Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы


 

Қазақстан Республикасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсысаясатының2022 – 2026 жылдарғаарналған тұжырымдамасынаҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы

саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы

      Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3-бап.

      1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:

      1) заңдылық;

      2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;

      3) жариялылық пен ашықтық;

      4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

      6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;

      8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

     

5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:

      - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;

      - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;

      -сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

      - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

      - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің2022 жылғы 2 ақпандағы№ 802 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН

МАЗМҰНЫ

      Нұр-Сұлтан қ., 2022 жыл

1-бөлім.

Тұжырымдаманың паспорты

2-бөлім.

Ағымдағы ахуалды талдау

3-бөлім.

Халықаралық тәжірибені шолу

4-бөлім.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту пайымы

5-бөлім.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

6-бөлім.

Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

7-бөлім..

Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (қосымша)

1-бөлім. Тұжырымдаманың паспорты

Атауы

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы (Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 88-тармағы)

Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар

мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері

Іске асыру мерзімдері

2022-2026 жылдар

Түсінік

Парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тақырыптары білім беру бағдарламаларында оқушылардың білімділік деңгейін көтеру және қоғамда әділеттілік орнату мақсатында баяндалады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында

оқу орындарының оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті бағыттары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың маңызды жаңашылдықтары туралы айтылады.

Департамент қызметкері Е.Меңлібайдың айтуынша, жас ұрпақты жаңа көзқарастармен және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін қағидаттармен тәрбиелеу парасаттылық жүйесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Бұл туралы ағымдағы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың алдағы 5 жылға арналған тұжырымдамасында айтылған.

Стратегиялық құжатты іске асыру шеңберінде білім беру бағдарламаларына парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тақырыбын енгізу көзделген. Сондай-ақ, баланы мектепке дейінгі тәрбиеден бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліммен сүйемелдеу қажет.

Келешек ұрпақты яғни жастарды әрдайым парасаттылық пен адалдық қағидаттарын ұстануға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жалпы төзбеушілік ортасын қалыптастыруға белсенді қатысуға шақыарды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамгершілік пен азғындық (орынды және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі».

Сабақ жоспары 11 сынып

Парасаттылық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті

Өтілетін тақырыптар атауы

Сағат

Уақыты

Ескерту

1

Кіріспе

1

11а,

11ә

2

Сыбайлас жемқорлық ұғымы

1

3

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқор лыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары

1

4

Мемлекеттік қызметтегі алдын алу шаралары

1

5

Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде .

1

6

Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде . .

1

7

Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру .

1

8

Халықаралық ынтымақтастық

1

9

Мемлекеттің экономикаға қатысуының жоғары деңгейі

1

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:

10

Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы отбасы рөлі

1

11

Тұрмыстық" сыбайлас жемқорлық

1

12

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері

1

13

Сапалы цифрландыру сыбайлас жемқорлықты төмендету факторы ретінде

14

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетігі ретінде қоғамдық бақылау . .

1

15

Саяси партиялар мен БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралдары ретінде . . .

1

16

Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын анықтау және жою құралдарын жетілдіру

1

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

17

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие .

1

18

Сыбайлас жемқорлық тәртіптің психологиялық тетіктері .

1

19

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық негіздері .

1

20

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың эволюциясы .

1

21

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік . . .

1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

22

баршаның заң алдындағы теңдігі және әділдік;

1

23

жариялылық, айқындық және қоғамға есеп беру;

1

24

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын кешенді пайдалану;

1

25

сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басымдығы;

1

26

мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;

1

27

тиімділік пен нәтижелілік;

1

28

сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерінде оны қабылдамау;

1

29

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау;

1

30

сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы;

1

31

сапалы цифрлық трансформация қағидаттарына негізделеді.

1

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖӘНЕ БИЗНЕС ОРТАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ .

32

Мемлекеттік қызметті реформалаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектісі . .

1

33

Мемлекеттік жоспарлау сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылдың тетігі ретінде

1

34

Мемлекеттік қызметтер екөрсету процесін жетілдіру . .

