмір сүретін, шамадан артық тұтынуға ұмтылуын жете бағаламау болып табылады. Бұл кемістік зиянсыз емес, ол адамдардың санасында өзіндік мінез-құлық стандарттарын қалыптастырады, кейіннен құқықтық түзетуге келмейді. Н. Бердяев тоғышарлықты ауыздықталмаған рахатқа батудың кері жағы, ал тоғышарлық нормалар, оның пікірінше, адамның қайырымды өзін-өзі шектеуіне сенбеушіліктің жемісі деп атаған [3, 186–б.]. Адамдар бұны жақсы түсінеді, демек, сыбайлас жемқорлық және оның көріністері дегеніміз не, олардың болашағына және жас ұрпақтың болашағына қандай қауіп төндіреді жөнінде ойланады. Осылайша, адамдардың түсінігінде қазіргі сыбайлас жемқорлық: – қоғамдық санаға, тұрмыс пен қызметтік жұмысқа терең тамыр жайған зұлымдық; – билік басындағы адамдардың жүзеге асыратын қылмыстық әрекеті; – адамгершілік мінез-құлық шектеулері жоқ, бірақ қоғамдық процестерге кері ықпал ете алатын арам адамдардың өмір сүру қалпы сияқты көрінеді. Адамдардың позитивті адамгершілік бағдары болатын мінез-құлық ережелері бір мезгілде пайда болмайды, олар – олардың қайда пайда болғанына, қандай формацияда тамыр жайғанына және әлеуметтік норма белгілерін қашан иеленгеніне қарамастан тарихи тәжірибенің нәтижесі болып табылады. Мысал ретінде әрбір совет оқушысы жаттап алған екі цитатаны келтірейік: 1. «Ғылымда даңғыл жол жоқ, шаршағаннан қорықпай оның тастақ жерлеріне өрмелейтіндер ғана оның шырқау шыңына жетеді» (К. Маркс); 2. «Адамзат жасаған барлық байлықты білу арқылы өз біліміңді байытқанда ғана коммунист бола аласың» (В. И. Ленин). Бұл сөздердің өнегелік құндылығы бұқара санасында айқындаушы орын алады, яғни бұрындары олар қарапайым ұран ғана болған. Оларды адамдар ұстанып, жастар тәлім-тәрбие алатын, ал еңбектік, партия, өндірістік тәртіпті бұзу ауыр моральдық шығындарға әкелетін.

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 19 Адамгершілік бастаулары тамыр жайған қоғамда заңдар сақталады, жемқор өзін қолайсыз сезінеді, оның іс-әрекеті шектелген және өзінің қылмыстық мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Басқаша айтқанда, мораль (қолданыстағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде) және жоғары өнегелі орта жемқордың қылмыстық іс-әрекетін аса қиындатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін жазалау шаралары жеткіліксіз. Сот тағайындайтын жазаның қаталдығы мен жұрт алдында тұтқындау кезінде қарапайым адам оның алдына қазіргі болмыс қойған қарапайым сұрақтарға жауап табуы тиіс. Өзі байқаған нәрседен адам сыбайлас жемқорлыққа және оның қоғам өмірі мен өзінің өмірлік қағидаттарына жағымсыз ықпалына қатысты өз тұжырымын жасайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жазалау тетіктеріне немесе ғылыми зерттеулерге ғана сүйенбеуі тиіс. Адамдардың сыбайлас жемқорлық туралы моральдық құндылықтар негізінде қалыптасатын түсінігін басты мәселе қойған жөн. Тек қана осы жол арқылы мемлекет қарапайым адамдардың «мемлекет» және «сыбайлас жемқорлық билік» ұғымдарын теңдестіруіне жол бермеуі тиіс. Егер соңғысы бұқара халықтың санасында тамыр жайса, онда сыбайлас жемқорлық мыңдаған жемқорлар жазаланса да жойылмайды. Адамгершілік ұстанымы мықты адам сыбайлас жемқорлықты былайша сипаттайды: – өзі үшін, өз елі және оның болашағы үшін төнетін нақты қауіп; – азаматтың өзін азаматты болып табылатын елмен байланыстыруын тоқтатуының бір себебі; – ұлттық байлықты тонау және қоғамдық сананы бұзу арқылы параға сатып алу және заңсыз баюдың қылмыстық сызбасы; – мемлекеттің құрылысына, өнегелік құндылықтарына қол сұғатын және бұқара санасына жалған құндылықтарды енгізу үшін жағдайлар жасайтын қылмыстық идеологияны заңсыз енгізу; – заңдар жұмыс істемейтін және әділдікке орын жоқ әділетсіз өмір. Сыбайлас жемқорлықты жағымсыз құбылыс ретінде қабылдай отырып, оның әртүрлі көріністерін зерттей, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әдістерді әзірлей отырып, мемлекет жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелерін көрсеткен жөн. Оң нәтижелер бар екеніне құқық қорғау статистикасы мен сот практикасы дәлел бола алады. Оң өзгерістер туралы ауыз ашпау адамдардың құқықтық саясаттың тиімділігіне сенбеушілігін туғызады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына көмектеспейді. Тірек сөздер: сыбайлас жемқорлық, өнегесіздік, ымырасыздық, арамдық, мансапқорлық, ашкөздік. ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР 1. Сыбайлас жемқорлық феномені не себепті құқықтық кеңістіктен бөлек зерттелуі тиіс? 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға бағытталған тәрбие жұмысын қалайша жүргізген жөн? 3. Адамгершілік құндылықтардың қоғам өміріндегі рөлі қандай және СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 20 олар мемлекеттік қызметтегі адамның мінез-құлқына қалай ықпал ете алады? 4. Жемқорды қалай және қандай белгілері, мінез-құлық актілері бойынша анықтауға болады? 5. Нақты мемлекеттік органдарда (құқық қорғау органдарында, денсаулық сақтау, білім беру) сыбайлас жемқорлықтың ерекшеліктері қандай? 6. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекет жасаған адамға не шешуші ықпал жасайды: заңдық жауапкершілік, беделін жоғалту немесе қоғамдық айыптау? 7. Діндар адам саналы түрде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасай алады ма? Рефераттардың үлгілік тақырыптар

ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 21 § 4. Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру дамыған елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының маңызды элементтерінің бірі болып саналады. Швеция, Ұлыбритания сияқты еуропалық елдерде азаматтардың ақпаратқа қолжетімдігі, құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі және халықтың этикалық нормаларды сақтауы – мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің кепілі. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік жағдайын қандай құралдармен, әдістермен, қандай нысанда жасауға және сыбайлас жемқорлық қылмыс деңгейін азайтуға болатыны туралы ақпарат алудың маңызды тәсілдерінің бірі болып саналады. Шетел мемлекеттерінің практикасын танып-білу мен есепке алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі қателіктер, қарамақайшылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында дұрыс тәсілдерді таңдауға мүмкіндік береді. Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісі Грузияның мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибесі бірегей және табысты, оның көптеген аспектілері бейімделген және осыған ұқсас проблемалар бар елдерде қолданылады. Осыдан 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлық Грузияның барлық салаларына дендеген болатын. Мемлекеттік қызметтердің барлығын дерлік алу үшін пара сұрайтын – жүргізуші куәлігін алу немесе мүлік пен бизнесті тіркегенге дейін паспорт алу, үй құрылысын мен жоғары оқу орнынан түсу. Үкімет «нөлдік төзімділік» саясаты шеңберінде қабылдаған шаралар әртүрлі мемлекеттік қызметтерде бейресми төлемдер ауқымын күрт қысқартты. Бүкіләлемдік банк сарапшылары бүгінгі күні көптеген көрсеткіштер бойынша «Грузия Еуропалық одақтың ең дамыған елдеріне біршама жақындады деп атап көрсетеді» [1]. 2014 жылы «Transparency International» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне сәйкес Грузия әлемнің тіркелген 174 мемлекеті арасында 50-орынды, ал 2004 жылы 85-орынды иеленді. Бұл кезеңде әлемде тіркелген сыбайлас жемқорлық қысқартулардың ең күштісі. Бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің арасында Грузиядан тек қана Прибалтика елдері озық тұр. Мемлекеттік басқару құрылымын реформалау және Грузияда сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтудың өзіндік шыққан жерін 2003 жыл, Раушан революциясынан кейін және билік басына жаңа үкіметтің келуін атауға болады. Стратегиялық құжаттар мен нормативтік-заңнамалық актілерді әзірлеу негізіне америкалық, италиялық, жаңа зеландиялық және британдық тәжірибе алынып, Бүкіләлемдік банк, МВФ және USAID сияқты халықаралық ұйымдардың консультанттары мен сарапшылары шақырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте грузин тәсілінің негізгі айырмашылығы репрессивті әдістермен қатар Грузияда превентивті- СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 22 алдын алу шараларын қолданылады, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұсталған парақорлардың санымен емес, осындай жағдайларды болдырмауға бағдарланады. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатында қоғамда насихаттау мен білім беру, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы топтар, оқушылар, студенттер, БАҚ, үкіметтік емес сектор, бизнес өкілдері үшін үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға маңызды рөл берілетінін атап өту қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім негізіне мемлекеттік қызметшілермен қатар жоғары оқу орындарының студенттеріне этикалық нормаларды оқыту жатыр. Осы мақсатта халықаралық ұйымдардың қолдауымен этика жөніндегі жаңа оқу-әдістемелік материалдар әзірленді, осы саладағы табысты өнімдердің бірі – «Этика және мемлекеттік қызметшілердің жалпы мінез-құлық ережелері» оқу құралы болып табылады. Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы тиімді тәжірибесі студенттер, оқушылар, ҮЕҰ және басқалар кіретін кең аудитория үшін оқыту семинар-тренингтерін жүргізумен түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бұл тренингтерді практиктер, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл саласындағы заң шығару және үйлестіру қызметімен тікелей айналысатын адамдар жүргізеді, сонымен қатар шетелдік беделді сарапшылар шақырылады. ГРУЗИЯДА ЖҮРГІЗІЛГЕН РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ 1) Барлық мемлекеттік қызметтер үшін «бір терезе қағидатын» жасау. Яғни кез келген құжатты алу, некеге отыру және бұзу, фирманы ашу барлығын бір жерде – Әділет үйінде жүргізуге болады. Осындай мекемелерде 300-ге жуық әртүрлі қызмет бір жерге шоғырланады, азаматтар басқа мемлекеттік құрылымдардың табалдырығын тоздырмайды. Әділет үйінде 15 минут ішінде баланың туу туралы куәлігінен бастап шетелдіктер үшін визаны, тұрғылықты тұруға рұқсат немесе жерді пайдалануға актіні алуға болады. Тек алдын ала Әділет министрлігінің сайтында жазылса болғаны. 2) ІІМ реформалары. 2004 жылы реформалар басталғаннан бері полиция мен жол инспекторларының штаты 85%-ға жаңартылды және бірнеше есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бар деген барлық қызметкерлер жұмыстан шығарылды, көпшілігі түрмеге отырғызылды. Полицияның беделін көтеру бағдарламасы енгізілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жаңа имидж жасалды, енді олар адал құқық қорғаушылар, қажет болған жағдайда әрдайым көмектеседі, жол көрсетеді және тек қана күлімсіреп сыпайы сөйлеседі. Жүргізілген реформалар нәтижесінде Грузияда полиция қызметкерлері пара алмайды. Бүкіл деректер қоры электрондық түрде жасалды. Құжаттарды табу жеңілдеді. Қатаң түрде айыппұл салынды. Жолдардағы бұзушылықтар азайды. 3) Жүргізуші куәлігін алу рәсімдері де өзгеріске ұшырады. Грузияда медициналық тексеруді алып тастады, дәрігерге барған уақыты мен 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 23 тексеру қорытындысы ортақ базаға енгізіледі. Техникалық тексеру де жоқ, бұл рәсім де автокөлік жүргізушілерге қарағанда парақорларға пайдалы деп шешілді. Жүргізуші куәлігін емтихандар тапсырып, бар болғаны 35 доллар баж салығын төлем (2011 жылғы мәліметтер) алуға болады. Осы барлық рәсімдерді тәулігіне 24 сағат демалыссыз және мереке күндерінсіз жұмыс істейтін ІІМ сервистік агенттігі атқарады. Автокөлікті тіркеу 15 минут уақыт алады, оған нөмірді іріктеу мен кез келген банктің өкіліне сол жерде 40 доллар төлеу кіреді. 4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды аспектісі деп грузин үкіметі шенеуніктің еңбекақысын көтеру деп есептейді, себебі оған қызметкердің мотивациясы тікелей байланысты. Полициядағы еңбекақы, содан кейін барлық мемлекеттік аппараттағы еңбекақы реформалау жылдары 15–40 есеге артты. 5) Реформалаудың бірінші кезеңінде министрліктердің саны 18-ден 13-ке, ведомстволардың саны 52-ден 34-ке қысқартылды. Персоналдың саны 35-50%-ға азайды. Өрт инспекциясы, автоинспекция, санэпидемстанциясы бөлек-бөлек жұмыс істеуін тоқтатты. 6) Салық жүйесіндегі реформалар. 25 салықтың орнына 6 түрі қалдырылды. Кедендік баж салығы қысқартылды және 2008 жылы толығымен алып тасталды. Жерді, оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жерді жекешелендіруге мүмкіндік беретін заң қабылданды. 7) Білім беру жүйесіндегі реформалар. Реформа жүргізгенге дейін әрбір университет оқуға қабылдау емтихандарын жеке-дара жүргізді. Университетке «түсу» бірнеше мың тұрды. Қазіргі Білім беру министрлігі барлық абитуриенттер үшін бірыңғай емтихан, анонимді, электрондық база бойынша өткізеді. Содан кейін бірыңғай емтихан нәтижелері бойынша абитуриенттер жоғары оқу орнына түседі [2; 3]. Грузияда болғанның бәрін басқа институционалдық және саяси экономиялық жағдайлары елдерде қайталауға болмайды. Алайда, Грузияның тәжірибесінен көптеген пайдалы сабақ алып, алдында ауқымды әкімшілік сыбайлас жемқорлықты жеңу бойынша осыған ұқсас міндеттер тұрған басқа да елдердің жағдайына бейімделіп, қолданыла алады. Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары 2014 жылға Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне (ИВК) сәйкес Сингапур 7-ші орынды иеленді және Дания, Швеция, Жаңа Зеландия сияқты елдерден кейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты ең таза мемлекеттердің қатарында тұр. Бұл ел жалпы рейтингі 100-ден 84 балл жинаған әлемнің ең аз сыбайлас жемқорлық дендеген елдердің төртіншісі болып табылады. Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті шабыттандырушы және ұйымдастырушысы 1959-1990 жылдары премьер-министр лауазымын атқарған Ли Куан Ю болды. 1999 жылдың қарашасында Ли Куан Ю былай деген: «Беделіне дақ түспеген адал, тиімді үкімет басқарушы партияның ең құнды жетістігі мен Сингапурдың басты байлығы болып табылады және солай болып қалады». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ең бірінші кезектегі шаралар ретінде ел басшылығы мыналарды айқындады: – қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы құру; СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 24 – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы барынша дербес мемлекеттік орган (сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу бюросы) құру; – сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату; – мемлекеттік және муниципалдық қызметшілерге жоғары әлеуметтік кепілдіктер белгілеу; – басқарушылық кадрларының тұрақты және жоспарлы ротациясының практикасы; – сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша айғақтар берген адамның және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігіне заңнамалық кепілдеме беру; – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті БАҚ-та кеңінен ашып көрсету; – заңдар мен нормативтік актілерге сыбайлас жемқорлық салдары бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу. Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес меритократия қағидатына және конфуций этикасының негізгі канондарына негізделген. Осы себепті дарыны мен қадір-қасиеті негізінде адам капиталын тиімді пайдалану туралы қамқорлық, лауазымды тұлғалардың шынайы жауапкершілігінің орныққан жүйесімен үйлесімде кадрлар тағайындаудың ашық және сенім ұялататын жүйесін енгізудің терең мәні бар. Сингапурдың көшбасшы өкілдерінің көпшілігі «адал және параға сатылмаушылық қағидатын» өмірінің нормасы мен әдет деп түсінеді. Сингапурда күшті әлеуметтік бағдарланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама әрекет етеді. Жемқорлықты болдырмау туралы акті мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын индекстеуді және тұрақты арттырып отыруды, қағазбастылық кедергілерді болдырмау үшін азаматтармен, кәсіпорындар және ұйымдармен өзара іс-қимыл рәсімдерін жетілдіру, бақылау мен қадағалаудың тиісті ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық орнықты байланыстарды қалыптасуын болдырмау үшін кадрлар ротациясы, қызметтік ақпараттың сыртқа шығып кетуін болдырмау үшін құпиялылық режимін қамтамасыз етуді көздейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нақты шараларын (әрбір 3–4 жылда) қайта қарау көзделген [4]. Күштеп мәжбүрлеу ретінде айыппұлдар, бостандығынан айыру, тәркілеу, жұмыстан босату қолданылады. Әрбір адам парақордың өз бостандығына ғана емес, сонымен қатар өз ұрпағының табысты болашағына да балта шабатынын түсінеді. Және тек бір ғана ұрпағының емес, яғни бірнеше ұрпағының. Мемлекет басшысы ұлттық байлықты қорғаушы, ірі сыбайлас жемқорлық жанжалдарды қатаң және алдын ала тергеудің, ғылыми негізделген кадр саясатын, атап айтқанда атқарушы және сот билігінде, қарулы күштер мен полицияда жоғары лауазымдарға тағайындау бөлігінде жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу бюросы. Оның құзырына экономиканың мемлекеттік секторында, жеке секторда сыбайлас

№5

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 25 жемқорлық көріністерін тергеу және жолын кесу, шенеуніктер ортасында сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты тексеру, сыбайлас жемқорлық тәуекел аймағын анықтаудың тиімді әдістерін әзірлеу және басқару жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қаншалықты бейімдігін бағалау кіреді. Парламенттік сайлаулар, сайлау алды науқандары, полиция мен инспекциялардың қызметі (тұрғын үй құрылысы, сауда, денсаулық сақтау, жер құрылысы мен жерді пайдалану, лицензия беру), мемлекеттік қызметшілердің және олардың туысқандарының банктік есепшоттары Бюроның ерекше бақылауында болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформа аясында сот жүйесінің кәсібилігін арттыру мен тәуелсіздігін күшейтуге ерекше көңіл бөлінеді [5]. Сыбайлас жемқорлық дендеген судьялар корпусы елдің ең үздік заңгерлеріне алмастырылды, олардың арасында жеке адвокаттар көп. Судьялардың қызметтік өкілеттіктері мен нақты іс-қимылдары қатаң регламенттелді. Қағазбастылық рәсімдер жеңілдетіліп, қажетсіз рұқсаттар мен лицензиялар алып тасталды. Қызметтік қатынастардың этикалық стандарттарының сақталуын нақты қадағалау қамтамасыз етілді. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық жазалау шаралары қатаңдатылды. Осы шаралардың барлығы мемлекеттің экономикаға араласуын азайтумен, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын арттыру және білікті әкімшілік кадрларды даярлаумен ұштасты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттік және муниципалдық аппарат қызметшілерінің еңбекақысын арттырған соң нәтижелі болды. Сингапурдың үкіметі былай шешті: полиция қызметшісі, қатардағы кеңсе қызметкері де пара алу мен басқа да сыбайлас жемқорлық асыра пайдалануға жол бермейтіндей еңбекақы алуы тиіс. Сингапурдың мемлекеттік қызметі Азиядағы ең тиімділердің бірі саналады. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны шамамен 65 000 адамды құрайды. Президент және премьер-министр, 14 министрлік пен 26 тұрақты комитеттердің қызметтері жақсы оқыған және тәрбиелі кадрлармен жасақталған. Бұл – адамның қабілеті, қызметін қазіргі заманғы материалдық-техникалық қамтамасыз ету, шенеуніктердің қатаң тәртібі мен еңбекқорлығы, олардың қайсарлығы мен тұрақты кемелденуге ұмтылуы негізінде қызметі бойынша ілгерілеу арқылы қол жеткізіледі. Жоғары нәтижеге жету үшін жұмыстың құрамдас бөлігі қызметшілерді тұрақты даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып табылады. Әрбір мемлекеттік қызметші жылына ең аз дегенде 100 сағат, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша оқуы тиіс. Сингапурдағы талант-менеджмент. Жоғарыға барар жол ең ақылды, жаңаша ойлайтын және қабілетті адамдарға ашылады. Бұл үшін Сыбайлас жемқорлық жағдайларын тергеу жөніндегі бюро жауап береді. Жұмысқа тарту мектептен басталады, одан әрі болашақ элитаны жетелейді: университетке түсуге көмектеседі, шетелге оқуға және тағылымдамаға жібереді, табыстарын көтермелейді. Сөйтіп, мемлекеттік аппарат дұрыс оқыған және тәрбиелі кадрлармен біртіндеп жаңарады, олардың көпшілігі Бюро қатарын толықтырады. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 26 Әлеуметтік стратификацияның барлық қабатында, Сингапурдың мемлекеттік билігінің барлық тармақтары мен деңгейлерінде «тоғышарлық, шенеуніктердің сатқындығы мен моральдық іріп-шіруіне» жиіркенушілік ахуалын қалыптасқан, қоғамда ғасырлап орныққан «азиаттық сыбайлас жемқорлық өмір салтын» бұзу үшін барлық жағдай жасалған. Ақылға қонымды қарапайым тұрғын үй, жеке бағбаны мен жүргізушісінің жоқтығы, қатаң қызметтік орынжай, аса қымбат жеке көлігіне тыйым салу көптеген мемлекеттік қызметшілер үшін саясатта және қызметтік қатынастарда адалдыққа ұмтылу символына айналды. Жұмыссыздықпен күрес, аз қамтылғандарды мемлекеттік қолдау, тұрғын үй мен денсаулық сақтауды субсидиялау, экономика тиімділігінің артуына сәйкес еңбекақыны қарқынды өсіру туралы қамқорлық, әділетті зейнетақымен қамтамасыз ету, теңгермелі салық салу саясаты елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығының кепілі болып табылады [6]. Осылайша, Сингапур бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, экономикалық бостандық және басқарушылық деңгейі бойынша әлемдік рейтингте жетекші орын алады. Сингапурдың мысалы саяси күш-жігер, заңнамадағы тиімді өзгерістер, сатылмайтын Бюро және судьялар корпусының тәуелсіздігінің арқасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жиіркену ахуалын қалыптастыруға болады. Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізгі құрамдас бөліктері Бүкіл ел ішінде Мемлекеттік қызметте Басқарушы элитаның саяси күшжігері адал болу заң үстемдігі қару мен есірткіге қарсы қатал заңдар халықаралық құқық нормаларын имплементациялау барлық деңгейде экономикалық өсу, = әл-ауқаттың артуы қылмыстылық көбейген қалалық оқшауланған шетін дамытпау төмен жұмыссыздық жоғары білім деңгейі Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі, олардың «сапасы» Меритократия: HAIR Current Estimated Potential (CEP) қағидаттарында іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді бағалау (әлеует пен қызметтің тиімділігі) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қатаң заңнамалық жазалар Барабар еңбекақы –жеке сектормен бенчмаркинг Швецияда жұртшылықтың ақпаратқа қолжетімділігі Ашықтық пен айқындық – швед демократиясының негізі. Швеция – еркін және ашық қоғам, онда азаматтарға демонстрацияларға қатысу, өз-өзін айқындау еркіндігі, баспасөз бостандығы, табиғи жер-суға кедергісіз қол жеткізу құқығы, биліктің іс-әрекетін бақылау құқығы сияқты құқықтар мен бостандықтарға кепілдік берілген. Ашықтық тепетеңдікті қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру үшін алғышарт болып табылады.

№6

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 27 Швецияның конституциялық құрылысын төрт негізгі заң айқындайды: басқару нысаны туралы акті, баспасөз бостандығы туралы акті, өз ойын білдіру бостандығы туралы акті және тақ мұрагері туралы акті. Оларға мемлекеттің барлық басқа да заңдары бағынады. Конституция азаматтарға ақпарат алудың еркіндігін, демонстрациялар еркіндігін, саяси партиялар құру құқығын және өз дінін насихаттауға кепілдік береді. 1991 жылы қабылданған өз-өзін айқындау бостандығы туралы акті басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына – теледидар, кино, радио және электрондық БАҚ баспасөз бостандығы туралы акті ережелерін таратты. Осы заңның мақсаты – еркін пікір, ақпарат және көркем шығармашылық бостандығын қамтамасыз ету. Өз ойын білдіру құқығымен белгілі бір жауапкершілік байланысты. Баспасөз бостандығы және өз ойын білдіру бостандығы туралы заңдарды бұзуы бойынша күмәндану істерін әділет канцлері – азаматтық әкімшіліктің саяси емес органы қарайды, оның басшысын үкімет тағайындайды. Қоғамдық бақылау. Ақпарат бостандығы қағидатының мәні – жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдары да ресми құжаттарға ашық қол жеткізеді. Бұл швед азаматтарына мемлекеттік органдар және жергілікті биліктің іс-әрекетіне кедергісіз бақылау жасауға мүмкіндік береді. Бақылаудың мүмкіндігі демократияның нығаюына, ал билік қызметіндегі ашықтық билікті асыра пайдалануға жол бермейді [8]. Газеттерді оқудың жоғары деңгейі. 2010 жылы Швецияда тегін басылымдарды есептемегенде, күнделікті шамамен 3,5 млн газет басылып шықты. Жұмыс күндері халықтың 81 %-ы таңертеңгілік газеттерді оқиды. Швецияда сатылатын 168 таңертеңгілік газеттің көпшілігін интернеттен де оқуға болады. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, шведтердің 30 %-ы жаңалықтар сайтына кіреді екен. Тәуелсіз радио және теледидар. Швед қоғамдық телеарнасы (SVT) және радио хабар (SR) таратудың арқасында елдің тұрғындары жарнамасыз кең ауқымды бағдарламаларды таңдау құқығымен қамтамасыз етілген. Теле- және радиоарналар мемлекеттен тәуелсіз және қандай да бір экономикалық немесе саяси мүдделерсіз жұмыс істейді [9; 10]. Швеция халқының үштен бірі жаңалықтармен Интернет арқылы танысады. Интернетті қолдану жиілігі Швецияда – Еуропалық Одақ елдері бойынша ең жоғары. 9 миллион халықтың 80 %-ы Интернетті қолданады. Ресми құжаттарға қол жеткізу мемлекеттік қызметшілер мен жария әкімшілік органдарының басқа да қызметкерлері мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына және үшінші тұлғаларға беруге құқығы бар дегенді білдіреді. Алайда құжаттар егер олар мына салаларға қатысты болса құпия болуы мүмкін: ұлттық қауіпсіздік, Швецияның шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынасы, ұлттық салық-бюджеттік, кредиттік-ақша, валюта саясатына, мемлекеттің экономикалық мүдделеріне, мемлекеттік билік органдарының инспекция, бақылау және басқа да қадағалау іс-шараларын жүргізуі, қылмыстарды болдырмау және мен қылмыстық аңду, жекелеген тұлғалардың жеке және қаржылық мәртебесін қорғау, жануарлар мен өсімдік түрлерін қорғау. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 28 Швецияда адам құқықтарын қамтамасыз ету үшін күресте халықаралық саясат саласындағы сегіз салаға басымдылық беріледі: 1 Демократияны құру Швеция үкіметі қоғамдық пікір жасауға ұмтылады, қоғамдық ұйымдардың қызметін қолдайды және демократиялық мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытады 5 Жиынтық қазынаға және өз бетімен бостандығынан айыруға қарсы күрес. Көптеген жылдар бойына Швеция БҰҰ-ның заңнан тыс, ерікті және жиынтық қазынаны тергеу жөніндегі Конвенциясының қарарын қолдап келді және алдағы уақытта осы мәселеге жұртшылықтың назарын аударуға тырысады 2 Өз ойын білдіру бостандығын нығайту. Швеция өз ойын білдіру бостандығын қажетті адамгершілік алғышарт және адам құқығы үшін күрестің практикалық құралы деп есептейді 6 Құқықтық мемлекет қағидаттарын сақтау. Швеция БҰҰ, Еуропа Кеңесі, ЕҚЫҰ-да және өзінің басқа елдермен қатынасында құқықтық мемлекет қағидаттарын сақтауды белсене қолдайды 3 Өлім жазасын жою. Ұзақ уақыт бойына Швеция мен Еуропалық Одақ елдері өлім жазасын оны адам құқығына сәйкес келмейді деп есептеп, алып тастауға тырысуда 7 Адам құқығы мен халықаралық гуманитарлық құқықты қорғау 4 Азаптау тәсілдерін қолдануға қарсы күрес. Швеция Үкіметі адам құқығын осындай бұзушылықтарға жұртшылықтың назарын аудартады және азаптау құрбандарына көмек көрсететін ұйымдарды қолдайды 8 Кемсітушілікке қарсы күрес. Көптеген елдерде қаншама халық өзіне деген тең құқылы қатынасқа қол жеткізу үшін ұзақ жолдан өтеді. Швеция үкіметі әйелдердің, балалардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарының сақталуына ерекше көңіл бөлген жөн деп есептейді Осылайша, швед қоғамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшелігі – демократия болып табылады, ол ерікті баспасөз, демонстрацияларға қатысу құқығын, табиғатты еркін пайдалану және билік басында тұрғандарды бақылау құқығын көздейді.

№6

1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 29 Ұлыбританиядағы сыбайлас жемқорлық превенциясы Британ қоғамында ағылшын шіркеуі әділ және адал мінез-құлық идеалдарына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды таратуда маңызды рөл атқарады. Басты өзегі інжілдік өсиет «ұрлама» болып табылатын діни этиканың негізін Біріккен Корольдіктің бастауыш және орта білім жүйесінің басым бөлігін құрайтын елдің ағылшындық және католик мектептері бала кезден британдықтардың миына құя білді. Дегенмен Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім бағдарламалары ведомстволық деңгейде іске асырылады. Мысалы, арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлар Ұлыбританияның СІМ қызметкерлері, сондай-ақ сауда және өнеркәсіп министрлігінің шетелдегі өкілдері үшін курс бағдарламасына енгізілген. Аталған семинарлар барысында британ бизнесінің қатысуымен көзіне түскен сыбайлас жемқорлық фактілері туралы дереу хабарлау міндеті түсіндіріледі. Семинарларға ірі британ және трансұлттық компаниялардың қызметкерлері шақырылады. Ұлыбританияның халықаралық даму министрлігінің және сауда және инвестициялар агенттігінің бірлескен жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлық фактілерін танып-білу бойынша арнаулы оқулық шығарылды, ол міндетті түрде сауда өкілдіктеріне және шет мемлекеттердегі елшіліктерге жіберілді. Әскери полиция (МОD Police Fraud Squad, Азаматтық полиция қызметі Қорғаныс министрлігінің қарамағына жатады) елдің полицейлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық негіздеріне оқытады. Соңғы жылдары Әскери полицияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімшесі Ұлыбританияның өңірлік полиция басқармаларында білім беру бағдарламаларының санын көбейтті. Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі органы – ірі көлемді алаяқтыққа қарсы күрес басқармасы (SFO, Serious Fraud Office) – өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру күш-жігерінде британ бизнесіне негізделеді және Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ауқымды науқанды іске асыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы алдын алу мақсатында әңгімелесу өткізеді. Лейбористік партия қалыптастырған Ұлыбританияның алдыңғы үкіметі кәсіподақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімге ерекше көңіл бөлген. Премьер-министр Г. Браунның нұсқауы бойынша Ұлыбританияның СІМ-і кәсіподақ ұйымдарының басшылығы мен қатардағы мүшелері үшін тұрақты түрде арнайы тренингтер өткізіп отырған, тиісті ақпараттық материалдар басып шығарған. Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғам институттары ерекше орын алады. Ұлыбританияның халқын сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабардар ету деңгейін арттыру міндетін парламент, коммерциялық компаниялар, БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдар атқарады. Британдықтардың бұқаралық санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы басымдықтарды тарату мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің аса тиімді тәсілі мен азаматтық белсенді ұстанымның көрінісі ретінде сөз жеткізудің жағымды келбетін қалыптасады. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 30 Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлықты ғаламдық түп-тамырымен жою жөніндегі идеясын жақтаушылардың қатарына мыналар жатады: «Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы», «Transparency International», «Кедейшілікке қарсы инженерлер», «Ғаламдық инфрақұрылымдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық» және басқалар. Ұлыбританияда превентивті шаралар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын екі негізгі мемлекеттік ведомство бар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство және Ұлыбританияның жария саласының стандарттары бойынша комитет [10]. Жоғарыда аталған екі құрылымдық элемент Ұлыбританияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі субъектілері болып табылады. Оларға тән ерекшелік – бизнес-қоғамдастыққа бағдарлану болып табылады. Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жауапты құрылымдары өз жұмысында превентивтілік қағидаттарын басшылыққа алады. Жария тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің этикасын дамытуға, сондай-ақ оларды оқытуға екпін беру өте маңызды, себебі этикалық стандарттар мен нормаларға сәйкес шенеунік өзінің бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа теріс қарай бастайды, кейіннен жоғары мінез-құлық стандарттарының қалыптасуына әкеледі, оған мемлекеттік саланың басқа өкілдері бағыттала бастайды. Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша құрылымдарының қызметі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство Бинес және инновациялық саясат департаменті жанынан құрылған Жария сала стандарттары жөніндегі комитет мемлекеттік және муниципалдық қызметшілер этикасымен айналысады, өз қызметін қалыптасқан саяси конъюнктураға қарамастан жүргізеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметтері: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша кеңес беру арқылы этикалық бизнесті қолдау жұмыстарын үйлестіру; этикалық кодекстерді әзірлеуде компанияларға көмек көрсету; «сыбайлас жемқорлыққа арсы іскерлік портал» интернет-ресурсын қолдау Жария сала стандарттары жөніндегі комитеттік функциялары: әртүрлі келісімдер, атап айтқанда қаржылық сипаттағы келісімдерді талдауды қоса алғанда, жария тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқын талдау және жария салада жоғары мінез-құлық стандарттарын қолдау үшін келісімдерге өзгерістер туралы ұсыныстар енгізу. Жария сала стандарттары бойынша комитет «Жария саланың жеті қағидаты» әзірледі және қалыптастырды, оның негізінде жария тұлғалар мен мемле- кеттік қызметшілерге берілетін этикалық мінез-құлық пен барлық этикалық ұсы- нымдар жатады. Комитет өз қызметі ту- ралы жылдық баяндама шығарады, онда қол жеткізген және болашақта жүзеге асыру қажетті ақпарат ұсынылады 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 31 Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство мен жария сала стандарттары жөніндегі комитеттің қызметі бизнес сектор мен мемлекеттік басқаруда превенция шараларын іске асыруға бағытталған. Латвиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру Латвиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы практика Еуропалық Одақ бастаған жоба енгізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асырудың салдары болып табылады. Латвия – мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің дамыған жүйесі бар, сонымен қатар жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәндерді оқытуда табысты мысалы бар елдердің бірі. Білім беру шаралары жүйенің ашықтығымен қатар жүреді, бұны Латвия тәуелсіз оқу орталығының мысалынан көруге болады. Еуропалық Одақтың қолдауымен орталық сот жүйесінің ашықтығын дамытуға және оны азаматтардың, оның ішінде оқушылардың қабылдауына бағытталған бағдарламалар циклын әзірледі. Бағдарламалар сот қаулыларын жариялауға, куәгерлікті пайдаланудың сот жұмысында және сот жүйесіне интернеттік қолжетімдігіндегі маңыздылығына назар аударады. Жоғарыда аталған тармақтардан бөлек оларды әзірлеуге қатысқан сарапшылар танымал істер мысалында азаматтық және қылмыстық процестерде құқық қолдану туралы пікірталастар, сондай-ақ олардың талдауы жүргізуді ұсынды. Бағдарламалардың мақсатты аудиториясы – мектептің орта және жоғары сыныптарының оқушылары болды. Білім беру циклы дәрістерді, пікірталастарды, сот істерін көрініс түрінде көрсету және оларды талдауды қамтиды. Сонымен қатар Латвия орта мектептері оқушылардың арасында адалдықты насихаттауға және олардың сыбайлас жемқорлықтың және парақорлықтың зиянын түсіну және оларды азаматтық бақылауға дайындауға бағытталған жобаға қатысады. Жобаға Латвияның барлық өңірлерінен үш жүздей мектеп тартылып, үш санаттарға – 1-4, 5-9 және 10-12 сыныптарға бөлінген жас шамасы әртүрлі топтардың бір мың жүздей оқушысы қатысты. 1-4 сыныптың оқытушылары оқушыларға тәртіпсіз қылық туралы ертегі айтып, оны балалармен талқылап, әңгімені бекітіп, өз жұмысын конкурсқа жіберуі тиіс. Орта және жоғары сыныптардың оқушылары жоба ұйымдастырушылары ұсынған 14 жобаның бірін таңдауы тиіс (немесе өз тәжірибесіне қарап, оларды өз бетінше ойлап табуы тиіс). «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге» слоганымен арнайы оқу материалдары әзірленіп, мектептерге жіберілді. Бағдарламаның қатысушы сарапшыларының пікірі бойынша сыбайлас жемқорлықтың жайылып кету себептерінің бірі – бұл осы салада жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың жетіспеуі, Латвияда тек бір ғана Transparency International бөлімшесі жұмыс істейді. Оның қызметкерлері жыл сайын жеті ірі Латвия қалаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлардың ұйымдастырушылары болады, оның шеңберінде сыбайлас жемқорлық мәселесін ықтимал шешімдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тәжірибесі мен оның нәтижелері талқыланады. Семинарлық оқу әдетте, нақты сыбайлас жемқорлыққа СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 32 қарсы тетіктерді құру, мысалы, Лиепаядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік және Латвиядағы алғашқы мамандандырылған веб-сайт жасаумен аяқталады. Латвияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Бюро (KNAB) жүзеге асырады. KNAB 2002 жылдың қазанында құрылды және Министрлер кабинетінің қадағалауындағы мемлекеттік мекеме болып табылады. KNAB негізгі міндеттері болып табылады: – мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қызметіне және оларда көзделген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына бақылау жасау; – лауазымды тұлғаларды «Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қызметінде мүдделер қақтығысын болдырмау туралы» Заңын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту; – саяси партияларды қаржыландыру, сондай-ақ сайлау алды үгітнасихатқа шектеу ережелерінің сақталуын бақылау; – «Саяси ұйымдарды (партияларды) қаржыландыру туралы» және «Сайлау алды үгіт-насихат туралы» Заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тарту; – мемлекеттік бюджетке заңсыз алынған немесе жұмсалған қаражатты төлеу туралы шешім қабылдау. KNAB консультациялық кеңесі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін біріктіреді, өз пікірлерін және ұсынымдарын жұмыс топтарында, жария пікірталас барысында білдіреді. Жалпы алғанда, Латвияны табысты елдің мысалы ретінде Еуропалық Одақтың қолдауымен барлық кезеңдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру практикасы кеңінен қолданылды. Сонымен қатар заңның көмегі мен жұртшылықтың қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оған қарсы күрес жөніндегі Бюро сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жан-жақты ашып көрсетеді. Тірек сөздер: сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным, азаматтық ұстаным, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-ағарту. ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР 1. Грузияда қандай шараларға көп көңіл бөлінеді? 2. Грузияда жүргізілген реформалардың негізгі нәтижелері туралы айтып беріңіз? 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама немен сипатталады? 4. Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізгі құрадамдас бөліктерін атаңыз 5. Швецияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының ерекшелігі неде? 6. Ұлыбританияда азаматтық қоғам институттары қандай рөл атақарады? 7. Латвияда қандай орган сыбайлас жемқорлыққа қызметті атқарады?