1

35

Бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру .

1

36

Қайталау

1

Кіріспе

2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына қосымша  

АҚДМ

-

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

"Атамекен" ҰКП

-

"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

ӘдМ

-

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

"Бәйтерек ҰБХ" АҚ

-

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

БҒМ

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

БҚДА

-

Қазақстан Республикасының Басекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

БП

-

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

ГРЕКО

-

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы

ДСМ

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

ЖАП

-

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

ЕХӘҚМ

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖАО

-

жергілікті атқарушы органдар

ЖС

-

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

ИИДМ

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Қаржымині

-

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ҚМА

-

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

Қорғанысмині

-

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 

ҚР СТ

-

Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты

ҚХА

-

Қазақстан халқы Ассамблеясы

МӘМС

-

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

МБА

-

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

МҚІА

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

МСМ

-

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

ОМО

-

орталық мемлекеттік органдар

ПӘ

-

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

-

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

СЖҚІА

-

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

СЖРА

-

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

СЖРА ҰСБ

-

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

СИМ

-

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

СІМ

-

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

ТМККК

-

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

ҰБ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ҰҚК

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰЭМ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЦДИАӨМ

-

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ІІМ

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ЭЫДҰ

-

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

ISO

-

International Organization for Standardization

ҒЖБМ

-

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

ОАМ

-

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіЖүктеу

    

      Халықаралық ынтымақтастық

      Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа және кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі халықаралық конвенцияларға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбұл іс-қимыл жоспарына (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) желісі шеңберінде) қосылды және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кірді.

      Халықаралық ұйымдармен және шетелдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдармен сындарлы өзара іс-қимыл жолға қойылды.

      2019 жылы ЭЫДҰ-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің пленарлық отырысында мониторингтік топ Ыстамбұл жоспарының 4-раунды ұсынымдарының орындалуы туралы Қазақстанның аралық есебіне оң баға берді (29 ұсынымның 20-сы бойынша ілгерілеушілік байқалды).

      Қабылданған шаралар қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерін одан әрі жоюдың берік іргетасын қалады, бұл 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Transparency International Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде алғаш рет 38 балл (екі жылда +7 балл) жинап, 180 елдің арасында 94-орынға (екі жылда +30 позиция) ауысуына мүмкіндік берді.

      2.2. Орта мерзімді перспективада шешуді талап ететін түйінді проблемалар

      "Тұрмыстық" сыбайлас жемқорлық

      Азаматтар мен кәсіпкерлердің күнделікті өмірде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауына байланысты "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлық іс жүзінде көптеген салаларда сақталып отыр.

      "Транспаренси Қазақстан" қоғамдық қоры жүргізген "2020 жылғы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің мониторингі" әлеуметтанушылық зерттеуінің нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тұрғысынан сезімтал органдар мен мекемелердің тізбесі жылдан-жылға іс жүзінде өзгермейді: мемлекеттік емханалар мен ауруханалар, полиция, жер қатынастары басқармалары, ХҚКО-лар, мемлекеттік балабақшалар мен жоғары оқу орындары.

      Соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлық қылмыскерлік құрылымының едәуір бөлігін – 50%-дан астамын парақорлық фактілері алып отыр.

      Негізгі себептер қатарында: сақталып отырған әкімшілік кедергілер, екіұдай мағыналы және дискрециялық нормалар, мемлекеттік органдардың жеткіліксіз ашықтығы, баламалы (қағаз) негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесінің жоғары болуы бар.

      Нақты жағдайларға, өңірлік, салалық және өзге де ерекшеліктерге сүйене отырып, әртүрлі әлеуметтік топтарға олардың құқықтарын, міндеттері мен рәсімдерін қолжетімді және түсінікті етіп түсіндіру стандарттары болмай отыр.

      Мұның өзі мемлекеттік басқарудың бизнес-процестерін автоматтандырудағы кемшіліктер мен олқылықтарға да байланысты.