2-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ТЕТІКТЕРІ МЕН ДАМУ ИНСТИТУТТАРЫ § 5. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеуде отбасының рөлі – «Қандай қоғам болса, отбасы да сондай» деп айтады. Қоғамда жүретін барлық коллизиялар отбасы қатынастарында қалай болғанда да көрініс табады. Моральдық-адамгершілік ілгерілеу, құндылықты ұстанымдар, қоғамның артықшылықтары отбасы қатынастарының негізін құрайды, отбасылық тәрбиелеу траекториясын қалыптастырады. Сондықтан отбасы қоғамдық дамудың маңызды индикаторы болып табылады деген тезис күшінде қалады және шындыққа жанасады. Басқа жағынан, отбасы қоғамның бөлшегі ретінде қоғам дамуына белгілі бір ықпал етеді, қоғамдағы моральдық-адамгершілік ахуалға әсер етеді. Отбасы құндылықтарды, дәстүрді, мәдениетті, өмір салты мен дүниетанымдық ұстанымдарды көрсетеді. Бұл диалектикалық өзара байланысы ақырында отбасын қоғамның әлеуметтік институты ретінде біздің түсінігіміздің негізін құрады. – Отбасы әлеуметтік институт ретінде көптеген функцияларды орындайды: халықтың өсіп-өнуі, жаңа жағдайда алдыңғы ұрпақтан жинақталған шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеу, әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік тәжірибенің бейімделу функциясы. Отбасы шеңберінде сол немесе өзге әлеуметтік тәжірибені нығайту немесе жоққа шығару адамдардың құндылықты бағдарын қозғайды. Осының нәтижесінде қандай да бір құндылықтар кетеді, қайсыбірі келеді, тұлғаның рухани кеңістігінде өз орнын алады және оның өмірі үшін әлеуметтік маңызға айналады. – Отбасы – қоғамның әлеуметтік институт ретінде нақты адамның қоғам өміріне енуіне мүмкіндік беретін құндылықтардың трансляторы болып табылады. Егер қазіргі қазақстандық отбасыға осы биіктіктен қарасақ, отбасы қатынастарында позитивті және жағымсыз фактілерді табуға болады. – Осындай шындық аясында отбасының тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын тәрбиелеудегі рөлі қандай және оның сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы төзбеушілік қатынасын қалай қалыптастыруға болады деген сұрақты қарастырайық. Қазіргі отбасы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы у таба ала ма? Отбасылық салт-дәстүрлер, мәдениет тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған ба? Отбасы адамдардың қатынасына тереңдеп еніп кеткен сыбайлас жемқорлықты қалай бағалайды және қабылдайды? Отбасы сыбайлас жемқорлықты моральдық-этикалық нормаларды бұзушылық, ұлт мәдениетіне жат, асылық, Отанға деген сатқындық деп айыптай ма? Осы сұрақтардың барлығы отбасының қазіргі қоғамдағы рөлін күрделі талдауды қажет етеді. Бүгінгі күні обасы қоғам үшін күрделі және маңызды проблеманы шешуге ынтасы жоқ, тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінезқұлқын қалыптастырудың пәрменді субъектісіне айнала алмайтыны Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития анық. Ең алдымен, әртүрлі жағдаяттарға, объективті және субъективті жағдайларға қарай мүмкін емес. Бір нәрсе анық, қоғамда моральдықадамгершілік деңгей төмендеген кезде, отбасыға осындай құбылыстарға қарсы күресу қиынға түседі. Ол тұлғаның санасы мен рухани әлемі деңгейінде бұл мәселені реттеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінезқұлық пен парақорлықтың орнықты сипатын тәрбиелеуге күші жетпейді. Себебі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай, жалпыға ортақ төзбеушілік ахуалы жасалмайынша, моральдық айыптау, отбасы деңгейінде барлық азаматтардың қоғамдық айыптауы да дамымаған. Соңғы кездері осы бағытта көп істер жасалып жатқанын мойындау қажет. Жұртшылық барған сайын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, өзінің қызметтік жағдайын асыра пайдаланған, мемлекет пен халық алдында өз міндеттемесін бұзған адамдардың атын біліп жатыр. Әркім сіңірген еңбегіне қарай алатыны белгілі, сонымен бірге тек заңды қолданып, бұл проблеманы шешу алмайтынымыз да айқын. Басқаша деңгейдегі шаралар қажет. – Тәрбие аясында адалдық, ар-ұят, сатылмаушылық, сөзіне беріктік сияқты құндылықтардың жасампаздық күші әлсіз қолданылады. Себебі көбі адал, парасатты болу пайдалы емес, кейде бұл қасиеттер жеке өмірінде проблемаларды шешуге және өмір сүруге кедергі келтіреді деп санайды. Бұдан өзге, ешкім «елден ала бөтен», «өздерінің арасында бөтен» болғысы келмейді. Осы тұрғыда қалыптан тыс сана мен мінезқұлық қалыптасады, соңында сыбайлас жемқорлыққа әлеуметке қарсы құбылыс ретінде қарауды қояды. Ең бастысы, қоғамда осы құндылықтарға деген сенімге селкеу түсіп, оның жақтастарының саны барған сайын азаяды. Оның есесіне көбінің санасында сыбайлас жемқорлық пен парақорлық феноменінің халық дәстүрлері мен салтында тарихи және мәдени тамыры бар деген ой орнығады. – Осындай тұжырымдармен келісу қиын, себебі ешбір ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер адамның сыбайлас жемқорлық теріс қылық жасауға итермелемейді. Пара беру мен алу әрқашан моральдықэтикалық нормалар мен халықтың түсінігіне қарама-қайшы келетін әлеуметтік зұлымдық ретінде талқыланып, қабылданатын. Сондықтан жеке тұлғаның жеке, психологиялық ерекшеліктерін жалпыға ортақ деңгейге экстраполяциялау дұрыс емес және тіпті зиян. Демек, тұлғаның сыбайлас жемқорлық мінез-құлықтың түп-тамыры, себептерін индивидтің ұлттық ділінен емес, керісінше рухани-адамгершілік әлемінен іздестіру қажет. Сол кезде бәрі орнына түседі. Бұның бәрі балалық шақта іргесі қаланып, содан кейін жас кезінде дамиды және біртіндеп тұлғаның жеке мінез-құлқының орнықты стереотипіне айналатыны сөзсіз екеніне көз жеткізе аласыз. Сондықтан отбасы бұл мәселемен мақсатты бағытталған түрде айналысуы, өмір ерте сатысында индивидтің мінез-құлқындағы және санасындағы жағымсыз әлеуметтік ауытқуларды түзетуге тиіс. Әрине, тәрбиелеу оның міндеттері, сонымен қатар әдістері мен құралдары тұрғысынан біршама қиындайды немесе бұл жерде кезекті ұрпақтың санасына «қандай да бір «нормалардың» минимумын сіңірумен қатар, қоғам алдында тұрған міндеттерді шешуге рухани алғышарттарды құра отырып, сыбайлас жемқорлыққа мықты иммунитет қалыптастыру туралы сөз болады. 35 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ – Гедонизм құндылықтарын тарату да ерекше алаңдаушылық туындатады. Әдемі, алаңсыз өмір, рахат пен ләззат, жасампаздық еңбекке белсенді түрде қатыспай-ақ ырду-дырду өмірді көрсету қоғамның псевдоидеалдарын жасайды. БАҚ «гламур» құндылықтарын тарата отырып, тұтынушылық психологиясын қалыптастыру көзіне айналуда. Бұл туралы Н. А. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам» атты мақаласында былай деп жазды: «Тұтынудың бұл идеологиясы бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық туындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады» [1]. – Егер ұлттық мәдениеттің мысалын алсақ, отбасында балаларды еңбекке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу дәстүрі әрқашан да болған. Сондықтан отбасында ұлттық тәрбиенің негізі, адамгершілік пен ісәрекеттің өзегі ретінде адал еңбек басым болуы тиіс. Сонда ғана отбасы деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қоя аламыз. Бұл тосқауыл осы мәселені заңдық реттеуге қарағанда мықтылау, тиімдірек. – Жоғарыда айтылғандарға орай мынадай қорытынды шығаруға болады: – өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының адамгершілік жауаптылығын арттыру қажет; – отбасында борыш, адалдық, ар-намыс, әділдік талаптарына сәйкес келетін тұлғаның мінез-құлқының адамгершілік реттеуіштерін күшейту қажет; – адамды адамгершілік, әділдік пен ар-ождан рухында тәрбиелеу тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі ретінде қоғам мен мемлекеттің тарапынан сұранысқа ие болуы тиіс. Тірек сөздер: отбасы, тәрбие, сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, жауаптылық, әділдік, ар-ождан. ВОПРОСЫ ДЛЯ ДИСКУССИИ 1. Отбасылық салт-дәстүрлер, мәдениет тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібін қалыптастыруға бағытталған ба? 2. Отбасылық тәрбие, дәстүрлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қандай орын алады? 3. Қазіргі отбасы не себепті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатыспайды? 4. Отбасы тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге қатысуы үшін не істеуі қажет? Пікірталас үшін сұрақтар 1. Отбасылық салт-дәстүрлер, мәдениет тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібін қалыптастыруға бағытталған ба? 2. Отбасылық тәрбие, дәстүрлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қандай орын алады? 36 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития 3. Қазіргі отбасы не себепті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатыспайды? 4. Отбасы тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге қатысуы үшін не істеуі қажет? Рефераттардың үлгілік тақырыптары

§ 6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері Ұлттық менталитеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы ерекшеліктері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың табысын ғалымдар да, практиктер де әлеуметтік мәдениет пен азаматтардың ділінен көреді. З. Туфан әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүрдің бірлігін бекітетін ойлар мен сенімдердің жиынтығы ретінде ділдік анықтамасын береді [1, 19-20-бб.]. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этностық ерекшеліктерді анықтау үшін осы параграфта белгілі бір этностық топтарды айқын ажыратпай-ақ, азаматтылық тұрғысынан елдің біртұтас халқының мәдениеті мен ділдігі қарастырылды. Бұл тәсіл біртұтас ұлт – Қазақстанның біртұтас халқын қалыптастыруға бағытталған елдің стратегиялық міндеттеріне жауап береді. Алайда, Қазақстан сияқты көп этносты және көп конфессиялы қоғамда этносаралық ықпалдасу және саралау ретінде құндылықтар мен нормалар жүйесі қалыптаса алады. Осы айырмашылықтар бейбітшілік пен этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісінде сақталатын әр алуандықты айқындайды. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық қоғамды біріктіруші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруда негізін қалаушы болып табылады. Бұл – азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым мен білім ғибраты, зайырлы ел – толеранттылық елі сияқты құндылықтар [2]. Азаматтық теңдік әркімнің еңбекке, білімге, денсаулықты қорғау, әлеуметтік теңдікке құқығын бекітетін ел Конституциясымен қамтамасыз етіледі. Бұл қағидаттар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік және білім беру саясатын іске асыруға негізделген. Еңбекқорлық, ғылым мен білім, толеранттылық құндылықтар ретінде нормативтік құжаттарда ғана емес, халықтың салт-дәстүрінде, мәдениетінде, әлеуметтік ойында, ділінде қаланған. Елдің кең-байтақ аумағында орналасқан халықтың ділі қонақжайлық пен толеранттылық, өзара түсіністік пен өзара көмек, дәстүрлерді құрметтеу, әділдік, білімге талпыну мен еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерден қалыптасқан. Аталған қасиеттер сол немесе өзге де дәрежеде әлемнің басқа да халықтарына тән. Халықтың ділі дәстүрлер, сенімдер, өмір салты, шаруашылық және материалдық мәдениетіне негізделген нормалар мен ережелердің қиылысуы болып табылатын оның күнделікті тәжірибесінде көрініс табады. Ұлттық негіздер адамдардың рационалды, иррационалды, құндылықты, әлеуметтік тәртібінің санаттары туралы негізгі ұғымдарды қалыптастырады. Ұлттық негіздер әртүрлі халықтардың осы белгілері қалай сезілуі мен іске асырылуынан көрінеді. Бұл айырмашылықтар әр халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіндегі айырмашылықтарды 38 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития болжайды, себебі қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен дәстүрлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке ауысады. Л. В. Савинов атап көрсеткендей, «осында [әртүрлі этностық топтар] өзге нысандары ғана емес, сонымен қатар өзге түсінік пен сыбайлас жемқорлықты өзгеше қабылдау бар [3]. Халық дәстүрінде көп уақыт өтуіне және осы практиканың күнделікті қайталануына байланысты иррационалдық деңгейде жаңғыратын, ұтымды тәртіп нысандары орныққан. Олардағы рационалды өзекті анықтауға тырысу қоғамның материалдық және рухани мәдениеті негіздеріне тереңдеп ену қажеттігіне әкеледі. Әрине, еңбек, білім, теңдік пен толеранттылық құндылықтары бейәлеуметтік, жағымсыз тәртіп, біз оған сыбайлас жемқорлықты жатқызатын, нысандарына қарсы тұрады. Бұрын көмегін көрсеткен адамға көмек көрсету бірқатар дәстүрлі мінез-құлық нормаларына жатқызылады – «асар» және басқалар, олар достық немесе туысқандық қатынастар негізінде өзара қолдау мен көмекті көрсетеді. Бұл – жеке бас пайдасы үшін емес, қиын жағдайда көмектесу негізделген адамның мінез-құлқының әлеуметтік құндылығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қоғамның жалқаулық, парақорлық, ұрлық, әділетсіздік және басқалар сияқты кеселдерін айыптау нормаларында көрінеді. Мысалы, әртүрлі этностардың мақал-мәтелдерінде халықтың алақол адамдарға деген теріс көзқарасы көрінеді: «Түйе немесе түйме ұрласа да, ұрының аты ұры», «Ұрлық жасасаң, жазадан қашып құтылмайсың», «Ұрымен дос болсаң, ұяласың, өзің де ұрлық жасайсың», «Ұры ұрлық жасауын қойса да, «ұры» атауы оның қыр соңынан қалмайды», «Арамдықпен еңбек ету, тамақты ұрлықпен тапқанға тең», «Оңай жолмен келген табыс, құт болмайды», «Қайыршының қарны тоймас, ұры бай болмас» (қазақ мақалдары); «Арам жолмен келген игілік, пайдалы болмас» (күрд мақалы); «Қасқырды көк бөрі болғаны үшін емес, қойды жегені үшін соғады» (орыс мақалы). Бұл ретте «ұрлық» тура және жанама мағынасында да түсініледі. «Ұрлық жасау» осы байлықтың шынайы иесіне айтпастан еңбек етпей баю дегенді білдірмей ме? Әлеуметтік нормалар, ар-ождан мен абырой ұғымдары. Әлеуметтік тіршілік иесі мен саналы адам оны айналасындағылар қалай қабылдайды деп ойланады. Оның тәртібі қоғам белгілейтін және оның тәртібін бақылау функциясын атқаратын әлеуметтік нормалармен реттеледі. Қоғам мен адамның мұндай рухани байланысы ар-намыс пен абырой ұғымдарында білінеді. Ар-намыс пен абыройды сақтау мәселелері қоғамдық және жеке сананың әрдайым ерекше бақылауында болды. Ар-намыс пен адами абыройын сақтау – көптеген халықтың шынайы өмір сүру мәні. Бұл қағидаттар сақталып және ұрпақтан ұрпаққа беріліп, осы күнге дейін өзінің әлеуметтік мәнін жоғалтпаған халық нақылдарынан көрінеді. 39 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ Мысалы, «Ар-намыс құлы және күш-жігердің қожайыны бол», «Су бәрін жуады, бірақ жан кірін жуа алмайды» (әзірбайжан мақалы); «Кінәлі адам ұйықтай алмайды» (башқұрт мақалы); «Кедей болсаң да, арың таза болсын», «Түйені жүгі, адамды ар-намысы қинайды» (қарақалпақ мақалдары); «Байлық мақсат емес, кедейшілік масқара емес» (қырғыз мақалы); «Өмірде бір күн өмір сүрсең де нағыз адам бол», «Адамның байлығы жарты бола берсін, абырой толық болса болғаны» (күрд мақалы); «Көйлекті жаңадан, арыңды жас кезіңнен сақта», «Абыройсыздық өлімнен де бетер», рақымды сый-құрмет байлықтан қымбат» (орыс мақалдары). Ар, намыс, ұят – честь, достоинство, совесть – қазақ жігіттері мен қыздарының жақсы қасиеттері болды. Қаншалықты бағалы екені халық нақылында көрінеді: «байлықты өмір үшін, өмірді абырой үшін құрбан етемін» [3, 151-б.]. Осы қарама-қарсы қою жас ұрпақты және халықтың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дәнін егеді. «Орталық Азия мен Қазақстан жағдайындағы еңбек ең алдымен, мал шаруашылығымен, мақта өсірумен, жер өңдеу, бақша өсіру, жібек шаруашылығы, халық қолөнеріне байланысты. Атақты егінші, ВАСХНИЛ құрметті академигі Т. С. Мальцев «тұрмыстық мәдениет, халықтың рухани өмір салты мыңдаған жылдардың жер өңдеу өркениетінен туындаған. Барлық адамгершілік канондары, моральдық ұғымдар, тіпті тұтас дәуірдің көркем талғамы адамның жер анаға – қара жерге деген қатынасына негізделген. Егінші мен малшының қиын еңбегі, нанға құдайындай қарау, мақта мен малға ұлттық мақтаныш нысаны ретіндегі қатынас – осының бәрі балалардың бойында еңбекке және еңбек адамдарына сүйіспеншілік сезімін тәрбиеледі» деп әділ атап өткен [4]. Ұлы ойшыл Абай еңбекті өз игілігі үшін барлық әлеуметтік мәнінен айырылған еңбек ретінде қарастырады. Басқаның игілігі үшін еңбек ету – адамның борышы: «өз пайдасы үшін еңбек ететін адам өзі үшін жайылып жүрген малмен тең; адамдық борышын орындай отырып, еңбек ететін адамды Құдай өзінің махаббатына бөлейді» [5]. Халық адал еңбек идеясын адамға табиғаттың берген бағалы сыйы ретінде дәріптейді. Бұл ой халық даналығында көрініс табады: «Іскерге – нан, жалқауға – ұйқы», «Ағаш жемісімен, адам ісімен жақсы», «тер төгіп еңбек етсең, дәмді тағам ішесің» (башқұрт мақалы); «Адалдық пен еңбек сый-құрметке жетелейді, айла мен өтірік масқараға жеткізеді», «Жақсы еңбек етсең жаның да тыныш болады», «Жұмыста туғаның болмайды», «Адал еңбек игілікке әкеледі» (қазақ мақалдары); «Жас кезіңде – еңбек, қартайғанда – зейнеті» (қырғыз мақалы); «Еңбек етпесең қоянды да ұстай алмайсың» (татар мақалы); «Өзенге суды көктем құяды, адамның бағасын еңбек арттырады» (өзбек мақалы); 40 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития «Еңбек етпесең зейнетін көрмейсің» (күрд мақалы); «Ақ саусақ адам бөтеннің еңбегін жақсы көреді», «Шеберлік пен еңбек бәріне қол жеткізеді», «Пеш емес, кең дала тойдырады» (орыс мақалдары). Білім мен ілім көп этносты қазақстандық қоғамның әлеуметтік құндылықтар жүйесінде ерекше орын алды. Білім аға ұрпақтан өскелең ұрпаққа халықтың тыныс-тіршілігі үшін қажетті тетік ретінде әлеуметтік тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, беріледі. Білім адам мен қоғамның табысты даму тәжірибесін көрсете отырып, маңызды ақпарат береді, ақырында оның дамуына белсенді ықпал етіп, қайтадан практикаға қайтып келеді. Халық ділінде білім әл-ауқат пен байлықтың факторы ретінде ерекше орын алады. Білім мен еңбек ажырамайды: еңбекпен білімге қол жеткізіп, байытамыз, өз еңбегіміздің жемістілігін арттырамыз. Сондықтан Қазақстан этностарының дүниетанымында білім байлық, әлеуметтік капитал ретінде қабылданады: «Білім байлықтан жақсы», «Алтынды іздеме, білім алуға тырыс» (қазақ мақалдары); «Әлем күнмен, адам біліммен жарықтанады», «Құс қанатымен, адам білімімен күшті», «ілім тамыры ащы, ал жемісі тәтті (орыс мақалдары); «Байлық таусылады, білім азаймайды», «Ақыл-ойдан артық байлық жоқ» (өзбек мақалдары); «Ілім – алтын: шірімейді, ал байлық – қоқыс: шіріп кетеді» (күрд мақалы). Мақал-мәтелдердің басқа тобы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кеңдігі мен тереңдігі және оны әлеуметтік кесел ретінде қабылдау туралы дәлелдейді, халық оны мойындай отырып, оны айыптау арқылы онымен күресуге тырысады. «Балық басынан шiридi» – «Рыба гниет с головы», «Адамды билік/тақ өзгертеді» – «Человека кресло/власть портит», «Құдайын ұмытқан» – «Бога забыл», «Иманы жоқ» – «Креста на них нет». Парақорлықты, сатып алу, ұрлық жасау мен сатқындықты айыптау жазушылар мен ақындардың шығармаларынан табуға болады. Оның жарқын мысалы халық ақыны Абайдың «Қара сөздері» болып табылады. Үшінші қара сөзінде Абай былай дейді: «... әрі-беріден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық. Осындай қастарға сөзім өтімді болсын және де ептеп мал жиюға күшім жетімді болсын деп, қызметке болыстық, билікке таластық» [5, 144-б.]. Одан әрі бесінші сөзінде халықтың әрекетсіздігіне қынжылады: «Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен... Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. [5, 149- 150-бб.]. Осындай кәдімгі сыбайлас жемқорлықтың себептерінің бірі ретінде ұлы ақын кедейшілік және пайдакүнемдік пен атақ құмарлықтан көреді. Бұл жерде бір ғана жол бар – білім мен еңбек: «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған 41 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы – сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды» (оныншы сөз) [5, 143, 144, 161-бб.]. Отыз жетінші сөзінде ол осы екі қасиеттің – еңбек пен білімнің қаншалықты жоғары бағалатынын нақты айқындап береді: «Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық;Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық. [5, 212-б.]. Ашкөздік пен еңбексіз баюды айыптау, еңбек пен оқубілімге шақыру алыс және көрші халықтардың батырлары туралы тарихты кеңінен тарату арқылы даладан далаға берілетін. Ұлы Абай Шығыстың көптеген халқына танылған және халық ауыз әдебиетінде ойып тұрып орын алған грек қаһарманы Александр Македонскийге арнаған «Ескендір» поэмасында былай деп жазады [5, 257-б.]: Кәпір көздің дүниеде араны үлкен, Алған сайын дүниеге тоя ма екен? Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер. Өзінің басқа «Масғұт» поэмасында Абай былай дейді: «Еңбексіз мал дәметпек – қайыршылық, Ақылды ерге ар болар ондай қылық.» [5, 261 -б.]. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің элементтерін халықтың өзі шығарған шығармаларда – халық ертегілерінен табуға болады. Ертегі – халықтың арманы, оның керемет қоғам туралы елесі. Ертегілердің көпшілігінде халыққа тән адамгершілік белгілері: отанына деген сүйіспеншілік және оның қорғау, батырлық, зұлымдықпен күресу, еңбексүйгіштік және әділдік, адалдық пен достық, білім мен шығармашылық жинақталған. Ертегілер халықтың мінезін, оның психологиясын, өмірлік ұстанымдарын білдіреді. «Сондай-ақ халық ертегілерінде басты персонаж ретінде жануарлар – жылқылар, түйелер, ешкілер, қойлар, бүркіттер алынады, қоғамның материалдық өмір жағдайларына байланысты. Үй жануарлары образында әдеттегідей, адам сияқты сөйлейді, халық аллегориялық нысанда адамның кеселі мен кемістігін күлкі етеді және айыптайды» [4]. Қасқыр персонажы көптеген ертегілерде дөрекі, қатал адаммен, қоян – қорқақ, аю – қолапайсыз, түлкі – айлакер және сараң адаммен ұқсастырады. Мысалы, «Қаңбақ шал мен түлкі» қазақ ертегісіндегі шалдан күн сайын балығын тартып алатын және біреудің еңбегімен күн көретін түлкі айлакерлік пен сараңдықты сипаттайды. Аралар мен құмырсқалар (кейбір ертегілерде есектер мен түйелер) еңбекқор адамның прототипі және оқырман немесе тыңдаушының нақты өмірде еңбекке және еңбекшілерге құрметін тәрбиелеп, жалқаулық, ақымақтық пен көргенсіздікті мазақтайды. Көріп отырғанымыздай, ұлттық мәдениет адамдарды адамгершілік тазалығы мен арына, әділдікке, адалдыққа, парасаттылыққа, сатылмаушылыққа шақырады. Ол әрқашан да парақорлықты, ашкөздікті әдепсіз құбылыс, әділдікті, моральдық адамгершілік нормаларын бұзу ретінде айыптайды. Бұған дәлелді Абайдың «қара сөздерінен» табуға 42 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития болады, ол өз халқына қызмет етудің маңыздылығын атап өтеді. Бұл ретте қызмет адал, риясыз болуы тиіс. Адал, әділ, алдамайтын еңбек, жоғары идеалға қызмет ету – діншіл іс. Ар-ождан, адалдық, сатылмаушылық – адамшылықтың, ізгіліктің негізі, ол қазіргі заманғы адамды тәрбиелеудің негізі болып табылады. Ар-ождан, ар-намыс, әділдік адамгершілік құндылықтары, қоғамның рухани кемелденуі мен жетілуінің негізі ретінде қазіргі қоғамда сұранысқа ие болуы тиіс. Бұл құндылықтарды мемлекет, азаматтық қоғам, әрбір азамат тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібінің негізі ретінде қалыптастырып, жандандыруы тиіс. Қазір мемлекеттік қызметте қарапайым орындаушылық, кәсіби құзыреттілік жеткіліксіз. Барған сайын ар-ұяттылық, әдептілік, адалдық сияқты адамгершілік қасиеттердің маңызы артуда. Тірек сөздер: ділдік, құндылық, еңбек, білім, дәстүр, ар-намыс, абырой. ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері қандай? Ол неден көрінеді? 2. Ұлттың салт-дәстүрлері сыбайлас жемқорлықтың таралуына қарсы тұра алады ма, бұл үшін не істеу қажет? 3. Сыбайлас жемқорлықтың этностық тамыры, мәдени алғышарттары бар ма? 4. Біздің қоғамда ар-ұяттылық пен әдептілік қалай бағаланады? 5. Халықтың дәстүрлеріне құрметтеу сыбайлас жемқорлық көрінісі болып табыла ма? Рефераттардың үлгілік тақыры

§ 7. Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетік ретінде. «Қоғамдық бақылау» ұғымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрал ретіндегі негізгі қағидаттары, маңыздылығы мен мазмұны Сыбайлас жемқорлықтың етек алуы елде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық түрленулердің табыстылығына күмән туғызады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нығайту шараларын ойдағыдай жүргізу қызметі одан әрі жетілдіруді талап ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың азаматтық қоғам институттарының қолдауынсыз мүмкін емес. Барлық қолжетімді құралдарды қолдана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін одан әрі үйлестіру ерекше маңызға ие. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізін қалаушы құжат – БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының (2003 жылғы 31 қазан) 13-бабы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның анағұрлым тиімді құралы ретінде қоғамдық бақылауды кеңейтуді айқындайды [1]. Азаматтық қатысу деп азаматтар мен азаматтық қоғам құрылымдарының олар тұратын мемлекет пен жергілікті қоғамды басқаруға қатысуы түсініледі. Азаматтық қатысу нысандары азаматтар мен азаматтық қоғам құрылымдарының мемлекеттік органдар шешімдерінің дайындалуына, қабылдануына және бақылауына қатысуы болуы мүмкін. Мемлекеттік басқару жүйесінің сыбайлас жемқорлықты кәсіпкерлік құрылым ретінде таратуы жағдайында олар өздерінің қызметін бақылай алмайды, шешім қабылдай алмайды. Тек қана азаматтардың, азаматтық қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне белсенді және тұрақты қатысуы өз қызметінде сыбайлас жемқорлық тәжірибесін қолданудан біртіндеп бас тартуға мүмкіндік береді. «Қоғамдық бақылау» ұғымы ғылыми әдебиетте белсенді пайдаланылады, нормативтік құқықтық актілерде пайдаланылады. Ғылыми және тәжірибелік қызметте «бақылау» термині өте жиі қолданылады. Ғалымдар оған әртүрлі: құрал, фактор, нысан, элемент, функция, қызмет, жүйе, шарт, реттегіш, кепілгер, құбылыс, институт және әдіс ретінде түсінік береді. Қоғамдық азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер жүзеге асыратын бақылау мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды білдіреді. Қоғамдық қатысу идеясы қоғамдық істерді басқару процесіне басқарушыларды тартуды немесе қосуды болжайды. Қоғамдық бақылау «мемлекеттік билік пен жергілікті басқаруды қоса алғанда, олардың жұмысын оңтайландыру мақсатында қоғамның қоғамдық институттар қызметін бағалау мен есепке алуды жүзеге асыруының» маңызды құралы болып табылады [2]. Жалпы қоғамдық бақылау қоғамның негізгі функцияларының бірін білдіреді, оның субъектілері азаматтар мен олардың бірлестіктері, 44 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития сондай-ақ негізгі объектілері – мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғалары болып табылады. Қоғамдық бақылау мемлекеттік органдар мен азаматтардың коммуникациялары саласында жария саясатта азаматтардың тікелей қатысуын, азаматтардың әлеуметтік белсенділігінің нысаны ретінде қатысады. Бұл ретте қоғамдық бақылау проблемаларды анықтауды және оны шешу үшін ресурстар қалыптастыруды талап етеді. Мемлекеттік органдар жұмысын қоғамдық бақылау демократияның базалық элементі болып табылады. Қоғам мемлекетке өкілеттіктер мен ресурстар бере отырып, олардың мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін барлық негіздерге ие. Қоғамдық бақылау – бұл азаматтардың мемлекеттік органдардың өз міндеттерін орындауын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауын қадағалауы [3]. Осылайша, қоғамдық бақылау – бұл қоғамдық ұйымдар мен бастамалық топтардың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты тоқтату және оған жол бермеу мақсатында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің мекемелер мен мемлекеттік органдарда және жергілікті басқару органдарында, меншіктің әртүрлі нысандарындағы кәсіпорындарда сақталуын қадағалауы. Қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: – қоғамның жетілуі; – тәуелсіздік; – адам құқықтарын және заң талаптарын талап етудің қағидаттылығы; – мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдары қызметінің жариялығы мен ашықтығы; – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сыйластық пен серіктестік қатынастар. Қоғамдық бақылау: 1) қоғамның барлық мүшелерінің мүдделері мен қажеттіліктерін бірыңғай басқарушы еркіне біріктіретін қоғамды және оның жекелеген институттарын басқару нысандары ретінде болады; 2) әртүрлі әлеуметтік топтар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету және осы мүдделердің қайшылықтарына жол бермеудің негізгі құралдарын білдіреді; 3) кейінге қалдыратын міндеттерді шешу үшін күш-жігерді үйлестіру мен біріктіру әдісі болып табылады; 4) бұзушыларды анықтауға және қоғамдық талқылаудан бастап құқық бұзушыларға мәжбүрлі сипаттағы шараларды қолдануға әсер етуі мүмкін құқықтық жауапкершілікпен аяқталатын оларды қоғамдық жауапкершілікке тарту тетігін әзірлеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік нормаларды орындаудың кепілі ретінде болады; 5) кез келген қоғам мен оның негізгі институттарының бірінің жан жақты ажырамас өкілеттігі болып табылады [4]. Қазіргі заманғы Қазақстанда мемлекеттік органдар қызметін қоғамдық бақылау тетігін дамыту мәселесі аса өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру жүргізілуде, 45 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ қоғамдық бақылау тетіктерін бекітетін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға талпыныстар жасалуда. Республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде қазақстандық қоғам мен мемлекет арасында тең құқықты серіктестік тетіктерін әзірлеу қажет. Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасасуының негізгі нысандары мыналар болып табылады: – мемлекеттік құрылымдар қызметін мемлекеттік бақылау; – қазақстандық заңнаманы сақтаудың қоғамдық сараптамасы; – азаматтардың жергілікті мәндегі мәселелерді шешуге қатысуы; – мамандандырылған кеңесші, консультативтік, үйлестіруші және сараптамалық органдарды құру. Қоғамдық бақылау жүйесін жалпы қамту, жалпыға жариялау, жариялылық, міндеттілік, нысандардың көп түрлілігі және қоғамдық мүдделерді қорғауға ат салысатын белгілі бір топ өкілдерінің қоғамдық бақылау органдарын заңды деп тануы қағидаттарында құру ұсынылады. Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылау институттары Сыбайлас жемқорлықты қоғамдық бақылаудың негізгі институттары мыналар болып табылады: – қоғамның әртүрлі көзқарастарға ие әртүрлі әлеуметтік-мәдени және кәсіби топтарының мүдделерін танытатын саяси партиялар; мемлекеттік биліктің заңнамалық (өкілеттік) сайлауларында осы немесе өзге партия сайлауларының сайланушылары атқарушы биліктің саяси бағыттылығын негіздемелі бақылайды, сондай-ақ олардың сенімін ақтамаған партияларға сенім білдіруден бас тартады; – ол арқылы еңбек ұжымдары өз мүдделерін таныта алатын кәсіби одақтар; – мемлекеттік органдарда қоғамның мүдделерін қорғау және таныту үшін құрылатын қоғамдық ұйымдар мен коммерциялық емес сипаттағы бірлестіктер; – мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының қызметін қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қоғамдық кеңестер; – сайлауды өткізу барысын бақылауды және қолданыстағы сайлау заңнамасын сақтауды жүзеге асыруға қатысатын бақылаушылар. Сыбайлас жемқорлықты тиімді болдырмауды қамтамасыз ету үшін азаматтық қоғам институттарын (үкіметтік емес ұйымдарды – ҮЕҰ) дамыту және сол арқылы олардың мемлекеттік органдарға әсер етуін күшейту қажет. Қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдардың қызметін анағұрлым ашық, айқын ететін заңдарға өзгеріс енгізе алар еді, мемлекеттік басқарудың көптеген процестерінде қоғамдық, оның ішінде заң шығару процесіне, бюджеттік және сайлау процестеріне қатысуды болжай алар еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау үшін шешімді мәселелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға және азаматтық құралымдарды дамытуға, осы процеске ҮЕҰ және барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар өкілдерін тартуға ие болады. 46 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития Қоғамдық бақылау кезеңдері 1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдері мен әрекеттерін жүйелік мониторингілеу. Оны жүзеге асыру үшін бәрінен бұрын, осындай органдар мен адамдар қызметі туралы жеткілікті толық және дұрыс ақпараттың, яғни барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттерінің азаматтар үшін айқындылығы мен ашықтығының болуы қажет. 2. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдері мен әрекеттерін қоғамдық сараптама. Қоғамдық бақылаудың осы кезеңін іске асырудың мәні мемлекеттік органдар қабылдаған актілер мен құжаттардың талдауын жасауда болады. Қоғамдық сараптама қоғамдық бақылаудың анағұрлым ресурсты қажет ететін кезеңі болып табылады – оны өткізу адами сонымен қатар қаржылық, материалдық ресурстарды тарту мен пайдалануды талап етеді. 3. Қоғамдық сараптаманың нәтижелерін мемлекет пен қоғамға жариялы түрде ұсыну, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттік орган арасында мүдделер теңгерімін қамтамасыз ету [5]. Қоғамдық бақылау жүйесінің жұмыс істеуі мынадай міндетті шарттар болғанда мүмкін болады: – қоғамдық бірлестіктің еріктілігі; – ақпаратқа қол жетімділік; – тәуелсіз БАҚ; – мемлекеттік органдардың демократиялылығы мен ашықтығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үш қағидатты іске асыру маңызды болып табылады: бақылау, есепке алу және ашықтық. Ашықтық пен жариялылық заңнамалық деңгейде қоғамдық бақылаудың көмегімен мүмкін болады. Ол құқықтық базаға, жағдайға нәтижелі әсер ету үшін құқықтық базаға ие болады. Қоғамдық бақылау сыбайлас жемқорлық қатынастардың туындауына ықпал ететін жағдайларды жою мен мүмкіндіктерді болдырмау, сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ету құралы ретінде азаматтар мен олардың автономды бірлестіктері жүзеге асыратын әрекеттердің ілеспелігін қамтиды. Қоғамдық бақылау жүйесі әрекеттерінің нәтижелері: сыбайлас жемқорлықты төмендету, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларды бірлесіп шешуі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылаудың тиімдігі: – азаматтық қоғам институттары өкілдерінің кәсіби даярлығы мен адалдығы деңгейіне; – мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының қызметі туралы ақпараттың қол жетімділігін шын мәнісінде қамтамасыз етуге. Яғни, мемлекеттік органдар ұсынатын ақпарат қаншалықты толық және дұрыс болып табылады; 47 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ – мемлекеттік органдардың азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламасын қамтитын өтініштерін қарау бойынша қызметінің тиімділігіне тәуелді болады. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау саласындағы қоғамдық бақылау жүйесінің қалыптасуы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі заманғы кезеңінде сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау елдің экономикалық және саяси дамуының маңызды стартегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Республиканың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерлікті дамытуға бөгет болатын, табиғи ресурстарды талан-тараж етуге әкелетін, ұлттық экономикаға тиімсіз инвестицияларды жүзеге асыратын және т.с.с. сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетусіз мүмкін емес. Осылайша, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін қоғамдық, саяси және экономикалық салалардағы барлық стратегиялық міндеттерді шешу қажет. Қоғамның қолдауынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек қана жартылай әсер береді. Сондықтанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды бағыты тиімді қоғамдық бақылау болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігінің төмендігіне қарамастан Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесінің қалыптасуы басталды. Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру процесінің маңызды кезеңдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 ж.), «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 ж.), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (2015 ж.), «Қоғамдық бақылау туралы» (2015 ж.) заңдарды қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру болды. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ оның аумақтық департаменттері қоғаммен өзара іс-қимыл жасасу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын; азаматтардың өтініштерін қарау сапасын іс жүзінде бақылау бойынша жұмысты бастады. Осының арқасында Қазақстанда мемлекеттік аппарат жұмысының, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындылығы артып келеді, бизнеске әкімшілік жүктеме төмендеуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдірілуде. Азаматтарға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау мүмкіндігін беру үшін әртүрлі нысандағы интернет-қабылдаулар, ресми сайттарда тиісті бөлімдер, шұғыл желілер, сенім телефондары ұйымдастырылған. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды. Бұл маңызды стратегиялық құжатта сыбайлас жемқорлыққа саясат тұжырымдамасы бекітілген және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал ететін іс-шаралар кешені әзірленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың маңызды қадамы Құрылымдық реформаларды іске асырудың 2014-2015 жылдарға 48 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития арналған жол картасының ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 1012 қаулысымен бекітілуі болды. Осы құжатта таяудағы перспективада бизнесті дамыту үшін тосқауылдарды жою бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша кезек күттірмейтін шаралар белгіленген. Жол картасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кіруі және Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенцияға және 2020 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық құқықтық жауапкершілік туралы конвенцияға қосылуы бойынша, ҚР Үкіметіне 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың табыстары мен шығыстарын жалпы декларациялауға көшуін көздейтін заң жобасын енгізу бойынша мәселе қарастырылды [6]. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыруды реттейтін мынадай үш негіз қалаушы заң қабылданған: «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383–V Қазақстан Республикасының Заңы. Осы Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды [7]; – «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V Қазақстан Республикасының Заңы [8]. Заң ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді; 2016 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңы [9]. Бұл құжатта басымды назар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жолын кесуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдем көрсеткен адамдардың қауіпсіздігі мен қолсұғылмаушылығының кепілдігін қамтамасыз ету тетігін енгізуге аударылады. Қазақстан Республикасында сонымен қатар барлық жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау енгізілуде. 2015 жылғы 18 қарашада Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды [10]. Заң Мемлекет басшысының «Бес институционалдық реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру тұжырымдамасының, сондай-ақ 49 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама шеңберінде әзірленді. Қоғам алдындағы мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың бірі болып табылады. Қазақстанда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның басым міндеттері мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру бөлігіндегі кері байланысты қамтамасыз ету болып табылады. Кеңес құрамында – 12 мүше бар. Оған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары кіреді. Қоғамдық кеңестер міндеттерінің қатарына сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру, сондай-ақ оларды іске асыру нәтижелерінің талдауымен бірлескен мониторингін жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлықпен байланысты қауіптерден азаматтар мен қоғамның құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу кіреді және т.б. Кеңес мынадай функцияларды орындайды: 1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлықпен күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және құзыретті органдарға енгізу; 2) қоғамдық мониторингті ұйымдастыру мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманы жетілдіру бойынша, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсынымдарды әзірлеу және тиісті мемлекеттік, оның ішінде жоғары тұрған органдарға енгізу; 3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне анағұрлым жақын тұратын салаларды анықтау мәселелері бойынша ғылыми ұсынымдарды қарау және олардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу; 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша ұсыныстар енгізу, сондайақ оларды іске асырудың бірлескен мониторингі мен талдауын жүзеге асыру; 5) қоғамдық мониторинг қорытындыларын, сондай-ақ мемлекеттік органдар қабылдаған қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша шараларды қарастыру; 6) халықты сыбайлас жемқорлық көздері мен теріс әсерлері, онымен күресу құралдары мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар туралы ақпараттандыру; 7) азаматтық қоғам субъектілерін мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу; 50 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития 8) кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін қорғаумен байланысты құқық қорғау қызметін реттейтін құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; 9) мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасасу және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізу, 10) мемлекеттік органдар басшыларының, жауапты лауазымдық тұлғаларының сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және мемлекеттік қызметтер ұсыну сапасын жақсарту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпаратын тыңдау; 11) мемлекеттік органдардың лауазымдық тұлғаларын мпемлекеттік қызметтер туралы заңнама талаптарын сақтамағаны, қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша шаралар қабылдамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдар әзірлеу. Уәкілетті орган 2014 жылы азаматтық қоғам институтымен, «Нұр Отан» партиясымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 28 меморандумға қол қойды, 35 кеңейтілген «дөңгелек үстелдер», 32 семинар, 5 форум, 37 ағартушылық және мынадай тақырыптарда басқа да іс-шаралар өткізді: «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу – Профилактика коррупционных правонарушений», «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүние танымды қалыптастыру максатында азаматтардың құқықты ұғыну деңгейін арттыру – Повышение правосознания граждан в целях формирования антикоррупционного мировоззрения», «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы – Молодежь против коррупции» және «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа белестері – Новые ступени в борьбе с коррупцией». Осы іс-шаралар жүйелі түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Бұдан басқа «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жетілдіру бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде, азаматтық қоғамның әртүрлі топтарымен (жастар және студенттік ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, кәсіпкерлердің өңірлік палаталары, бизнес-қауымдастықтар) кездесулер ұйымдастырылуда. Осындай кездесулерге жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ құқық қорғау және сот жүйелерінің өкілдері қатысады. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанынан консультативтік-кеңесші орган мәртебесі берілген Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңес құрылған. Кеңес қызметінің мақсаттары: елдегі заңдылықтың жай-күйін арттыру, мемлекеттік құқықтық саясатын жүргізуге жәрдемдесу, прокуратураның үкіметтік емес ұйымдармен және халықпен өзара қарым-қатынасын дамыту және одан әрі жетілдіру болып табылады. Осыған ұқсас кеңестер аумақтық прокуратураларда да құрылған. Кеңестер құрамына «Нұр Отан» партиясының өкілдері, депутаттар, белгілі ғалым-заңгерлер, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, прокуратура органдарының ардагерлері мен басқа адамдар кірген. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жанынан ішкі істер органдары қызметінің белгіленген саласына жататын мәселелер, 51 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ полиция қызметінің жариялығы мен ашықтығы қағидатын өмірде ұстану, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша қоғаммен өзара іс-қимыл жасасу мақсатында Полиция қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды, осындай кеңестер Астана, Алматы қалаларындағы және облыстардағы барлық қалалық және аудандық бөлімдерінде құрылған. ҚР Ішкі істер министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес 2007 жылы құрылған. Қоғамдық кеңес құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті депутаттары, журналистер, үкіметтік емес және ғылыми ұйымдар өкілдері кіреді. Ішкі істер министрлігі қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша 200-ден астам үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) ынтымақтастықты жүзеге асырады. Әкімшілік полиция комитеті кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде отбасылықтұрмыстық қарым-қатынастар саласында, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ІІБ арнайы мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша 50-ден астам ҮЕҰ-мен («Қорғау», «Құқық», «Үміт»; «Забота», «Подруги» ҮО; «Надежда» ӘҮО; «Дамыту және бейімдеу орталығы» БҰ, «ГИАЦ» БҰ, «Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталығы» БҰ, «Әйелдерді қолдау орталығы» БҰ; «Сана Сезiм» БҰ және басқалары) өзара іс-қимылды жүзеге асырады Қылмыстық-атқарушы жүйе комитеті меморандумдар мен ауызша келісімдерді жасасу шеңберінде 64 ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасасады, түзету мекемелерінде және тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға кездесулер, әңгімелесулер, «дөңгелек үстелдер», мониторингтер және т.б. арқылы құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда жәрдем көрсетеді. 2014 жылғы 18 ақпанда Төтенше жағдайлар комитеті ҚР Ұлттық палаталар кәсіпкерлерімен бірлесіп кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды [11]. Қол қойылған меморандум осы мәселедегі ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көшіру үшін құқықтық негізді қалайды. Бұл мүдделер мен ұстанымдар толығымен сәйкес келетін саладағы мемлекеттік орган мен кәсіпкерлер бірлестіктерінің өзара іс-қимылының айқын мысалы. 2014 жылғы ақпанда Мемлекет басшысы алға қойған кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қорғау бойынша міндеттерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ Өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарының 1-тармағын орындау үшін кәсіпкерлердің жүйелік проблемаларын олардың өтініштері бойынша шешу үшін бірыңғай тәсіл әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Жергілікті атқарушы органдардың сайттарында мобильдік топтардың жұмысы туралы хабарландыру сенім телефоны мен прокуратураның электронды адресі көрсетіліп жарияланады, халық көп шоғырланатын орындарда бильбордтарда мобильдік топтардың сенім телефондары туралы мәліметті қамтитын ақпарат орналастырылады. Адамдар көп шоғырланатын орындарда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің анағұрлым шоғырланған санын ақпараттық қамту 52 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития мақсатында мобильдік топтардың байланыс деректері туралы мәліметті қамтитын ақпараттық плакаттар орналастырылады. Мобильдік топтардың бизнес субъектілерін негізсіз тексерулерден қорғау, бизнесқоғамдастықтың прокуратура органдарына сенімін арттыру бойынша жұмысын жандандыру мақсатында барлық аумақтық мобильдік топтар құрамына Кәсіпкерлер палаталарының өкілдері енгізілген. Кәсіпкерлер палаталарымен бірлесіп бизнес субъектілерінің рұқсат алу рәсімдерінен өтуінің талдауы жүргізілді. Оның барысында коммерциялық мақсаттар үшін жер берумен байланысты бұзушылықтар, мемлекеттік органдардың заңмен көзделмеген құжаттарды талап етуі фактілері, қорытындылар беруде негізсіз бас тартулар, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мерзімдерді бұзушылықтар анықталған. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті де тұрақты негізде Қазақстанның салық төлеушілері қауымдастығы, Қазақстанның кәсіпкерлер ұлттық палатасының және бизнес-құрылымдар өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстелдер» өткізеді. Онда Мемлекеттік кірістер комитеті қызметінің құқықтық аспектілері түсіндіріледі, басқа да проблемалық мәселелер шешіледі. Қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасу шеңберінде ҚР Қаржы министрлігі кедендік органдары кедендік заңнама нормаларын түсіндіру, кедендік органдар қызметінің әртүрлі аспектілерін жариялау, оның ішінде кеден ісі саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық бұзушылықтар туралы мәселелер бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жоғарыда көрсетілгендерге сүйене отырып, Қазақстанда қоғамдық бақылау тетіктерін дамытудың негізгі кемшіліктері мыналар болып табылады деген қорытынды шығаруға болады: 1. Азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне төмендеген қызығушылығы. Азаматтық белсенділіктің және қоғамдық бақылаудың жетіспеушілігінің негізгі себебі елдің қоғамдық-саяси өміріне немқұрайлылығы болып табылады. Бұл мұндай қатысу дағдыларды, ақша, уақыт талап ететіндігінен – мұны барлығы, яғни барлық үш ресурстар азаматтарда жоқ немесе олар қоғамдық бақылауға оларды жұмсағысы келмейді. 2. Мемлекеттік органдарға сенім, ізеттілік, қоғам өмірінің базалық негізі бойынша келісім сияқты құндылықтарды біріктіретін айқындылықтың әлсіздігі. Осы әртүрлі көзқарастар негізгі себептерінің бірі көп санды орташа кластың болмауы. 3. Халықта әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерді дұрыс түсінудің болмауы, сондай-ақ қоғамдық бақылауды қамту туралы айқын танымдылықтың болмауы. Қазақстанда қарама қайшы жағдай қалыптасты: бір жағынан қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру процесі болуда, қоғамдық бақылаудың негіздерін бекітетін нормативтік құқықтық базаны құруға талпыныстар жасалуда, қоғамдық бақылаудың (қоғамдық палатаның) өзіндік институттары қалыптастырылуда; екінші жағынан азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылығы жыл сайын төмендеп келеді, қоғамның сұрауы жеткілікті түрде қанағаттандырылмайды. 53 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ Нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін жағдай жасасуға қатысты бірқатар мәселелер шешілмей қалып отыр. Осының барлығы қазіргі уақытта Қазақстандағы қоғамдық бақылау жүйесі әлі қалыптасу кезеңінде екендігін куәландырады. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында мыналарды орындау қажет: 1) «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды, оны іске асыруды қамтамасыз ететін заң жобалары топтамасымен бірге қабылдау; 2) сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат берген азаматтарды тиісті қорғауды және соларға сыйақы беруді қамтамасыз ету; 3) қоғамдық пікірді есепке ала отырып, мониторинг жүйесін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау; 4) әкімшілік тосқауылдарды жою мақсатында мемлекеттік қызметтерді (оның ішінде электрондық құжат айналымын енгізу жолымен) ұсыну тетігін жетілдіру; 5) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерінде жазылған мәселелерді шешу үшін; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жоспарлар мен қысқа мерзімдік нысаналы бағдарламаларды іске асыру үшін бақылауды күшейту, 6) мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық себептерін жою бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігін арттыру; қоғамдық-мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың қызметі туралы азаматтарды, оның ішінде интернет-сайттарда орналастыру арқылы кеңінен ақпараттандыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған стратегия Ел Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясында алға қойған мақсаттар мен міндеттерді іс жүзінде іске асыруға бағытталған. «Қазақстан – 2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу сыбайлас жемқорлықпен шүбәсіз күресу кезінде ғана мүмкін болады. Стратегияда: – мемлекеттің Қазақстанның Азаматтық Альянсымен және басқа да қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтастығы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа «атымен төзбеушілік» атмосферасын қалыптастыру бойынша азаматтық бастамаларға және оған қарсы іс-қимыл бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге жәрдемдесу; – Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және басқа да өзін-өзі басқаратын ұйымдармен бірлесіп корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдау қажеттілігі ескерілген. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру факторлардың үлкен саны әсер ететін және жан-жақты зерттеуді талап ететін күделі процесс болып табылады. 54 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития Қазіргі уақытта дербес институт ретінде қоғамдық бақылауды заңнамалық бекітумен, оның ұғымын, міндеттері мен қағидаттарын айқындаумен қатар нақты мемлекеттік органдардағы қоғамдық бақылау мүмкіндіктерін кеңейту маңызды. Себебі мемлекеттік органдар қызметінің барынша мүмкін ашықтығы кезінде және азаматтар мен олардың бірлестіктерінің тиісті өтініштерін қарауға ерекше назар болған кезде ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау тиімді болады. Тірек сөздер: қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл, қоғамдық бақылау тетігі.. ПІКІРТАЛАСҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР 1. Сіз «қоғамдық бақылау» ұғымының мазмұнын қалай түсінесіз? 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылау мәні мен негізгі қағидаттары нені қамтиды? 3. Қоғамдық бақылаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретіндегі рөлі қандай? 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылаудың негізгі институттарын атаңыз.