      Цифрлық шешімдердің бір бөлігінің сапасыз және жартылай іске асырылуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауда. Көбінесе лауазымды адамдар "жалған" цифрландыруды пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасауды жалғастыруда, ал азаматтар мен кәсіпкерлер "цифрландырылған" мемлекеттік функциялардағы техникалық іркілістер, артық процестер және ақпараттық жүйелердің жұмысындағы басқа да кемшіліктер себебінен, өз мәселелерін шешудің заңсыз жолдарын іздеуге мәжбүр болуда.

      Сонымен қатар, дерекқорлардың әлсіз интеграциясы мемлекеттің проактивті сервистік моделін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

      Мемлекеттік және жекеше секторлардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыртқы талдау шеңберінде айқындайтын сыбайлас жемқорлық алғышарттарын жоюға мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың мүдделілігі әлсіз екені байқалады.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты әлі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар үшін "өзін-өзі тазартудың" пәрменді құралына айналмады.

      Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың салалық жүйесі ішінде анықталған тәуекелдерге "өңір – орталық" қағидаты бойынша ден қоюдың тиімді тетігі жоқ.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің пассивтілігі сыбайлас жемқорлық деңгейінің нақты төмендеуіне сенуге мүмкіндік бермейді.

      Корпоративтік сектормен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жеткілікті түрде бәсекеге қабілетті болмай отыр.

      Мемлекеттік функцияларды орындау кезінде мүдделер қақтығысының алдын алудың тиімді тетігі жоқ.

      Қолданыстағы декларациялау жүйесі шығыстар мен алынатын кірістердің айтарлықтай алшақ болу фактілеріне ден қоюдың тиімді құралдарымен тиісті түрде бекітілмеген.

      Жымқырылған активтерді іздестіру, оларды бюджетке қайтару мүліктің қылмыстық шығу тегін дәлелдеудің күрделілігіне байланысты екінші орында қалуда.

      Алдын алу шаралары, негізінен, мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған. Бұл мұндай қызметшілер болып табылмайтын, бірақ азаматтардың сыбайлас жемқорлық деңгейін түйсінуіне үлкен әсер ететін адамдар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу тиімділігін төмендетеді.

      Осы тұрғыда мемлекеттік емес сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және адал бизнесті қолдау қажеттігі ерекше маңызға ие болады.

      Бюджет қаражатын бөлу процесінің жоғары сыбайлас жемқорлықтық осалдығы

      Бюджет қаражатын қалыптастыру және жұмсау туралы ақпараттың жеткілікті түрде айқын болмауы мемлекеттік қаржыны басқаруда сыбайлас жемқорлық тәуекелін арттыратын жүйелі факторларға жатады.

      Теріс практиканың негізгі себебі жоспарлау жүйесі мен бюджет қаражатын игеру арасындағы өзара байланыстың жеткіліксіздігі болып табылады. Көп жағдайда бюджеттік өтінімдер жауапты адамдармен жиі үлестес болатын компаниялардың негізсіз жоғары баға ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

      Тиімсіз жоспарлау экономикалық ысырап және қолдан шығарылған пайда сияқты ауыр зардаптарға алып келеді, сондай-ақ бюджетті игеру кезінде жымқыруға қолайлы жағдай жасайды.

      Республикалық және жергілікті бюджеттердің жұмсалуы туралы деректер қамтылатын бірыңғай ақпараттық жүйенің жоқтығы тиісті мәліметтердің жабық және бытыраңқы болуына ықпал етеді.

      Жұртшылықты бюджеттің техникалық бөлшектерсіз және тиісінше, азаматтық бақылауды шектемей, тек негізгі мәліметтер көрсетілген "жеңілдетілген" нұсқасымен таныстыруға жағдай жасалмаған.

      Бюджеттеу туралы шешімдер қабылдау рәсімдерінің транспарентті болмауы есеп беруді қамтамасыз ету мүмкіндіктерін азайтады және сыбайлас жемқорлыққа ықпал етеді.

      Пандемия және ковидтен кейінгі кезең бөлінетін қаражат пен әлеуметтік-экономикалық нәтижелер арасында байланыстың болмау проблемасын ашып берді.

      Кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік қолдауды (субсидиялар, гранттар, кепілдік, жеңілдікті кредиттеу) бөлу тетіктері оның тиімсіз және мақсатсыз пайдаланылуына мүмкіндік береді.

      Бұл уәкілетті органдардың бюджеттік қолдау нәтижелілігін бағалаудың түпкілікті көрсеткіштерін айқындамайтынына байланысты. Дұрыс емес, оның ішінде сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа ықпал ететін триггерлер бар.

      Кәсіпкерлік субъектілерін субсидиялаудың орындылығы туралы шешім тиісті маманданудың ғылыми қоғамдастығының қатысуынсыз қабылданады. Дискрециялық қаржыландырудың болуы ресурстарды бұруға және бюджеттік тәртіпті сақтау тетіктерін айналып өтуге мүмкіндік береді.

      Мұндай жағдай бюджеттік қолдау алудың тең, бәсекелі және әділ жағдайларын жасау жөніндегі шаралардың тиімділігін төмендетеді.

      Квазимемлекеттік сектордың заңды тұлғаларының жарғылық капиталын ұлғайту арқылы бюджет қаражатын мемлекеттік бақылау аясынан шығару үрдісі байқалады. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен ведомстволық бағынысты ұйым арасында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін және азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуды айналып өтіп, қаражатты саланың дамуына байланысты емес мақсаттарға аудару жүргізіледі. Соның салдарынан бұлыңғыр шарттық міндеттемелер, бюджетті ұтымсыз жұмсау, жымқыру орын алады.

      Бір-бірін едәуір дәрежеде қайталайтын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының төрт буынды жүйесі бюджет процесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

3-бөлім. Халықаралық тәжірибені шолу

      Шетелдік озық практикалардың халықаралық тәжірибесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жасау үшін көптеген факторлар мен элементтерді кешенді түрде ұштастыруды көздейтін жүйелі тәсіл қажет екенін көрсетеді. Бұл ретте институционалдық тетіктер мен құқықтық құралдарды дамыту, қоғамдық хабардарлықты және азаматтық қоғамның тартылуын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажет.

      Кең қоғамдық қолдау болмаса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі күш-жігер сәтсіздікке ұшырайды. Бұл тұрғыда тиісті мәдениетті қалыптастыру елеулі рөл атқарады. Сондықтан Доха декларациясында қылмыскерлік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, заңды құрметтеу мәдениетін құруда білім берудің рөлі баса айтылған.

      Неғұрлым дамыған елдердің практикасы ақпаратқа кеңінен қол жеткізудің, шешімдер қабылдау процестерінің айқындығы мен қоғамдық қатысу тетіктерін құрудың сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға елеулі дәрежеде ықпал ететінін көрсетеді.

      Мысалы, мемлекеттік шығыстар туралы ақпараттың қолжетімді болуы мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бразилия, АҚШ, Украина, Оңтүстік Корея порталдарында бюджеттер туралы барынша кең ақпарат қамтылған.

      Тағы бір мысал – Грузияның электрондық сатып алу жүйесі, онда стандартты функционалмен қатар конкурстық бетте онлайн сұрақтар қою және жария түрде жауаптар ұсыну, тендерлік процестің кез келген кезеңінде талап қоюды беру, сондай-ақ Сатып алу және конкурстар жөніндегі мемлекеттік агенттіктің мониторингі шеңберінде цифрлық форматта тендер бойынша тәуекелдерді анықтау мүмкіндігі көзделген.

      Ашық ақпараттың болуы журналистік тергеп-тексерулерді жүргізуге де жағдай жасайды. Мұндай практика Ұлыбританияда, Францияда, Швецияда және еуропаның басқа да елдерінде кең таралған.

      Дүниежүзілік банкті тарту құралы қызығушылық тудырады. Электрондық "Интегрити Эпп" (Integrity App) қосымшасы азаматтардың алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа байланысты проблемалар туралы хабарлауына мүмкіндік береді. Оның пайдаланушылары, мысалы, құрылысы аяқталмаған мектептің фотосуреттерін, пара сұраудың аудио жазбасын не кез келген басқа файлды немесе құжатты жібере алады.