§ 8. Саяси партиялар мен БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда саяси партиялар мен партиялық ұйымдар белсенді қатысуда. Саяси партиялар азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнатуға және қоғамдық бақылауды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Әріптестер ретіндегі осы институттардың оң әсері олардың тәуелсіздігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мүдделілігін қамтиды. Олардың әлеуетін тиімді пайдалану қоғамның осы процеске қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру болып табылатын «Нұр Отан» партиясы 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаны қабылдау бірінші кезекте «сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылауды күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты туғызатын себептер мен шаттарды жою» болып табылады. Осы құжатқа сәйкес Қазақстанда қоғамдық бақылау институты енгізілуде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдануда [1]. Бағдарлама шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылдың қоғамдық инфрақұрылымын құру және азаматтар құқықтарын қорғау, олардың лауазымына қарамастан тұлғаларды жауапкершілікке тарту, сыбайлас жемқорлықпен проблемаларды талқылау бойынша негізгі міндеттер шешілді. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру үшін барлық қолда бар әлеуетті, бірінші кезекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық жұмыс кеңесі және «Нұр Отан» партиясының Партиялық бақылау комитеті сияқты партиялық ұйымдардың қызметін күшейту қажет. «Нұр Отан» жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық жұмыс кеңесі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл, себептері мен оның пайда болуының алғышарттарын жою мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші орган. Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесуге жәрдемдесу, мемлекеттік билік, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлықты туғызатын себептер мен шарттарды жою, лауазымдық жағдайын пайдаланумен қасақана және құқық бұзушылықтарды түп тамырымен жою, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілік қатынасты қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жетілдіру, бойынша жұмыс жасайды. Кеңестің міндеттері: 1) партияның, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ партияның консультациялық-кеңесші институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс 57 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ қимыл жөніндегі бағдарламалық құжаттарын іске асыруды және орындау мониторингін қамтамасыз ету; 2) партияның өңірлік және аумақтық филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестерінің қызметін үйлестіру; 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамда төзімділік қалыптастыру, 4) сыбайлас жемқорлық жағдайына партиялық және қоғамдық ісер ету тетігін жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әртүрлі инновациялық нысандарын, әдістерін және құралдарын қолдану; 5) азаматтық қоғам құрылымдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара әрекет жасасу; 6) жеке және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы фактілері бойынша өтініштерімен жұмыс. Саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар ынтымақтастығының негізгі бағыттары мыналар болып табылады: – мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және олардың лауазымдық тұлғаларының жұмысында ашықтыққа қол жеткізу; – олардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықты туғызатын кемшіліктерді анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бастамашылық ету; – әрбір сыбайлас жемқорлық фактісін қоғамдық талқылауға шығарып отыру; – азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратты пайдалануының заңды және моральдық жауапкершілігі жағдайын қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық бірлестіктің, өңірлік және аумақтық қоғамдық кеңестердің қызметі, бұл жұмыстарға барлық деңгейдегі депутаттардың, ҮЕҰ мен БАҰ қатысуы арқасында мейлінше сыбайлас жемқорлыққа бейім салаларды қоғамдық бақылау арқылы қамту айтарлықтай кеңейді. Қоғамдық қабылдау бөлмелері азаматтардың сенімін ала отырып, кері байланыстың маңызды арнасы және халықтың құқықтарын қорғаудың пәрменді құралы болды. 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер мәслихаттардағы депутаттық фракциялармен, прокуратура, қаржы полициясы органдарымен, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттерімен және басқа да мемлекеттер органдармен бірлесіп халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына қоғамдық бақылауды дамытуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы іс-шараларды іске асырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестер мен партиялық бақылау комиссияларының отырыстарында мемлекеттік органдардың жұмысы туралы БАҚ-та жарияланған сыни материалдар, мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жұмысын ұйымдастыру, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, 58 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тағы басқа да салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қарастырылады. Жалпы алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынасты байланыстыратын пәрменді құрал болды, олардың жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрсетіледі. Қоғамдық кеңестердің жұмысының арқасында мемлекеттік органдардың қызметі қоғам өкілдері үшін ашық, қол жетімді бола түсті. Жастар арасында нысаналы жұмыс жүргізілуде. Патриоттық тәрбие және облыстық бағдарламаларды іске асыру мақсатында жұмысқа ҮЕҰ жастары тартылады. Жыл сайын көктемде «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымының қамқорлығымен еліміздің жоғары оқу орындарында студенттік жастар мен «Студент ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жастар ұйымдарының арасында акция өткізіледі. Бұл акция барысында жоғары оқу орындарында сенім жәшігі орнатылып, Қазақстан студенттері Альянсы республикалық штабының сенім телефондарының нөмірлері басылады, студенттер арасында жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу бойынша парақшалар, плакаттар, стикерлер таратылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және халыққа сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет дамуына келеңсіз әсерін түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттық іс-шаралар кешені өткізіледі. «Жас Отан» ЖҚ кеңесінің белсенділері «Қарсы» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық жастар қозғалысын құрды, оның мақсаты әлеуметтік әрекеттің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады. «Қарсы» ЖҚ өткізетін іс-шаралар («Парасыз студенттік сессия», «Жастар сыбайлас жемқорлықты жояды» және т.б.) қазақстандық қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырады. Барлық мемлекеттік органдарда лауазымды адамдардың Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы бұзу фактілері туралы хабарлау үшін жұмыс режимі сағат 9-дан 18-ге дейін белгіленген сенім телефоны орнатылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оның ішінде насихаттау және түсіндіру жұмысына айрықша назар аударылады, оның шеңберінде алуан түрлі акциялар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар, халықтың әртүрлі топтарының өкілдерімен кездесулер ғылыми практикалық конференциялар және сыбайлас жемқорлыққа арналған басқа да ісшаралар өткізіледі. БАҚ-тың сыбайлас жемқорлық дүниетанымы мен мәдениетін қалыптастырудағы рөлі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тиімділігінің басты қағидаттарының бірі жариялылық болып табылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның маңызды міндеті БАҚ-ты сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті танымал етуге тарту, БАҚ-та өңірлерді, салаларды, ірі кәсіпорындарды, мемлекеттік органдардың шешімдері 59 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ мен олардың өкілдерінің нақты қызметін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық деңгейі индексін жариялау болып табылады. БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың қазіргі қазақстандық қоғамда таралуына мүмкіндік бермей оның жасырын тетіктерін қоғамға түсіндіру болып табылады. БАҚ-тың мейлінше пәрменді әдісі сыбайлас жемқорлық фактілеріне журналистік тексеру жүргізу және материалдар мен фактілерге жария сипат беру болып табылады, бұл қоғам мен жемқорларға қоғамға қарсы әрекет үшін жазалаудың болмай қоймауын көрсетуі тиіс [2]. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде жариялау проблемасы әртүрлі деңгейде жүйелі түрде талқыланады. Баспа басылымы, радио, телевидениенің сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлкен ықпал ете алуы БАҚ-тың айрықша рөлі екені сөзсіз. «Нұр Отан» париясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында бұл бағыттағы БАҚ басымдықтары белгіленді, атап айтқанда БАҚ-ты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті танымал етуге тарту мәселесі сыбайлас жемқорлық деңгейі индексін әзірлеу және БАҚ-та жариялау, мемлекеттік органдарда, өңірлерде, салаларда, ұлттық холдингтердегі сыбайлас жемқорлық деңгейіне салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы іске асырылуға тиіс. Журналистік қоғамдастыққа кәсіби этика қағидаларын әзірлеуіне және сақтауына, журналистік тексеру стандарттарын енгізуіне қолдау көрсету қажет. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғам мүдделерін көрсетеді, азаматтардың толық және объективті шынайы ақпарат алу құқығын іске асырады. Бұл ретте БАҚ жарияланған материалдар мен деректердің анықтығы үшін толық жауапты болады. Қазақстан Республикасында мемлекеттің саяси, экономикалық стратегиясын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін жария етудің белсенді құралы болатын БАҚ тәуелсіздігіне кепілдік беріледі. Ақпараттық орган мен мемлекеттік саясатты көрсетуші болатын газеттер, журналдар, сайттар әртүрлі проблемаларды айқындап және жария ете отырып, халықтың үлкен сеніміне кіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес фактілерін объективті жариялау басылымға қызығушылықты арттырады, бұл өз кезегінде басылымның тиражына әсер етеді. Халыққа құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру саласындағы әртүрлі ақпараттық іс-шаралар өткізіледі, кейбір ақпараттық басылымдар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның салдарына қарсы күрес аспектілеріне назар аударады. БАҚ-тың сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша басты мақсаты ол бойынша ақпарат берушілік деңгейін жақсарту және қазіргі заманғы келеңсіз құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қоғамдық қатынасты өзгерту болып табылады. Бұл салада жұмыс істейтін журналистер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне баса көңіл бөледі. 60 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития Тәуелсіз және экономикалық ашық кәсіби БАҚ тұтастай сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың да жекелей алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда да қоғамның тиімді құралы бола алады. БАҚ-тың толыққанды қызметі үшін бұқаралық ақпарат саласындағы құқықтық қатынастарды нормативтік реттеудің және БАҚ меншік иелері арасында ашық қатынастар орнатудың маңызы зор. Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі заманғы проблемалары мен әртүрлі аспектілерін ашық талқылау қажет. Мемлекеттік органдар мемлекеттік даму бағдарламаларында бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін арттыру үшін бар күшін салады, бұқаралық баспасөз бен журналистік қоғамдастықты қолдау бойынша шаралар қабылдайды. БАҚ қызметін көтермелеу жөніндегі іс-шаралар өткізіледі, журналистер арасында үздік жарияланымдарға арналған жыл сайынғы конкурстар, құқық қорғау органдарының басшылары мен баспасөз қызметтерінің құқық бұзушылықтың ірі фактілерін айқындау мәселелері жөніндегі брифингі ұйымдастырылады. Тәуелсіз журналистік тексерулерге жағдайлар жасалады. Бұқаралық ақпараттық құралдар мен әлеуметтік желілер қоғамдық топтардың және жекелеген адамдардың сыбайлас жемқорлық фактілері мен заңсыз қызмет туралы ақпарат беруі, қазіргі проблемаларды талқылау, оларды шешуге сындарлы шаралар ұсыну үшін белсенді алаң болып табылады. Құқық қорғау органдары мүмкіндігіне қарай мұндай жарияланымдарға ден қояды және күрес жүргізеді, нақты лауазымды адамдардың ісін қарап, тексереді. Қазақстанда БАҚ-қа сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін ақпаратты белсенді пайдалану мүмкіндігін беретін оған еркін қол жеткізу туралы нақты жұмыс істейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдау туралы мәселе пысықталуда. Барлық мемлекеттік органдарда журналистер мен блогерлерді міндетті мемлекеттік аккредиттеу енгізілді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың ресми сұрау салуларына ғана емес жарияланған және жан-жақты таратылған ақпаратқа да жауап беру міндетін білдіреді. Ашықтық деңгейін арттыру жөніндегі қызметте шұғылдыққа, жалпы қол жетімділік пен ашықтыққа ықпал ететін Интернет желісі ресурсы маңызды рөл атқарады. Халықаралық сараптама комиссиясы еліміздің бұл бағыттағы жұмысын оң бағалайды. БАҚ-та жарияланатын жыл сайынғы есептерде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында белгілі бір жұмыстар жүргізілетіні, озық әлемдік тәжірибеге және БҰҰ Конвенциясының талаптарына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа шаралары қабылданатыны атап өтіледі (мысалы, заңсыз баю үшін жауапкершілік, активтерді декларациялау, БАҚ-ты қолдау бойынша қосымша заңнамалық шаралар). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылуына тұрақты мониторинг жүргізу оң бағаланады. Мониторинг туралы есептер үнемі жарияланып отырады, БАҚ-қа ашық баспада жариялау үшін материалдар ұсынылады. 61 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер жөніндегі комиссия туралы ережеге сәйкес Комиссия отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері міндетті түрде шақырылады. Жоғары органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланатын барлық отырысында БАҚ өкілдері, оның ішінде «Хабар», «Қазақстан» және www.tengrinews.kz, www.nur.kz және www.zakon.kz жаңалықтар сайттарының өкілдері қатысады. Комсиссия құрамына ҮЕҰ өкілдерін енгізу мүмкіндігі қарастырылады. Жоғарыда көрсетілген шаралармен қатар бақылау органдары БАҚ-та жүргізілген жұмы туралы ақпараттың жариялануы бойынша шаралар қабылданады, бұл да сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл үшін орталық және өңірлік БАҚ әлеуеті, сондай-ақ ақпаратты жаппай таратудың басқа да тетіктері пайдаланылады. Мәселен, 2013 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша шыққан материалдардың саны 7 103 бірлікті құраған. Көрнекі үгіт материалын орналастыру үшін ірі қалалардың көшелерінде, сондай-ақ халық көп жиналатын жерлерде (вокзалдар, әуежайлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары және т.б.) жарнама қалқандары мен LED-экрандар қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында орналастырылған ақпаратқа сәйкес 2014 жылғы 30 маусымда онлайн режимде облыстардың, Астана, Алматы қалалары әкімдерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссия мүшелерінің, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен Комиссияның бірінші кеңейтілген отырысы болды. Республикалық және өңірлік БАҚ-та жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша 2014 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша 10 950 материал жарияланған. Олардың ішінде республикалық телеарналарға 2 303 сюжет шыққан, республикалық газеттерде 1 790 мақала, интернет ресурстарда – 2 710 жарияланымдар жарық көрген. Өңірлік БАҚ-та 4 147 материал жарияланған, оның ішінде телеарналарда – 643 сюжет, газеттерде 3 096 мақала шыққан. 2014 жылы республикалық электрондық және өңірлік БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін жариялаудағы белсенділігі шілдеде арта түседі. Бұл өсу БАҚ-та мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларын, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі сыбайлас жемқорлық істерін жариялаумен байланысты. Желтоқсанда материалдардың жалпы көлемінің азаюы байқалады, бұл ақпарттық алаңдағы тұтастай белсенділіктің төмендеуіне байланысты. Барлығына дерлік өңірлік баспа басылымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы: мысалы «Жемқорлыққа жол жоқ», «Сыбайластықпен күрес», «Жемқорлық», «Вне закона», «Борьба с коррупцией», «Фемида», «Финпол» және т.б. айдарлар бар. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күрес жөніндегі агенттігі (ҚР ЭСЖҚК) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы тұрақты айдарларды 62 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития толықтыру бойынша белсенді жұмыс ұйымдастырылды. Кейіннен бұл жұмысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі (ҰР МҚІСҚА) мен оның аймақтық бөлімшелері жалғастырды. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін артыру бөлігінде іске асыру жұмысы тиісті материалдарды, оның ішінде республикалық БАҚ-та бірлескен ашық: «Коррупции – заслон», «Из зала суда», «Панорама событий», «Дата», «Оперативная часть» («Казахстанская правда» газеті), «Жемқорлык, індет, оны жою – міндет» («Егемен Қазақстан» газеті); «Коррупция», «Борьба с коррупцией», «Афера», «Криминал», «Взятка», «Мошенничество», «Правопорядок» («Экспресс К» газеті); «Сенген серкем...», «Есеп» («Айқын» газеті), «Штрафстоянка» («Караван» газеті) және т.б. айдарларда жариялау арқылы жүзеге асырылады. Қоғамның барлық тіршілік салаларында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу және жолын кесу, азаматтық қоғамның мемлекеттік билікке сенім деңгейін арттыру, қоғам мен билік арасындағы диалогты кеңейту және тереңдету мақсатында республикада халықты ақпараттық қамтамасыз ету бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізіледі. Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында «Коррупция», «Борьба с коррупцией», «Жемқорлыққа қарсы күрес», «Жемкорлық – жегі құрт», «Жемқорлыққа тосқауыл», «Дисциплинарный совет», «Ракурс», «Человек и закон», «Наказание», «Приговор» және т.б. айдарлар жалғасын табуда. БАҚ-та құқық қорғау және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі жүйелі түрде жарияланады. Бұл тақырыптағы материалдар уәкілетті органдар өкілдерімен сұхбат, мемлекеттік органдардағы парақорлық пен жебірлік фактілері туралы мақалалар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына түсінік беретін талдамалық материалдар түрінде беріледі, ақпараттық сипатта болады және олар халықтың, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс қатынасын қалыптастыруға бағытталады. Жұмыс нәтижелері республикалық және жергілікті «Астана», «Қазақстан» телеарналарында, «Литер», «Орталық Қазақстан», «Караван», «Взгляд на события», «Юридическая газета» және т.б. газеттерде жарияланады. Баспа басылымдарының беттері мен электрондық БАҚ-та жарияланатын материалдардың басым бөлігі прокуратура органдары мен құқық қорғау органдарының іс-қимылдарына арналған, сондай-ақ Тәртіптік кеңестің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің болып өткен отырыстары және өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумдар туралы ақпаратты қамтиды. Тұтастай алғанда, Қазақстанның мемлекеттік органдарының халықтың сыбайлас жемқорлыққа төзімсіз қатынасын қалыптастыру және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылын БАҚ-та жариялау бойынша белсенді қызметін оң бағалаған жөн. Халықтың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар болушылығын арттыру, елде 63 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету БАҚ-тың белсенді қызметінің нәтижесі болып табылады. БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында: – мемлекеттік органдар қызметінің ақпараттық ашықтығын және оған азаматтар мен қоғамдық бақылау институттарының еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету; – қоғам мен азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілетін іс-шаралар туралы хабардар болушылық деңгейін арттыру; – БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет мәселелерін көрсетудегі рөлі мен олардың қатысуын жоғарылату; – қазақстандық қоғамның қоғамдық бақылау органдарының мемлекеттік органдардың жария есептерінде көрсетілетін мәліметтердің, тікелей жұмсалатын бюджеттік қаражаттың анықтығы үшін жауапкершілігін арттыру; – сыбайлас жемқорлық бойынша және бюджеттік қаражатты талантаражға салуға кінәлі адамдарды жазалай отырып, тергеп-тексеру нәтижелерін міндетті түрде БАҚ-та жариялау арқылы жүйелі тергептексеру жүргізу қажет. Бұқаралық ақпарат құралдарының сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық қатынастарына қарсы тиімді іс-қимылдың негізгі шарттары: – барлық деңгейдегі басшылардың сыбайлас жемқорлықтың әрбір жарияланған фактісі бойынша дереу ден қоюы (3 күн ішінде) және қатал тыю шараларын қабылдауы; – сыбайлас жемқорлықтың қазіргі шынайы болмысының жіті мәселелері мен проблемалары және сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүру тәсілдерін іздеуге жәрдем көрсету бойынша қоғамдық пікірталас өткізу және оны ұйымдастыруға жәрдемдесу; – мемлекеттік басқару органдары мен бизнестің қоғам мен қоғамдық бақылау үшін ашықтық деңгейін жақсартуға және ұлғайтуға жәрдемдесу; – тиісті мемлекеттік қорғау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл мәселелерін жазатын кәсіби журналистерді оқыту және олардың пулын қалыптастыру. Осылайша мемлекеттік органдардың қоғаммен нақты өзара ісқимылы және ынтымақтастығы бұқаралық ақпарат құралдары жұмысы тиімділігінің басты шарты болып табылады. Ал қоғамдық бақылау БАҚтың тиімді қызметінің негізгі талабы екені анық. Тірек сөздер: саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары. ПІКІРТАЛАСҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР 1. Саяси партиялардың сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін шешудегі рөлі қандай? 2. Саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді құралы бола ала ма? 64 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития 3. БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы тиімді қызметін арттыру үшін қандай шаралар орындалуы қажет?

§ 9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие Ағарту және тәрбиелеу жұмыстары. Жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру жөніндегі ағарту және тәрбиелеу жұмыстары қазақстандық қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында сыбайлас жемқорлықты туғызатын және соған себеп болатын себептер мен шарттарды жою (барынша азайту) жөніндегі мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бір бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда білім берудің аса маңызды бағыты сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамайтын білім беру ортасын құру, сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын моральдық деңгейі жоғары, адамгершілігі мүліксіз азаматтарды тәрбиелеу болуға тиіс. Бүгінде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жұмысының теориясы мен практикасына басқаша зер салу керек. Азаматтық қоғамды нығайту және дамыту, құқықтық көзқарас тұрғысынан сауатты, өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ілімдерге ие, бұл білімдерді күнделікті өмірде қолдануға қабілетті, сыбайлас жемқорлықты өзінің азаматтық құқықтарының бұзылуы деп түсінетін және бұл құқықтарды қорғауға дайын азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігі Қазақстанның барлық білім беру мекемелерінің өзекті міндеті болып отыр. Бұл үшін, ең алдымен әртүрлі жас топтарындағы балалар мен жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие әдістері мен құралдарының мақсатын, олардың мазмұнының, нысандарының ерекшеліктерін педагогикалық тұрғыдан қайта салмақтау қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие педагогикалық кең мағынасында – бұл құнды ұстанымдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастыру және жас азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымдардың қалыптасуы үшін қажетті қабілеттерді дамыту мақсатында арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және басқарылатын ықпал ету. Ауқымсыз педагогикалық мағынада – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұйымдастыруға бағытталған арнайы ағартушылық және тәрбие жұмысы процесі мен оның нәтижесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиенің мәні интериоразацияны білдіреді, яғни қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарын ішкі құндылық ұстанымдарына айналдыру және әрбір білім алушының соған көзін жеткізу. Бұл іске асқан жағдайда, ол оның кейінгі өміріндегі бет түзер бағыты болады. Бұл тұрғыдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие жөнінде олардың біртұтас процесс екенін айтуға болады. Бір жағынан білім алушыларға қажетті білім көлемін және тиісті моральдық идеалы туралы, рухани және адамгершіліксіз әрекет, моральдық қағидаттар мен нормалар туралы ұғымдарды қалыптастыруды болжайды. Екінші жағынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие адамның рухани санасезімнің қабылданған және игерілген элементтеріне сәйкес әрекет етуінің терең ішкі қажеттілігін қалыптастыруды білдіреді. 66 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру – бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды сіңіру; 2) тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді қалыптастыру; 3) қажетті моральдық қажеттіліктер мен әдеттерді дамыту. Бұл бағыттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие міндеттерін білдіреді. Бүгінде білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің мынадай негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі: – білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері жағдайларының болмауы; – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту ісі; – білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылы негізіндегі өмір-тіршілігі проблемаларын шешу тәжірибесін алу; – білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру бойынша педагогикалық қызмет [3]. Бұл жүйеде әртүрлі жас кезеңінде қалыптасуы мүмкін бірқатар тұлғалық құрылымдарды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста (3-6 жас – әлеуметтік маңызды тәжірибені қарқынды жинақтау және әлеуметтік кеңістікте бағдар алу кезеңі) балаларға Отанға деген махаббат, туған табиғатқа махаббат және оны қорғау қажеттілігі, өзін қоршаған адамдар мен қазақстандық халықты құрметтеу, тәртіптілік, адалдық сияқты құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлу керек. Мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттылығы – бұл олардың рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтарды, қоғамда қабылданған жүріс-тұрыс қағидалары мен нормаларын қалыптастыру. Кіші мектеп жасында (7-10 жас – кемел балалық шақ, дене және рухани күш жинақтау уақыты) біршама өзгермеген түрде өмір бойы сақталатын тұлғалық қасиеттер мен саралардың қарқынды қалыптасуы жүзеге асырылады. Сондықтан бұл жаста рухани мәдениеттің қалыптасуының маңызы зор. Ар-ождан, абырой, ұят, қайрымдылық, жанашырлық, адалдық, әділдік, жауапкершілік және т.с.с. рухани қасиеттердің қалыптасуына ерекше назар салған жөн. Бұл кезеңде балалардың сыбайлас жемқорлық пен оның залалы туралы дүниетаным сипатындағы түсінік пен ұғымның қалыптасуы маңызды. Негізгі дүниетаным идеясы қоғамды тану заңдарымен байланысты болуға тиіс. Бұл ретте баланың ұғымды салмақтау білуіне, өз көзқарасын айтуына үйрету, оны қиын жағдайға қойып көру қажет. Орта мектеп жасы – (10-14 жас – жасөспірім кезеңі, балалардың өміріндегі күрделі кез) – бұл балалық шақта сіңірген рухани-эстетикалық қорын бекемдеу, оны салмақтап, байыту кезеңі. Бұл өмірлік кезеңнің нақты қиындығы әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі, рухани-эстетикалық пайымдауды дамытудағы өзіндік түйсіктің, өзін-өзі танудың, өзін-өзі бағалаудың бірте-бірте өспелі толқынын білдіреді. Бұл жаста патриотизм, интернационализм, өз Отанын мақтан ету, елдің қоғамдық құрылымын құрметтеу, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, адамның азаматтық 67 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ құқықтарын білу және құрметтеу сияқты тұлғалық қасиеттерді сіңірудің маңызы зор. Бұл осы жас тобында құқықтық сана-сезімді қалыптастыру сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің негізгі міндетін айқындайды. Біздің көзқарасымызша бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің негізгі міндеті. Жасөспірім жасында білім алушылардың өмірлік проблемаларды шешу қағидаларын саналы түрде қабылдау білу даңдысын қалыптастыру маңызды. Бұл үшін олар билікпен қарым-қатынаста өз проблемаларын тиімді шешу тәжірибесін жинайтын практикалық жағдай туғызу керек. Бұл тұста, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағарту бөлігінен басқа жеке таңдау негізінде өмірлік проблемаларды шешу жағдайларын туғызған жөн. Жоғары мектеп жасы (14-18 жас – жастық шақ) – бұл дене және психологиялық кемелденудің аяқталатын, қоғамдық пайдалы өндірістік еңбекке және азаматтық жауапкершілікке әлеуметтік дайын болатын кезең. Жоғары сынып оқытушылармен жұмыс кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің басты міндеті білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыру болуға тиіс, ол сыбайлас жемқорлық әрекеттен саналы түрде бас тартуға мүмкіндік береді. Бұл жаста сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы қалыптастыру жүйелі, мақсатты және үздіксіз процесс болуға тиіс. Білім алушылардың жалпы білім беру мектебі деңгейін аяқтауға жылжуына қарай олардың сыбайлас жемқорлық, оның көріністері, жауапкершілік шаралары туралы, сыбайлас жемқорлық құбылысын орнықты түрде қабылдамау ұғымы қалыптасуы тиіс. Студенттік кезеңді тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастырудың сенситивтік кезеңі деп санаған жөн, оның барысында кәсіби білім беру, сыбайлас жемқорлық проблемасын сезінуге мүмкіндік беретін еңбек қатынастарына біртебірте кірігу жүзеге асырылады. Бұл ретте Қазақстанда соңғы жылдары қалыптасқан біршама күрделі қоғамдық-экономикалық жағдай жас ұрпақ үшін бірсыпыра ауыр болды. Қоғамдық құндылықтар тұлғаға өз ықпалын жоғалта бастады және бұл жас азаматтардың ілгерінді құнды бағдарларының қалыптасуына әсер етеді. Бұл жағдайда жастар көбіне өз таңдауының дұрыстығына сенімділігін жоғалта бастайды, оған қоса сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі көріністеріне бейім бола бастайды. Осының салдарынан сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты дұрыс таңдау қажеттігі кезінде қиындық пайда болады. Осы орайда тұлғаның сыбайлас жемқорлық ұстанымын қалыптастыру маңызды шарт болмақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқама – бұл адамның әрекетінен, іс-қимылы мен толқуынан көрінетін сыбайлас жемқорлыққа таңдамалы тікелей қарым-қатынасының интеграцияланған көрсеткіші. Тұлғаның сыбайлас жемқорлық нұсқамасын қалыптастыру қажеттігі өзін-өзі тануын, ішкі еркіндікті, өз таңдауы мен әрекеті үшін жауапкершілікті сезінуін білдіреді. Бұл ретте, студенттер сыбайлас 68 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития жемқорлыққа қарсы идеялардың маңыздылығын сезініп қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет үшін практикалық біліктілікті игеру қызметіне қатысуы қажет, бұл олардың күрделі жағдайларда ойдағыдай бейімделуінің маңызды алғышарты болуы мүмкін. Осылайша, әртүрлі жас топтарындағы балалар мен жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесінің мақсаты білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты орнықты азаматтық ұстанымын сіңіру арқылы тәрбиеленушілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын қалыптастыру қажеттігі болып табылады. Төменде бұл жүйе алдында тұрған негізгі міндеттер, сондай-ақ тиісті жас топтарымен тәрбие жұмыстарының бағыттары көрсетілген. Әртүрлі жас топтарындағы балалар мен жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесі жас топтары жетекші тәрбиелеу міндеті тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыттары Мектепке дейінгі жас Рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мә- дени құндылықтарды қоғамда қабылданған жүріс-тұрыс әрекеттері мен нормаларын қа- лыптастыру Моральдық және адамгершілік құндылықтарды қоса алғанда, қоғамда қабылданған норам- лар мен құндылықтарды игеруге бағытталған рухани сезімдерді, көзқарастар мен сенімді дамыту Кіші мектеп жасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлық пен оның залалы туралы дүниетанымдық сипаттағы ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру Орта мектеп жасы Құқықтық сана-сезімді қалыптастыру Құқықтық құндылықтарды, сенім- дерді құқықтық әрекет дағдыла- рын дамыту; Жоғары мектеп жасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы және құқықтық негіз- де өмірлік міндеттерді шешудің дағдыларын қалыптастыру Құқықтық және моральдық-эти- калық нормаларға сәйкес әре- кетті қамтамасыз ететін сыбайлас жемқорлық жағдайларын туғызу; сыбайлас жемқорлық көріністері- не қатысты тиісті құқық нормала- рын практикалық қолдану білігін дамыту Студенттік жас Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымды қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттен саналы түрде бас тартуға мүмкіндік беретін рухани құнды негіз ретінде Қазақстандық патриотизмді және қоғамдағы сыбайлас жемқор- лықтың кез келген көрінісіне қа- тынас бойынша белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру Тірек сөздер: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным, құқықтық сана, сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасезім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным. 69 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ ПІКІРТАЛАСҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру: немен күресеміз, неге күресеміз? 2. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуге болама? 3. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын қалай түсінесіз және білім беру мекемесінде қалай қалыптастыруға болады?