      Цифрландыру әкімшілік кедергілерді азайтудың, дискрецияны қысқартудың және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың маңызды факторы болып табылады.

      Эстонияның мемлекеттік дерекқорында экономикалық статистика мен сот архивтерінен бастап азаматтардың медициналық карталары мен шағымдарына дейін барлығы бар. Осы орайда, кез келген әрекет жүйенің тарихында өз ізін қалдырады, бұл қысқа мерзімде бұзушыны табуға мүмкіндік беріп, деректердің қорғалуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлықты барынша азайтады. Оның үстіне шенеуніктер мен азаматтардың өзара іс-қимылы мүлдем жоқ немесе барынша төмен деңгейде.

      Оңтүстік Кореяда ЮНИ-ПАСС (UNI-PASS) кедендік ресімдеудің электрондық жүйесі енгізілген, ол кеден қызметкерлері мен көрсетілетін қызметті алушылардың арасында жеке байланыстарды қысқарту есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетті.

      Австралияда, Мажарстанда, Молдовада, Румынияда және АҚШ-та сыбайлас жемқорлық фактілерін болғызбау және анықтау үшін парасаттылыққа тексеру табысты түрде пайдаланылуда. Ол тестіленетін адам білмейтін сыбайлас жемқорлық мінез-құлықты анықтау мақсатында модельденген жағдайды білдіреді.

      Жеке мүдделерді декларациялау, ден қою және жауапкершілік шараларын қамтитын мүдделер қақтығысын реттеу маңызды алдын алу тетігі болып табылады.

      Сонымен қатар, "айналмалы есік" практикасына қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы реттеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл термин жұмыскерлердің мемлекеттік сектордан жекеше секторға ауысуы деп түсініледі.

      Мәселен, Норвегияда мемлекеттік қызметшілердің – жекеше кәсіпкерлік құрылымдарға және бизнесмендердің билік құрылымдарына ауысуы үшін жарты жылға дейінгі мерзімге "карантин" қағидалары қолданылады. Осындай шаралар Германияда, Испанияда, Латвияда, АҚШ-та, Франция мен басқа елдерде қолданылады.

      Шектеу шараларын кеңейтумен қатар мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері де белгіленеді. Әлемде әртүрлі тәсілдер: арнаулы зейнетақы жүйелері, тегін медициналық сақтандыру, көлік шығыстары, балаларға арналған жәрдемақы, тұрғын үй төлемдері және басқалар қолданылады.

      Мысалы, Франция мен Жапонияда тұрғын үй және көлік өтемақылары көзделген. Ұлыбританияда мемлекеттік қызметшілердің зейнетақы аударымдары жекеше сектордағыға қарағанда 15%-ға жоғары.

      Сонымен бір мезгілде шет елдерде мемлекеттік қызметшілердің қосымша табыс көздеріне қойылатын шектеулер аз.

      Мәселен, Грекияда мемлекеттік қызметшілер өзге ақылы жұмысты рұқсатпен және ол қызметтік міндеттерін сапалы орындауға кедергі келтірмеген жағдайда орындай алады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың тиімділігі қажетті деректерге қол жеткізуге тікелей байланысты. Мысалы, Гонконгта, Сербияда, Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарға өз функцияларын орындау мақсатында электрондық дерекқорларға кеңінен қолжетімділік және банктер мен өзге де қаржы мекемелерінен лауазымды адамдардың келісімінсіз, олардың шоттары мен қаржы қаражаты туралы ақпарат сұрату құқығы берілген.

      Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) құзыретті органдарды заңды тұлғалардың бенефициарлық меншігі туралы жеткілікті, дәл және уақтылы ақпаратты алу немесе оған дер кезінде қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтеді.

      Осыны ескере отырып, 2016 жылдан бастап Ұлыбританияда компанияға "елеулі бақылауы бар" тұлғалардың тізілімі (Register of people with Significant Control) енгізілді. Оған компания капиталының 25%-дан астамын иеленетін немесе оған бақылау жасау не оны басқаруға ықпал ету мүмкіндігі бар адамдар енгізілген.

      Бизнестің парасатты мінез-құлқын көтермелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті тренд болып табылады. Шығыс Еуропа елдерінде өнімдерді, көрсетілетін қызметтер мен маркетингтік материалдарды ашық бизнес-таңбалаудың "Мөлдір толқын" ("Clear Wave") бастамасы іске асырылды. Бұл белгі іскерлік әдептің, айқындықтың, жауапкершілік пен орнықтылықтың символы болып табылады.

      Бизнестің мінез-құлық стандарттары белгіленетін парасаттылық туралы пактілер жасасу практикасы да қолданылады. Көп жағдайда олар ірі жобаларға арналған нақты ашық мемлекеттік конкурсқа немесе тендерге байланысты болады.

      Халықаралық деңгейде өндіруші салалардың айқындығы (EITI) және құрылыс секторының айқындығы (CoST) бастамалары парасаттылық туралы белгілі пактілер болып табылады.

      Жалпы алғанда, озық практикаларды талдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың мынадай үрдістері мен перспективаларын айқындауға мүмкіндік береді:

      1) қоғамда парасаттылық мәдениетін нығайтуға бағытталған ағарту іс-шараларын жүйелеу;

      2) бизнестің парасаттылығын ынталандыру;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға азаматтық қоғамды тарту;

      4) мемлекеттік аппараттың қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту және шешімдер қабылдаудың айқындығын қамтамасыз ету;

      5) цифрландыру сыбайлас жемқорлықты барынша азайту құралы ретінде;

      6) мемлекеттік қызметшілер үшін әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту;

      7) мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу;

      8) азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық аспектілерде құқықтық мәжбүрлеу шараларының тиімділігін арттыру.

4-бөлім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту пайымы

      Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір сарынды іс-қимылдан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, халықтың сыбайлас жемқорлық пен непотизмнің кез келген нысандарын қабылдамауына, алдын алу шараларының басымдығына көшуді көздейді.

      Қол жеткізілген нәтижелерді, халықаралық стандарттарды және алдағы кезеңге арналған стратегиялық мақсаттарды ескеретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы біртұтас саясатты дамыту жалғастырылатын болады.

      Тиісті шаралар мен нысаналы көрсеткіштер елдің стратегиялық құжаттарында – "Қазақстан-2050": қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтарында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында, Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында және басқаларда көзделген.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы стратегиялық мақсат 2026 жылдың қорытындысы бойынша Transparency International Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде 47 баллға, 2030 жылға қарай 55 баллға қол жеткізу болып табылады.

      Аталған көрсеткіш сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың ғана емес, саяси, әлеуметтік, экономикалық реформалардың да бағасын қамтитынын ескере отырып, оған қол жеткізу жөніндегі жұмысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық субъектілері тартылатын болады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әзірленген шаралар сыбайлас жемқорлықтың, әсіресе, "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын кешенді түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тартуға бағытталатын болады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, тәрбиелеу және білім беру шараларын жүйелеу, мемлекеттік аппарат пен бизнес-қоғамдастық өкілдерін парасатты мінез-құлыққа ынталандыру арқылы сыбайлас жемқорлықты мүлдем қабылдамауға қол жеткізілетін болады.

      Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, оның ішінде олардың нақты үлесін бағалаудың жария жүйесін енгізу арқылы барынша мүдделі және белсенді болады.

      Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлықты экономикалық және бедел жағынан тиімсіз ететін жағдайлар жасауға бағытталған.

5-бөлім. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат:

      1) баршаның заң алдындағы теңдігі және әділдік;

      2) жариялылық, айқындық және қоғамға есеп беру;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын кешенді пайдалану;

      4) сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басымдығы;

      5) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;

      6) тиімділік пен нәтижелілік;

      7) сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерінде оны қабылдамау;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау;

      9) сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы;

      10) сапалы цифрлық трансформация қағидаттарына негізделеді.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тәсілдері мынадай міндеттерді орындау арқылы іске асырылатын болады:

      1) сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру;

      2) сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін жою;

      3) жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру.