§ 9.1. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру ерекшелігі Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыруды құқықтық мәдени тәрбиеден бастаған жөн. Құқықтық мәдени тәрбиелеу – Бала құқығы туралы конвенцияны ратификациялаған мемлекеттің міндетті саяси бөлігі болып табылады. БҰҰ негізгі құжат ретінде қабылдаған, әлемдік қоғамдастық таныған «Бала құқығы туралы конвенция» баланы дербес құқық субъектісі деп жариялайды. Бірақ, бала құқықтарын іске асыруды құқықтық қорғау заңдарын қабылдау және олардың орындалуын қамтамасыз етудің тетіктерін құру арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Дегенмен, барлық қоғамның, ересектер мен балалардың, әрбір адамның баланы өз құқықтары мен міндеттері бар дербес тұлға ретінде тануы маңызды болып табылады. Құқықтық тәрбие – баланың құқықтық тұрғыдан тәрбиесін қалыптастыру мақсатында баланың санасы мен әрекетіне мақсатты және жүйелі әсер ету, яғни мектепке дейінгі балалар мен кіші мектеп жасындағылардың терең және орнықты құқықтық білімдер мен сенімдердің болуы мен оларды қалыптастыру дәрежесімен сипатталатын, тұлғаның кешенді сапасын білдіреді, ал оны күнділікті тіршілікте іске асыру қоғам талаптарына сай келеді [5; 6]. Баланың өзін-өзі, өз әрекетін бағалай білмеуі оның рухани санасезімін қалыптастыру қиындығының бірі болып табылады. Ол өзін-өзі қайраткер ретінде сезінуі мүмкін (зерделі – зердесіз, әдемі жазады – жазуы шимай), бірақ балалардың өзін тұлға ретінде бағалау тетігі 12 жасқа дейін, кейбіреуінде одан да кеш оянады. Ал рухани әрекет негізінде осы тетік болады. Рефлексия – бұл өз әрекетін сезіну және бағалау қабілеті. Бұл өте құнды қасиет. Мектеп жасына дейінгі балалардың рефлекстік құрылымын дамыту тәсілдерінің бірі – баланың өзін әдеби персонажбен салыстыру арқылы өзін-өзі бағалауын қалыптастыру. Біз рухани әрекет туралы атқан кезде біз бағалау критерийлерін қолдануға мәжбүр боламыз. Бұл ретте көбіне адамның өзі емес оның әркез «жақсылық пен жамандық» деген санатпен айқындауға болатын әрекеті бағаланады. Екінші жағынан әрбір адам, оның ішінде бала да өз әрекетін осы эталондармен салыстырады. Алайда, балаға өз әрекетін теріс полюспен салыстыру қиын. Егер бала бұл эталонмен салыстырса, онда көбіне бұл формальды түрде жасалады. Ол әділетсіздік жасай отырып, өзін ақтайтын сылтау табады. Әрекетті бағалау кезінде баланың жаман әрекеті үшін алаңдаушылығын туғызу проблема болып табылады. Классикалық балалар әдебиеті баланың жас кезден-ақ кітап кейіпкерлеріне еліктеу, аумалы заманда дұрыс бағдар алуына көмектесетін әрекетін реттеу үшін құнды мәлімет береді. Мұндай жұмысты интерактивті әдістердің жәрдемімен де (ойындар, мультфильмдер, комикстер және т.б.) ұйымдастыруға болады. 71 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ 5-6 жастағы балалар (мектепке дейінгі жоғары жас) өзіне қатысты да басқаларға (достары, туыстары) қатысты да әділетсіздікті толықтай түйсініп, сезінеді. Әділдік сезімі көрінісіне сүйене отырып, баланың кез келген адамның және өзінің құқықтары мен міндеттерін түсінуіне есеп жасауға болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік мүмкіндігі шынайылықтың алуан саласындағы елеулі байланыстар мен тәуелділікті көрсететін түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тұлғаның дамуы саласындағы психологиялық зерттеулердің авторлары өзі, өзінің «Мені» туралы ұғымның құндылығы мен маңыздылығын дәлелдеп берді. Олардың тұтастай «Мен образын» құрудағы, ілгерінде өзін-өзі бағалау қабілетінің пайда болуындағы, өзін-өзі жасампаздыққа бастау қабілетін дамытудағы рөлі көрсетілді [1]. Құқықтық мәдениет бойынша материалды балалардың игеру тиімділігін арттыру үшін: «Баланың құқықтары туралы декларация», «Баланың құқықтары туралы конвенция» сияқты әлеуметтік құжаттар жөнінде әңгіме құру түрінде алдын ала сауат ашу жұмысын жүргізу қажет. Белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін іс-шаралар барысында оқытудың: көрнекі (бала құқықтары туралы плакаттар, ертегілерге иллюстрациялар, «Баланың құқықтары туралы декларация», «Баланың құқықтары туралы конвенция»), ауызша, ойын, проблемалық оқыту, практикалық әрекет әдісі сияқты оқыту әдістерін пайдаланған орынды. Қызмет соңында мына тақырыптарға сурет салу конкурсын өткізуге болады: «Мен және менің құқықтарым», «Бақыт қаласы», «Демалысымды қалай өткіздім», «Мен және менің отбасым» және т.б. Білім беру қызметінің мұндай мазмұны өз құқықтары мен міндеттеріне қызығушылықты дамытуға, әлеуметтік әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған [2]. Балаларға тікелей білім беру қызметін олардың қызығушылығына, даму деңгейіне сүйеніп, сондай-ақ олардың жеке ерекшеліктері мен бастамаларын ескере отырып, құрылуға тиіс. Балалардың өз әрекетіне жауапкершілігі пайда болады, өйткені құқықтар мен міндеттердің нақты шегін айқындай алады. Құқықтық білімдерді өмірде қолдана отырып, балалар өзінің әлеуметтік тәжірибесін кеңейтіп, өз құрбы-құрдастарымен және ересектермен жанжалсыз байланысуды үйренеді, үйдегі және қоғамдық орындағы жүріс-тұрыс нормасын игереді. Кіші мектеп жасындағы баланың елеулі тану қызығушылығын жандандыру, өз-өзіне сенімді болуына, ерік-жігерін, адамдарға қайрымды қатынас қалыптастыру, өзін Жер Шарының және өз елінің азаматы ретінде сезінуіне ықпал ету қажет. Кіші мектеп жасындағылар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауат ашу мақсатында «Өзін-өзі тану» пәні аясында арнайы сағаттар енгізуге болады. Жасампаз, үйретуші және ойын әрекеттері, тәрбие ісшараларын, практикумдар мен сюжетті-рөлдік ойындар мейлінше тиімді және пәрменді болады. Бірінші кезекте имитациялық және іскерлік ойындар ұйымдастыру қажет, оның шеңберінде білім алушылар белгілі бір билік өкілеттіктеріне ие болып, оны ойын барысында іске асырады. 72 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития Мазмұны бұл жастағы балаларға түсінікті болатын ойын ретінде әртүрлі кейіпкерлерді бейнелеуге болады. Осылайша мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру тиімділігі рухани тәрбиелеудің жалпы жүйесі аясында төмендегі жағдайларда іске асыру мүмкін болады: – балаларға адам құқығының ізгілік мәнін, оның міндеттерін, әрекет нормалар мен қағидаларын терең сезінуге мүмкіндік беретін тәрбиенің әртүрлі құралдары мен әдістерінің кешенін пайдалану; – балалар тобының ізгілік сезімдері мен сыйластық қатынастарын көрсетуді ынталандыратын ахуал жасау; – педагогтар мен ата-аналардың тәрбиелік ұмтылыстарының сабақтастығын қамтамасыз ету. Балалар өз-өзіне сенімді болу, өзін-өзі сыйлау және басқаларды құрметтеу тұрғысынан тәрбиеленуі тиіс. Әрбір бала өзіне қажетті жағдайда жеңіл қолдана алатын өз құқықтарын, міндетін білуге тиіс. Тірек сөздер: мектепке дейінгі білім беру, мектеп жасына дейінгілерді құқықтық тәрбиелеу, мектеп жасына дейінгілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру. ПІКІРТАЛАСҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР 1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыруға бола ма? 2. Сіздің көзқарасыңызша, мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұлғасын қалыптастыру жолдары қандай? Рефераттардың үлгілік тақырыптары

§ 9.2 Орта және жоғары мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру ерекшеліктері Жасөспірімдерді (орта мектеп жасындағы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі оларға қажетті білім беру болып табылады, олар балалардың: – сыбайлас жемқорлықты танып-білуін үйренуіне (сондай-ақ оны басқа қылмыс түрлерінен айыруға; – сыбайлас жемқорлық неліктен жамандықтың көзі екенін білдіретін уәжді ұғынуға; – сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мүмкіндігін көрсетуге көмектеседі. Бұл жаста білім берудің этностық компоненті – рухани құндылықтың мазмұны мен маңызын ашуға және жасөспірімдердің ізгілік рухани бағдарын қалыптастыруға назар аудару қажет. Дәл осы ізгілік рухани бағдарлар, егер олар рухани білім беру мен тәрбие жүйесінің бастапқы кезеңінде жасақталса, ол орта сыныптарда құқықтық құбылыстарды, ілгерінді құқықтық сезімдер мен ұстанымдарды әлеуметтік пайдалы бағалау бойынша құқықтық білім беру процесінде қалыптастыру үшін іргетас болуға тиіс. Осының негізінде, нақ осы орта мектеп жасы білім алушылардың құқықтық білімі жүйесін қалыптастыруда шешуші фактор ретінде қаралады, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары, бостандығы мен міндеттері олардың өзегі болып табылады. Барлық тұтастай мектебі әлеуметтік білім беру және тәрбие жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жөніндегі ақпаратты алуы және ұсыну тәсілдері болуы мүмкін, олар сынып сағаттары, әртүрлі адамдармен (құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, саясаткерлермен, мемлекеттік қызметшілермен) әңгімелесу; дәрістер; күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі нысандарына қарсы тұру тақырыбына пікірсайыстар, пікірсайыстар; іскерлік ойындар; сабақтарда және факультативтік сабақтарда азаматтықпен және патриотизммен, мораль және руханилық ұғымдармен байланысты проблемаларды талқылау; кино материалдар көру және т.б. Бұл ретте негізгі екпін қалай көп білуге емес қалай мейлінше дұрыс бағалауға жасалуының маңызы зор. Білім алушыларға бұл саладағы білімді тереңдетуге және нақтылауға мүмкіндік беретін үлгілік сұрақтар мен тапсырмалар, шығармашылық жұмыстардың тақырыптар және т.б. ұсыну да маңызды. Олар сабақта үй тапсырмасы ретінде талқылау үшін ұсынылуы мүмкін, өйткені олар қосымша әдебиетпен, Интернет ресурстарымен және т.б. жұмыс істеуді талап етеді. Тақырыптарды зерделеу кезінде мұғалім мағыналық екпіндерді дұрыс қоя білуі, оқушылардың сыбайлас жемқорлық проблемасына қатынасын айқындауы, олардың құқықтық сана-сезімі мен жүріс-тұрысын қалыптастыруы қажет. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін құқықтық санасезімді қалыптастыру бұл кезеңдегі негізгі міндеті болып табылады. Алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру кезінде қоғамдық өмір таптаурындарын ескеретін қызметтің топтық түріне (имитациялық және іскерлік ойындар) назар аударған жөн. Мұндай тәрбие іс74 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития шараларында білім алушылар сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдайларды көре-білуді, күнделікті өмірдегі этикалық ауытқушылықтар мен құқық бұзушылықтарды айқындауды, сондай-ақ оларды жою үшін мүмкіндіктерді іздеуді үйренуге тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет үшін қаупі туралы білімі бар азаматтың тұлғасы, сыбайлас жемқорлық көріністерін өз азаматтық құқықтарының бұзылуы ретінде қабылдайтын және бұл құқықтарды қорғауға дайын тұлға жоғарыда аталған барлық әрекетердің нәтижесі бола алады. Тірек сөздер: жасөспірім жас, жасөспірімнің құқықтық санасы, жасөспірім кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие ерекшелігі. ПІКІРТАЛАСҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР 1. Сыбайлас жемқорлық проблемасын қалай шешуге болады? 2. Ақша бермей өмір сүруге бола ма? 3. Сыбайлас жемқорлықты жеңуге бола ма? 4. Қалау мен талап ету арасындағы қайшылықты қалау шешу керек? 5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. Біздің қолымыздан не келеді?

§ 9.3 Студенттік жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасезімін қалыптастыру ерекшеліктері Студенттік жастар – қоғамымыздың ең дамушы, серпінді, тез қимылдаушы бөлігі. Нақ осылар келешекте өндіріс саласында да, басқару саласында да орындарды иеленуші болмақ және оның белсенді қоғамдық ұстанымы мен сыбайлас жемқорлық төзбеушілігіне еліміздің өсіп-өркендеуі мен прогресивті дамуы байланысты болады. Жастардың сыбайлас жемқорлықты проблема ретінде сезінуі және мықты қалыптасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет тиісті стандарттар мен қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға қабілетті, олар келешекте мемлекеттік басқару сапасына оң әсер ете алады. Құқықтық мемлекеттік құрудың міндеттеріне толық көлемде сай келетін жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі рөл жоғары білім беру жүйесіне тиесілі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы проблема айқын әділетсіздік актілеріне сергек ден қоятын студенттік жастар ортасында өте өзекті. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беретін мемлекеттік білім беру мекемелерінде басқару қызметінің құқықтық және моральдық-этикалық аспектілерін зерделеуді көздейтін оқу пәндерін оқыту кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрамдас бөлікті күшейту 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім беру мен тәрбие» атты бөліміндегі бірінші кезектегі міндеттердің бірі ретінде көрсетіледі. Білім беру бағдарламаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрамдас бөлігі сыбайлас жемқорлықтың саяси, қоғамдық залалын, оған қатысудың ықтимал салдарын түсіндіретін және студент жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, олардың құқықтық сана-сезімі мен құқықтық мәдениеті деңгейін арттыруға бағытталған арнайы оқыту жүйесін құруды болжайды. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыруда тәрбие процесіне үлкен орын беріледі. Сондықтан студенттердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты саласындағы және сыбайлас жемқорлық қатынастарының келеңсіз салдарлары мен қалыптасатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным туралы студенттердің білімін молықтыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың әлеуметтік маңызды іс-шараларын (акциялар, қозғалыстар, тренингтер, пікірталастар, конференциялар) жоспарлау және өткізу аса маңызды. Бұл міндет тәрбие процесіне жауапты жоғары оқу орындары қызметкерлеріне де, тікелей студенттердің өздеріне және олардың қоғамдық бірлестіктеріне де жүктелуі тиіс. Білім алушылардың ғылыми зерттемелеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шешімдерді дербес іздеуіне және сыбайлас жемқорлық, оның себептері мен оған қарсы күрес әдістері бойынша өз пайымдарын таныстыруға, сондай-ақ олардың жобалау қызметіне тартуға үлкен рөл берілуге тиіс. 76 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития Барлық жоғарыда көрсетілген мәселелерді қағидатты жаңа ұсыныстарға жатқызуға болмайды. Бірақ оқу-тәрбие процесі шеңберінде тиісті іс-шараларды жандандыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат ұғымдары мен бағыттары туралы базалық білім беретін теориялық және құқықтық мәселелерді зерделеу студент жастарды мемлекетіміздің заңын құрметтеу, олардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сана-сезімін қалыптастыру рухында тәрбиелеу үшін қосымша мүмкіндік береді, бұл айналып келгенде қоғамдағы сыбайлас жемқорлық практикасын барынша азайтуға әкеледі. Бүгінде азаматтық жастардың қоғамдық ұйымдарына үлкен маңыз беріледі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жас Отан» жастар қанатын құру бүкіл елдегі жастар қозғалысына қуатты серпін берді. Олардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқандарды өткізуге ерекше назар аударылады, онда студенттік ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес әдістеріне негізгі сүйеніш жасалады. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл жөніндегі қоғамдық кеңестермен, Қазақстан Жастар конгресімен, «Қарсы» жалпы республикалық жастар қозғалысымен, «Қазақстан студенттер альянсы» республикалық жастар қозғалысымен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, өткізіледі [4; 5]. Бүгінде «Жас Отан» жастар қанаты белсенділері бүкіл ел бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде. Патриоттық, мәдени бұқаралық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жобаларын ойдағыдай іске асыру, қайрымдылық акцияларын өткізу, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу, мемлекеттік тілді дәріптеуге және нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі нақты қозғаушы күш болды. Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары билік, бизнес және азаматтық қоғам арасында дұрыс, өркениетті қарым-қатынастар құру тұрғысынан маңызды. Сындарлы ұсыныстарға бастама білдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жауапты және ілгерінді тәсілдеріне бағдарлану сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар мен көзқарастарға ие ауқымда жастар қоғамдастығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл түптеп келгенде қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлде төзбеушілік» ахуалын қалыптастыруға, біздің азаматтарымыздың заңдылық, адалдық және «адал өмір сүру – бұл тиімді және абыройлы» екеніне тұрлаулы сенім қағидаттарына бейілдік деңгейін арттыруға жағдай жасайды. Тірек сөздер: жоғары оқу орындары, білім беру процесі, студент жастар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар мен сенім, студент жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесі. 77 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ ПІКІРТАЛАСҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР 1. Жастар ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қатынас. Не өзгерді? 2. Сіздің көзқарасыңызша, жастар ортасындағы сыбайлас жемқорлықтың таралуына не байланысты болады? 3. Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін қандай шаралар атқарылуы қажет? 4. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай мәселені азаматтық патриотизм ретінде көресіз? Рефараттардың үлгілік тақырыптары 1. Әлемдегі және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаст

§ 10. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігі Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиясы. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиясы. Сыбайлас жемқорлық проблемасына арналған көптеген зерттеулер көлемі экономикалық, әлеуметтік және заң тұрғысынан бағалауға ұшырайды. Алайда, сыбайлас жемқорлық әрекеттің психологиялық көзқарасы бойынша қазіргі кездегі түсінігі әртүрлі. Сыбайлас жемқорлық проблемасын психологиялық тілде сипаттау үшін бірқатар негізгі ұғымдар мен олардың анықтамаларын енгізу қажет: сыбайлас жемқорлық әрекет – бұл лауазымды адамның қызметтік жағдайын асыра пайдалану арқылы жеке пайда табуға бағытталған әрекеті; сыбайлас жемқорлық қысымы – лауазымды адамға бұл жеке пайда табу үшін билік өкілеттіктерін асыра пайдалану немесе одан бас тарту арасында таңдау жасауға әкелетін ықпал етудің әлеуметтік және психологиялық факторлары жиынтығы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылық – бұл сыбайлас жемқорлық қысымына қарсы тұру және қылмыс пен заңға мойынсұнатын әрекет арасында соңғысының пайдасына таңдау жасауды жүзеге асыру қабілетімен көрінетін тұлғалық жүйелік қасиет; сыбайлас жемқорлыққа бейімделу – сыбайлас жемқорлық қысым жағдайында сыбайлас жемқорлық әрекетін таңдауға жеке бейімділік; сыбайлас жемқорлығы дендеген адам – сыбайлас жемқорлыққа жоғары бейімділік және төмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылықты игерген белгілі бір әлеуметтік тип [1]. Сыбайлас жемқорлық әрекет факторлары сыртқы (сыбайлас жемқорлық қысым) және ішкі (сыбайлас жемқорлыққа бейімділік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылық) болып жіктеледі [1, 324-б.]. Әлеуметтік тұрғыдан сыбайлас – бұл жалпы қабылданған әлеуметтік нормаларды бұзу, бұрмалау, зақымдану және кейіннен белгілі бір қоғамдастықта оларды жасырын егу. Егер, бір жағынан, қоғамда және мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпы қабылданған норма ретінде ресми түрде айтылған, ал екінші жағынан, күнделікті қатынастарда тұрмстық сыбайлас жемқорлық кең таралған болса, ресми айтылған және нақты қолданыстағы мінез-құлық нормалары арасындағы қарама-қайшылық айқын. Салдарында, мемлекеттік қызметшілер мен олардың қызметтердің тұтынушылары ретінде азаматтардың мүдделер қақтығысы орын алады. Осылайша, әрекеттердің «қосарлы стандарты» психологиясы сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін фактор болып табылады. Бұл ретте қоғамық қатынастарға қатысушылардың екі жағы да (мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар) сыбайлас жемқорлық қысымын сезінеді. Сонымен қатар ешқандай сыртқы жағдайлар, егер олар сыбайлас жемқорлық тұлғасының ішкі қасиеттерімен келіспесе құқыққа қарсы әрекеттердің себептерін айқындай алмайды. 79 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ Сыбайлас жемқорлық әрекетінің күрделі психологиялық тетігін және оның әрбір элементі қажетті өзара байланыс пен өзара тәуелділікте қаншалықты болғанын түсіну үшін қазіргі заманғы сыбайлас жемқордың бейіні мен оның психологиялық портретін қарастыру керек. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдар арасында жүргізілген психологиялық зерттеу психологиялық бейінді және олардың аз ғана адамдар тобымен араласуға ұмтылысы, жақын қарым-қатынастар орнату кезінде абай болу, сыбайлас жемқорлық құрбандарына қатысты аяушылықтың жоқтығы сияқты бірқатар қасиеттерді айқындап берді [2]. Олар, әдетте өздерінің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ешқашан жаза болмайды деп ойлайды. Атап айтқанда, қазіргі сыбайлас жемқорлықтың ашықтық және арсыздық сияқты сипаттамасы анықталып отыр. Жасырын, «қауіпсіз» парақорлық үздіксіз дамитынын атап өту керек, өйткені жемқорлар жасампаздығының жоғарылығы күмән тудырмайды. Шетелдік зерттеулердің деректеріне сәйкес сыбайлас жемқорлық бойынша айлашарғыларда зияткерлігі жоғары және мәселелерді стандартты түрде емес шешетін шығармашыл адамдардың мейлінше жолы болады. Нәтижесінде кейбір сыбайлас жемқорлық схемалары мен сыбайлас жемқорлық әрекетін ұйымдастыру тәсілдері әккілікпен және жетілгендігімен таң қалдырады [2, 57-б.]. Сыбайлас жемқорлыққа дендеген тұлғаның психологиялық портреті: өмірді материалдық игіліктер алу арқылы бағалау, молшылық өмірге ұмтылуды бақыт көрсеткіші деп санау, рухани әрекет ұстанымдарын ой елегінен өткізбей уәждеу және құрылымдау, өмірге қанағаттанушылықтың төмен деңгейі, өзін-өзін барабар бағаламау, сыртқы бақылау фокусы (адамның өз өміріндегі оқиғалар үшін жауапкершілікті сыртқы факторларға: басқа адамдарға, тағдырға, кездейсоқтыққа, қоршаған ортаға жабу бейімділігі), әрекет етудің серпінді типі (сыртқы әсерлерге аяқ асты эмоциональдық әрекет жасайтын мінезі бар адам) [2, 328-б.]. Сыбайлас жемқорлық әрекеті құрылымындағы психологиялық тетікті талдау. «Психологиялық тетік» деп кейбір функциональдық тұтастықты сипаттау түсініледі және қандай себептерге орай қандай да бір феноменнің пайда болатыны сипатталады. «Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігін» сипаттау үшін бұл процес қалай, қандай түрде жүзеге асырылатын, адамның бұл әлеуметтік әрекетін қоғам мен өзі қалай реттейтінін, бұл әлеуметтік құбылыс негізінде қандай психологиялық процестер, функциялар, феномендер жатқанын ұғыну қажет [4]. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігін талдау ауытқитын әрекеттің психологиялық тұжырымдарына негізделген. Оларға фрустрация теориясын (Дж. Доллард, 1939; Э. Фромм, 1994), «үйретудің» бихевиористік теориясын (В. И. Полтавец, 1998) жатқызуға болады. Бірінші теорияның мәні ауытқымалы әрекеттің өмірлік маңызды жеке қажеттіліктердің фрустрация (қол жеткізудің мүмкін еместігі) нәтижесі ретінде сипатталатынын білдіреді. Осылайша ол пайда болған 80 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития кедергілерді еңсеруге және ұмтылған нәрсеге қол жеткізуге бағытталады. Екінші теория әрекеттегі девиация дегеніміз адамның тәрбие процесінде алған әрекеттік қорғану тәсіліне еліктеу нәтижесі екенін байыптайды. Алайда, құндылық ұстанымдарды адам көбіне сезінбейді. Бұл адам өмірінің стил тұтастығын айқындайтын және оның ұстанымдарын ұзақ өмірлік бағдарламаларға қалыптастыратын базалық діни-философиялық, рухани, эстетикалық критерийлер және мұның бәрі тұлғалық әрекеттің нақты-ахуалдық нормаларын тікелей айқындайды. Адамның сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігін сипаттау мақсатында адамның әлеуметтік әрекетінің қандай бар бір нысанын қалыптастыратын құрылымдық элементтерді мен олардың өзара байланыс және өзара әрекет схемаларын, психикалық процестердің жүру себептерін, заңдылығын, серпінін айқындайтын модель әзірленді. Бұл модель төменде схема түрінде ұсынылған. Бұл модель адамның ілгерінді және теріс сипаттағы, атап айтқанда тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа бейім де, сыбайлас жемқорлыққа қарсы да әрекеті сияқты психологиялық тетігін айқындайды. Психологиялық тетіктің құрылымдық элементтерінің әрқайсысы сыбайлас жемқорлық әрекетіне қатысты өз сипаттық ерекшелігі болады. Мейлінше елеулі элементтерге талдау жүргіземіз. Қалау Қызығушылық Дүниетаным Сенім Мақсаттар Құндық бағдарлар Қажеттілік Бастапқы нақты уәж Міндеттер Ұсынымдар Психологиялық доминант Тұлғалық ұмтылушылық Қорғаныс уәжі Психологиялық қорғаныс Қызмет Бағыттылық Дайындық Қанағаттану Келешекті түйсіну Әрекет стилі Адам әрекеті қалыптасуының психологиялық тетігі 81 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ Қалаушылық адамның әлеуметтік әрекетінен көрінетін адам табиғатының ажырамас өзіндік элементі болып табылады. А. Маслоу теориясына сәйкес қажеттілік сатысы болады, онда мейлінше төмен деңгейдегі негізгі қажеттіліктер төменгі сатыда, ал жоғары деңгейдегі қажеттіліктер ең жоғарыда болады [5]. «Қалаушылық» элементі адам әрекетін қалыптастыру тетігін құрай отырып, сыбайлас жемқорлық әрекетінің міндетті құрылымдық элементі болып табылмайды. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігінің құрылымына кіретін бастапқы буындардың бірі мүдде. Мұнда сыбайлас жемқорлық қатынастарының бастамашысы кім болатының айырмасы жоқ: басшы тұлғаның бастамашысы бойынша пара сұрау (бопсалаушы) не сұраушының бастамасы бойынша парамен сатып алу. Нақ осы тұста мүдделер, қалаушылық перспективаларды (жеңіл баю, әлеуметтік мәртебені арттыру және т.б. мүмкіндігі) және өз мүмкіндіктері мен біліктігін (иеленген лауазым, мүмкіндік және т.б.) барабар бағалау негізінде пайда болады. Қазіргі заманғы жемқор – жоғары білімді, жақсы отбасы иесі, жақсы қызметкер (олардың көпшілігінің қызметтік тізімі мінсіз болады әрі айрықша іскерлік қасиеттермен және жұмыс қабілетінің жоғары деңгейімен, дүниетанымының, психикасының орнықтылығымен, көбіне жоғары материалдық жағдайымен ерекшеленеді) екенін ескере отырып, ол ең алдымен «өзін-өзі көрсетуге» ұмтылған тұлға. Бұл ретте, өзін басқалардан ерекше етіп көрсету (барынша жоғары әлеуметтік жағдайға ұмтылу, қамқоршы, «керек байланыстар» жүйесі, жеке оңай олжаны көксеу, молшылық өмірге ұмтылу, салынған қаражаттың «қайтарушылығын» күту және т.б.) ол үшін аса маңызды. Әрекеттің қозғаушы себебі ретінде көрінетін әрекет уәжі сыбайлас жемқорлық әрекеті тетігіндегі негізгі компоненттердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әрекеті уәжін әлеуметтік-психологиялық зерделеу қызықты нәтиже берді, ол екі жетекші уәжді көрсетті: материалдық игілікке ұмтылудан тұратын жеткілікті түрде анық уәж және сыбайлас жемқорлықты қауіпті және еліктіргіш ойын ретінде көрсететін таптаурын уәжі. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің мейлінше жиі кездесетін уәждері оңай олжаны көксеу, молшылық өмірге ұмтылу, салынған қаражаттың «қайтарушылығын» күту, қамқоршылық жүйесі, қауіпті ойын. Ю. М. Антонянның пікірінше «сыбайлас жемқорлық әрекетіндегі ойын уәждері пайдакүнемдік уәжбен сипатталады және бір-біріне себеп бола бастайды. Уәждеменің осы екі негіздерінің болуы, олардың бір бірін өзара күшейтуі сыбайлас жемқорлықтың таралушылығын және бұл әрекет өмір салты бола отырып, көп жылдар бойы іске асырылатын түсіндіреді» [6]. Америкалық психологтар, адамды сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасауға формальды топтарда табиғи қажеттіліктерге қанағаттанбаушылық итермелейді, олар осы орайда баюды көксеу, қоршаған адамдармен бәсекелесу, туа бітті агрессивтік және өштес және т.б. мінездерді атайды. С. Л. Рубинштейннің пайымдауынша қажеттілікте адамды мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында жағдайды өзгертуге бағыттайтын белсенді қатынасын (ұмтылысын) қамтиды. Демек, қажеттілік адам өз белсенділігін көрсету үшін қайдан энергия алатынын түсіндіреді [9]. 82 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития Серпінді білім және тіршілік иесінің танып-білу процесі: қиял мен әрекетті ұйымдастыратын және бағыттайтын белсенділігінің бастапқы нысаны қажеттілік болып табылады. Егер қажеттілік адамның дамуының қозғаушы күшінің негізі болып табылады, осының арқасында өмір мақсаттылыққа ие болады және не қажеттілікті қанағаттандыруға қол жеткізіледі не қоршаған ортамен кезеңсіз кезігу орын алады. Қажеттіліктер өзгеріссіз қалғанымен адамның жалпы мәдениетінің, оның нақтылық және өзіне қатысты білімінің өсуіне қарай жетіліп отырады [6]. К. Левин берген анықтама қызығушылық тудырады: «Серпінді жағдай ретіндегі қажеттілік – бұл белгілі бір ахуалда пайда болатын қандай да бір шиеленісті жағдай (ниет), ол адам әрекетін қамтамасыз етеді және қанағаттанушылыққа ұмтылдырады». Әрекеттің кез келген нұсқасы ішкі қажеттілік пен оларға қол жеткізу тәсілдерінің шиеленісі нәтижесі. Қалыптасқан мүдделер мен нұсқамалар сыбайлас жемқордың қажеттілігі ретінде көрінеді және оның белсенді сыбайлас жемқорлық мүдделерінің қайнар көзі болмақ. Таңдау сәті мейлінше маңызды қажеттілік ретінде де және оған қол жеткізу тәсілі ретінде де бұл процестің негізгі қозғаушы күші болады. «Табысты» лауазым «жеңіл ақшаға» қол жеткізу тәсілі болып табылады. Бұл жағдайда перспективалық жекелеген мақсат ретінде көрінеді. Сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдай жасайтын біздің мәдениетіміздің маңызды әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі формальды емес әлеуметтік қатынастардың формальды қатынастардан басым болады. Т. А. Нестиктің байыптауынша, «патернализм, иерархиялық және сыйлықтармен және қызметтермен бекемделе түсетін билікпен формальды емес қатынастардағы тірек мәдениеттің іргелік сипаттамасы бола бастады» [7]. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың нормативтік қызметтерді ақшаға айырбастау сияқты нысаны қызметтерге қызметтерді айырбастату, қызметтерді әртүрлі әлеуметтік құрылымдағы мейлінше жоғары мәртебені алуға айырбастау сияқты оның түрлерімен толыға түседі. Мүдделердің, әуестіктердің, көзқарастардың, сенімдердің нұсқамаға ауысуы саналы түрде де аңдаусыз да жүзеге асырылады. Алайда, екі жағдайда да нәтиже біреу – көзқарастардың, сенімдердің нұсқамаға айналуы оны сақтаудағы автоматты түрде жасалуына, оны орындауға субъективті қажеттілікке әкеледі. Ұстаным деп тұлғаның көңілі соққан және қандай да бір әрекеттерді тиімді орындауға мүмкіндік беретін жай-күй түсініледі. Қате әрекеттерден, қабылдаулардан немесе бағалаулардан көрінетін «ұстанымның қателігі» оның айрықша көріністеріне жатады. Нақ осы «ұстаным» адамның психикалық әрекетінде орталық сипатта болады және тұлғаның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, «қажеттіліктің» оны қанағаттандыратын жағдаймен кездесуі кезінде айқын көрінеді. Оған қоса жемқорлық байланыстарының жүйелік дәрежесі сыбайлас жемқордың ұстанымына (сыбайлас жемқорлық билік қатынастарының ажырамас бөлігі ретінде) тікелей барабар болады. Е. П. Ильин пікірінше, ұзақ уақыттық уәждемелі ұстаным рөлінде көрінетін қажеттіліктің немесе қызығушылықтың орнықты түрде үстем 83 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ болуы өмірдің өзекті желісін қалыптастыруы мүмкін. Осыған байланысты, ол адамның осы жағдайда дайындығы мен әрекеті мен іс-қимылының нақты тәсілдерін айқындайтын уәждемелі ұстанымға тән қасиеттерді тұлға бағыттылығының бірі ретінде санау жеткіліксіз. Ол іс-қимыл мен әрекеттің және кез келген қызметтің бағыттаушы. Ұстаным орнықты түрде үстем болуға тиіс, көбіне тұлғааралық және тұлғалық-қоғамдық қатынастармен байланысты әлеуметтік ұстанымдар осындай болады [8]. Сыбайлас жемқорлыққа жатпайтын әрекет, ең алдымен «жеңіл баюдың» психологиялық күтушілігін, өзекті қажеттіліктері мен уәждерінің проекциясын сыбайлас жемқор өзіне иеленетін ішкі бейне құрылады. Осыдан бастап өмірлік салдары бойынша аса қауіпті және генез үшін түбегейлі процесс – шынайылықты бұрмалап байыптау басталады: сыбайлас жемқор өз әрекеті үшін тартымды саналатын басты қайнар көзді көре бастайды. Ұстаным сыбайлас жемқорлық әрекетін жасауға жоғары дайындықты, бірақ әлі айқын ниетсіз өзіндік психологиялық доминантқа айналады. Саналы психологиялық әрекет ретінде жүзеге асырылатын «керекті байланыс» деп аталатын сыбайлас жемқорлар арасында өзара қатынастар аса маңызды рөл атқарады. Олардың өзара қарымқатынастары процесінде қалыптасатын сыбайлас жемқорлардың нақты байланыстарының артында сыбайлас жемқордың күтуінің, өзара мүдделерінің, жеке мүдделерінің күрделі жүйесін, тұлға аралық ұстанымнан көрінетін әртүрлі рөлдік және мәртебелік жағдайларды көруге болады. Сыбайлас жемқорлар өзара қатынастарға түсе отырып, сыбайлас жемқорлық әрекетін жасайды және көбіне олардың әрекетінің нақты мазмұны болады. Бұл құбылыстар бізге бәлкім теріс аударылған түрде көрініс беріп, өзін басқа жағынан көрсетеді, нәтижесінде өзара қатынастар мен өзара іс-қимылдардың сипаты өзгереді. Ұстанымның дамуы білімді иелену және жүйелеу жолымен, сондайақ орнықты, дәйекті және мақсатты сипатта болатын ішкі дайын болушылықтың қалыптасуы арқылы қол жеткізіледі. Егер ұстанымдар әрекет стратегиясын айқындаса,уәждер әрбір нақты жағдайда тактиканы айқындайды. Бұл тұста уәж осы тұлғаға сыбайлас жемқорлық әрекетін жасау мүмкіндігін беретін мақсаттар мен бағдарламалардың вербалдануы ретінде көрінеді. Нақты уәждеме әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан бастапқы барабар мақсаттың («жеңіл табыс») болуын болжайды. Адамда қоғам белгілейтін жалпы қағидалар мен әрекет нормаларына тәуелді болу жоғала бастайды. Әрекеттің сыртқы ынтадан босануы іске асады. Сонымен бір мезетте өзі үшін қоғамға қарсы әрекет жасау мәнін жоғалтудан көрінетін тұлғаның дербестік деңгейі өсе түседі. Адам, оның қоршаған ортаға ұнайтыны-ұнамайтынына қарамастан сыбайлас жемқорлық әрекетін жасауға барады. Ұстанымның бұзылуы, яғни бағыттылықтың жойылуы байқалады. Қалыптасқан әрекет стилінен бас тартуды қаламайтын сыбайлас жемқор көбіне ақталуға мәжбүр болады. Мәселен, нақты уәждермен қатар қорғаныс уәждемесі пайда болады, яғни бұрынғы тұлғаны шеттетіп, бүлдірген басқа тұлға туады. Сонымен бір мезетте психологиялық қолайлылық сезімін сақтайтын қорғаныс тетігі іске қосылады. Олар үшін теріске шығару мен өтемақы, сыбайлас жемқорлық қылмысы 84 Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы и институты развития құрбандарының өздері де осындай қылмыстар жасағаны туралы сенім сияқты психологиялық қорғаныс түрлері тән болады. Қорғау тетіктерінің пайда болуы сыбайлас жемқордың әрекеті уәждемесінің сапалы жағынан өзгергенін көрсетеді. Сандық қатынас жағынан бұл К. Морган бойынша «орталық уәждеме жағдайының» пайда болуынан көрінеді, ол мынадай қасиеттермен сипатталады: 1) ол бір рет пайда болса сенсорлық қоздырғыштар тарапынан қолдаусыз әрі қарай созыла береді; 2) салдар тобының ұлғаюынан көрінетін жалпы белсенділікпен ілесе жүреді; 3) ұмтылыстардың кей түріне ден қоюға, екінші түріне көңіл бөлмеуге бейімділік, бұл әрекетті бұзуға жоғары дайындығынан көрінеді. Орталық уәждемелі жай-күй негіз болып табылады, онда сыбайлас жемқорлық әрекетке дайын болушылық өркен жаяды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық әрекеті жетекші уәж болып қалыптасады. Оған қоса тұлғаның дербестігі қанат жаяды. Бұл сыбайлас жемқордың «қолайлы» ортамен араласуына ықпал етіп, әлеуметтік бақылау мүмкіндігін азайтады және сыбайлас жемқорлық әрекетінің одан әрі күшеюіне және осы дертпен шалдыға түсуіне ықпал етеді. Егер әрекет нормаларынан ауытқудың бастапқы көріністерінде тұлғаның психологиялық негізін бұзбайтын және рухани-этностық құндылыққа бастайтын қандай да бір деңгей туралы айтуға болатын болса, одан әрі нормадан жүйелі түрде ауытқу кезінде сыбайлас жемқорлық тән әрекет стилі қалыптасады, ол кезде осы ауытқушылық жетекші мағына құраушы қажеттілік ретінде көрінеді. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық әрекеті басты уәждемелі күшке, өмірдің негізгі мәніне айналады. Осы кезеңде сыбайлас жемқорлық әрекетінің сипаты мен мазмұны өзгереді. Сыбайлас жемқорлық әрекеті эмоционалдық салада оқшауланатын құбылыс болып, зияткерлік функцияны да қамтитын тұтастай қолайлы жай-күйге дейін кеңейеді. Нәтижесінде «жеңіл табыс табу» мүмкіндігі әрекет стиліне айналады. Әзірленген тетікті егжей-тегжейлі талдау өзінің күрделі ойпайымымен ерекшеленетін сыбайлас жемқор тұлғасы деструктивті тұлға екенін ұғынуға мүмкіндік берді, оның әрекеті кез келген мемлекет үшін бүлдіргіш сипатта болады. Әр замандағыдай сыбайлас жемқорлықтың түпкі мақсаты бұрынғыдай қала береді, ол – адамның заңсыз жолмен алатын жеке пайдасы немесе өзге сыйақы. Мұндай тұлға сана-сезімге тиісті таптаурынды ой қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлықтың дұрыстығы мен перспективалығы жөнінде келешек ұрпаққа нұсқама беруімен қауіпті. Осылайша, сыбайлас жемқорлық әрекеті үрдісі әуелгіде көңіл-күй, қызығушылық, пікір, жекелеген адамның нұсқамасы ретінде көрініп, одан соң нақты әрекеттен көрінетін әрекеттер мен іс-қимылға айналады. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің диагностикасы мен профилактикасы әдісіне: – әлеуметтік-коммуникативтік процестер мен нормсативтік құжаттардың психологиялық мониторингі; – әртүрлі жүріс-тұрыс моделдерінде субъект-субъекті қатынастары (пара беруші – делдал – пара алушы) профилизациялау; – алдын алу шараларының мазмұнын түзету және сараптау; – әлеуметтік нормалар мен таптаурын мәселелерді өзгерту; 85 ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ – психологиялық-диагностикалық әдістерді (полиграф, тестілеу, вербальды және вербальды емес бақылау және т.б.) қолдану жатады. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды осы құбылысқа (сыбайлас жемқорлық әрекетінің сыртқы факторлары) әлеуметтің қатынасын өзгертуге, сонымен қатар қалыпты мінез-құлықтық бейінге және олардың әлеуметтік стереотиптерін қалыптастырушыларға түрлендіруге де бағдарлау қажет (сыбайлас жемқорлықтың ішкі факторлары). Тірек сөздер: психологиялық тетік, қызығушылық, дүниетану, қағидат, ынталандыру, қажеттілік, құндылық бағдар, бағыттылық, психологиялық доминант, жеке басының ұмтылысы, қызмет, даярлық, перспективаларды ұғыну, психологиялық күтудің проекциясы, қорғаушылық ынталандыру, психологиялық жайлылық, мінез-құлық стилі. ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР 1. Психологиялық фактордың сыбайлас жемқорлыққа әсер ету шарасы қандай? 2. Сыбайлас жемқорлықтың негізгі психологиялық құрамдастарын сипаттаңыз. 3. Қазіргі заманғы сыбайлас жемқор адамның психологиялық портретін жасаңыз. Рефераттардың үлігілік тақырыптары 1. Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық мінез

3-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ҮШІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК § 11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық негіздері Конституция – еліміздің Негізгі заңы. Қазақстан халқы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум арқылы ел егемендігінің қалыптасу негізін, қоғам мен мемлекеттің құқықтық жүйесін айқындайтын қолданыстағы Конституцияны қабылдады. Өткен жылдарға назар аударсақ, барлық уақытта Конституцияның нормаларын орындау мақсатында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын жүйелі әлі тұрақты түрде қорғау, сондай-ақ халықаралық қатынастарда ұлттық мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайту процестері жүзге асырылып келді. Бұл ретте, ең алдымен, Конституцияның ішкі логикасы негізге алынды. Онда Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, ең маңызды негіз ретінде адам мен азаматтың құқықтары мен мүдделерін толыққанды қорғау және сонымен бірге саяси билік нормаларының көмегі арқылы ықтимал қиянат жасау мен сыбайлас жемқорлықты шектеуге ұмтылу міндеттері белгіленді. Бұл жөнінде еліміздің Конституциясы бойынша ең маңызды негіз ретінде оның 12-бабы 2) тармақшасының нормалары қолданылады, онда «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» деп анық жазылған. Әрине, 20 жылдан аса уақыт бойына Негізгі заңның мәртебесін көтеру, жоғары заңдық күші бар және республика аумағында тікелей әрекет ететін нормативтік құқықтық акт ретінде іске асыру және оның барлық құқықтық жүйесі мен қолданыстағы құқықтарының негіздерін қамтамасыз ету ғылыми негізделген бағдарламалар мен тұжырымдамаларды әзірлеуді талап етті. Бұндай саяси-құқықтық құжаттар үшін біздің қоғам өмірінің заң саласын кешендік бағалау негізге алынып, конституциялық нормалар мен ережелерді құқық жүйесіне, заң практикасына, еліміздің егемендігінің объективті әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени және тарихи факторларын ескере отырып, үстемдік етіп отырған құқықтық идеологияға енгізу жолдары ұсынылды, қоғам, мемлекет және құқықтың өзара қарым-қатынасын құқықтық реттеудің тиімділігін қамтамасыз етті. Ең алдымен, Конституцияны еліміздегі Негізгі заң ретінде қарастыру керек. Бұл конституциялық құрылысты, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін, республиканың жоғары мемлекеттік билік органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси-құқықтық акт болып табылады. Негізгі заңымыздың негізінде біздің барлық саяси және құқықтық жүйеміз құрылды, сондай-ақ үш негізгі тірек: саясат, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 88 құқық және экономика арасындағы белгілі бір теңгерімге қол жеткізілді. Оған екі рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және олар жоғары дәрежеде алға жылжу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталуымен ерекшеленеді. Мысалы, 1998 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Конституциясына алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізу туралы норма енгізілді. Бұл жаңашылдықты ғылыми пайымдау және талқылау үшін уақыт қажет болды және 2007 жылдың қаңтарынан бастап еліміздегі қылмыстық процесте сот алқабилерінің қатысуымен жұмыс істей бастады. Бұл ретте, оны құқықтық реттеу тиімділігін арттыру мақсатында, оның қызметіне тұрақты түрде құқықтық және ғылыми мониторинг жүргізіледі. Басқаша мысал келтіретін болсақ, 2007 жылдың мамырында Конституцияға кезекті конституциялық өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Соның нәтижесінде, 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап біздің елімізде қылмыс жасаған адамдарды сотта қамауға алу енгізілді. Заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында, қылмыстық қудалау органдарының және соттың оны таңдауы үнемі еліміздің Жоғарғы Сотының және Бас Прокурорының тиісті түсіндірмелерін шығару арқылы түзетіліп отырады. Конституцияның ең басты миссиясы - қабылданатын заңдардың адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауын және құқық қолдану процесінде оларды қорғауды тиімді қамтамасыз етуі болып табылады. Конституция – еліміздегі Негізгі заң. Оның анықтамасын ашып көрсетер болсақ, ең алдымен, Конституция – бұл мемлекеттік егемендіктің негізі, яғни мемлекеттік өз аумағында үстем болуы және халықаралық қатынастардағы оның тәуелсіздігін бекітеді. Конституция заң жүзінде белгіленген негізгі нормативтік құқықтық актілердің ішінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының жіктемесі жүйесінде бірінші орында тұрады. Сонымен бірге ол барлық заңнамалық белгіленген нормативтік құқықтық актілер сатысында да бірінші орынды алады. Сәйкесінше, барлық қалған нормативтік құқықтық актілердің нормалары мен ережелері Конституцияның нормалары мен ережелеріне қайшы келмеуі тиіс. Бұдан басқа, Конституцияның өзінде оның жоғары заңдық күші бар екені және республиканың барлық аумағында тікелей қолданылатыны көрсетілген. Бұл ретте, еліміздің ешқандай заңы бұндай заңдық мәртебеге ие емес екенін айта кету керек. Осы айтылғандардың барлығы түсінікті болса да, талдау барысында адамзат тәжірибесінде, азаматтарды қоса алғанда, барлық құқық субъектілері өздерінің істері мен дауларын шешу кезінде Конституцияның нормаларын пайдаланбайтыны анықталып отыр. Бұл біздің қоғам мен мемлекеттің құқықтық мәдениетіндегі салмақты кемшіліктердің бірін көрсетеді. Нақтырақ айтқанда, Конституция – Негізгі заң десек те, күнделікті тәжірибеде азаматтар оның нормаларын басшылыққа алмайды, Конституция әрбір азаматтың үстел үстінде тұратын негізгі кітабы болуы тиіс екенін ескермейді. Бұдан басқа, Конституцияның нормаларын пайдалануға негізделген соттық және өзге де құқықтық шешімдердің аз болуы жағдайды күшейте түседі. Еліміздің 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 89 Президенті Қазақстан Республикасының Конституция Күнін белгіледі. Бұл күн әрқайсымыз үшін Конституция нені білдіретінін барлық қоғамға тағы бір рет түсіндіруге мүмкіндік береді. Аталған мәселені түсіндіруде еліміздегі заң қоғамдастықтары, атап айтқанда Конституциялық Кеңес, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия да өз үлестерін қосуда. Жалпы алғанда, барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, ғылыми-педагогикалық орта және және т.б. Конституцияның нормалары мен ережелерін қарқынды насихаттауы қажет. Осы ретте, Конституциямыздың артықшылықтарын емес, ол әрине даусыз, оның нормаларын қолданудың нақты жағдайлары немесе Конституцияның нормалары мен ережелеріне жекелеген заңдардың ережелерінің сәйкес келмеуі туралы көптеп айту керек. Конституцияның өзінде де, 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңда да Конституция түсінігінің тікелей анықтамасы жоқ екенін ескеру қажет. Сондай-ақ бұндай жағдай белгілі бір деңгейде Конституция нормаларын көпшілік және қоғамдық тәжірибеде пайдалану жиілігінен және нақты көлемінен, ең алдымен, нақты істер мен дауларды шешу кезінде көрініс табады. Конституция ұғымының анықтамасы мынадай маңызды сәттерді қамтуы тиіс: біріншіден, ол конституциялық құрылысты, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітеді, екіншіден, ол басқару нысанын және мемлекеттік құрылысты белгілейді, үшіншіден, ол мемлекеттің жоғарғы органдарын құрады, яғни Конституция арқылы бекіту, белгілеу және құру мәселелері көрсетілуге тиіс. Әрине, бұл еліміздің барлық құқықтық жүйесіндегі оның үстемдігін айқын түсінуге мүмкіндік береді. Құқық пен мемлекет теориясында Конституция ұғымының бұндай анықтамасы оған дейін әзірленген. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалары. Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын талдау барысында оның барлық негізгі ережелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне тікелей қатысы бар екенін көрсетті. Конституцияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес базасы, негізгі құқықтық тетік, бағдарлама ретінде қарастыру қажеттігін айта кету керек. Бұны мынадай сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды конституциялық ережелер мысалында түсіндіруге болады. Бірінші. Қазақстан Республикасының өзін құқықтық мемлекет деп жариялауы болып табылады. Барлық істер мен даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы негізінде және оған қатаң сәйкестікте шешілуі тиіс деп ойлау керек. Қазақстанда сот төрелігі тек сот арқылы жүзеге асырылады. Аталған конституциялық норманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәлелі айқын және түсіндіруді талап етпейді. Екінші. Конституция бөлімдерінің логикалық құрылуы мен жүйелілігіне келсек, онда еліміздің мемлекеттік аппарат жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жеңудің негізгі әдісі ретінде тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесіндегі әрбір жоғары мемлекеттік билік органының миссиясын көрсетеді. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 90 Үшінші. Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрылымын және оның ішкі қарама-қайшылығын, нормативтік құқықтық актілерді қамту және қолдану арқылы адамның құқықтары мен бостандықтарының органикалық байланысын, сыбайлас жемқорлықты жеңудің маңызды шарты ретінде қарастырылатын, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау міндетін бекіту. Төртінші. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталуға қатысты Конституцияның нормалары бар, онда ел Президентін Мемлекет басшысы және оның жоғары лауазымды адамы ретінде сайлау рәсімдері, сол орында оның болу мерзімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті лауазымын атқаруына байланысты шектеулер көрсетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістері ретінде, мысалы, заңдарды қабылдау (заңдарды, оның жекелеген баптарын қайта талқылау және дауыс беру үшін қайтару құқығы) кезінде Парламентпен өзара қарым-қатынасын, немесе Үкіметтің және Премьер-Министрдің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерінің актілерінің әрекетін толық не ішінара тоқтата тұру құқығын қарастыру керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы салмақты әлеует Негізгі заңның 45-бабы 3-тармағының ережелерінде енгізілген. Онда Парламент Палаталарының Төрағалары мен Премьер-Министрдің заңдық тұрғыдағы жауапкершілігі, сәйкесінше, Президент қол қоятын Парламент актілерінің заңдылығы, сондай-ақ Үкіметтің бастамасымен шығарылатын, Елбасы қол қоятын Президент актілерінің заңдылығы үшін жауапкершілік бекітілген. Бесінші. Заңмен реттелетін маңызды қоғамдық қатынастар шеңбері, заңдарды ұжымдық қабылдау, өзге де мәселелерді Парламент деңгейінде шешу, Парламент және оның палаталары ішінде заң жобасы қозғалысының рәсімдері, депутат мәртебесіне байланысты, Парламент депутаттары үшін шектеулер, қылмыстық процестегі депутаттық қол сұғылмаушылық, Үкіметтің есебін Парламенттің бекітпеуге құқығы және басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың дербес конституциялық факторлары айқындалған. Алтыншы. Заңдарды нақты әрі мінсіз орындау, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың актілерін толық немесе ішінара жою не тоқтата тұру құқығы, лауазымды атқаруына байланысты шектеулер – бұл Үкіметтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеу әдістерінің толық емес тізімі. Жетінші. Конституциялық Кеңеске Конституцияның нормаларын түсіндіру құқығы, Парламент қабылдаған заңдарды ел Президенті қол қойғанға дейін олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау, заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп тану жүктелген – бұл Конституцияны «қорғаушының» және «еліміздегі екінші заң шығарушының» сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық тәсілдерінің жиынтығы. Сегізінші. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары әлеует еліміздегі сот төрелігінің конституциялық негіздері ретінде алынған, оның ішінде 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 91 судьяларды сайлау және тағайындау тәртібі, қылмыстық процестегі судьялардың қол сұғылмаушылығы, судья лауазымын атқаруына байланысты шектеулер бар. Тоғызыншы. Сыбайлас жемқорлық әсіресе, жергілікті жерлерде, өңірлерде көптеп көрінеді. Сондықтан, Конституция жергілікті жерлерде мемлекеттік қызметтің имиджін нығайту және сыбайлас жемқорлықты жеңудің өзекті факторлары ретінде жергілікті мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздерін дамытуға үлкен мән береді. Тірек сөздер: Қазақстан Республикасының Конституциясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, конституциялық ереже, Негізгі заң, нормативтік құқықтық акт. ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР 1. Конституция Қазақстан Республикасының қазіргі құқығы жүйесінде қандай орын алады? 2. Конституцияны неліктен еліміздің Негізгі заңы деп есептеу қабылданған? 3. Қазақстан Республикасының Конституциясына анықтама беріңіз. 4. Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай тетіктер бекітілген (республиканың конституциялық органдарының құқықтық мәртебесі мысалында түсіндіріңіз)? Әдебиет 1. Қазақстан Респуб

§ 12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама эволюциясы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы мен дамуы Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдары қабылдайтын шешімдердің тиімділігіне зиян келтіре отырып, ел экономикасына кері әсер етеді, адамгершілік қағидаттарына зиян келтіреді, азаматтардың мемлекетке деген сенімділігін азайтады және әділ сот төрелігінің қағидаттарын бұзады. Сыбайлас жемқорлық, әрине, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендетеді, үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамудың тоқтап қалуына ықпал етеді. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде сөйлеген сөзінде, «Меритократия қағидаттарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жүйелі жұмысты жолға қою маңызды» деді [1]. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан іс-шараларға қарамастан, сыбайлас жемқорлық әлеуметтік қайта құруды және ұлттық экономиканы жаңғыртуды жүргізуге кедергі келтіреді, қоғам ішінде мемлекеттік институттарға деген сенімсіздік пен үрейдің пайда болуына әкеледі. Осыған байланысты, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институттары мен тетіктерін қалыптастыруды мақсатты түрде кезең-кезеңмен жүзеге асырып келеді. 2016 жылдан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 6) тармақшасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық әрекетіне «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу» жатады [2]. Сыбайлас жемқорлық себептерін, шарттары мен салдарларын анықтау кезінде жергілікті менталитет, ұлттық және діни ерекшеліктер, құқықтық мәдениеттің деңгейі секілді факторлар ескерілуі тиіс. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» бойынша жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады және мемлекет пен қоғам осындай жағымсыз құбылысқа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс [3]. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ерекшелігі – сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық жағымен қатар, ол мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық салаларымен де тығыз байланыста болуында. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап Қазақстан посткеңестік елдердің ішінде алғашқысы болып, кең көлемді сыбайлас жемқор- 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 93 лыққа қарсы қызметті күшейтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық базаны қалыптастырды, нәтижесінде Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың жүргізіп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатымен тікелей байланысты даму кезеңдерінен өтті. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін оның аумағында бұрынғы КСРО мен ҚазКСР-дің нормативтік құқықтық актілері қолданылды, алайда олардың жаңа экономикалық бағытқа сай келмейтін тұстары жиі кездесті. Егер оған дейін барлық мүлік мемлекеттік меншікте болса, тәуелсіздік алғаннан кейін жекешелендіру процесі басталып, жеке меншік пайда болды, ал заңнама саласының жаңа экономикалық болмысқа сай ықпал етуі әлсірей бастады. Дәстүрлі экономикалық байланыстардың бұзылуынан туындаған экономикалық құлдырау салдарынан кәсіпорындар тоқтап, жұмыссыздық деңгейі өсті, қылмыс көбейе бастап, оған дейін болмаған экономикалық қылмыстың жаңа түрлері пайда болды. Сонымен бірге қылмыстық топ ұйымдасқан қылмысқа қатысты нормалар бойынша заңнамадағы олқылықтарды пайдаланып, олар өз мүшелерін мемлекеттік органдарға кіргізу арқылы қылмыстық әрекеттерін ұйымдастыра бастады. Яғни, ұйымдасқан қылмыстың мемлекеттік органдарға ену қаупін сезіп, мемлекет қылмысқа қарсы іс-қимыл және ел өмірінің әлеуметтікэкономикалық салаларын тұрақтандыру бойынша алғашқы кезектегі жедел іс-шараларды қабылдады. Осыған орай, мемлекеттің бірінші әрекеті ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылмен айналысатын арнайы органдар құруға бағытталды. Жаңадан құрылған бұл органдардың қызметі экономикалық және әлеуметтік қайта құруға, соның ішінде сыртқы экономикалық салаға арналды. Банк операцияларына, салық инспекцияларына, кеден және қаржы органдарына ерекше назар аударылды. Органдар қызметінің нәтижесінде алынған барлық ақпарат экономика саласындағы құқық бұзушылықтар туралы республикалық автоматтандырылған деректер банкіне жүйелі түрде енгізіле бастады. Құқық қорғау және бақылау органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйелері мен ақпараттық желілерінің материалдықтехникалық қоры құрылды. Сондай-ақ ақпаратты қорғау және қажетті жобалық-технологиялық құралдарды құру бойынша жұмыстарды қаржыландыру жүргізілді. Алғашқы кезекте, мемлекеттік органдар қызметі сыбайлас жемқорлықтың алдын алумен қатар, жасалған фактілерге қарсы күреске бағытталды, тәжірибе жинақтала бастады, бірнеше фактілерден кейін кешендік тәсіл қажет екендігі белгілі болды. Осылайша, 1992–1997 жылдар аралығында, бұл жылдарды алғашқы кезең деуге болады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестің нормативтік-құқықтық негіздерін қалыптастырудың бастапқы кезеңі өтті. 1992 жылдың 17 наурызында «Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы» Жарлық (бұдан әрі – Жарлық) шығарылды. Аталған Жарлықты СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 94 қабылдау негізі елімізде таралған құқыққа қайшы қызмет фактілерінің, криминалдық кәсібиліктің өсуінің, қылмыстың ұйымдасқан сипатқа ие болуының жолын кесу қажеттілігі болды. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерінің элементі ретінде мемлекеттiк құрылымдарда мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарында басшылық қызметте iстейтiн, жекешелендiру тәртiбiмен мемлекет мүлкiн меншiгiне сатып алатын адамдардың өз отбасының мүлiктiк жағдайы туралы декларация беруге мiндеттi екенi; лауазымды адамдардың қызмет бабындағы мiндеттерiн атқаруға байланысты кез келген нысанда кәсiпорындардан, ұйымдардан және азаматтардан және және т.б. сыйлық алуына тыйым салу бекітілді [4]. Елімізде бұндай реформаларды жүргізу арқылы қылмыстың, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстың өсуінің жолын кесу түрінде криминалдық қызметтің таралауына арналған заңнамалық тұрғыдағы кедергілер жасалды. Дегенмен, Жарлықта «сыбайлас жемқорлық» ұғымының анықтамасы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың әзірленген айқын тетіктері болған жоқ. Бұл кезең Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық салалары үшін маңызды тарихи сәттермен сипатталады. Атап айтқанда, 1995 жылы 30 тамызда президенттік басқару нысаны бекітілген, Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды; 1997 жылы Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2030» Стратегиясы: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» тарихи құжаты қабылданды, ол әлеуметтік бағдарламалар әзірлеу мен бірқатар нормативтік құқықтық актілердің – «Прокуратура туралы» Заң, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң күші бар Жарлық, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін жаңартудың басталуына негіз болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қалыптастырудың осы кезеңінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының негізгі қағидаларын іске асыру мақсатында, 1997 жылы 5 қарашада «Ұлттық қауiпсiздiктi нығайту, ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi одан әрi күшейту жөнiндегi шаралар туралы» Жарлық шығарылды. Үкімет деңгейінде мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларының iрi ақшалай шығыстарына бақылау орнату және заңсыз табылған ақша мен өзге де мүлiктi заңдастыруға («тазартуға») жол бермеу мақсатында өзге де қаржылық бақылау шараларын бекітетін нормаларды әзірлеу үшін жағдай жасалды. Мемлекеттiк қызметшiлердi аттестаттау мен қызметте жоғарылату және мемлекеттік қызметте ілгерілету туралы мәселенi шешу кезiнде оларды арнайы тексерудiң мiндеттiлiгi енгізілді [5]. Сонымен бірге аталған кезеңде басты артықшылық ретінде екі құрамдас бөлік атап көрсетілді: а) ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықтың өсуін және олардың өзара байланысты болуын, күшеюін болдырмау; б) еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекеттің конституциялық 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 95 негіздеріне қатысты сыбайлас жемқорлық қаупінің деңгейі айқын болғандықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тоқтаусыз құқықтық ісшаралар қабылдаудың қажеттігі. Осыған байланысты, 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексте 17 жеке құрам болды – 176-баптың 3-бөлігі г) тармағы, 177-баптың 3-бөлігі г) тармағы, 177-1-баптың 3-бөлігі б) тармағы, 192-баптың 2-бөлігі в) тармағы, 193-баптың 3-бөлігі а) тармағы, 209-баптың 3-бөлігі а) тармағы, 226-1-баптың 3-бөлігі б) тармағы, 307-бап, 308-баптың 4-бөлігі в) тармағы, 310-315-баптар, 380-бап, 380-1-баптың 2-бөлігі в) тармағы, 380-2-бап [6]. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлыққа 21 қылмыс құрамы жатқызылды: 189-баптың 3-бөлігі 2) тармағы, 190-баптың 3-бөлігі 2) тармағы, 215-баптың 2-бөлігі 3) тармағы, 216-баптың 2-бөлігі 4) тармағы, 217-баптың 3-бөлігі 3) тармағы, 218-баптың 3-бөлігі 1) тармағы, 234-баптың 3-бөлігі 1) тармағы, 249-баптың 3-бөлігі 2) тармағы, 307-баптың 3-бөлігі 3) тармағы, 361-бабы, 362-баптың 4-бөлігі 3) тармағы, 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 450-баптар, 451-баптың 2-бөлігі 2) тармағы және 452-бап [7]. Осылайша, Қазақстан егемендік алуымен қатар барлық қоғамдық жүйенің өзгеру кезеңіне енді. Сонымен бірге мемлекеттік нысандарды жаңарту процесіне, меншікті бөлу және қайта бөлу процесінен, экономиканы заңдастырудан, қаржылық, салықтық, кедендік және т.б. салалардағы реформалардан өтті. Заңнама базасы экономикалық өзгерістерге ілесе алмай, заңдар бір-біріне қайшы келетін тұстар жиі кездесті. Бұлардың барлығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал етті. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша түбегейлі іс-шаралар керек болды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы олқылықтарды жою, әртүрлі нормативтік құқықтық актілер арасындағы қарама-қайшылықтарды жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мықты нормативтік құқықтық базасын құру қажеттігі туындады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар кешенінің қажеттігін сезіне отырып, мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кешендік сипатқа ие іс-шараларды жүргізе бастады. Олар қылмысқа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру және қылмыстық жолмен жиналған капиталды «жылыстату» бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесінің құрамдас бөлігін құрайтын болды және оны заңдастыруға жол бермеуге бағытталды, осы сәттен бастап екінші кезең – 1998– 2000 жылдар кезеңі басталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының екінші кезеңін 1998 және 2000 жылдар аралығына жатқызуға болады. Осы кезеңде сыбайлас жемқорлықтың ұйымдасқан қылмыспен үйлесімділікте тигізетін қауіптілік деңгейіне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес институтының жұмыс істеу әдіснамасы мен әдістерін анықтау қажеттігі туындады. Екінші кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте құқық қорғау және арнайы органдардың әдістері мен құралдарын қолдану керектігі СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 96 туындады, яғни осындай әлеуметтік қауіпті тудыратын себептермен емес, тек оның салдарларымен күресу қажет болды. 1998 жылы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарып, жаңа экономикалық байланыстар орнатылды, экономикалық қызметке сәйкес келетін заңнама әзірленіп, қабылданды. Оларға қол жеткізу үшін қажетті мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Екінші кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясат әзірленіп, сыбайлас жемқорлық себептерін зерделеу бойынша ғылыми зерттеулерге талдау жүргізілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша халықаралық және отандық арнайы институттардың тәжірибелері кеңінен қолданыла бастап, халықаралық ынтымақтастық дамыды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің практикалық іс-шараларын әзірлеу жүзеге асырылды, Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұзақмерзімді стратегия және заманауи талаптар мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, жаңа нормативтік құқықтық актілер әзірленді. Екі негізгі заң: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» [8] және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар қабылданды [9]. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның қабылдануы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басты құқықтық және әдіснамалық негіз болды. Алғаш рет посткеңестік кеңістікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң қабылданып, сыбайлас жемқорлық анықтамасы берілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің мақсаттары мен қағидаттары бекітілді. Заңда сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері нақты белгіленген. Атап айтсақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне мемлекеттік функциялар мен оларға теңестірілген функцияларды орындайтын тұлғалар жатады. Олар – мемлекеттік қызметшілер, судьялар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен мәслихаттардың депутаттары. Сонымен бірге заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізуге уәкілетті органдар шеңбері айқын анықталып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасағаны үшін заңдық жауапкершілік белгіленген. Аталған заңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған баптардың ерекше маңыздылығы атап көрсетілген. Заңның 2-тарауында қаржылық бақылау туралы, мемлекеттік функцияларды орындаумен сәйкес келмейтін қызмет туралы, жақын туысқандармен бірлесіп қызмет атқаруға жол бермеу туралы, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және олар үшін жауапкершілік туралы ережелер қамтылған. Заң дегеніміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған барлық кезекті нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік бағдарламалардың заңдық және әдіснамалық базасын білдіреді. Аталған заңның мәні мен маңыздылығы, оның сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы кезекті әрі жүйелі күресті жүзеге асырудағы рөлі уақытпен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысында қол жеткізілген нәтижелермен расталады. 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 97 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін осындай заңнамалық базаны қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлықты этикалық ауытқулардың болуы және тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке әкелетін қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды жасау ретінде қарастыруға мүмкіндік берілді. 1998 жылдан бастап әділет органдары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды, сондай-ақ жағымсыз себептермен жұмыстан шығарылған адамдарды есепке алуды жүргізе бастады. Бұл мемлекеттік қызметке оған дейін сыбайлас жемқорлық қызметке қатысты болған адамдарды қабылдамау үшін іріктеу құралы болып табылды. Екінші кезеңде мемлекет 1999–2000 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы негізінде [10] сыбайлас жемқорлық процестерінің мемлекет пен қоғам өміріне тигізетін деструктивті ықпалын барынша азайту үшін жүзеге асырылуы тиіс мақсаттар мен міндеттерді қалыптастырды. Мемлекет мақсаттар мен міндеттерді айқындай отырып, жоспарлы түрде Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын жүзеге асыруға кірісті, осылайша, үшінші кезең – 2001–2004 жылдар кезеңі басталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы бойынша үшінші кезең 2001–2004 жылдар аралығында өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша жүйелі әдіс-тәсілдің болуы аталған кезеңнің ерекшелігі болып табылды. Үшінші кезеңде мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесін берді. Оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыстар жалпы жүйелік және кешендік сипатқа ие болды. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалды. «2001– 2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлыққа сәйкес [11], сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес жүйелі әрі бірізді сипатқа ие болды. Осылайша, орталық мемлекеттік органдардың функцияларының бір бөлігін өңірлер мен жеке секторға кезең-кезеңмен беру арқылы олардың функцияларын біртіндеп орталықсыздандыру жүзеге асырылды, монополия саласы қысқартылды және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасалды, халыққа қызмет көрсету кезінде «бір терезе» қағидаты енгізілді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң [12] және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі [13] қабылданды. 2002 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтау мәселелері жөніндегі комиссия құрылды [14]. Комиссия қызметінің мақсаттары сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика қағидаларын бұзуына қарсы күресті күшейтуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісімді іс-шараларды әзірлеу және қабылдау болып табылады. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 98 Комиссия Мемлекеттік басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, жемқорлыққа қарсы күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстарын енгізеді. Аталған орган үнемі жемқорлыққа қарсы күрес жағдайына мониторинг жүргізіп және талдау жасап отырады, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін, жауапты мемлекеттік лауазымдарды иеленген адамдардың жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды, мемлекеттік қызметшілердің этиканы бұзу жағдайларын қарастырады және олар бойынша уәкілетті адамдарға қызметтік тергеп-тексеру жүргізу, тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымдар дайындайды, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңестерінің қызметтерін үйлестіреді. Бұл комиссияның 2004 жылы 1 желтоқсанда Сыртқы істер министрлігіне ұсынған шешімі маңызды рөл атқарды. Атап айтқанда, Трансұлттық қылмысқа қарсы БҰҰ Конвенциясына (2000 жылғы 15 қараша), сондайақ «Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы» (Страсбург, 1990 жылғы 8 қараша), «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» (Страсбург, 1999 жылғы 27 қаңтар) халықаралық конвенцияларға Қазақстанның қосылу процесін жеделдету ұсыныстары жасалды. Бұндай шешімдер мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы толыққанды әрі жан-жақты халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылысын көрсетті. 2002 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының алғашқы Құқықтық саясат тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді [15]. 2001 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы» нормативтік қаулы қабылдады [16], ол «сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс», «лауазымды тұлғалар», «сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс субъектілері», «ұйымдастырушылық-өкімдік функциялар», «мүліктік игіліктер мен басымдықтар» (ескі редакцияда) және және т.б. ұғымдарға қатысты даулы мәселелерді нақтылауда белгілі бір шекті бұзып өтетін қазіргі құқықтық дискурс болып табылады. 2004 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) туралы ереже бекітілді [17]. Ережеге сәйкес, Агенттік экономикалық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету мақсатында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестірудi әрi өзге де арнайы атқарушы және рұқсат берушi функцияларды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылды. 2004 жылғы 20 қаңтарда «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртiптiк жауаптылыққа тартылған тұлғалардың есебiн жүргiзу туралы» Нұсқаулық басылып шықты [18]. 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 99 2005 жылғы шілдеде «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және қылмыс үшін талапты күшейтетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Заңның 10-бабы 4-тармағы 6-2) тармақшамен толықтырылды, онда сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам мемлекеттік қызметке қабылданбайды деген қағида бекітілді. Сонымен бірге өзгерістердің ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін тәртіптік жазаларын мерзімінен бұрын алуды келісу өкілеттігін беру көзделді. Осындай өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңестері Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді. 2001–2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында қол жеткізілген жағымды нәтижелермен бірге мынадай құқықтық сәйкес келмейтін тұстар да болды. Біріншіден, заңнамалық актілердегі құқықтық олқылықтар мен сілтеме нормаларының көп болуы мемлекеттік органдардың жекелеген лауазымды адамдарға көптеген өкілеттік беретін ведомстволық актілерді қабылдауына мүмкіндік берді. Бұл әрине, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді халықаралық шарттармен және келісімдермен одан әрі біріздендіруді талап етті. Екіншіден, алдағы уақытта әкімшілік рәсімдерді, ең алдымен салық және кеден қағидаларын жеңілдету қажет болды. Сыбайлас жемқорлықты азайту үшін олар қарапайым, түсінікті және жалпыға мәлім болуы тиіс. Ақпараттар мен құжаттамаға қойылатын талаптарды барынша жеңілдету қажеттігі туындады. Үшіншіден, адами ресурстарды басқарудағы тиімділіктің жеткіліксіз болуы орын алды. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың сот практикасын талдау барысында кінәлі адамдардың көпшілігі төмен буындағы мемлекеттік қызметшілер қатарына жататынын көрсетті. Олардың еңбекақы көлемі және әлеуметтік қорғалмауы сыбайлас жемқорлық үшін экономикалық бастауы болып табылды. Төртіншіден, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың туындау себептеріне мониторингтің жүргізілмеуі. Сыбайлас жемқорлық факторлары мен тетіктерін қадағалап отырудың қажеттілігі, оның деңгейі мен құрылымын бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігін талдау мониторингтің енгізілуін қажет етті. Бесіншіден, осы кезең тәжірибесі мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мәселелері бойынша азаматтық қоғамның хабардар болуы мен белсенділігінің тиісті деңгейінің болмағанын көрсетіп отыр. Соның аясында азаматтық қоғам институттарының аталған бағдарламаны жүзеге асыруға қатысу тетіктерін қалыптастыру, жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысы жөнінде хабардар болуы үшін жалпыға қолжетімді және тиімді рәсімдерін енгізу талап етілді. Алтыншыдан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық деңгейінің жеткіліксіз болуы. Осыған СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 100 байланысты, құқық қорғау органдарының халықаралық ынтымақтастық нысандарын кеңейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық конвенцияларға Қазақстан Республикасының қосылуы бойынша жұмыстарды белсендендіру қажеттілігі артты [19]. Осылайша, мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдармен қатар, азаматтық қоғам институттарының жауапкершілігін арттыруға баса назар аудара бастады. Бұған дейін ескерілмеген пәрменділік пен нәтижелілік, жүзеге асырушылық (атқарушылық), атаулылық (жауапкершілік), сабақтастық, тұрақтылық, кешенділік және жүйелілік секілді ұғымдар енгізілді. Сонымен бірге бұл жұмыста бұқаралық ақпарат құралдарына ерекше рөл беріледі, олардың жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты кеңінен объективті түрде жариялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы белсенді насихаттауға және түсіндіруге, қоғам ішінде қылмыс пен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау жағдайын қалыптастыруға арналды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жағдайына жан-жақты талдау жүргізіліп, бірқатар тұжырымдар жасалды. Атап айтқанда, құқық қолдану практикасы көрсетіп отырғандай, экономикалық процестерді, шаруашылық етуші субъектілердің қызметін құқықтық реттеу саласында бірнеше жаңа заңдар қабылдау, қолданыстағы заңнамаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық базасын жетілдіруге бағытталған өзгерістер мен толықтыруларды енгізу қажеттілігі туындады. Яғни, үшінші кезеңде мемлекет екінші кезеңде ескерілмеген кемшіліктерді айқындады, жемқорлық көздерін және оның алдын алу бойынша практикалық іс-шараларды белгіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының төртінші кезеңі – 2005–2014 жылдар. Қазақстанды жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғырту контексіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. 2005 жылдың ақпаны мен 2014 жылдың шілдесі аралығында мемлекет жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыру жолында тұрды. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бұған дейін қабылданған іс-шаралардың жеткіліксіз екені айқындала бастады. Сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, жекешелендіру процесінің ашықтығын күшейту, мемлекеттік сатып алу және салық саясаты, жер қойнауын пайдалану және жер қатынастары салаларында шешім қабылдау мақсатында бірқатар заңнамалық актілер қабылданды. Оның ішінде бюджет қаражатын жұмсау тиімділігі мен ашықтығы қағидаттары негізінде электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша да заңнамалық актілер болды [20]. Сонымен қатар кедендік рәсімдерді жүзеге асырудың айқын тәртібі әзірленді. Онда жүктерді кеден шекарасынан өтетін жерлерде ғана ресімдеу және бұл ретте іргелес мемлекеттердің шекара арқылы тасымалданатын, оның ішінде транзитті жүктерді сүйемелдеуге арналған бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалану қарастырылды. Жемқорлыққа жағдай жасайтын факторларды кешендік зерттеу жүргізіліп, меншік құқығын қорғауға кепілдік беретін іс-шаралар әзірленді. 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 101 Азаматтардың құқықтары мен кәсіпкерлердің заңды мүдделерін олардың қызметіне мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының заңсыз араласуынан қорғау бойынша шаралар қабылдануда, оларды тексеру жүргізуге мораторий енгізілді. Рұқсаттар мен мемлекеттік қызметтер алу рәсімдерін жеңілдету үшін электрондық үкімет пен электрондық-сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты енгізілді. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі ерекше бақылауға алынды. Ерекше аспект ретінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби сапасын жетілдіруге бағытталған мемлекет жұмысын айтуға болады, аттестаттау жүргізіледі, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің бос лауазымдарға орналасуы үшін конкурс өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірленуде. Мемлекеттің бұндай әрекеті төртінші кезеңде сот жүйесі, мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты күшейту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылғанын көрсетеді, яғни сыбайлас жемқорлық үшін жағдайларды жоюға бағытталған және профилактикалық сипатқа ие жоспарлы әрі жүйелі іс-әрекеттер іске асырылды. Сыбайлас жемқорлық жаңғырту процестері жолындағы кедергімен қатар жағымсыз, елді кері тартатын құбылыс болып табылады. Ел Президенті Н. Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл әрі аяусыз күресуді жариялады. Сонымен бірге онымен күрес бүкілхалықтық іс екенін айтты. Осылайша, 2005 жылдың 14 сәуірінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы күшіне енді. Онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлықты жеңуге арналған стратегиялық бағыты көрініс тапты. Жарлықта жекешелендіру, мемлекеттік сатып алу және салық саясаты, жер қойнауын пайдалану және жер қатынастары және және т.б. салаларында шешімдер қабылдау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүйесі мен нақты қадамдар қарастырылды. Аталған Жарлық мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын реттеуге, лицензиялық-рұқсат жүйесін оңтайландыру бойынша жұмыстарды аяқтауға, 2006 жылы Қазақстанның барлық өңірлерінде «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру жөніндегі іс-шараларды қабылдауға бағытталды. Осы Жарлыққа сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жағдай туғызатын нормалардың болу-болмауына қатысты қолданыстағы нормативтік құқықтық кіші заң актілеріне тексеру жүргізілді. Бұндай тексерулер аясына 1991–2004 жылдар аралығында қабылданған және әділет органдарында тіркелген 5 126 қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері қамтылды. Тексеру барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жағдай туғызатын немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейтін нормаларды қамтитын 230 нормативтік құқықтық акті, оның СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 102 ішінде, 35 Үкімет қаулылары, 41 ведомстволық бұйрық және 154 жергілікті мемлекеттік органдардың қаулылары мен шешімдері айқындалды [21]. Мемлекеттік қызметшілерді конкурстық іріктеу, олардың мәртебесіне байланысты шектеулерді сақтау рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігі қамтамасыз етілді, іскерлік қасиеттері мен кәсібилігіне негізделген қабылдау және ілгерілету қағидаттарын енгізу процесі басталды. 2005 жылы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі бекітілді [22]. Transparency International («Халықаралық жариялылық») халықаралық үкіметаралық ұйымының пікірінше, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің қабылдануы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау үшін алғышарттардың жолын кесуге тиімді әсер етті. Мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадыр-қасиетін қорғау саласындағы серпілісті жағдай ретінде Ар-намыс кодексіне, егер мемлекеттік қызметшінің атына сыбайлас жемқорлыққа қатысты негізсіз жария айыптаулар айтылса, ол тиісті түрде бұл айыптауларды теріске шығаратын ақпаратты табуы тиіс деген норманың енгізілуін атауға болады. 2005 жылдың 8 шілдесінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын, онда сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдардың мемлекеттік қызметке кіруіне тыйым салатын нормалар қарастырылды, саяси мемлекеттік қызметшілерді ротациялау институты енгізілді, бұлардың барлығы халыққа және ұйымдарға тікелей мемлекеттік қызметтер көрсету деңгейінде жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы бола білді. Өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәслихаттар бекіткен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылды. Жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі облыстарда, Астана және Алматы қалаларында әкімдіктердің отырыстарында, сондай-ақ облыстардың құқық қорғау органдарының және оларға теңестірілген прокурорлардың жанындағы үйлестіру кеңестерінде қарастырылды. Тәртіптік кеңестер қабылдаған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жазалау туралы шешімдердің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесінде тәртіптік кеңестердің қызметін үйлестіруді күшейту мақсатында олар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қарауына берілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық та дамыды. Шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен, арнайы қызметтерімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды орнату және нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді [23]. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) 2004 жылғы 14 желтоқсандағы кеңестік тобының бірауыздан қабылдаған шешімімен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарына енгізілді. Халықаралық 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 103 ұйымдардың және жұртшылықтың өкілдері еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы саясатын оң бағалады, сондайақ республиканың халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылуы атап өтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарына сәйкес, 2005 жылдың 20-21 қазанында Парижде кеңесу тобының кездесуі болып өтті, онда Қазақстандағы және Ресей Федерациясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша заңдық-құқықтық және институционалдық база туралы ақпарат ұсынылды [24]. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы превентивті шара – еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істейтін «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары болып табылады. Сонымен, 2006–2010 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік бағдарламада инвестициялық жобаларды, құрылысты және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын қайта жөндеуді, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыру үшін бюджеттен бөлінген қаржылық шығындардың жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды қамтыды [25]. Сондай-ақ аталған іс-шаралардың ішінде мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу кезінде жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін көздейтін тұлғалардың қызметінің жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау, құқықтық базаны жетілдіру мәселелері де қамтылды. Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы Қаулысымен бекітілген, 2006–2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарында да көрініс тапты. Аталған жоспарға сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат әртүрлі өмір сүру саласында сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін және мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлық іс-қимыл жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды азайту тұрғысынан мемлекет пен қоғамның жан-жақты әрі кезекті іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыруды көздеді. 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде ұйымдар мен халықтың мемлекеттік қызметшімен байланысы қысқартылып, сыбайлас жемқорлық көлемі төмендеді [26]. 2007 жылдың шілдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. Бұл Заң бойынша 32 қылмыс құрамы Қылмыстық кодекс бойынша сыбайлас жемқорлық ретінде сарапталады. Пара алу бойынша қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылды. Мысалы, егер оған дейін лауазымды адамға пара алғаны үшін бостандығынан айырудың барынша ұзақ мерзімі бес жылды СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 104 құраса, енді он бес жылға дейін көбейді. Пара алудағы делдалдық үшін санкциялар күшейтілді – айыппұл орташа есеппен үш есеге (екі мыңға дейінгі ең төменгі есептік көрсеткіш), бас бостандығынан айыру төрт жылдан алты жылға дейін көбейді. Аса ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік (екі мыңнан аса АЕК) көзделді, онда барынша көп санкция 10 жылдан 15 жылға дейін. Жаңа Заң заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыру, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, жалған кәсіпкерлік және басқа да қылмыстардың сыбайлас жемқорлық құрамы секілді қылмыстарды айқындау бойынша құқық қорғау органдарының мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. Қоғамдық қауіпсіздік белгісі бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды шектеу және оған құқықтық салдарды сәйкестендіру үшін алғаш рет заңсыз материалдық сыйақы алғаны үшін лауазымды адамдардың әкімшілік жауапкершілігі енгізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдардың мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кез келген лауазымды атқаруына өмір бойына тыйым салу енгізілді. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауын тоқтататын факторлардың бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған немесе осы себептен жұмыстан шығарылған адамдарды мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысқа қабылдағаны үшін жұмыстан шығару болып табылады. Президенттің бастамасы бойынша еліміздің өңірлерінде «Нұр Отан» партиясының филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл бойынша қоғамдық кеңестер құрылды. 2008 жылғы 4 мамырда «Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды [27]. Осы Конвенцияға қол қоюдағы мақсат сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған неғұрлым тиімді және пәрменді шараларды қабылдау мен нығайтуға жәрдемдесу, ынталандыру, жеңілдету мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты қолдау, оның ішінде заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару бойынша шаралар қабылдау болып табылады. Конвенцияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы жария сатып алу және көпшілік қаржыны басқару, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысуы бойынша іс-шаралар кешені қарастырылған. Конвенцияда көзделген шаралардың бірі, сыбайлас жемқорлық қылмыскерлердің Қазақстаннан қашып кетуге және шетелде жасырынуға тырысуының мүмкін еместігі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін заң бұзушы адамға БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясына қосылған әлемнің 147 елінде бірден жауап беруіне тура келеді, өйткені, ол өзара құқықтық көмек беруді және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды беруді егжей-тегжейлі регламенттейді. 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 105 2009 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды [28], ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілігін қатаңдатуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жағдай жасайтын нормаларды алып тастауға бағытталған. Заңда декларацияны тапсыру міндетті болып табылса да, жылдық жиынтық табыс туралы декларация тапсырмай, салықтарды және басқа да бюджетке міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Заңда салық есептілігін тапсырмағаны үшін, оның ішінде адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған үшін жауапкершілік белгіленген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында, Заңда ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) мүддесі үшін лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін жауапкершілікті енгізу қарастырылған. Сонымен қатар Заңда айыппұл санкцияларын көбейту арқылы сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілген және мүлікті тәркілеу институтын енгізу көзделген. Сондай-ақ Заңда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу қарастырылған, олар қаржы бақылау шараларын бұзғаны үшін, мемлекеттік функцияларды орындауда уәкілетті жеке тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы бергені, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының айыппұл санкцияларын өсіру арқылы заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны және заңсыз кірістер алғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Заңда ұйымдарды басқару функцияларын орындайтын бірқатар тұлғалар, мемлекеттің үлесі (кемінде 35 %, бұл кем дегенде 50 %) жарғылық капиталында ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына берілген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестіру; заңсыз жолмен алынған, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық жасаған ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті заңдастырғаны үшін мүлікті міндетті тәркілеуді енгізу ұсынылады. Бұдан басқа, Заңда нормативтік актілер арасындағы коллизияларды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін әкімшілік заңнаманың нормаларын реттеуде кемшіліктерді жою мақсатында, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру ұсынылады. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 106 Сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін қатал жауапкершіліктің қажеттілігі Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасында көзделген [29]. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның [30] «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңның [31] қабылдануымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін жағдай жасалды, рұқсаттар саны мен қызметтің лицензияланатын түрлері күрт азайды. 2014–2020 жылдарға арналған құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың Мемлекеттік бағдарламасында құқықтық тәртіп органдарына деген сенім деңгейін көтеруге, мінсіз мінез-құлқымен және жоғары құзыреттілік деңгейімен ерекшеленетін персоналды қалыптастыруға бағытталған шаралар қарастырылған [32]. Бағдарлама құқық қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер спектрін кеңейтуді және стандарттауды, сондай-ақ олардың сапасын арттыру бойынша шараларды көздейді. Одан әрі дамыту мәселесі құқықтық тәртіп органдарының халықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылының жаңа нысандарына ие болады. Құқық қорғау қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру, соның ішінде қылмыстық қудалау органдарының жұмысын бағалаудың жаңа критерийлерін әзірлеу көзделген. Сот актілерін мәжбүрлеп орындаудың тиімді жүйесін құру және сот-сараптама қызметін бір органға шоғырландыру болжанады. Осылайша, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат түрлі өмір салаларында сыбайлас жемқорлықты туындататын және мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлық әрекет жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша мемлекет пен қоғамның жан-жақты және дәйекті шараларын әзірлеу мен жүзеге асыруды көздейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының бесінші кезеңі 2014 жылғы тамыздан басталады. 2014 жылғы тамызда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа сәйкес [33], Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды, оған мемлекеттік қызмет саласындағы басшылықты, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестіруді әрі өзге де арнайы атқарушы және рұқсат беруші функцияларды жүзеге асыру бойынша өкілеттіктер берілді. Осылайша, Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы реттеуші және құқық қорғау функцияларын біріктіретін арнайы мемлекеттік орган құрды. Ол мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен өткеруге және мемлекеттік 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 107 аппарат тазалығы мониторингінің мәселелерін реттеуге арналумен қатар, сыбайлас жемқорлықты ескерту және алдын алу, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық қудалау функциялары да берілді. Бұл ретте, алдын алу-профилактикалық қызмет жаңа құрылған орган үшін басым бағыт болып табылады. Шын мәнінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бесінші кезеңінің басталуы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы стандартын жетілдіруге және әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталды, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жүйелі саясатты көрсетеді. Әкімшілік, қылмыстық заңнама жетілдірілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған превентивті-репрессивті шаралар енгізілді, мемлекеттік қызметтің беделі артты. Қазақстан мемлекеті дамуының алдыңғы кезеңдерінде жалпы мойындалған нәтижелерге қол жеткізілді, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде айқын оң үрдістер байқалды. Жоғарыда аталған Жарлықта Қазақстан Республикасының 2015- 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы анықталды, онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының алдағы жылдарға арналған негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық үшін алғышарттарды, оны туғызатын себептері мен жағдайларды жоюға, оның деңгейін қысқартуға ықпал ететін іс-шаралар кешені қамтылған. Стратегия елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ағымдағы жағдайын талдауды, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлардың сипаттамасын, оларды жою тәсілдері мен басты ісшараларды, Стратегияны іске асыру тетіктерін қамтиды. Стратегияны іске асыру нәтижесі халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын, қоғамның мемлекет институттарына сенім деңгейін, азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті деңгейін арттыру, сондай-ақ еліміздің халықаралық рейтінгін жақсарту болуы тиіс. Стратегияда айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары мыналар болып табылады: 1) мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; 2) қоғамдық бақылау институтын енгізу; 3) квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл; 4) сот және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықты ескерту; 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру; 6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Осы бағыттар шеңберінде 2016 жылдың қаңтарынан бастап жаңа заңдар күшіне енді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 – V [34], «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы [35], СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 108 «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383–V [36], «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V Заң [37], олар «сыбайлас жемқорлық» түсінігін анықтауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар арасындағы ара-жікті айқын ажыратуға, сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылықтың екі түрі үшін жауаптылықты: қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты қарастыруға, мемлекеттік қызметтің барлық субъектілерінің қызметіне азаматтық бақылау жүйесін енгізуге, азаматтардың жария ақпаратқа еркін қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Айта кету керек, бұрын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның мазмұнында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тізбесі қарастырылып, олар сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып бөлінген болатын. Оларға мыналар жатқызылды: басқа да мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу, аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерін шешу кезінде өздерінің қызметтік өкілеттігін пайдалану, мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға кірген кезде және ілгерілету барысында заңда көзделмеген артықшылықтарды (тамыр-таныстық, сыбайластық) ұсыну, шешімдер дайындау мен қабылдауда заңсыз артықшылық көрсету және өз өкілеттіктерін пайдалануға байланысты өзге де бұзушылықтар. 2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерге өз табыстарымен қатар шығыстарын мәлімдеу міндеті жүктелетін болды. Мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жаңғырту, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік және жеке секторлардың халыққа қызмет көрсетуі кезінде барынша ашықтықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Сот төрелігін, заңдылық және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында сот төрелігіне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарының кадр саясатына меритократия қағидаттарын және конкурстық іріктеу тетіктерін енгізу жөніндегі іс-шаралар кешені қарастырылған. Бұл ретте, аталған органдар қызметінің, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласының басымдықтары қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескертуге ауыстырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, енді оқу орындарында, мемлекеттік органдарда, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды оқыту курстарын құру және өткізу арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттің қабылдайтын іс-шараларды жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарын тарту арқылы жүзеге асырылатын болады. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту халықаралық қоғамдастықпен өзара ісқимылды күшейтуге жәрдемдесетін болады, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу, беделді халықаралық ұйымдарға қатысу, сондай-ақ осы саладағы халықаралық тәжірибенің үздік үлгілерін пайдалану арқылы ықпал етеді. 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 109 Бұл ретте, халықаралық ұсыныстар мен стандарттарды енгізу кезеңкезеңімен жүзеге асырылады, мемлекеттің оған деген дайындығының дәрежесі, қолданыстағы ұлттық құқықтың ерекшеліктері мен оның қолданылуының қалыптасқан практикасы ескеріледі, қолданыстағы нормативтік құқықтық институттардың әлеуеті мен мүмкіндіктері пайдаланылады. Стратегияда көзделген іс-шараларды іске асыруға міндетті түрде мониторинг жүргізу қажет, ол екі түрлі болады: ішкі, іс-шараларды тікелей орындаушы өткізетін және сыртқы, арнайы құрылған мониторингтеу тобы жүзеге асыратын, оған тиісті мемлекеттік органдардың, қоғамдастықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Іс-шаралардың орындалуы туралы есеп қоғам назарына жеткізілетін болады [38]. Жазаның бұлтартпастығы қағидаты табысты іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерімен ұсталған шенеуніктер атқарған лауазымдары мен дәрежелеріне қарамастан, заңның барлық қаталдығы бойынша жауап береді. Қылмыстық-құқықтық саясат лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қатаң жауапкершілікті қамтамасыз етеді. Осындай қағидаттық тәсіл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылған. Мәселен, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды, шартты түрде сотталуға тыйым салу белгіленген, мемлекеттік қызметте лауазымға орналасу құқығына өмір бойы тыйым салу енгізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеу жөніндегі [39], басшылардың дербес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жеке жауапкершілігі жөніндегі нормалармен толықтырылды. Онда «мүдделер қақтығысы» деген маңызды ұғым бекітілген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығын күшейте отырып, олардың әлеуметтік кепілдіктері де жетілдірілуде. Кезең-кезеңімен, жүйелі түрде мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік халжағдайын көтеруге және адал әрі әділ негізде өз міндеттерін орындау үшін оларға жағдай жасауға арналған. Сот жүйесіне сенімін арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге баса назар аударылады. Судьялар корпусын қалыптастыру тетігін жетілдіру, электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар қабылданды. Барлық жерде ақпаратқа қол жетімділік артты, бұған электрондық үкіметті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке құрылымдардың интернет-ресурстары ықпал етті. Азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы еш кедергісіз уәкілетті органдарға хабарлауына, соның ішінде сенім телефондары мен мемлекеттік органдардың веб-сайттары арқылы хабарлауына жағдай жасалды. Елдің инвестициялық тартымдылығын күшейту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіпкерлік қызметті, халықтың СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 110 сапалы және жылдам мемлекеттік қызмет алуын қиындататын әкімшілік кедергілер жойылды. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын сыртқы бақылау мен тиімділігін бағалау жүйесі қалыптастырылды. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзудың (2012 жылмен салыстырғанда 8,7 есеге өсті) және оларды көрсету сапасына шағымдардың жыл сайынғы саны азайды (25 %), сондай-ақ автоматтандырылған қызмет үлесі (2 еседен астам) және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесі (51 %) артты. Мемлекеттік сатып алуларды автоматтандыру деңгейі артып, бәсекелестік ортаны, бюджет қаражатын ашық және тиімді игеруді қалыптастыруға ықпал етті. Экономиканың мемлекеттік емес секторында кәсіпкерлік қызметті жүргізу, жұмысқа орналастыру және халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Тұтастай алғанда, аталған шаралардың қабылдануы Қазақстанның жемқорлыққа қарсы қызмет деңгейі бойынша Орталық Азия өңірінде және ТМД елдері арасында көшбасшы орындардың біріне орналасуына мүмкіндік берді. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні белгілі, қоғамдағы демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейді, елдің халықаралық беделіне залал келтіреді. Бірақ ең бастысы – қоғамның демократиялық негіздеріне адамдардың сенімін, заң мен әділдікке сенімін, сайып келгенде – билікке деген сенімін бұзады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдылығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономиканың мәселелерімен қарқынды жұмыс соңғы уақытта көптеген зерттеушілердің пікірінше, қылмыстық заңның қатыгез санкцияларына сүйенетін «жазалаушы операциялардың» өзі бұл құбылыстардың шиеленісуіне әкеледі. Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес тәжірибесі көрсеткендей, тіпті анық әзірленген превентивті іс-шаралар жүйесі кейде жеткіліксіз болады. Жемқорлық пен көлеңкелі экономиканың деңгейін барынша азайту үшін кешенді тәсілді пайдалану қажет. Мемлекеттік деңгейде күрес тиісті заңдарды қабылдау, қосымша жазалау құралдарын енгізу, әкімшілік ресурсты пайдалану, сыбайлас жемқорлыққа, көлеңкелі экономикаға және терроризмге қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясында күш-жігерді біріктіру, мемлекеттік билік органдарының жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы бойынша мақсатты жұмыс дегенді білдіреді. Қызмет көрсету саласын реформалауды, мемлекеттік қызметтің ашықтығын кеңейтуді сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің неғұрлым айқын мақсаттары деп мойындау керек. Шенеуніктер жалақысының төмен деңгейі, қаржыландырудың жабық болуы немесе тіпті құпиялылығы сыбайлас жемқорлықтың ең елеулі талаптары болып табылмайды. Сыбайлас жемқорлық заңға негізделген кезде, заңның өзі оның пайда болуына ықпал еткен жағдайда әлдеқайда маңызды. 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 111 Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономиканың мәселесін қағазбастылықсыз шешуге бағытталған кешенді саясиқұқықтық реформа, азаматтық құқықтарды іске асырудың рұқсатнамалық тәртібінен өтініш берушіге көшу нәтижесінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай болмаған жағдайда кез келген реформалар, тіпті заң тұрғысынан ең кемелді заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әмбебап құралына үміттене отырып, жемқорлар үшін және жалпы алғанда бюрократия үшін ең үздік сыйлық болады. Мемлекет қабылдаған іс-шаралардың дұрыстығы мен тиімділігі Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтағы өзінің беделін жоспарлы түрде арттыруымен, экономикасы мен халықтың әлауқатын көтеруімен расталады. Осы тараудың келесі параграфында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін заңдық жауапкершілік институтын тікелей қарастырамыз. Тірек сөздер: сыбайлас жемқорлық, ұйымдасқан қылмыс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері, мүдделер қақтығысы, қаржылық бақылау шаралары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбулдық іс-қимыл жоспары, парақорлық, Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы. ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР 1. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлықтың мәні қандай? Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар субъектілерінің қатарына кімдер кіреді? 2. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялау дегеніміз нені білдіреді? 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбулдық іс-қимыл жоспарының ұсынымдарын іске асырудағы Қазақстанның рөлі қандай? 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық құралдары қандай? 5. Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мәні мен маңызы. Рефераттардың үлгілік тақырыптары 1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды туындататын себептер мен жағ

§ 13. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық Соңғы онжылдық мемлекетіміздің «ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін» негізгі көздердің бірін білдіретін сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеуге және жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық шараларын жетілдіруге деген жоғары қызығушылықпен сипатталады [5]. Мемлекеттік билік органдарында сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді, демократиялық ұстанымдары мен құқықтық тәртіпті бұзады, мемлекеттік аппараттың қызметін төмендетеді, мемлекеттік реформаларды өткізуге кедергі келтіреді, сайып келгенде, азаматтардың билікке сенімін жояды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 2-бабының 1-бөлігінде сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы ұғынылады [2]. Бұл ретте, ең алдымен, сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық арасындағы салдардың ауырлық дәрежесі бойынша нақты бағытты жүргізу қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық тәжірибесі сыбайлас жемқорлық сипаттағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілейтін ұлттық заңнамадағы нормаларды белсенді дамытуды, қылмыстық жауапкершілік шараларының алдында алдын алу шараларының басымдығын дәлелдеп отыр. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық мінез-құлық стандарттарын тәртіптік, қылмыстық және әкімшілік ықпал ету шараларының көмегімен тұрақты қолдау керек. Мұндай шаралар қылмыстық жауапкершілікке қарағанда тиімдірек, өйткені оларды қолдану жедел рәсімге байланысты; мемлекет тарапынан елеулі материалдық шығынды және құқық қорғау органдарының күш-жігерін талап етпейді; мемлекет ұстануы тиіс жазалаутәрбие саясатының негізгі қағидаттарының біріне толық сәйкес келеді, жаза неғұрлым тиімдірек болса, соғұрлым ол тезірек қолданылады. Сонымен қатар, жасалған құқық бұзушылық үшін жаза қолдану процесі ұзағырақ болса, ол жазасыз қалады деген ықтималдық көп болады [6, 47-52-бб.]. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында әкімшілік құқығының маңызды құрамдас бөлігі ретінде әкімшілік-деликт құқығы қаралады, оның дамуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жаңартумен байланысты. Мұндай заңдардың негізіне, Тұжырымдамада атап көрсетілгендей, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 116 туралы, тікелей қолданыстағы заңдардың мәнін, мазмұнын және қолданылуын анықтайтын конституциялық нормаларды тану жатуға тиіс [7]. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың маңызды міндеттерінің бірі бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, әкімшілікқұқықтық шаралармен қоғамдағы қақтығыстардың алдын алу болып табылады. Әкімшілік-құқықтық санкцияларды қалыптастыру кезінде, Тұжырымдамада қоғамдық қауіптілік деңгейінің мөлшерін, құқық бұзушылық сипатын бұлжытпай сақтау, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық санкцияларды айқын шектеу ұсынылады. Бұл ұсынымдар ерекше өзекті, өйткені көбінесе жасалған құқық бұзушылық үшін мөлшерлестік қағидатын бұзу, әкімшілік репрессивтік санкциялардың қылмыстық санкцияларға айналуы байқалады. Әкімшілік құқық бұзушылық мемлекеттік-биліктік қатынастар саласында, мемлекеттік басқару жүйесінде жиі көрініс табады. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодексінің, (бұдан әрі – ӘҚБТК) «Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық» 2-бөлімінің 3-тарауы 25-бабына сәйкес, осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады (1-тармақ). Егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды (2-тармақ). Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде бірқатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін бірнеше нормалар бар. Бірақ айта өту керек, жауапкершіліктің басталмауы осы нормаларды бұзу белгіленген қағидалар мен тыйым салуларды толықтай елемеуге әкеледі. Бұл сыбайлас жемқорлық әрекеттерге жатады: белгілі бір мемлекеттік қызметші үшін моральдық-этикалық түсінік бойынша мүмкін емес нәрсе, егер ол өзінің әріптестері үнемі солай әрекет етсе, мүмкін болып табылады. Осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады [8, 1-б. 25-бап]. Өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтардан айырмашылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық әрқашан қасақана әрекет түрінде жасалады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамын ескере отырып, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деп мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаның немесе оған теңестірілген тұлғаның қоғамға әдейі қауіпті әрекеті, өзінің өкілеттігіне кіретін іс-әрекет (әрекетсіздік) үшін сол тұлғаның пайдасына материалдық игіліктерді жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз алудан көрінуі, сондай-ақ 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 117 егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, сыйақы ұсыну бойынша жеке тұлғаның қасақана іс-әрекеттері түсіндіріледі. Бұл ұғым сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың материалдық мазмұнын, заңдық табиғаты мен әлеуметтік мәнін ашады және сол арқылы қоғамдық қауіптілік, құқыққа қайшылық, жазалану, кінәлілік пен қол сұғушылық объектісі ретіндегі оның белгілерін айқындайды [6, 47-52-б.]. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы Кодекстің 34-тарауында баяндалған және алты бапта тіркелген: – жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (676-бап); – мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы (677-бап); – заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (678-бап); – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы (679-бап); – мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шара қолданбауы 680-бап); – бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың жұмысқа қабылдануы (681-бап). Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамы. Осындай құқық бұзушылықтардың құрамы өзара негізделген және өзара байланысты төрт элементтен тұрады: субъект, объект, объективті жағы және субъективті жағы. Субъект – бұл құқық бұзушылық жасаған және заңда белгіленген белгілері бар құқықтық жауапкершілікті атқаруға қабілетті адам [8, 26, 28, 30-34 баптар]. Барлық сыбайлас жемқорлық әрекеттер оларды арнайы субъектінің – мемлекет функцияларын орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның және оған теңестірілген тұлғаның жасауын болжайды. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға: 1) мәслихаттардың депутаттары; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады. 3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға: 1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар; 2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері; 3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер; 4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 118 холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар; 5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері теңестіріледі. Осы Заңда мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар болып көрсетілген ұйымдарда тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқаратын адамдар танылады. Ұйымдастырушылық-әкімшілік міндеттер деп адамдардың заңнамада және ұйымның атқарушы органының құрылтай құжаттарында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі. Бұл міндеттерге ұжымға жалпы басшылық жасау, кадрларды орналастыру және іріктеу, бағынышты адамдардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану шараларын қолдану арқылы еңбек тәртібін сақтау жатады. Әкімшілік-шаруашылық міндеттер деп толық материалдық жауаптылық жүктелген тұлғалардың берілген өкілеттіктердің шегінде мүлікті, соның ішінде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оларға билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы түсініледі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады [2, 3-баптың 4-тармағы]. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 12) тармақшасында мемлекеттік қызметші ұғымына анықтама берілген, «мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы» [9]. ҚР ӘҚБтК 28-бабына сәйкес, әкiмшiлiк жауаптылыққа: әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған немесе оның жолын кескен кезде он алты жасқа толған, ақыл-есi дұрыс жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға жатады. Бұл 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 119 ереже негізінен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне де қолданылады. Сыйақы берушінің мүддесі үшін құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасағаны үшін лауазымды адамға сыйақы беретін субъект 16 жасқа толған жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға болуы мүмкін. Заңды тұлғаның әкімшілік жауапкершілігінің ерекшелігі заңды тұлғаның атынан құқыққа қарсы сыйақыны заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы не заңды тұлғаның атқарушы органы атынан өзге жеке тұлғаның ұсынуын білдіреді. ҚР ӘҚБтК 29-бабына сәйкес, осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған кезде ақыл-есi дұрыс емес жағдайда болған, яғни өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн сезіне алмаған немесе оларды созылмалы психикалық ауруының, психикасының уақытша бұзылуының, ақыл-есі кемдiгiнің немесе психикасының өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан басқара алмаған жеке тұлға әкiмшiлiк жауаптылыққа жатпайды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғаны әкімшілік және өзге де заңмен көзделген жауапкершіліктен оның есі дұрыс емес болуына байланысты босату үшін негіз ретінде тек сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы болуы мүмкін. Егер әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған оның адамның есі дұрыс емес екендігі белгілі болған жағдайда іс бойынша іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қысқартылуға жатады. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 1-бабы 12) тармақшасы бойынша шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар мемлекеттік қызметшілер болуы мүмкін емес. Барлық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың объектілері мемлекет функцияларын орындауға уәкілетті тұлғалардың қызметтік өкілеттігін жүзеге асыруының белгіленген тәртібі болып табылады. Сонымен қатар, әрбір нақты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа уәкілетті тұлғалардың мемлекет функцияларын орындауына байланысты оның тікелей объектісі болады. Мысалы, мемлекет функцияларын орындауға уәкілетті тұлғалардың заңды және жеке тұлғаларға ақпаратты ұсынуының белгіленген тәртібі; осы адамдардың өзге де тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жәрдемдесуінің белгіленген тәртібі және т. б. Барлық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың объективті жағы әрекет етуімен (мысалы, заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы; мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару заңсыз кірістер алуы) немесе әрекетсіздігімен (сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік органдар басшыларының шара қолданбауы) сипатталады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың субъективті жағы тікелей ниетпен сипатталады: кінәлі адам өзінің қоғамға қауіптілігін және өзі жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігінің және оны жасағысы келетін істің заңға қайшы екенін сезінеді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың кейбір құрамдарына мақсат және мотив тән. Бірдебір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық абайсызда жасалмайды. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 120 Мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысының аса қауіпті нысандары болып табылатын, ең көп таралған құқық бұзушылық қатарына мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруын, мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның жеке немесе заңды тұлғалардан заңсыз материалдық сыйақы алуын жатқызуға болады. Әкімшілік жауапкершілік және оның түрлері әкімшілік құқық бұзушылық құрамының элементтеріне жатпайды, заңды жауапкершілік түрі ретінде әкімшілік құқық бұзушылықтың белгісі болып табылады. Жекелеген мемлекеттік міндеттерді атқару тәртібі туралы заңдарға сәйкес, (мәслихат депутаттарының, судьялардың мәртебесі, мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының қызмет өткеруі туралы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты өзге де ықтимал құқық бұзушылық субъектілері туралы) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулер мен тыйым салу көзделетін басқа да құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында көрсетілген субъектілер сыбайлас жемқорлыққа байланысты сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерді және өзге де әрекеттерді жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Судьялар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және өзге де көрсетілген саяси мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Кодекс негізінде әкімшілік жауаптылыққа тартылады, бірақ олардың мәртебесі туралы тиісті заң актілерінде белгіленген арнайы рәсімдер алдын ала сақталады. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-де әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күнгі айлық есептік көрсеткіштің қатаң бекітілген көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза ғана белгіленген. Бірінші сатыдағы соттың судьясы немесе апелляциялық сатыдағы соттың судьясы жеке тұлға жасаған (мүліктік игіліктер түрінде сыйақы алған немесе берген) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде, егер осы тұлғаға қатысты оның жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар болса және мұндай жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар жоқ болса, әкімшілік айыппұл сомасын қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы қысқартуға құқылы екенін ескеру қажет [8, 819-баптың 2-бөлігі]. Заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік айыппұлдың мөлшерін қысқарту көзделмеген. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін Кодексте жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік жазаның өзге де негізгі немесе қосымша түрін қолдану мүмкіндігі көзделмеген. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза тағайындау қағидасы ҚР ӘҚБтК-нің 7-тарауымен реттеледі. Оларға сәйкес әкімшілік жаза: – ҚР ӘҚБтК-нің 676–681 баптарында белгіленген санкциялар шегінде 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 121 сот қолданады; – әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке тұлғасына сәйкес, әділ болуы тиіс; – жеке тұлғаға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамның сипатын, айыпталушының жеке басын, ескере отырып, оның ішінде құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және кейінгі мінезқұлқын, мүліктік жағдайын, мән-жайларын ескере отырып, жеңілдететін және ауырлататын жауапкершілік жүктеледі; – заңды тұлғаға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық сипатын ескере отырып, ұйымдық-құқықтық нысанындағы жаза қолданылады; – бір тұлға екі немесе одан да көп әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда әрбір құқық бұзушылық үшін жекежеке қолданылады; – егер адам бір мезгілде бір судья қарастыратын бірнеше әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған болса, Кодекстің 44- бабы 2-бөлігінде көзделген әкімшілік айыппұлдың үш мәрте мөлшерінен аспауы тиіс; – әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға, егер оны жасау күнінен бастап бір жыл өтсе, ал заңды тұлға – егер оны жасау күнінен бастап үш жыл өтсе, жауаптылыққа тартылмайды [8, 62-баптың 2-бөлігі]. Қылмыстық істі тоқтатқан жағдайда, егер тұлға әрекеттерінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері болса, бұл тұлға қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шыққан күннен бастап үш айдан кешіктірмей, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қатысты ұзаққа созылған немесе жалғасқан әкімшілік құқық бұзушылық үшін есептелетін әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі қолданылмайды. Егер бұрын жасалған әрекет үшін әкімшілік жаза қолданылған күннен бастап бір жыл ішінде жаңа іс-әрекет жасалса, тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты қайтадан жасаған болып саналады. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыны судья шығарған күн құқықтық мәннің қайталану белгісін білдіреді. Осы адамды әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы судьяның қаулысы толық орындалған күннен бастап бір жыл ішінде тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасаған болып саналады. Қаулы әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаның ерікті түрде немесе мәжбүрлеу тәртібімен орындалуы мүмкін, ол жалақысынан әкімшілік айыппұл сомасын ұстап қалу жолымен немесе жеке, үлестік немесе бірлескен меншік құқығындағы құқық бұзушыға тиесілі мүлікті өндіріп алу арқылы жүзеге асырылады. ҚР ӘҚБтК-де қосымша әкімшілік жаза ретінде әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу қарастырылған, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 122 бірақ әкімшілік жазаның сол түрі үшін Кодекстің тиісті баптарымен санкция көзделген жағдайда жүзеге асырылады [8, 41-баптың 1-бөлігі 3) тармағы, 45-бап]. Алайда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін сыйақы мәні (негізсіз баю) болып табылатын мүлікті тәркілеу көзделмеген. Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық Қазіргі заман жағдайында сыбайлас жемқорлық қылмыс жаһандық жалпы адамзаттық проблемаға айналды, осыған байланысты, оған қарсы іс-қимылдың жаңа ережелерін әзірлеудің өткір қажеттілігі туындап отыр. Интернеттің дамуы жаһандық әлемдік нарықтың туындауына алып келді, коммуникациялардың көмегімен сыбайлас жемқорлық қызметінен, оларды шетелде жасырудан түскен кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру және заңдастыру мүмкіндіктері артты. Көптеген елдерде осы үрдісті белең алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама базасын жаңғырту басталды. 2003 жылы қабылданған БҰҰ Конвенциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі нормативтік құқықтық актіні білдіреді, онда әлем елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнамасын әзірлеу бағдарлары мен бағыттары көрсетілген. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы ҚР Заңының 6-бабында сыбайлас жемқорлық еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіп құрамында көрсетіледі. Осы жағдайда көптеген елдердің қылмыстық заңнамасы көлемін ұлғайту үрдісіне ие болды. 1997 жылы қабылданған және 2014 жылдың соңына дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 393 баптан [10], 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық кодекс 467 баптан тұрады [11]. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар жүйесі Сыбайлас жемқорлық билікті және онымен байланысты мүмкіндіктерді мемлекет, бүкіл қоғамның мүддесі үшін емес, жекелеген адамдардың немесе адамдар тобының мүддесі үшін пайда мен артықшылық көру мақсатында пайдалануды көздейді. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті нысандары қылмыс ретінде сараланады. Қолданыстағы ҚР Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлық қылмысқа 21 қылмыс құрамы жатқызылған, Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы редакциясында 17 құрамы болды. 15-тарауда «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар» 11 қылмыс құрамының 9-ы сыбайлас жемқорлыққа жатқызылған. Бұл тарауда сыбайлас жемқорлық қылмысқа ҚР ҚК-нің 363-бабында «Лауазымды адамның өкілеттіктерін иемденіп алу» және 371-бабында «Салғырттық» көзделген қылмыстар жатқызылмайды. 6-тарауда «Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» сыбайлас жемқорлыққа екі қылмыс жатқызылған: 1) сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан-таражға салу (ҚР ҚК 189-бабының 1-бөлігі 2-тармағы); 2) алаяқтық (ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағы). Екі жағдайда да сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамы үшін: «мемлекеттiк 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 123 функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса» деген міндетті саралау белгісі бар. 8-тарау «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» алты сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамын қамтиды: 1) жалған кәсіпкерлік (ҚР ҚК 215-бабының 2-бөлігі 3-тармағы); 2) іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау (ҚР ҚК 216-бабы 2-бөлігі 4-тармағы); 3) қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету (ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігі 1-тармағы); 4) Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) (ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігі 1-тармағы); 5) экономикалық контрабанда (ҚР ҚК 209-бабы 3-бөлігі 1-тармағы); 6) рейдерлік (ҚР ҚК 249-бабы 3-бөлігі 2-тармағы). Барлық жағдайларда да сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамы үшін: «мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса» деген міндетті саралау белгісі бар. 11-тарауда «Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» сыбайлас жемқорлыққа бір қылмыс жатқызылған: «мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның не оған теңестiрiлген адамның заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруы, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен, жеңiлдiктер мен артықшылықтар берумен ұштасса» (ҚР ҚК 307-бабы 3-бөлігі 3-тармағы). 16-тарауда «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар» сыбайлас жемқорлыққа үш қылмыс жатқызылған: 1) билікті теріс пайдалану; 2) билікті асыра пайдалану; 3) биліктің әрекетсіздігі (ҚР ҚК 450, 451-баптары, 452-баптың 2-бөлігі 2-тармағы). Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабы 3-тармағы сыбайлас жемқорлық қылмыстардың толық тізбесін айқындайды. Парақорлықтың жалпы сипаттамасы Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке мақсаттарда пайда көру үшін мемлекеттік билікті асыра пайдалану. Сыбайлас жемқорлықтың мұндай анықтамасы БҰҰ Бас ассамблеясы 1979 жылы 17 желтоқсанда қабылдаған құқықтық тәртіпті сақтау бойынша лауазымды тұлғалардың мінез-құлық Кодексінде қамтылған. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың қауіпті және көп тараған көріністерінің бірі болып табылады. ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлігіне сәйкес, пара алудың объективтік жағы мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 124 әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы болып табылады. Қарастырылатын қылмыстың объектісі қалыпты, заңмен регламенттелген мемлекеттік билік қызметі және онымен байланысты мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделері болып табылады. Қосымша объект – азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері. Пара алу түрлері: ашық (шамамен 75 % қолдан қолға немесе делдал арқылы) және жасырылған (25%-ға жуығы заңды іс-әрекеттер сияқты, қарызын қайтару, құмар ойындар және т. б.) Қорқытып алу тәсілдері: 1) пара берушінің заңды мүдделеріне зиян келтіре алатын іс-әрекеттерді жасау қаупін төндіріп, пара талап ету; 2) оның құқықпен қорғалатын мүдделері үшін зиянды салдарын болдырмау мақсатында ол пара беруге мәжбүр болатын жағдайда соңғының әдейі жеткізуі (рұқсат құжаттарын, виза және және т.б. беруді әдейі созу, қалыс қалу). Пара беруші өзінің заңды мүдделерін қорғап, пара беруге мәжбүр болған жағдайда, яғни пара беруге мәжбүрлеу белгісі болған жағдайда жауапкершіліктен босатылады. Айыппұл мөлшері бас бостандығынан айыруға балама ретінде Параның айтарлықтай мөлшері ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігіне сәйкес, елуден үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасын құрайды, бұл параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. (ҚР ҚК 1997 жылғы редакциясында айтарлықтай мөлшер қарастырылмаған). Аталған баптың 3-бөлігінде параның ірі мөлшері үш мыңнан он мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі ақша сомасын құрайды, бұл параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігіне сәйкес, аса ірі пара он мың айлық есептік көрсеткіштен жоғары ақша сомасын құрайды, бұл параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Айыппұл мөлшері тек сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша ғана емес, жалпы бүкіл Кодекс бойынша ұлғайды, соған қарай жаза түрлері де өзгерді. ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлігінде орташа ауырлықтағы қылмысқа жататын пара алғаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Дәл осы іс-әрекет бойынша ҚР ҚК 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болған 1997 жылғы редакциясында, жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не бес 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 125 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыру көзделген. Қолданыстағы кодексте бас бостандығын шектеу жазалау шарасы ретінде көрсетілмеген, мүлікті тәркілеу және белгілі бір лауазымдарға орналасуға өмір бойы тыйым салу міндетті сипатқа ие. Алдыңғы 1997 жылғы ҚР ҚК-де айыппұл тек 311-баптың 1-бөлігінде көрсетілсе, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы ҚР ҚК-де айыппұл 366-баптың барлық бөліктерінде қарастырылған. Сонымен, ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі бойынша аса ауыр қылмысқа жататын қылмыс үшін, яғни қылмыстық топ құрамында немесе аса ірі мөлшерде жасалса пара алғаны үшін параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2015 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысына қатысты, ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі бойынша айыппұл түрінде жаза бас бостандығынан айырудың баламасы ретінде қолданылды және 1 миллиард 100 миллион теңгеден аса соманы құрады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды және оларға ұқсас қылмыстарды шектеу Белгілі бір қылмыстың басқа да қылмыстармен ортақ белгілері әрқашан болады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды дұрыс ажырату, оларды өзге де ұқсас қылмыстардан ажырата білу, іс-әрекетті саралау, тиісінше, жазалау шарасы мен оның мөлшерін таңдау үшін маңызды болып табылады. Пара алу (ҚР ҚК 366-бабы) және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану (ҚР ҚК 361-бабы), көбіне сәйкес келеді: 1) сол бір объектіге байланысты; 2) тек тікелей ниетпен жасалады; 3) оларда бірыңғай субъект – мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға, оған теңестірілген, немесе лауазымды адам. Бірақ, сонымен қатар осы құрамдарының елеулі айырмашылықтары да бар: 1) теріс пайдалану құрамы материалдық (салдары қажет), ал пара алу құрамы формальды (алған сәттен бастап, пара берушінің пайдасына қатысты оның іс-әрекетіне немесе салдарына қарамастан); 2) лауазымды теріс пайдалану тек өз құзыреті шегінде (өз құқықтары мен міндеттері шеңберінде), парада заңсыз іс-әрекеттер (әрекетсіздік) немесе ықпал ету болуы мүмкін. Пара алу (ҚР ҚК 366-бабы) параға коммерциялық сатып алудан (ҚР ҚК 253-бабы) ерекшеленеді. Субъектісі – ҚР ҚК-нің 253-бабында коммерциялық немесе өзге де ұйымның басқару функцияларын орындайтын адам, ал ҚР ҚК 366-бабында – мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті, оған теңестірілген немесе лауазымды адам. Объектісі – ҚР ҚК-нің 253-бабында мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы болып табылмайтын коммерциялық немесе өзге де ұйымның қызметі. Олардың пәндері сәйкес келеді – бұлар ақша, материалдық құндылықтар. Объективті жағынан айырмашылығы бар, атап айтқанда коммерциялық сатып алу кезінде сатып алу процесі ісәрекетті жасағанға дейін жүргізіледі, ал пара алу кезінде жасағанға дейін СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 126 (параға сатып алу) және одан кейін (сыйақы) болуы мүмкін. Коммерциялық сатып алуда делдалдық жоқ. Сондай-ақ, пара алуды (ҚР ҚК-нің 366-бабы) заңсыз сыйақы алудан (247-бабы) ажырату қажет. Заңсыз сыйақы алу кезіндегі субъект – бұл мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті, оған теңестірілген немесе лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік ұйымның қызметшісі. Пара алуды (ҚР ҚК 366-бабы) және алаяқтықтан (ҚР ҚК 190-бабы) ажырату ерекшеліктері, пара алу кезінде құрамының объектісі – мемлекеттік қызмет және басқару мүдделерінен, ал алаяқтық кезінде – меншіктен тұрады, және алаяқтықтың объективті жағы алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен мүлікке ие болу болып табылады. Алаяқтық бойынша құрамның субъектісі – 16 жастан бастап кез келген тұлға, ал пара алу кезінде –мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті, оған теңестірілген, немесе лауазымды тұлға. Пара алу немесе беру кезінде делдал мен сыбайластың айырмашылығы мынада, делдал екі тараппен, ал сыбайласы тек қана біреуімен жұмыс істейді. Маңыздылығы аз болғаны үшін жауапкершіліктен босату шарттары Маңызы аз болуына байланысты пара деп саналмауы үшін бір мезгілде мынадай шарттар болуы тиіс: 1) сыйлықтың, қызметтің құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиіс; 2) сыйлықты, қызметті және және т.б. бiрiншi рет алуы; 3) сыйлық, қызмет, және және т.б. ретіндегі пайданы тараптар арасындағы алдын ала уағдаластық болмаған кезде алу; 4) мүдделі тұлғаның пайдасына бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн сыйлық, қызмет және және т.б. алу. Осылардың ең болмағанда біреуі жоқ болса, тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылуға тиіс. Параның қауіптілігі оның сомасында емес (шағын немесе үлкен), оны алу фактісінде. ГФР, Швейцария, Испания және басқа да көптеген Еуропа елдерінде оның маңыздылығының аздығы бойынша бөлінбейді, онда пара-параға сатып алу (алдын ала келісілген) және алдын ала уағдаласпай заңды әрекеті (әрекетсіздігі) үшін пара-алғыс (сыйлық) болып бөлінеді. Тиісінше, пара-алғыс үшін жаза пара-параға сатып алуға қарағанда төмен болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық шаралары бойынша шетелдік тәжірибе, бағыт-бағдары және перспективалары Қолданыстағы қылмыстық заңнамадағы кез келген өзгерістер мен толықтырулар әлеуметтік-экономикалық, криминологиялық факторларға, қолданыстағы заңнаманы қолдану тәжірибесіне байланысты болады. Мысалы, Корея Республикасының ҚК 129-бабында пара алғаны және пара алуға уәде еткені үшін, ал 130-бапта – пара бергені және пара беруге уәде еткені үшін жауапкершілік қарастырылған. Француз Республикасы ҚК-нің 433-1 және 433-2-баптарында пара алуға уәде еткені және пара бергені үшін жауапкершілік көзделген, ал қылмыс мәні ретінде мемлекеттік наградаларды, лауазымдарды, мердігерлікті алу немесе табыстау қарастырылған. Швецияның ҚК 20-тарауының 2-бабында қызметшінің пара қабылдауға уәде еткені үшін жауапкершілік 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 127 көзделген. АҚШ-та жария қызметшілерге арналған сыбайлас жемқорлық субъектілері және коммерциялық парақорлық субъектілері деп бөлу қарастырылған, соңғысына адвокаттар, дәрігерлер, бухгалтерлер, коммерциялық бірлестіктер директорлары жатады. Америкалық заңнамаға сәйкес, партиялық лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілермен қатар жауап береді, өйткені қоғамдық қызығушылықтың бұл саласы мемлекеттік мүдделермен тығыз байланысты. Қазақстанның сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік туралы халықаралық конвенцияларды ратификациялауы қылмыстық заңнамаға елеулі толықтырулар енгізуді және жеке өзі немесе делдал арқылы параға уәде еткені және ұсынғаны үшін жауапкершілікті белгілеуді, сыбайлас жемқорлық үшін аса ұзақ ескіру мерзімін белгілеуді, сыбайлас жемқорлық презумпциясы институтын енгізуді талап етеді, бұл ретте, кінәсіздігін дәлелдеу ауыртпалығы күдіктінің өзіне жүктеледі, жеке сектордағы және басқа да сыбайлас жемқорлықты реттейтін нормалар көрінісін білдіреді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 1131 қаулысымен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді, оның мөлшерлері: 1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); 2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК; 3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК; 4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК; 5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК. Грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін. Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу: 1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды; 2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді; 3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды. Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты: 1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген; 2) айыптау үкімі заңды күшіне енген; 3) ақталмайтын СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 128 негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Адамды көтермелеу туралы материалдар көтермелеуге құқығы пайда болған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде қалыптастырылады және уәкілетті органдарға жіберіледі, көтермелеу туралы бұйрық шыққан күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде төлем жүргізіледі. Уәкілетті орган адам ақшалай сыйақыдан бас тартқан жағдайда, грамотамен марапаттау немесе оған алғыс жариялау туралы мәселені қарастыруы мүмкін. Жалған ақпаратты хабарлаған адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тәртіппен жауап береді. Ынтымақтастық туралы процестік келісім сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құралы ретінде Қазақстандық қылмыстық процеске 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа норма енгізілді – ол тергеу органымен белсенді ынтымақтастықта болған жағдайда жасалған іс-әрекет үшін жазаны төмендету туралы келісімге қол жеткізуге бағытталған ынтымақтастық туралы келісім немесе кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім [12] деп аталады. Ынтымақтастық туралы келісім кезінде тұлға кінәсін мойындамауға құқылы, бірақ ынтымақтастыққа келісімді, яғни қылмыстың аса ауыр және сараланған түрлерін ашу және тергеуге ықпал етуді, сондай-ақ жазаны жеңілдетуге «алмастыруды» білдіреді. Ынтымақтастық туралы процестік келісім қылмыстық топ жасаған қылмыстардың барлық санаттары бойынша, өзге де тұлғалар жасаған аса ауыр қылмыстар, оның ішінде ҚР ҚПК 618–621-баптарының, 612-бабының «Процестік келісім жасалған кезде сотқа дейінгі тергептексеру» талаптарын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлық, экстремистік және террористік қылмыстар бойынша жасалады. Келісімнің мәні жоғарыда аталған қылмыстарды ашуда қылмыстық қудалау органдарына адамның жәрдемдесуі болып табылады. Ынтымақтастың туралы процестік келісімге қол қойған прокурор жасалған келісімнің мәні болып табылатын қылмысты ашуды ұйымдастыруға және кінәлі тұлғаларды әшкерелеуге қатысты шаралар қабылдайды, ҚР ҚПК 153-бабында «Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту» белгіленген тәртіппен жәрдемдескен тұлғаны бұлтартпау шарасының күшін жою не өзгерту мәселесін қарайды. Егер осындай келісімнің нәтижесінде қылмыстық топ құрамында аса ауыр қылмыстар, қылмыстар, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстар жасаған кінәлі адамдар әшкереленсе, және кінәлі адамдарға қатысты айыптау үкімі шығарылса, онда прокурор ынтымақтастық туралы процестік келісімнің шарттарын орындау бойынша шаралар қабылдайды. Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан және оның шарттарын орындаған, сотталған тұлғаға қатысты прокурор сотқа жүгінеді Кінәні мойындау туралы келісім адам кінәсін мойындап, жиналған дәлелдемелерді жәбірленушінің келісімімен жазаны жеңілдетуге «алмастыруды» дауламаса қолданылады. Онда адамның процестік 1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ 129 келісім жасасқаннан кейін жасауға міндеттенетін іс-әрекеттері көрсетіледі (зиянның орнын толтыру және т. б.). ҚР ҚПК 615-бабының 1-бөлігіне сәйкес, кiнәнi мойындау туралы процестiк келiсiм жасасу туралы өтiнiш қылмыстық iс бойынша сотқа дейінгі iс жүргiзудiң кез келген сатысында жасалады. Процестік келісім прокурордың бастамасы бойынша да жасалуы мүмкін. Егер бастама күдіктіден болса, ол процестік келісім жасасу туралы өтінішхатпен жүгінеді, егер бұл мәселені прокурор көтеретін болса, онда күдікті өзінің келісетінін немесе келіспейтінін білдіруге құқылы. Соттың үкіміне дейін мүлікті тәркілеу Заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғау ҚР ҚПК 71-тарауында белгіленген тәртіппен, сотқа дейінгі сатыда, сот үкімі шығарылғанға дейін, болжамды кінәлі тұлғаға халықаралық іздестіру жарияланған жағдайларда немесе оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған жағдайда жүргізіледі, ол үшін 35-бабы 1-бөлігінің 3) тармақшасы – рақымшылық, 4) тармақшасы – ескіру мерзімі, 11) тармақшасы – қайтыс болған адамға қатысты заңсыз жолмен табылған мүлікті белгілеу кезінде – негізге алынады. Мүлікті тәркілеудің мұндай нысаны кезінде ҚР ҚПК 113-бабының 1 және 3-бөлігінде көзделген мән-жайлардан басқа, дәлелдеуге мыналар жатады: 1) мүліктің күдіктіге, айыпталушыға немесе үшінші тұлғаға тиесілігі; 2) мүліктің тәркілеуді қолдану үшін негіз болып табылатын қылмыспен байланысты болуы; 3) мүлікті үшінші тұлғаның иемдену мәнжайлары немесе мүлік құқық бұзушылықтар нәтижесінде сатып алынды деуге негіз болатын мән-жайлар. Тәркілеу туралы қорытындыны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасайды және прокурорға жібереді, ол оны 10 тәулік ішінде қарайды. Одан әрі прокурор тәркілеу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінеді, мұндай негіздер болмаған кезде қорытынды мен материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуші адамға қайтарады және қосымша дәлелдемелер жинау немесе тәркілеу туралы іс жүргізуді тоқтату қажеттігін көрсетеді. Кез келген жағдайда тәркілеуді қолдану туралы мәселені үкім шығарылғанға дейін ҚР ҚПК 669–671 баптарына сәйкес сот шешеді. Тірек сөздер:әкімшілік жауапкершілік, қылмыстық жауапкершілік. ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР 1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі міндеттерінің мәні неде? 2. «Әкімшілік құқық бұзушылық» және «әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы» ұғымдарының анықтамасы. 3. ҚР ӘҚБтК-ке сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы, олардың сипаттамасы. 4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамы, олардың сипаттамасы. 5. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты өзге де ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтардан ажырату критерийі қандай? 6. Пара алудың (ҚР ҚК 366-бабы) қызмет өкілеттігін теріс пайдаланудан айырмашылығы қандай (ҚР ҚК 361-бабы)? 7. Пара алу (ҚР ҚК 366-бабы) мен заңсыз сыйақы алуды (ҚР ҚК 247-бабы) СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 130 ажырату ерекшелігі неде? 8. Пара алу (ҚР ҚК 366-бабы) коммерциялық сатып алудан қ

4-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖӘНЕ БИЗНЕС-ОРТАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ § 14. Мемлекеттік қызметті реформалаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектісі Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау. Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс көптеген елдерде экономикалық және саяси сипаттағы бірқатар проблемалардың туындауына әкелді, саясаткерлер мен ғалымдардан қоғам мен әрбір адамның өміріндегі мемлекеттік басқарудың рөлін жаңаша бағалауды қажет етті. Бүгінгі күні адамзат пен жекелей алғанда әрбір халықтың алдында тұрған мәселелердің күрделілігі мемлекеттік басқаруға қатысты өзге де тәсілдерді қолдануды талап етеді. Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, түрлі себептермен (нарықтың дамуы, демократиялық үдерістердің тереңдеуі және т.б) мемлекет рөлінің әлсіреуі дұрыс ұйымдастырылмауға, хаос, анархия, әлеуметтік қақтығыстар мен шиеленістерге әкеліп соғатыны белгілі. Бұны бірқатар елдердің қазіргі дағдарыс кезеңіндегі сәтсіз тәжірибесінен көруге болады. Жаңа талаптар мемлекетті өмірдің жаңаша талаптары мен жаңа өзгерістеріне бейімделуін қажет етеді. Дағдарыс жағдайларындағы мемлекеттің рөлі дағдарысқа қарсы шара қолданумен ғана шектелмейді, сонымен қатар, қаржы секторы мен экономикадағы дағдарыстық құбылыстарды ескере отырып, кешенді мемлекеттік саясат әзірлеуден көрінеді құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы заманауи шешімдер мен нақты іс-әрекеттерін қабылдауды көздейді. Қазіргі жағдайда кез келген мемлекет үшін ортақ мәселе – елдің ұзақ мерзімді даму мақсаттарына қол жеткізудің маңызды факторы ретінде мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру болып отыр. Әкімшілік реформалар жүргізу бойынша шетелдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру басқару әдістері мен нысандарын өзгерту, басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлу, сондай-ақ ұйымдық құрылымдарды жаңғырту және оларды жаңа міндеттермен сәйкестендіру арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, халықтың және жеке тұлғаның тарапынан билікке деген сенімін нығайту маңызды міндет болып табылады. Қазіргі заман талабына жауап беру үшін мемлекет болып жатқан өзгерістерді негізге ала отырып, әкімшілік жүйесін реформалауға, саясаттың басымдықтарын айқындауға мәжбүр. Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін реформалау бірнеше кезеңдерден өтті, олардың әр қайсысының өз ерекшеліктері болды және олар сол кезеңде мемлекеттік шешуі тиіс міндеттермен айқындалады. Осылайша, тәуелсіздіктің бірінші онжылдығында мемлекетімізге елдің қоғамдық өмірінің барлық саласында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін жедел құруына тура келді. 132 Бұл кезеңде ауқымы үлкен командалық-салалық басқару құрылымы айтарлықтай қысқартылып, оңтайландырылды және нарықтық экономиканың талаптары мен жаңа саяси процестерге бейімделген мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасты. Орталық басқару органдарын оңтайландыру негізінен әртүрлі мемлекеттік органдардың функцияларының қосарлануын болдырмауға, басқару буындарының санын азайтуға, сонымен қатар ведомствоаралық қарым-қатынас және жауапкершілік пен есеп берушілік мәселесін реттеуге мүмкіндік берді. Қазақстанның мемлекеттік басқаруын одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары «Қазақстан – 2030» Стратегиясында айқындалды. Дамудың осы кезеңінде стратегиялық міндетті табысты іске асыру негізі жоғары тиімді мемлекеттік басқару жүйесі болды. Бұл кезеңде мемлекеттік басқару жүйесінде бірқатар күрделі қайта құрулар жүргізілді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті 1999 жылғы 22 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы», 1999 жылғы 13 қазандағы «Мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыреттерін нақтылау жөніндегі іс-шаралар туралы», 2000 жылғы 13 желтоқсандағы «Жекелеген мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы» Жарлықтарға қол қойды. Қайта құру жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан, мемлекеттік органдардың қызметінде шешімін таппаған мынадай мәселелер болды: – мемлекеттік аппарат үлкен күйінде қалды; – мемлекеттік басқарудың горизонтальдық және вертикальдық деңгейлерінде функциялардың қайталануы сақталды; – бюджетаралық қатынастар саласында өзгеріс енгізу талап етілді; – жекелеген мемлекеттік органдардың жұмысы ашық болмай қалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы мәселелерді шешу үшін басқару және бюджетаралық қарым-қатынастарды жетілдіру деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату бағдарламасы дайындалды. Бағдарламада Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін реформалауды жүргізу барысында негізге алынатын қағидаттар бекітілді. Оның ішінде ең негізгілері: мемлекеттік басқарудағы тікелей және жанама басқарудың ара жігін нақты ажырату; құрылымдардың қайталануын болдырмау; мемлекеттік басқару функцияларын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру; бюджеттік мәселелермен бірге өкілеттіктерді бөлу мәселелерін шешу; мемлекеттік органдардың бақылау функцияларын қысқарту және және т.б. болды. 2004 жылдың 17 қыркүйегінде әкімшілік реформаны өткізу бойынша өткен кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде кең ауқымды әкімшілік реформаның басталғаны туралы жариялады. Ол мемлекеттің дамуының жаңа кезеңінде мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын айқындап берді, атап айтқанда: - орталық деңгейдегі мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру; - мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату және жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын реформалау. Бұл мемлекеттік басқаруды орталықтандыруды, жергілікті билік органдарына жалпы мемлекеттік саясат шеңберінде жергілікті даму 133 мәселелерін дербес шешуді ұсынуды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруды көздейді; – мемлекеттік басқаруды қағазбастылықтан арылту. Шаруашылық субьектілерін тіркеу рәсімін жеңілдету, «бір терезе» тиімді қағидатын енгізу, электрондық үкіметті қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешені ұсынылды; – мемлекеттік қызметті жетілдіру, ұлттық және шетелдік оқу орындары негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру. Мемлекеттік қызметті жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. 2006 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында әкімшілік реформа жүргізуді одан әрі дамыту идеясы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік басқаруды корпоративтік басқару, транспаренттік және қоғам алдында есептілік қағидаттары негізінде жаңғырту» туралы баяндамасында жалғасын тапты. Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметті жетілдіруге, мемлекеттік аппарат жұмысына ерекше назар аударды. Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілік реформаның басым бағыттарын анықтады және Үкіметке мынадай шараларды жүзеге асыруды тапсырды: – мемлекеттік органдардың құрылымы, басқару шешімдерін қабылдау кезінде мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру; – мемлекеттік қызметшілердің еңбегінің нақты нәтижесі негізінде олардың жалақыларын арттыру; – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасына қол жеткізу; – мемлекеттік органдар қызметінің рейтингін және бюджеттік процеске жаңа тәсілдерді енгізу; – мемлекеттік аппараттың басқарушылығын, тұрақтылығы мен орнықтылығын арттыру; – сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету; – мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту. 2004 жылы бастау алған әкімшілік реформа Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында анықталған қағидаттар негізінде жүзеге асырылғанын атап өткен жөн. Бұл кезеңдердің жүйелілігі мен кезектілігі; болжамды шешімдердің жүйелілігі мен реформалау бойынша қойылған міндеттердің кешенділігі; транспаренттілік; қабылданатын шешімдер мен барлық қатыстырылатын мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тиімділігіне тұрақты мониторинг. Осы кезеңде әкімшілік реформа бойынша іс-шаралар кешені іске асырылуына қарамастан, мемлекеттік басқару жүйесінде мынандай шешілмеген мәселелер қалды: сыбайлас жемқорлықтың болуы, ашықтық және айқындықтың болмауы, мемлекеттік органдар қызметінде қайталанудың болуы және және т.б. Сәйкесінше, реформаларды іске асыру тиімділігі мемлекеттік органдар жұмысының сапасына байланысты болатындықтан, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстарды жалғастыру міндеті тұрды. Мемлекеттік қызметке аса талантты мамандарды тарту үшін жағдай жасау, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы 134 төлеу жүйесін жетілдіру, түпкі нәтижеге бағдарланған, мемлекеттік менеджменттің оңтайлы әдістерін енгізу ерекше мәнге ие болды. Осы міндеттерді шешу сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуі тиіс болды. Осы кезеңде функционалдық талдау негізінде мемлекеттік басқару құрылымдарын оңтайландыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, мемлекеттік органдардың қызметін рейтингтік бағалауды енгізу жұмыстары жалғасты. Жыл сайын мемлекеттік басқаруды реформалаудың жаңа басымдықтары анықталып отырды. Ол қоғамдық өмірдің кез келген саласында мемлекеттік саясаттың өзгеруіне, дамудың жаңа мақсаттары мен міндеттерінді ілгерілетуге байланысты болды. Қазақстан үшін дамудың жаңа кезеңінде шешілетін міндеттердің күрделілігі мемлекеттік басқаруға қатысты өзге тәсілдерді қолдануды талап етті. Сондықтан, жаңа стратегиялық бағыттың басты мақсаттарының бірі мемлекеттілікті нығайту және қазақстандық демократияны дамыту болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс» міндеті қойылды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін негізгі міндеттер айқындалды, оларды табысты іске асыру көп жағдайда мемлекеттік басқарудың ұтымдылығы нәтижелілігіне, әрбір мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметшінің қызметіне байланысты. Бірінші кезектегі міндет, әкімшілік реформаның алдыңғы кезеңдеріндегідей, мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру, кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру, жетілдірілген іріктеу рәсімдері мен кәсіби даярлықты енгізу арқылы штат, мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын жақсарту болды. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді тез әрі тиімді жүргізу, бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылдың жаңа жүйесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аппаратқа қойылатын талаптар күшейе түсті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін реформалау жалпы алғанда мемлекеттік аппараттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін жүргізілген, жүргізіліп жатқан және жүргізілетін болатын мемлекеттік басқару жүйесін реформалаумен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызмет саяси институт ретінде мемлекеттің маңызды негізі болып табылады. Мемлекеттік қызметсіз кез келген мемлекет бола алмайды. Сондықтан, қоғамның саяси институты ретінде пайда болысымен барлық мемлекеттер өз мемлекеттік қызметін қалыптастыруды бастайды. Қазақстан Республикасы да тәуелсіздігін алғаннан сәттен бастап өз мемлекеттік қызметін белсенді құра бастады. Мемлекет құрылысының бастапқы кезеңінде мемлекеттік қызметтің негізін бұрынғы партиялықкеңестік мемлекеттік аппарат атқарды. Әрине, тәуелсіздік жағдайында егемен мемлекеттің жаңа болмысына сәйкес бұл аппараттың түрі өзгертілді, сонымен қатар өзінің қазақстандық мемлекеттік қызметін құру бойынша жұмыстар жүргізілді. Мемлекет пен қоғам өмірінде мемлекеттік қызметтің қажеттілігі мен маңыздылығы аталған институтты конституцияландыруға негіз болды. 135 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 4-тармағында, азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бекітілген. Бұл тармақ, атап айтқанда, мемлекеттік қызмет қалыптастырудың маңыздылығын – аталған институттың ерекше қызметін сипаттайды. Осы нормаға сәйкес, мемлекеттiк қызметшi лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар тек лауазымдық мiндеттердiң сипатына негізделген. Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың осы және басқа да мәселелері, талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген. Осындай талаптардың бірі мемлекеттік қызметшілердің адал болуы. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының практикасы мен барлық мемлекеттік саясаты бүгінгі күні аталған талаптарды іске асыруға бағытталған, олай болмаған жағдайда адалдықтың болмауы нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көбейіп, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төне бастайды. Әрине, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің негізгі функцияларының бірі болып табылады, 1999 жылдың 23 шілдесінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің құрылуының саясиайқындаушы кезеңінен бастап жүзеге асырылды, оның құқықтық базасы және жеке уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылды. Мемлекеттік қызметтің қазақстандық жеке моделін құру бойынша белсенді жұмыс атқарылумен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар да жүргізілді. Жұмыстың жүйелік сипатын қамтамасыз ету үшін, бірқатар нормативтікқұқықтық және ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар қабылданды, атап айтқанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру және оның алдын алуға бағытталған, Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай бірнеше Жарлықтары шықты: - 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 «Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»; - 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы»; - 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы» және басқалар. Осы және өзге де нормативтік құқықтық актілерге негізделген шаралар сол уақытта кең ауқымды сипатқа ие болған (өкінішке орай, осы күнге дейін жойылмаса) сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталды. Сондықтан, жоғарыда атап өткен нормативтік құқықтық акті бойынша құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия Елбасының жанындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика қағидаларын бұзуына қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған, консультативтік-кеңестік орган болып табылады. 136 Бұл консультативтік-кеңестік орган сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша уәкiлеттi адамдарға тәртіптік жаза қолдану, қызметтік тергеу жүргізу тралы ұсынымдар дайындауға құқығы бар. Жергілікті деңгейде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңестері болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Президентінің жоғарыда аталған Жарлығына сәйкес, 2005 жылы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту үшін құрылды. Бұл органдар өз қызметтін жүзеге асыру кезінде жариялылық, жүйелілік және өз қызметінің профилактикалық бағыттылық қағидаттарын, жұртшылық өкілдерін және бұқаралық ақпарат құралдарын жұмыс отырыстарын дайындауға және өткізуге кеңінен тартуды басшылыққа алады. Бұдан әрі мемлекеттік қызметті реформалау мәселесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының пленарлық отырысында «Мемлекеттік басқаруды корпоративтік басқару, транспаренттілік және қоғам алдындағы есептілік қағидаттары негізінде жаңғырту» туралы бағдарламалық баяндамасында белгіленді. Баяндамада айтылған әкімшілік реформаның басым бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыр және нығайту секілді бағыттар ерекше атап көрсетілді. Мемлекеттік басқару жүйесінде ауқымды өзгерістер, меритократия, адалдық және тиімділік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастыру міндетін жүзеге асыру басталды. Бұл қағидаттарды 2008 жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жариялады. 2011 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің № 119 Жарлығымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы бекітілді. Бұл тұжырымдаманы толық жүзеге асыру үшін 2012 жылы желтоқсанда «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер мен толықтырулар енгізілді, ол 2013 жылғы 26 наурыздан бастап күшіне енді. Реформалау шеңберінде құрылған мемлекеттік қызметтің жаңа моделі мемлекеттік қызметті ұйымдастыруға қатысты жаңа тәсілдерді талап етті. Осыған байланысты мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік қызметтің жаңа институттары құрылды және мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тарту үшін жаңа тетіктер енгізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет тиімділігін қамтамасыз ететін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы компонент күшейтілді. Сонымен бірге жаңа моделді қалыптастыру бойынша практикалық шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы наурыздағы жарлықтарында регламенттелді. Осылайша, 2013 жылдың наурызында мемлекеттік қызметті реформалаудың күшті саяси және құқықтық базасы құрылған болатын. 137 2014 жылдың тамыз айында атқарушы органдарды оңтайландыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) бірігуі арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Жаңа Агенттіктің практикалық қызметі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталды. Мемлекеттік органның жаңа міндеттері 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің № 986 Жарлығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда белгіленді. Қазақстан Республикасының қабылдаған қадамдары әр мемлекеттің алдына мемлекеттілікті нығайту міндетін қойған жаһандық тегеурінді талаптары мен қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне сәйкес болды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 2015 жылы 11 наурызда «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде, жалпы мемлекетті жаңғырту жөніндегі бес институттық реформаны ұсынды. Осы негізде, ол «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары (бұдан әрi – Жоспар) әзірленді. Мемлекет басшысының бірінші институционалдық реформасы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған. Ол жоғарыда аталған реформаны жүзеге асыру үшін 15 нақты қадамды қамтиды: мемлекеттік қызметте кіру рәсімдерін жаңғырту, төменгі лауазымдарға кандидаттарды іріктеу және оларды құзыреттілік тәсіл негізінде одан әрі ілгерілетуді жүзеге асыру, мемлекеттік қызметке алғаш кіргендер үшін міндетті сынақ мерзімін енгізу. Сондай-ақ, Жоспарда еңбек нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, лауазымдық жалақыға өңірлік түзету коэффициенттерін енгізу көзделген. Мемлекеттік қызметті жаңғырту шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуі үшін конкурстық іріктеуге көшу, меритократия қағидатын күшейту, тұрақты оқыту жүйесін құру, сондайақ жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерді кешендік аттестаттау жүргізу жұмыстарына ерекше назар аударылатын болады. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін институттандыру және мемлекеттік аппарат қалыптастыру бойынша барлық теориялық тәсілдер мен негіздер, сондай-ақ практикалық шаралар аталған Жоспар шеңберінде қабылдау көзделген, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңда бекітіледі. Жоспар қазақстандық қоғамда оң қабылданды. Тек бірлескен ісшаралар векторы және қоғам мен мемлекеттің өзара түсіністігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес алаңын жасай алады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін мақсаттар мен іс-шаралар кешенді болуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жартылай шараларды, таңдамалы немесе азаматтардың жекелеген санаттарына төзбейді. Тек заң алдында азаматтардың теңдігінің конституциялық қағидаты толық іске асырылса, мемлекеттің мақсаттарына деген сенім арта түседі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметінің 138 тиімділігін арттырудың маңызды бағыты болып табылады. Бұған мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, монополия субъектілерінің қызметінің ашықтығын, айқындығын, қоғам алдындағы есептілігін арттыру, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін кеңейту септігін тигізуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шараларын іске асыру аясында мына заңдар қабылданды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы, мемлекеттік бақылау және аудит туралы, мемлекеттік сатып алу туралы, қоғамдық кеңестер туралы, ақпаратқа қол жетімділік туралы және т.б. Енгізілген жаңашылдыққа сәйкес, 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының барлық азаматтары өз табысын ғана емес, сонымен қатар шығындарын да жариялаулары керек. Осылайша, Қазақстанда халықаралық тәжірибе мен ел дамуының ұлттық ерекшеліктерінің негізінде мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында реформалар жүргізуде өз тәжірибесін жинақтады деп қорытынды жасауға болады. Орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүйесінде функционалдық және құрылымдық өзгерістер өтті, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі құрылды. Қоғамдық өмірдің әр түрлі бағыттары мен салаларында қойылған мақсатқа сәйкес, реформа кезеңді түрде жүзеге асты. Бұрын қойылған көптеген міндеттер орындалды немесе орындалуға жақын қалды десе де болады, олардың кейбіреулері мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті жаңғыртуға бағытталған әкімшілік реформаның жаңа кезеңінде өзекті болып отыр. Тірек сөздер: мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, әкімшілік реформа, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл және оның алдын алу. ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР 1. Әкімшілік реформаның ерекшелігі неде? 2. Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік қызметтің рөлі қандай? 3. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қалай атқарылады? 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет қағидаттарын іске асыру мәселелері қандай? Рефераттардың үлгілік тақырыптар

§15. Мемлекеттік жоспарлау сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл тетігі ретінде Мемлекеттік басқарудағы реформалар: нәтижеге бағдарланған, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау. Шет елдің озық тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттік басқару жүйесінде, тиісінше мемлекеттік жоспарлауда және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін негізгі факторлар дегеніміз бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және көптеген жағдайларда тек қаражатты игеруге бағдарлану болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың тууына себеп болатын факторлар, жоспарлау процесінің күрделілігі, еңбек және қаржы ресурстарының шектеулігі, ақпараттардың қолжетімсіздігі және және т.б. болып табылады. 2008 жылы 6 ақпанда ел Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «нәтижелілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік басқару жүйесін дамыту бойынша» іс-шараларды жедел іске асыруды басымдықтардың бірі ретінде атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Үкіметіне «бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану тиімділігін арттыру жүйесін жаңғырту мен жетілдіру бойынша жұмысты жеделдету» міндеті қойылды [1]. Әкімшілік реформаны жүзеге асыру шеңберінде нәтижелер бойынша мемлекеттік басқару жүйесіне көшу іске асырылды. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары мемлекеттік экономикалық, индустриялық және әлеуметтік саясатты іске асыру үшін тиімді құрал болуы мүмкін. Олар жалпы республикалық, салалық сипаттағы белгілі бір міндеттерді орындауды және әлеуметтік процестерге мақсатты түрде, кешенді әрі жүйелі ықпал ету мүмкіндігін береді. Оларда белгілі бір қоғамдық мәселелерді шешу бойынша алдағы уақыттағы іс-әрекеттер алгоритмі көрініс табады. Стратегиялық бағдарламалық құжаттарды іске асыру тиімділігін бағалау қажеттілігі, шығындарды бақылаумен ғана байланысты емес. Стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттардың атқарылуын бағалау орындаушылардың нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса назар аударуына, ағымдағы үрдістерді талдауға; заманауи түзетулерді қамтамасыз етуге; қызмет нәтижелерін табу арқылы жұртшылықтың сеніміне ие болуға көмектеседі [2]. Мемлекеттік қызметшілердің жалақыларының өзгермелі бөлігін айтарлықтай арттыра отырып және оны алуды мемлекеттік орган алдына қойылған сол не өзге мақсаттар бойынша мақсатты мәнге қол жеткізу фактісімен байланыстыру арқылы нәтиже бойынша еңбекақы төлеу тетіктерін енгізу қажет. Бұл процесс мемлекеттік қызметшілерді ынталандырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді барынша азайтудың тиімді стратегиялық жоспарлау процесі мынадай өлшемдерді қамтиды: – миссия (мемлекеттік органның болу қажеттігін түсіндіру); – мақсаты (қоғамдық қатынастардың келешектегі жай-күйі, ол ведомство өзінің күш-жігерін жұмсайды); 141 – нәтижелілік көрсеткіші (салалар тұрғысынан емес, мақсатты топтардың параметрлері тұрғысынан); – көрсеткіштердің мақсатты мәні (мысалы, жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз етуді 20%-ға арттыру); – орындалуын бағалау және бақылау. Сондай-ақ, кері байланыс тетіктері қажет (мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін бағалау нәтижесінде алынған ақпаратты пайдалану). Бұдан өзге, стратегиялық жоспарлау азаматтардың мақсатты топтарын анықтауды және мемлекеттік орган қызметін сырттай бағалауды қамтиды [3]. Осылайша, стратегиялық жоспарлау мемлекеттік органның функциясын азаматтардың мүдделерін қанағаттандыруға бағдарланған қызмет бағыттары контексінде қарастыруға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлықты азайту үшін мемлекеттік стратегиялық жоспарлауда мемлекеттік органдар тұтынушыға құрылымдық бағдарлануы қажет. Мемлекеттік қызметтер ұсыну стандарттарын институцияландыру шенеуніктерді сыбайлас жемқорлыққа қарс мінез-құлық стратегиясына бағдарлай отырып, стимулдер құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бағалау жүйесін енгізуге қарағанда, мемлекеттік мекемелердің мәдениетін өзгерту арқылы алға жылжиды, оны азаматтарға ең үздік қызмет көрсету үшін «жарысу» деуге болады. Қазақстанда мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жүзеге асырылған өзгерістердің негізгі міндеттері мыналар болды: – Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізгі құралы ретінде мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлау жүйесіне көшу; – мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының міндеттерін бюджеттік бағдарламалармен байланыстыру; – мемлекеттік органдардың қызметінің аралық және түпкі нәтижелерін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштері жүйесін әзірлеу; – өз жоспарларын әзірлеу және іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін күшейту, бұл ретте мемлекеттік жоспарлауға қатысты жаңа тәсілдерді енгізу ескеріледі; – мемлекеттік органдардың нақты стратегиялық мақсатты индикаторлар жүйесін әзірлеуі; – мемлекеттік органдардың стратегиялық және түпкі нәтижелерге сәйкес келетін мақсаттарға қол жеткізу мониторингі жүйесін енгізу. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу мынадай іс-әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді [4]: – елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының теңдестірілген, тиімді әрі толық жүйесін құру. Онда төменгі деңгейдегі құжатты әзірлеу қажеттілігі мен заңдылығы аса жоғары деңгейдегі құжаттардан туындайды, ал жоғары деңгейде тұрған құжаттардың іске асырылуын бақылау мен бағалау, өз кезегінде, төменгі деңгейдегі құжаттардың негізінде жүзеге асырылады; 142 – нақты мақсатты нәтижелерге қол жеткізу үшін бағдарламалық құжаттардың тиімді иерархиясын құру және құжаттардың тым артық түрлерін оңтайландыру және реттеу. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасында қалыптасқан мемлекеттік жоспарлау жүйесі декомпозицияланған, яғни еліміздің ұзақ мерзімді даму мақсаттары мен басымдықтары әрбір мемлекеттік орган үшін нақты міндеттер мен өлшемді көрсеткіштер түрінде ұсынылған. Сонымен қатар процестерді мониторингілеусіз, мемлекеттік органдардың қызмет нәтижелерін бағалаусыз қойылған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (бұдан әрі – МЖЖ) жаңа моделін енгізу мынадай ретпен жүзеге асырылды: 1) 2007 жыл. 2008–2010 жылдар кезеңіне арналған стратегиялық жоспарларды үш пилоттық министрліктермен (әділет, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау) және екі басқармамен (білім беру және денсаулық сақтау) әзірлеу; 2) Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама қабылданды. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1297 қаулысы; 3) 2008–2009 жылдар. Орталық мемлекеттік мен жергілікті атқарушы органдарға МЖЖ элементтерін және нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді енгізу; 4) 2008 жылғы 4 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін әзірлеу және қабылдау; 5) 2009 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығының бекітілуі; 6) 2009–2010 жылдар. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және қабылдау; 7) Қазақстан Республикасына мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізудің кезекті кезеңі жергілікті атқарушы органдармен стратегиялық және жедел жоспарларды әзірлеу болды, бұдан әрі мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларды және жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту жоспарларын әзірлеуі жүзеге асырылды. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі өзара байланысты элементтер кешені ретінде айқындалды, ол елдің қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (бір жылдан бес жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан астам) дамуын қамтамасыз ететін қағидаттардан, құжаттардан, процестерден және мемлекеттік жоспарлау қатысушыларынан тұрады. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік жоспарлау мен оларға қолжеткізу бойынша қызмет нәтижелерін бақылаудың бірыңғай жүйесін құру мақсаты Қазақстан Республикасының әлеуметтікэкономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тиімділігін арттыру болып табылады, ол үшін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды даярлау рәсімдерін біріздендіру, оларды іске асыру нәтижелілігінің мақсатты мәнін анықтау 143 және оларға қол жеткізу мониторингі негізге алынады. Бұл, өз кезегінде, сыбайлас жемқорлық көріністерінің қатерлерін айтарлықтай азайтады. Аталған жүйе стратегиялық жоспарлау – тактикалық жоспарлау – жедел басқару тізбегін құруға мүмкіндік береді. «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 2050» Стратегиялары мен елдің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында, мемлекеттік бағдарламалар мен Президент Жолдауларында көрсетілген стратегиялық міндеттерді бюджеттік бағдарламалар мен оларды жүзеге асыруға арналған нақты іс-шараларда көрсету тетіктері құрылды. Түпкі мақсаттан тәсілге дейін жоспарлау қағидалары мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамуының басты стратегиялық мақсаттарын таңдаудан және қажетті ресурстармен қамту арқылы ең жоғарғы тиімділікпен белгіленген мерзімде оларға қол жеткізу бойынша өзара байланысты іс-шараларды әзірлеуден көрінеді. Нәтижеге бағдарланған басқаруды жаңғырту жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесі аясында мыналар қамтамасыз етіледі: – ведомстволық және ведомствоаралық жоспарлау мен қызмет нәтижелері мен мақсаттары бойынша жобалық басқарудың кешенді жүйесін құру және енгізу; – ресурстардың мемлекеттік органдар арасында бәсекелі бөлінуі мен олардың қызмет нәтижелеріне қол жеткізуін бақылау; – мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау субъектілерінің қызмет нәтижелілігі мен тиімділігінің негізгі өлшем көрсеткіштерін әзірлеу; – мақсаттарды нақты орындаушыларға бекітуді қамтамасыз ететін технологиялар мен рәсімдерді мақсатты тұжырымдау; – қойылған мақсаттар мен оларға қол жеткізуде қызмет атқарған орындаушылар әрекеттерінің деңгейін саналы түрде бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді бекіту. Бюджеттік бағдарламалар аясында бөлінетін қаражат мемлекеттің өз қызметтерін толық орындауы үшін жеткілікті болу керек екенін ескерген жөн. Осыған сәйкес, мемлекет өзінің қаржылық саясатын мемлекеттік қаражатты ұтымды пайдаланатындай етіп ұйымдастырады. 2009 жылы Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының теңдестірілген және толық жүйесін құруға, олардың мәртебесі мен әрекет ету мерзіміне қарай бағдарламалық құжаттардың сатыларын және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу мен қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін анықтауға септігін тигізді [6]. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспармен тығыз байланысты. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің елдің 2020 жылға дейінгі стратегиялық көрінісі туралы Қазақстан халқына Жолдауы негізінде құрылған болатын. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі міндеті 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарды 144 және барлық басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды тиімді орындауды толық көлемде қамтамасыз ету болып табылады. Стратегиялық жоспарлаудың ерекшелігі әрбір мемлекеттік органның өз стратегиялық жоспары негізінде жұмыс істеуі болып табылады және елдің негізгі құжаттары 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар мен мемлекеттік бағдарламалардың мақсаттарымен тікелей байланысты нақты көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу үшін тікелей жауапты болады. Аталған жүйе әрбір мемлекеттік орган мен оның басшысының қызмет нәтижелілігін жіті қадағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға бюджеттік қаражат тек стратегиялық жоспарда көрсетілген мақсаттар үшін бөлінеді. Бұл стратегиялық, бюджеттік және әлеуметтік-экономикалық жоспарлауды шоғырландыруға шынайы жағдайлар мен алғышарттар жасайды [6]. Қазіргі таңда «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» құжатында енгізілген ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекеттік жоспарлау жүйесінің саты бойынша төмен тұрған құжаттарында нақтыланған. Министрліктер мен ведомстволардың стратегиялық жоспарларының пайда болуы, ең алдымен, ведомство басшыларының жоғары деңгейдегі түпкі нәтижелерге қол жеткізу үшін қоғамның шектеулі ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін шешудегі тұлғалық жауапкершіліктерін арттыру мен бюджет қаражатын бөлудегі жемқорлық қатерлерінің алдын алу қажеттілігімен байланысты болды. Мемлекеттік жоспарлау саласында орын алған ағымдағы жағдай қалыптасқан негізгі мәселелерді көрсетеді. Аталған мәселені шешу мақсатында 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасы бекітілді. Аталған тұжырымдама мынадай мақсаттарды жүзеге асыруға арналды: 1) мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын тексеру және оңтайландыру; 2) мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының сапасы мен олардың жүзеге асырылу деңгейін жетілдіру; 3) стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын қамтамасыз ету; 4) мемлекеттік органдар қызметі мен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру нәтижелілігін бағалауды жетілдіру; 5) стратегиялық және бюджеттік жоспарлау саласындағы кадрлар біліктілігінің деңгейін жоғарылату. Қазақстанның демократиялық негіздер құру мен нарықтық қатынастарды дамытуға бағдарлануы мемлекеттік қолдау шаралары мен құралдарының бірыңғай жүйесін қалыптастырудың бастамасы болды. Қазақстанда енгізілген мемлекеттік жоспарлау жүйесі болжамдау, бағдарламалау, ұзақ мерзімді стратегиялық және орта мерзімді индикативті жоспарлау элементтерін қамтиды. 145 Мемлекеттік бағдарламалау. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдірудің рәсімдері мен технологияларының мазмұны негізгі әрі маңызды мәселерді шешумен байланысты нақты мемлекеттік бағдарламалармен анықталады [7]. Мемлекеттік деңгейде сыбайлас жемқорлықпен күресу дегеніміз – азаматтық қоғаммен және бизнес қауымдастығымен бірлесе отырып мақсатты түрде жұмыс жүргізу. Бұл ретте, мемлекеттік бағдарламалау мемлекет пен қоғамның идеяларды қалыптастыру кезеңінде, сондай-ақ іс-әрекеттің бағдарламалары мен нақты болжамдарын қалыптастыру кезеңінде өзара тиімді әрет етуін қамтамасыз ететін тетік ретінде түсіндііледі. Бұл тетіктің көмегімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен келтірілген зиянды өтеп, жауапкершілік пен бұлтартпау шараларының жоғарғы нәтижелілігіне қол жеткізуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және өзге де шаралардың үйлесімді қолданысы қамтамасыз етіледі. Бағдарлама негізінде болжамды қызмет жоспары әзірленеді. Жоспарлау (және бағдарламалау) талданып отырған әлеуметтікэкономикалық және құқықтық құбылыстың болашақта белгіленген параметрлерден өзгеруі мен ауытқуының ықтимал нұсқаларын анықтау тетіктерін бекітуді талап етеді. Болжамдау бағдарламалаудың ғылыми негізі болып табылады. Болжамдау ауытқуларды айқындау мен олардың алдын алу стратегиясын белгілейді. Сәйкесінше, бағдарламаны жасау кезінде болжамдау жұмыстарын жүргізіп, қол жеткізілген нәтижелерді ескерген жөн. Жоспарлау мен бағдарламалауды, ұйымдастыру мен үйлестіруді қамтитын қызметтің барлық түрлері мен нысандары ортақ мақсаттыбағдарламалық тәсілді қолданады. Мақсатты-бағдарламалық тәсіл – бұл мемлекеттік билік және басқару органдарының қалыптасқан мәселені шешуге, мақсатқа қол жеткізуге бағдарланған жүйелі бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу мен ұйымдастыруы арқылы әлеуметтікэкономикалық мәселелерді шешудің негізгі тәсілі болып табылады. Қазақстан өзінің геосаяси ұстанымы мен әлеуметтік-экономикалық деңгейінің дамуына байланысты әлемдік жаһандану процестеріне белсене қатысатындықтан, бүгінгі заман жағдайындағы басқарудағы бағдарламалық тәсілдер мен мақсатты кешенді бағдарламалардың рөлі арта түсуде. Себебі, аталмыш процестерді ұлттық экономика деңгейінде реттеу және үйлестіру тек бағдарламалау әдістемесі арқылы ғана мүмкін болмақ. Мұндай бағдарламалар тізімі Мемлекет басшысының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығымен бекітілген болатын, бұл Жарлыққа сәйкес, мемлекеттік бағдарламалар индустриялық-инновациялық даму, денсаулық сақтау, білім беру, тілдерді дамыту мен олардың қызметі, құқық қорғау жүйесін жаңғырту, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру және т.б бағыттар бойынша жасалады. Мысал: ҚР Президентінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 958 Жарлығымен, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялықинновациялық даму жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған 146 мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама 2003– 2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму Стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшылары» бағдарламасының, сондай-ақ индустриаландыру саласындағы өзге құжаттардың негізгі тәсілдерін біріктіре отырып, жүргізіліп отырған экономиканы әртараптандыру саясатының қисынды жалғасы болып табылады. Өндірістік саясатты кезең-кезеңімен дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен 2015–2019 жылдарға арналған индустриялықинновациялық даму бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялықинновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жалғасы болып саналады және оны жүзеге асырудағы тәжірибені ескереді. Негізі әкімшілік кедергілерді азайтуға, еркін бәсекелестікті дамытуға жағдай жасауға, қазақстандық мазмұнды кеңейтуге, тиімді тарифтік саясатты жүргізуге, ірі өндіріс өндірушілері айналасында шағын және орта бизнес кәсіпкерліктері жүйесін мақсатты қалыптастыруға арналған шаралардан тұратын индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларының көмегімен, соңғы жылдары елімізде серпінді өзгерістер орын алды, жаңа салалар ашылып, жемқорлықтың орын алуын азайтудың қолайлы ортасы қалыптасты. Бағдарламалық-мақсатты бағдарламалауды жүзеге асыру «Өңірлерді дамытудың 5 жылдық бағдарламаларын» жасау арқылы іске асырылады. Әртүрлі өңірлік салалық бағдарламалар орнына енгізілген бірыңғай құжат болып саналады. Бағдарламаның алғашқы міндеті аясында келесі бағыттар бойынша іс-шаралар жүргізілуде: 1) қолданылмайтын шаруашылық активтері мен қолда бар резервтерді (оның ішінде қаржылық) айналымға енгізу арқылы өңір экономикасының әртараптылығын қамтамасыз ету; 2) отандық және шетелдік инвесторларды тартуда жүйелі жұмыстар жүргізу; 3) инновацияларды дамытуда оңтайлы жағдайлар жасау (шағын инновациялық компаниялар мен жоғарғы технологиялы өндірісті дамыту); 4) өңір экономикасының барлық саласында шағын кәсіпкерлікті дамытуға атсалысу (әкімшілік шараларды, рұқсат жүйелерін және т.б. жеңілдету); 5) өңір әкімдерінің жүйе құрушы ірі кәсіпкерліктердің шаруашылық қызметін тиімді экономикалық қадағалауы; 6) өңір экономикасының барлық саласында энергия мен ресурстар үнемдеу технологияларын енгізу және энергияның баламалы көздерін қолдану; 7) республика қалаларының айналасында азық-түлік аймақтарын құру. 147 Бағдарламаның екінші міндеті екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: 1) экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру және оларды дамыту; 2) Қазақстан өңірлерінің экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға атсалысу [8]. Мақсатты-бағдарламалық тәсілдің жетістігі мен нәтижелілігі жұмыс сапасына ғана емес, жүзеге асыру тетіктеріне де байланысты болатыны сөзсіз. Мақсаттар мен міндеттердің, шаралардың жүзеге асырылу мүмкіндіктерімен қатар, барлық басқару жүйелерін түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағыттауды күшейту мен орталықтандырылған басқару әрекеттерін оқшауландыру арқылы ауытқуларды жоюға мүмкіндік беретін бағдарламалық іс-әрекеттің арнайы ұйымдастырушылықэкономикалық тетігін құру мемлекеттік бағдарламалаудың негізгі идеясы болып табылады [9]. Сондықтан мақсатты кешенді бағдарламаларды жасау және іске асыру басқару жүйесіне бірқатар шектеулер жасап, оған ерекше талаптар қоюда. Бұл – дамудың мүмкін нұсқаларын, жақсы ұйымдастырылған кері байланысты және ішкі факторлар мен сыртқы факторлардың арақатынасындағы өзгерістерге икемді жауап беруді ескеру қажеттілігі. Бұл жетік басқару мен тиісті мамандардың жоғары кәсіби дайындығын талап ететін күрделі обьектілер. Шын мәнінде, мақсатты кешенді бағдарлама қатысушылардың уақытпен үлестірілген, ресурстар бойынша негізделген және белгіленген мақсатқа жеткізуге бағытталған өзара келісімді ес-әрекеттердің жүйесін құрайды. Бағдарламалар бір жағынан, жоспарлардың мақсатты қойылуын жүзеге асыру құралы ретінде көрініс тапса, екінші жағынан, қолда бар ресурстарды мақсатты бөлу саласындағы жоспарлы шешімдерді негіздейтін жоспар алды құжат болып табылады. Сонымен қатар, бағдарлама әлеуметтік-экономикалық субьектілердің ұзақ мерзімді келешектегі өзара келісімді іс-әрекеттерінің белгіленген бағытта жүзеге асырылуын бақылаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Ал бұл әлеуметтік-экономикалық жоспарлау жүйесінің де, жалпы басқарудың да әлеуметтік бағдарлануын күшейтеді. Мемлекеттік бағдарламалар соңғы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған әртүрлі шаруашылық қожалық етуші субьектілердің, әлеуметтік-саяси күштердің іс-әрекеттерін үйлестіру нысаны болып табылады. Олар комуникацияларға жол ашады: ынтымақтастықта обьективті мүдделілерді біріктіруге көмектеседі, әлеуметтік-саяси институттардың әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарды реттеуге араласуының легитимділік нысанын атқарады. Мемлекеттік бағдарламалар мақсатты басқару құралы бола отырып, таңдалған бағыттарды іс жүзіне асыру үшін дамудың басым бағыттары бойынша анағұрлым тиімді бағыттарды негіздеу құралы ретінде, қоғамның немесе оның жекелеген құрылымдық элементтерінің иелігіндегі ресурстардың шоғырлануы ретінде қолданылады. Бағдарламалар, сонымен қатар басқарушылық шешімдер қабылдау барысында ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтіксаяси және өзге де аспектілердің кешенді үйлесімділігіне жол ашады. 148 Сонымен қоса, бағдарламалар басқару үрдісінің ғылыми жүзеге асыру қызметін де атқарады. Себебі, ол белгілі бір басқару міндеттеріне байланысты ғылыми жобаларды, нақты әлеуметтік жобаларды және қолданбалы зерттемелерді өзара біріктіреді. (10) Мемлекеттік бағдарламалардың жоғарыда аталған барлық функциялары мынада шарттар сақталған жағдайда ғана орындалары сөзсіз: олардың әзірлеу мен жүзеге асыру барысында ғылымилық, икемділік, уақытылылық, кешенділік, жүйелілік талаптары, басқарудың ақпараттық базасының қоғамда қалыптасқан және кеңінен бөлінетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы медениетке, адамгершілік және моральдық нормаларға, мәдени дәстүрлер мен құндылықтарға саймасай болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Осылайша, мемлекеттік стратегиялық жоспарлауды енгізудің қазіргі кезеңінде елдегі бағдарламалау мемлекеттің шектеулі ресурстарын пайдалану мен бөлуде, ең алдымен бюджеттік қаражатты ұтымды пайдалану мен сыбайлас жемқорлық қауіптерін барынша азайтуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге әлі де толық көлемде ықпал ете алмауда. Мемлекеттік органдардың қызметін нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағдарлау, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайту мақсатында бюджеттік қаражаттардың мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейту қажет. Тірек сөздер: мемлекеттік жоспарлау, стратегиялық жоспарлау, нәтижелілік, мемлекеттік бағдарламалар. ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР 1. Мемлекеттік жоспарлаудың мәні неде? 2. Мемлекеттік жоспарлауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қандай факторлар ықпал етеді? 3. Қазақстан Республикасында мемлекеттік стратегиялық жоспарлауды қалыптастырудың негізгі бағыттарын атап өтіңіз. 4. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа моделін енгізу ретін сипаттап беріңіз. 5. Бағдарламалық-мақсаттық әдісті сипаттап беріңіз. 6. Мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастырудың мақсаты қандай? 7. Мемлекеттік бағдарламалардың функциялары қандай? Рефераттардың үлгілік тақырыптары 1. Нәтижеге бағдарланған басқару

§16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру Демократиялық мемлекеттің құрылуы, осыған байланысты мемлекеттік аппараттың, оның қызметінің қайта құрылуы және Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бастапқы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі өзге де өзгерістер мүлдем жаңа институт – мемлекеттік қызметтер көрсету саласының туындауына алып келді. Мемлекет әрқашанда мемлекеттік қызметтер көрсеткендігі анық. Дегенмен, бұл қызметті мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша процедура ретінде мойындау тек қана дамудың демократиялық тұғырына өткеннен кейін ғана мүмкін болды.1 Мұның барлығы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатта растауға ие болып отыр. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2010– 2020 жылдар кезеңіне арналған Құқықтық саясат тұжырымдасында қазіргі жағдайда әкімшілік құқық мемлекеттік-билік қатынастары саласын реттеумен шектелмейтіне назар аударылады. Онда: «Іс жүзінде азаматтарға және ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қатынасты реттейтін әкімшілік құқықтың жаңа институты туындайды» делінген2 . Бұл жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету маңызды болады, себебі осы көрсеткіш қоғам мен оның әрбір азаматының қажеттіліктеріне мән беру дәрежесін айқындайды. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтер көрсету саласын жетілдіру бойынша жүзеге асырылып жатқан саясат мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелерімен шектеліп қалған жоқ. Бұл саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісәрекеттер мәселесі де өзінің маңыздылығын жоғалтпай отыр және бұл кездейсоқтық емес. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы өз табиғатында, мемлекеттік аппарат қызметінің сыбайлас жемқорлыққа бейім бағыттарының бірі болып табылады. Себебі осы салада мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызметтер көрсетуді қолданушылардың, яғни қарапайым азаматтар, кәсіпкерлер және және т.б. арасында тікелей қарым-қатынас жүзеге асады. Өз кезегінде, мемлекеттік қызметтер көрсетуді мемлекеттік органдардың монополиялық тәуелділігіндегі игіліктер ретінде қарастыру қалыптасқан. Сондықтан, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің болу қаупі қатар жүреді. Мемлекет өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі осылай түсіндіріледі. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламада мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін «электрондық» форматқа өткізу бойынша міндеттер қойылған болатын.3 1 Майдырова А. Б., Муксимов С. С. Совершенствование процесса оказания государственных услуг в Республике Казахстан: научная монография. - Астана: Акад. гос. упр. при Президенте РК, 2015. - 211 с. 2 Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығы // Казахстанская правда. - 2009. - 27 тамыз. - № 205 3 Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011–2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 24, 211-құжат 151 Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандырумен қатар, «бір терезе» қағидасы бойынша көрсетілетін қызметтер тізімін кеңейту міндеті де көрсетілген.4 Сондықтан, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселелерін шешу, оған алып келетін себептер мен жағдайларды болдырмау, жүргізіліп жатқан мемлекеттік басқару реформаларының мәні болды. Міне, сондықтан, мемлекеттік қызмет көрсету мен оны қамтамасыз ету жүйесін қайта қарау бойынша іс-шаралар қабылданған болатын. Нәтижесінде, азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау ведомстволық процедурасының қатаң және бірегей емес құрылымы жойылды. Мұндай тәсілдің бастапқы кезеңдерінің бірі ретінде мемлекеттік билік органдарының барлық қызметтерінің ішінен мемлекеттік қызмет көрсетулермен байланысты үрдістерді ерекшелеуді атауға болады. Ең алғаш рет мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін қалыптастыру бойынша тапсырма Елбасының 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында белгіленген болатын. 5 Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №561 Қаулысымен, құрамында 132 мемлекеттік қызмет көрсету түрі енгізілген тізілім бекітілді.6 Үкімет тарапынан қабылданған 47 қаулы есебінен аталған тізілім бірқатар толықтырулар мен өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны 500-ден асады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларының 7-тармағына сәйкес, «Уәкілетті орган қажет жағдайда жыл сайын, 1 шілдеден және 1 желтоқсаннан кешіктірмей тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді». Сонымен бірге тізілімді әзірлеу жыл сайынғы түгендеу, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызмет көрсетулердің бар-жоқтығына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қарастыру жолымен жасалған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының қызметіне талдау жүргізу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.7 Жыл сайынғы түгендеу және мемлекеттік органдардың қызметіне талдау жүргізудің мәнін өз ведомстволарының жеке мүдделерін мемлекеттік қызмет көрсету түрі ретінде айқындағысы келмейтін жекелеген мемлекеттік органдардың қарсылықтарына жауап ретінде қарастыруға болады. Себебі бұл басқа да өзгерістермен қоса, олардың 4Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011–2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 24, 211-құжат 5 Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2007 жылғы 28 ақпан // Казахстанская правда. - 2007. – 1 наурыз. 6 Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 266-құжат 7 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулысы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 8-құжат. 152 қызметтерін автоматтандыру, стандарттау, регламенттеу, жыл сайынғы қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қолдануға алып келеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын автоматтандыру бойынша кең көлемді реформаларды жүзеге асыруға негіз болған бастапқы құжат 2014 жылғы 19 наурыздағы Елбасының «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт» атты Жолдауы болды. 8 Онда Елбасы «электрондық үкімет» құру бойынша міндетті белгілей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұрғысынан оның аса маңызды артықшылыққа ие екендігін ерекше атап көрсетті. Жолдауда: «Ол халық пен шенеунiктер арасындағы тоқайласуды азайтуға мүмкiндiк бередi, қызмет көрсету сапасын арттырып, мерзiмiн қысқартады» делінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұрғысынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процесінің артықшылығы жөніндегі ойлар ғылыми әдебиеттерде де жиі кездеседі. Мысалы, В. В. Солодовтың пікірі бойынша «электрондық үкіметті енгізу мемлекеттік қызмет көрсетулерді тұтынушылар мен шенеуніктердің арасындағы қарым- қатынастарды өзгертуге ықпал етеді: мемлекеттік қызмет көрсетулер стандартталған, белгілі бір тұлғаларға қатысты емес сипатқа ие болады, ал бұл сыбайлас жемқорлық тетіктерін қолдануды төмендетеді».9 Мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру «ашықтық» қағидатын жүзеге асыруға көмектеседі, себебі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер рәсімінде көрсетілетін қызметтерді қанағаттандыру немесе бас тарту себептерін бақылау мүмкіндігі бар. Бұл туралы М.О. Изотов мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы және олардың қоғамдық құрылымдар үшін «айқындығы» бойынша іс-шаралар қабылдау шенеуніктердің жөнсіз әрекеттерін азайтуға және қоғамдық бақылауды күшейту мүмкіндіктері арқылы қоғамдағы биліктік қатынастардың өзгеруіне әкелуі тиіс деген пікірді білдіреді.10 Қазақстанда қабылданған оңтайландыру және автоматтандыру бойынша іс-шараларды шартты түрде 2 кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде, ұйымдастырушылық, құқықтық және технологиялық мәселелер шешілді. Бұл бағыттағы қабылданған іс-шаралар «электрондық үкімет» құруға барынша бағытталған еді. Электрондық үкіметтің құрылуында негізгі рөлді Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы атқарды. Бағдарлама, ең алдымен, азаматтардың өмір тіршілігі мен мемлекет қызметінің барлық салаларын қамтып, алуан түрлі қызметтерді дамытуға, сонымен қатар әкімшілік 8 Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін!: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2004 жылғы 19 наурыз // Казахстанская правда. -2004. - 20 наурыз. 9 Солодов В. В. E-government и борьба с коррупцией // Вестник Московского университета. Серия 21. Управление (государство и общество). 2006. - № 1. - С. 1-16. 10 Изотов М. О. Коррупция в современной России: дисс. на соискание уч. степени к. ф. н. - Орел, 2012. – 192 с. 153 процестерді толығымен қайта қарауға бағытталған болатын. Аталған кезеңде, «е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы, «е-үкімет» төлемдік шлюзі, «е-нотариат» бірыңғай нотариалдық жүйесі сияқты жүйелер енгізіліп, халыққа электрондық сандық қолтаңбалар беріле бастады.11 Ұйымдастырушылық және технологиялық мәселелермен бірге, бірінші кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетулер процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру бойынша мемлекеттік саясатты құқықтық қамтамасыз ету міндеті де шешілді. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсетулер процесін оңтайландыру мен автоматтандыруға негіз болған заңдар қабылданды. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудағы Қазақстанның жетістіктері жыл сайынғы БҰҰ-да «электрондық үкімет» бойынша жасалатын есепте көрініс табады. «е-қатысу» көрсеткіші бойынша, яғни мемлекеттік биліктің орталық органдарының кез келгеніне электронды нысанда жүгіне алу мүмкіндігі бойынша Қазақстан бірнеше жылдар бойы Сингапурмен бірге екінші орынды бөлісіп келеді . 12 Өз кезегінде, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы салыстырмалы жағымды тенденцияларға талдау жүргізу аясында «жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қызмет көрсетулер үлесі жоғарылады (екі еседен аса)» деп көрсетілген.13 Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар қатарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді стандарттау және регламенттеу қадамдарын жатқызуға болады, себебі мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарында ең алғаш рет қызмет көрсетулер процестеріне қойылатын талаптар көрініс тапты. Регламенттеу мемлекеттік қызметтер көрсету процестеріндегі өзара қарым-қатынастарды реттеудегі маңызды тетікті құрай отырып, стандарттау процесінің жалғасы болды. Бүгінгі таңда, стандарттар мен регламенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әсер етуші құрал екендігіне күмән туғызбайды. «Регламенттелмеген сандық және сапалық көрсеткіштер жүзеге асыру барысын бақылауды қиындатады. Осылайша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзылушылықтарға жағымды орта туындайды», – деп есептейді Е.Мамытбеков.14 Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін стандарттаудың бірінші тәсілдері 2005 жылдың екінші жартысына жатады, осы кезеңде Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының №502 бұйрығымен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен қызмет көрсету процестеріне қойылатын негізгі талаптар бекітілді. 15 11 Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008–2010 жылдарға арналған бағдарламасы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 38, 234-құжат 12 Майдырова А. Б., Муксимов С. С. Совершенствование процесса оказания государственных услуг в Республике Казахстан: научная монография. - Астана: Акад. гос. упр. при Президенте РК, 2015. - 211 с. 13 Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы // Казахстанская правда. - 2014. - 30 желтоқсан. 14 Мамытбеков Е. Услуга государственного стандарта // Портал «Zakon. kz». http://www.zakon.kz/93345-uslugagosudarstvennogo-standarta.html (21 апреля 2015 г.) 15Майдырова А. Б., Муксимов С. С. Совершенствование процесса оказания государственных услуг 154 Бірнеше себептермен бұл іс-шаралар нәтижесіз болды. Екі жыл өткеннен кейін ғана Елбасы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында: «Үкімет мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалы стандарттарының әзірленуі мен енгізілуін қамтамасыз етуге міндетті. ... барлық мемлекеттік қызмет түрлерінің тізбесін бекітуі керек» деген болатын.16 Сонымен бірге стандарттар мен регламенттердің өзін қалыптастыру анағұрлым қиын мәселе екендігі анық. Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттерін қалыптастыру үш кезеңмен сипатталады. Әрбір кезең стандарттар мен регламенттерді қалыптастыру ретінің өзіндік үлгілерімен айқындалып отырды. Стандарттарды бекіту бастапқы кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан дербес негізде жүзеге асырылды. Мұндай дербестік қажеттіліктен туындады, себебі мемлекеттік қызмет көрсетулерді ұсыну мен қабылдау жолдары жөнінде толық ақпаратқа мемлекеттік қызмет көрсету субьектілері ғана ие еді. Осылай бола тұрса да, аталған органдар өздері орындаушы болғандықтан, олардың анағұрлым жеңіл стандарттардың бекітілуіне мүдделі емес екендіктері назардан тыс қалды. Сондықтан мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарын қалыптастырудың құрылымы сынға ұшырай бастағаны да таң қаларлық емес еді.17 Атап айтқанда, біздің пікірімізше және кең таралған аргументтер бойынша да «мемлекеттік басқару органдарының мүдделері (бюджеттің қаржылық мүмкіндіктері, нақты мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық мүмкіндіктері және және т.б.) халықтың қажеттіліктерінен жоғары тұрғанда, «стандарттар үшін стандарттар құру», яғни сапасын арттыруды мақсатқа алмай тек қана ресми талаптар тіркеу» орын алады.18 Осыған байланысты «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы аясында мемлекеттік көрсететін қызметтерді стандарттау мен регламенттеудің жаңа тәртібі ұсынылды.19 Бұл кезеңде стандарттарды әзірлеу барысында көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың пікірін ескеру тетігінің негізі қаланды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын ашық түрде қоғамда талқылау талабы енгізілді. Мұндай қадамдар 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның қоғамдық институт құру жөніндегі міндетімен толық сәйкес келеді. в Республике Казахстан: научная монография. - Астана: Акад. гос. упр. при Президенте РК, 2015. - 211 с. 16 Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2007 жылңы 28 ақпан // Казахстанская правда. - 2007. – 1 наурыз 17 Мамытбеков Е. Услуга государственного стандарта // Портал «Zakon. kz». http://www.zakon.kz/93345- usluga-gosudarstvennogo-standarta.html (21 апреля 2015 г.) 18 Курманбаева А. М. Совершенствование стандартов государственных услуг в Республике Казахстан: дисс. на соискание академической степени магистра. - Астана, 2010. - 108 с. 19 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы: Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы // Казахстанская правда. - 2013. - 20 сәуір. - № 139-140. 155 Тірек сөздер: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау қаупі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді стандартау және автоматтандыру, «электрондық үкімет».. ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР 1. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайту бойынша Қазақстан Республикасында бірінші кезектегі іс-шараларды атаңыз. 2. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға ықпал ететін жағдайды құруда стандарттау, автоматтандыру және регламенттеудің ерекшеліктерін атаңыз. 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретіндегі «электрондық үкімет» ұғымының мәнін қалай түсінесіз? 4. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау жағдайлары мен себептерін барынша азайту процесі нені білдіреді? Рефераттардың үлгілік тақырыптары 1. Реинжин

§ 17. Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлықтық мінез-құлықтың себептері. КСыбайлас жемқорлық – Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатысты ең басты қауіптердің бірі: экономикалық қарым-қатынастар аясында тіршілік ете отырып, ол уақыт өте келе оларды параға сатып алу мен тазалықтың болмауына негізделген қатынастарға алмастырады [1]. Нәтижесінде, қалыпты іскерлік әрекеттер өзгеріске ұшырап, инвестициялар мәнін жойып, іскерлік беделдің деңгейі төмендейді. Сыбайлас жемқорлық белең алған және атқарушы органдар мен сот билігі тармақтарының қызметінде қиыншылықтар бар ортада бизнес табысты дами алмайтындығы дәлелденген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты реттілікпен жүзеге асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті заңнамалық алғышарттарды жасауға алып келді. Бизнестегі парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың пайда болуын барынша болдырмау мақсатында Үкімет Қылмыстық кодекске сыбайлас жемқорлықтық әрекеттері үшін заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту қарастырылған өзгерістер енгізді. Дегенмен, сыбайлас жемқорлық жойылған жоқ. Оның өміршеңдігі адамдардың санасында, адамгершілік кемшіліктері мен нұсқандарында нығыз орныққандығымен айқындалады. Әлемдік экономикалық форумында жарияланған 2013 – 2014 жылдары Жаһандық бәсекеге қабілеттік туралы есеп нәтижелері көрсеткендей, Қазақстанда бизнес жүргізуде ең қиындық туғызушы мәселе сыбайлас жемқорлық болып табылады. Компаниялар қазіргі уақытта да бизнес жүргізудегі пара берушілік пен төлемдерді кешіктіруді әдеттегі іс көреді. ЖАҒДАЙ Қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істейтін кәсіпкер қиын жағдайда қалды. Оған айтарлықтай жоғары дәрежесі бар шенеунік тегін тамақтануға келуді «әдетке» айналдырды. Кәсіпкер үндемей шыдап келгендіктен, уақыт өте келе шенеунік кешкі уақыттары өзімен бірге бір топ адамдарды әкеле бастады, мұны өзі «мұқтаж адамдарды тамақтандыруға арналған қайырымдылық» деп атайтын еді. Шамамен бір жылға (!) жуық уақыт өткенде кәсіпкер барлық мұқтаждарды тамақтандырып болдым деп ойлап, өзінің наразылығын ақырын білдіргісі келгенде шенеунік тарапынан ашулы жауаптар, негізсіз наразылықтар мен айыптаулар, бопсалау айтылды. Сол кезде ғана кәсіпкер заңгерге жүгінуді жөн көрді. Шенеунікті өз орнына қойып, бопсалауын тоқтатуы үшін сауатты жазылған және керекті инстанцияларға жолданған бірнеше өтініш жеткілікті болды. Өз ісінің кәсіби маманына жүгінуге кеткен қаражаты мен осы уақыт ішінде кәсіпкердің шенеунікке жұмсаған шығындарын салыстырудың өзі қажет емес еді. Сыбайлас жемқорлық тәжірибесі орта және ұзақ мерзімді келешекте бумеранг болып қайта келіп, бизнеске соққы болып тиері анық. Әрқашанда заңды бұзу кәсіпкерді өз көзқарасы бойынша және өзінің жеке мақсаттарына сай қолдануға тырысатын мемлекеттік шенеуніктерге тәуелді болуға әкеледі. 158 Бизнесте мәселені сыбайлас жемқорлық арқылы шешуге мүдделі болатын мынадай жағдайлар бар: – компанияға заңды әрекеттер заңсыз әрекеттерге қарағанда қымбатқа түссе (талаптардың дұрыстығын сот арқылы шешкеннен пара беру арзанға түседі); – міндетті талаптарды орындау компанияның табысына немесе оның қызметіне қауіп төндірсе (сот шешімі бойынша өндіріс жабылса, үлкен сомадағы айыппұл белгіленсе және т.с.с.); – мәселені заңды жолмен шешу мүлдем мүмкін емес болған жағдайда (мысалы, активтерді немесе мүлікті жекеменшік иелерінен заңсыз тартып алу); – жауапты тұлғаның қолында сыбайлас жемқорлық рентасы үшін қолданылуы мүмкін аз кездесетін ресурс болғанда (мысалы, жүйелерге қосылу мүмкіндігі, жылжымайтын мүлікті жалға беру, әсіресе ол жеңілдетілген бағамен жалға беріліп жатса); – заңсыз әрекеттер заңды әрекеттерге қарағанда анғұрлым көп табыс келтіретін болса (мысалы, әкімшілік ресурсты пайдалана отырып, жаңа нарыққа ие болу немесе оны бәсекелестер үшін жабу, мемлекеттік тапсырыс аясында тауар жеткізу немесе қызмет көрсету, жұмыстарды орындау) [2]. Оған кім бастамашы болғанына қарамастан, сыбайлас жемқорлық мәмілелерінің нәтижесі: іскерлік орта нашарлайды, бәсекеге қабілеттіліктің төмендеу қаупі пайда болады, «таза» жұмыс атқаратын кәсіпкерлер азаяды, қоғамда да, кәсіпкерлердің арасында да «мультипликациялық» әсер ету таралады. Сондықтан бизнес-ортада сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісінде оны белсенді қабылдамауды, адал бәсекелестік пен адалдық беделін басымдыққа қоюды негізге алған өркениетті іскерлік қатынастарды дамыту өте маңызды. Қазақстанда сыбайлас жемқорлық экономикалық міндеттерді шешудің анағұрлым тиімді тәсілі ретінде таралуы лоббизмге теріс көлеңкесін «түсірді». Лоббизм батыс елдерінде кәсіпкерлердің мүдделерін алға тарту үшін белсенді қолданылады. Қазақстанда болса, лоббизм қандай жолмен болса да, заңды бұзу арқылы болса да компанияның мүдделерін жүзеге асыру дегенді білдіреді. Тіпті, мұндай әрекеттер компанияның ортақ иелерінің, әріптестерінің, сол саланың не ел экономикасының мүдделеріне сай келмесе де жүргізілуі мүмкін. Лоббизмді мүдделерді заңсыз жылжыту ретінде қабылдауды өзгерту сыбайлас жемқорлық көріністерге қарсы белсенді тиімді күрес жүргізіліп, жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастырған кезде өзгеруі мүмкін. Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағыттары мен шаралары. Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл экономикалық қызмет барысында сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және оған қарсы тұру негізіндегі құндылықтар жүйесі. Бұл іскерлік қарым-қатынастарға құқықтық пен құқық бұзушылық, адамгершілік пен адамгершіліксіздік және т.с.с. көзқарасы тұрғысынан қарау. 159 Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бизнес-ортада қаншалықты дәрежеде белең алғанын ескергенде, айтарлықтай қиын процесс. Компаниялардың менеджерлері өз құзыреттерін пайдалана отырып, «тойтарыс» береді және олар ресурсқа қол жеткізу үшін ақша беру және т.с.с. қажеттіліктерін тудырады. Дегенмен, бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлық көріністері жөніндегі ақпарат, мемлекеттік органдарда көрініс табатын жемқорлыққа қарағанда толық болмайды. Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері: – компаниялардың ішкі регламенттері мен рәсімдерінің анық болмауы; – әлсіз мониторинг пен бақылау; – компанияның басқару органдары қабылдайтын түпкі шешімдердің айқындығының жеткіліксіздігі; – компания басшыларының жұмыста әдеп қағидаларын сақтамауы. Компания басшылығы қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік тәрбиелеуде үлгі болуы тиіс. Егер басшылық мәселені пара алу арқылы шешуді қаласа, компания қызметкерлері де мәселе шешудің осындай жолынан бас тартпайды. Шетел компанияларының тәжірибелері көрсетіп отырғандай, Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті парасыз жүргізуге болады. Жемқорлық орын алған жекелеген жағдайлармен компанияның ішкі рәсімдері арқылы күресуге болады. ЖАҒДАЙ Қазақстанда жұмыс істеп, косметикалық қызмет көрсететін корей фирмасы лицензиялық талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл – 90 000 теңге. Шенеунік істі сотқа дейін жеткізбей, орнына оған ноутбук «сыйлауды» ұсынған. Фирма басшысы әділ тұжырым жасады, яғни, сотта талаптың негізгі бөлігімен келіспей және шенеунікке кейін үлгі болатындай үнемі «қалтасын толтыруға» жағдай жасамауға бел буды. Сот талқылауының нәтижесінде, кәсіпкерге қойылған бес талаптың біреуі ғана қалдырылды. Айыппұл құны 30 000 теңгеге дейін түсірілді. Алайда, істі қарау барысында фирма жұмыс жүргізу бойынша бағалы тәжірибе алды. Енді ол ешқандай тексерушілерден қорықпайды, себебі жұмысын толық ретке келтіріп алды. Фирма басшысы мұндай білім мен тәжірибе 30 000 теңге төлеуге тұрарлықтай екенін, және істі әдеттегідей пара берумен аяқтаса, одан да жаман боларын мойындады. Қиындық туғызып отырған тағы бір мәселе бұл – қызметкерлердің компания ресурстарын жеке мүдделеріне қолдануын жемқорлық әрекетіне жатқызу. Бұл жағдайды қызмет бабын теріс пайдалану деп қарастырған дұрыс. Осылайша, бизнес-ортада жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру сана-сезімді, әділдік пен жауапкершілікті арттыру мақсатында кәсіпкерліктің кадрлар құрамымен жұмыс жүргізуді болжайды. Компания ішіндегі жемқорлық мәселелерін оның басшылығы немесе иелері шеше алады. Ішкі рәсімдермен шешім қабылдау тәртібін жетілдіру үшін, сондай-ақ жемқорлық амалдарын өрескел қылыққа айналдыру үшін уақыт қажет. 160 ЖАҒДАЙ Салық инспекциясының қызметкері Алматы қаласының кәсіпкері Б-ға негізсіз айыппұл салды. Ол фирма бухгалтеріне белгілі ақы үшін жағдайды «реттеп беруді» ұсынды. Және бухгалтерге делдалдық қызметі үшін сыйақы уәде етілген. Бас бухгалтер кәсіпкерді салық қызметкерлерімен туындаған мәселеде ең дұрыс шешім ақы төлеу екеніне көндірмекші болып, мәселені өзі шешуге ұсыныс жасаған. Кәсіпкер ақы төлеуден бас тартып, негізсіз айыппұл жөнінде сотқа шағымдануды жөн көрген. Қатарынан бес сот шағымын жеңіп шыққан кәсіпкер Б-ны салық инспекциясының өкілі ақыры қоя берді. Шыны керек, ол үшін біраз уақыт пен қаражат жұмсалды. Алайда, бизнестің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі, сонымен қатар, адамдық қадірінің сақталып қалуы жұмсалған уақыт пен қаражатты артығымен ақтап берді. Соңында бұл кәсіпкер бас бухгалтерін жұмыстан шығарып, шағын бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғау жөніндегі ынталы топты басқарды. Әлемдік тәжірибеде байқалғандай, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресіп, оны мемлекеттің моральдық-адамгершілік ұстанымдары мен экономикасының дамуына қатер төндірмейтіндей деңгейге жеткізуге болады. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу маңызды әрі болуы мүмкін іс-әрекет болып саналады. ЖАҒДАЙ Бал өндірумен айналысатын шағын кәсіпорыннан сәнді би сайысын өткізуге қаражат аударуды талап еткен. Келіссөздер нәтижесінде екі жаққа да жағымды мәміле табылған: кәсіпорын аз мөлшерде қаражат төлейді, бірақ өз атауын көрсетіп, іс-шараның ресми демеушісіне айналады, өз тауарын тегін жарнамалап, банкетті балмен қамтамасыз етеді. Әртүрлі зерттеулер нәтижесінде байқалғандай, бизнес-қауымдастығы сыбайлас жемқорлықпен сәтті күресіп, оның алдын алу үшін негізгі екі шараны орындау қажет деп есептейді: 1) пара үшін қомақты (еселенген) айыппұл салу, бұл пара алушылардың жауапкершілігін арттырады; 2) заңнаманы оның «сыбайлас жемқорлықтан таза» екендігіне қоғамдық сараптама жүргізу, оны жасаудағы нақтылық. Сондай-ақ бизнес-ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын шараларға мыналар жатады: – заңнаманың айқындығы мен толықтығы; – мемлекеттің экономикаға араласуын қысқарту; – мүдделер шиеленісін жою; – мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін қабылдау; – мемлекеттік қызметшілердің сайланбалығы. Әртүрлі қызмет салаларын нормативтік құқықтық реттеудегі кемшіліктер – сыбайлас жемқорлыққа апаратын негізгі себеп. Бұл Қазақстан үшін жүйелі әрі ұзақ мерзімді мәселе болып отыр. Бұл мәселенің шешімі тек мемлекетке ғана емес, «қоғам-билік-бизнес» диалогының қаншалықты нәтижелі болуына байланысты. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру құралы. Қазіргі заман жағдайында бизнес ортадағы 161 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тамыры оның әлеуметтік жауапты әрекетінде жатыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – бұл кәсіпкерлердің осындай саясат жүргізіп, осындай шешім қабылдауға және қоғам мақсаттары мен құндылықтары жағынан ерікті болып саналатын қызмет бағыттарын таңдауға ерікті түрде міндеттелуі болып табылады [3]. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің аумағы мен бағыттары белсенді түрде кеңеюде. Ол қайырымдылық шараларымен шектеліп қана қоймай, мынадай шараларды да қоса орындайды: – бизнес жүргізу процесінің құқықтық нормаларға сай болуы; – кәсіптік және іскерлік этика қағидаларын сақтау; – экологиялық нормаларды сақтау; – компания қызметкерлері алдында өз міндеттерін орындау; – тұтынушылар алдында өз міндеттерін орындау және т.б Кәсіпкерлік құрылымдары мен мемлекеттік билік өкілдері өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасайды. Мысалы, «Қазақмыс» корпорациясы мен Қарағанды облысы басшылығы арасында жасалған өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуді көздейтін меморандум негізінде корпорация ауруханалар мен спорт ғимараттарын, мәдениет нысандарын жөндеу мен салуға 4,2 млрд теңгені құрайтын қаражат бөлді. Сонымен қатар, корпорация шетелде білім алып жатқан студенттерге қолдау көрсетіп, өңірдегі колледж бен ЖОО студенттерін тәжірибеден өту базаларымен қамтамасыз етеді, өңірдің қалаларын көркейтуге қаражат бөліп, облыстық денсаулық сақтау мен білім беру салаларын қаржыландырады. ERG (EurasianResourcesGroup) компаниясы 11 жыл бойы көрнекті үлгі көрсетіп, өз кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында маңызды әлеуметтік-экономикалық жобалар бойынша меморандум жасап келеді. Компания 2012–2014 жылдар аралығында Павлодар облысының дамуына 7 млрд теңгеге жуық қаражат бөлді. Бұл қаражатқа Ақсуда спорт сарайы, Екібастұзда балалар музыка мектебі, Павлодарда спорттан дарынды балаларға арналған жүзу бассейні салынды. Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында жыл сайын «Парыз» республикалық конкурсы өткізіледі. Конкурстың негізгі мақсаты – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаларын дамыту, оны қоғамның өзекті мәселелерін шешуге белсене қатыстыру және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қоғамдық санада оңтайлы қабылдауды қалыптастыру [3]. Жеңімпаздарға үш номинация: «Жылдың ең үздік әлеуметтік жобасы», «Ең үздік ұжымдық келісімшарт» және «Ең үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», үш категория: шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері бойынша лауреат атағы беріледі. Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, дамыту мақсатында бизнесмендерге арнап корпоративті әлеуметтік жауапкершілік үшін «Парыз» сыйлығы секілді марапаттаулар енгізу мақсатқа лайықты болып табылады. 162 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске атсалысқандығы үшін ынталандыру мақсатында мемлекет қоғамға танылу деп аталатын оңтайлы бастаманы қолдана алады [4]. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамның барлық мүшелері атсалысуы керек. Бизнес қауымдастықтары мен үкіметтік емес ұйымдарды жемқорлыққа қарсы күрес науқанына қатысуға шақырып, олардың бастамаларына қолдау көрсету қажет. Тірек сөздер: бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлық, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР 1. Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін қалай түсінесіз? 2. Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді? 3. Қандай жағдайда бизнес сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына мүдделі болуы мүмкін? 4. Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлық қарсы мінез-құлықты таңдауына кедергі болатын себептер қандай? 5. Қандай шаралар бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға себеп ықпал ете алады? 6. Кәсіпорын (фирма) ұжымында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру үшін қандай кадрлық жұмыстар жүргізген дұрыс? Рефераттың үлгілік тақырыптары

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ оқу құралы Жалпы редакциясын басқарған б.ғ.д., профессор Б.С. Абдрасилов Компьютерде беттеген: А. М. Тұранова Корректор: Б. М. Жәмитова Форматы 70х108/16. Гарнитура «Segoe UI». Шартты баспа табақ 14,8. Таралымы 10 дана (бірінші шығарылым). Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында басылып шықты. 010000, Астана қ., Абай даңғ., 33а. Маркетинг және коммуникация орталығы басылым мазмұны мен қателеріне жауап бермейді

Жемқорлықпен қалай күресеміз? пікірталас

Бөлім

Рухани-адамгершілік

Мектеп: Кен негізгі мектебі

 

 

Күні: 10.01. 2021 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Тасмагамбетова Ж.С.

 

Сынып: 5-6« А»

Қатысқандар саны:8

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы:

Жемқорлықпен қалай күресеміз?

Сыныптан тыс жұмыс. Пікірсайыс

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды анықтап, пайда болу жағдайлары туралы пікіралмасу.

Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту.

Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту

Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

 

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды анықтап, пайда болу жағдайлары туралы пікір алмасады.

Көптеген оқушылар: Тақырып аясында ой қозғап адалдық пен парасаттылықтың адам өміріндегі маңызын тұжырымдайды.

Сыбайлас-жемқорлықтың қоғам дамуына ,адам өміріне қандай кері әсер ететіндігін анықтайды.

Кейбір оқушылар: Жемқорлықпен қалай күресетіндіктері туралы пікірсайысқа түсіп өзіндік көзқарасын білдіреді.

 

Тілдік мақсат

Пікір сайысқа қатысты сөздер мен терминдер: жемқорлық, Ата Заң,абырой

парасаттылық, құқық т.б.

 

 

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Менің ойымша, мен оны былай түсінемін,оны мына деректермен ,мысалдармен дәлелдеймін, қорытындылай келе мен мен мынадай шешімдерге келдім...

 

Бағалау критерийлері

Пікірсайыста өз ойын ашық жеткізеді.

Тақырыптың өзектілігін анықтайды.

Адал ұрпақ ұғымын түсіндіреді.

Адамгершілік пен парасаттылықтың, әділдік пен ар-ұяттың маңызын ажыратады.

 

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік ел идеясы. Зайырлы қоғам.

Бірлік.Ынтмақ.Отансүйгіштікке баулу.

 

Пәнаралық байланыстар

Тарих, өмірмен, өзін-өзі тану, құқықтану.

 

АКТ қолдану дағдылары

А.Құнанбаев, Әл-Фараби портреттері мен қанатты сөздері,Бейнеролик т.б.

 

Бастапқы білім

Патриоттық тәрбиені түсінеді.

 

Сабақ барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 

Басы

7 минут

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларды түгендеу.

2.Сынып тазалығына көңіл бөлу.

3.Жағымды ахуал қалыптастыру.

СЖ Білу.Түсіну.

1.Біз қандай қоғамда өмір сүреміз?

2.Қалай ойлайсыңдар қазір қоғамда қандай мәселелер өзекті?

3.Адамгершілік,парасаттылық дегенді қалай түсінесіңдер?

4.«Адал ұрпақ » ұғымы нені блдіреді ?

5.Қазіргі таңда өз ісіне адал жандар бар ма?

6.Бар болса қалай дәлелдейсіңдер?

Дескриптор: Берілген сұрақтарға жауап береді.

Өз пікірлерін білдіреді.

ҚБ: Ауызша жүреді

АКТ –ы қолдану

Қанатты сөздер

А-3 қағазы

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 

30 минут

 

Жаңа сабақ

Мағынаны тану

Пікірсайыстың мақсатын хабарлап, бағалау критерийлерімен таныстырамын.

 

«Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.

Н.Ә.Назарбаев.

1-топ. 1-тапсырма. Суретпен жұмыс. Суретте көрсетілген ақпарат бойынша өзіндік көзқарасыңды білдір.

 

Дескриптор: Суретпен жұмыс жасайды.

Ақпаратқа сай өзіндік көзқарасын білдіреді.

Жемқорлық туралы не білетіндерін айтады.

ҚБ: Смайлик

2-топ.2-тапсырма. Сызбаны негізге ала отырып, тақырыптың мазмұнын ашыңдар.

 

 

Дескриптор Білім алушы

- Берілген сызбаны қолданып,тақырыптың өзектілігін анықтайды.

ҚБ: Ауызша жүреді. (білім алушының жауабы ескеріледі)

«Сыбайлас жемқорлық» деген не? 

“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады.

Қазіргі уақытта сыбайлас-жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да тамырын жайып отыр.

Сыбайлас-жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму үрдісіне, рыноктық экономиканың құрылысына, инвестицияларды тартуға залалын келтіруде. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына да кері әсерін тигізуде, болашақтағы еліміздің дамуына үлкен қатер төндіруде.

3-тапсырма.

Ж.Ж Егер де сен президент болсаң, «Сыбай жемқорлыққа» қарсы қандай іс-шаралар жүргізер едің?

Дескриптор: «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы ой тұжырымдайды.

Жұпта талқылайды.

ТЖ. Жемқорлықпен күресу мүмкін бе?

4-тапсырма. Жастар арасында жемқорлықтың кең етек алуы нені білдіреді?

Бүгінгі заманда жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың таралуына не себеп? Тұжырымдамалық кестемен жұмыс

 

Тірек сөздер мен сөз тіркестері

Дәлелдерді айғақтау

Тұжырым жасау

Жастардың жұмыссыздығы

 

 

Елдегі әлеуметтік ахуалдың әлі де төмендігі

 

 

Жастардың өз-өзіне сенбеушілігі

 

 

Дескриптор: Тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолданады

Дәлелдер келтіріп айғақтайды.

Ойды тұжырымдайды

ҚБ: « Күн сәулесі» әдісі

 

А.Құнанбаев, Әл-Фараби портреттері мен қанатты сөздері

 

 

Аяқталуы

3 минут

Түйін сөз. «Өзің үшін еңбек қылсаң, дейді Абай, -өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Ақылды, мейірімді адам әр уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам-ардақты адам. Ардақты адам жемқорлыққа жол бермейді,-деген түйінді сөзбен ой қорытамыз.

Рефлексия:

Маған әсер еткені....

Мені қызықтырғаны...

Мені қуантқаны..



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 173
  1. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:28
    0 + 0 -
    555
  2. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:22
    0 + 0 -
    555
  3. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:21
    0 + 0 -
    555
  4. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:21
    0 + 0 -
    555
  5. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:21
    0 + 0 -
    555
  6. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:21
    0 + 0 -
    555
  7. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:21
    0 + 0 -
    555
  8. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:21
    0 + 0 -
    555
  9. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:20
    0 + 0 -
    555
  10. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:19
    0 + 0 -
    555
  11. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:19
    0 + 0 -
    555
  12. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:18
    0 + 0 -
    555
  13. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:18
    0 + 0 -
    555
  14. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:17
    0 + 0 -
    555
  15. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:17
    0 + 0 -
    555
  16. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:16
    0 + 0 -
    555
  17. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:16
    0 + 0 -
    555
  18. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:15
    0 + 0 -
    555
  19. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:15
    0 + 0 -
    555
  20. BTdPXxZN
    BTdPXxZN 02.12.2024 06:15
    0 + 0 -
    555