      1-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру

      Құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру

      Адалдық, заңдылық пен прагматизм әркімнің ішкі құндылық нанымына айналуға тиіс.

      Қоғам сыбайлас жемқорлықты проблемаларды оңай шешудің кепілі ретінде қабылдамауға, достық қарым-қатынас пен протекционизмді жұмыспен ұштастырмауға тиіс. Жемқорлар қоғамдық айыптауға ұшырауға тиіс.

      Адамның сыбайлас жемқорлық іс-әрекет жасауды немесе жасамауды таңдауы жазаның ауырлығымен және қылмыс жасаудан күтілетін пайдамен салыстырылмауға тиіс.

      Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған коммуникациялық шаралар кешенін қабылдау қоғамдық сананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы эволюциясында негізгі рөл атқарады.

      Құқықтық актілерді түсінікті тілде, қысқаша түрде түсіндіре отырып, сондай-ақ цифрлық шешімдерді, оның ішінде белгілі бір өмірлік жағдайлар мен заңдық фактілер бойынша автоматтандырылған хабарларды қолдана отырып, азаматтарға олардың құқықтары туралы нақты хабарлауды дамыту қажет.

      Ауқымды түсіндіру жұмысы азаматтарды мәселелерді шешудің заңсыз тәсілдерін іздеу қажеттілігінен қорғауға мүмкіндік береді.

      Парасаттылық жүйесін қалыптастыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары бар жас ұрпақты тәрбиелеу аса маңызды рөл атқарады.

      Тұлғаның қалыптасуының барлық кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дарыту табыстың іргелі факторы болып табылады.

      Осы орайда, отбасы институты арқылы, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуетін пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты дамыту қажет.

      Білім берудің рөлін арттыру жөніндегі халықаралық практикалар мен бастамаларды имплементтеу, сондай-ақ жастардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін нығайтуға ықпал ететін болады.

      Парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тақырыптары білім беру жүйесіне қосылатын болады. Баланы мектепке дейінгіден бастап, әртүрлі жас кезеңдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліммен сүйемелдеп отыру қажет.

      Бұл жұмыста әлемнің дамыған елдерінде кең таралған академиялық адалдық пәрменді құралға айналуға тиіс.

      Сол арқылы сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік иммунитеті мықты азаматтардың жаңа ұрпағы қалыптасатын болады.

      Мемлекеттік аппараттың парасаттылығын арттыру

      ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары айқындық, әдептілік және сатылмаушылық болып табылады.

      Азаматтардың билік органдарына деген сенімін арттыру үшін мемлекеттік қызметтің оң имиджін, оның ішінде адал, лайықты мемлекеттік қызметшілердің өнегелерін кеңінен жазып-көрсету арқылы нығайту мәселелері баса назар аударуды талап етеді.

      Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті оқытуды оның үздіксіздігін, дәйектілігі мен өзектілігін қамтамасыз ете отырып, дамыту қажет.

      Мемлекеттік аппараттың "тазалығын" қамтамасыз ету үшін лауазымдық міндеттері сыбайлас жемқорлықтың жоғары тәуекелдерімен ұштасатын қызметшілермен жұмыс жөніндегі шаралар әзірленетін болады.

      Сатылмаушылықтың тағы бір маңызды элементі – мүдделер қақтығысын реттеу. Бұл үшін мүдделер қақтығысын анықтау мен реттеуді жауапкершіліктің пәрменді шараларын, сондай-ақ жұмысқа орналасу алдында және мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейін "аптығын басу" қағидатын қолдана отырып, егжей-тегжейлі түрде регламенттеу қажет.

      Бұл ретте қызметшілердің өздерін ынталандыру қажет. Бұл тұрғыда әркімнің үлесін дербестендіру қағидаты бойынша еңбекке бәсекелі ақы төлеу мен әлеуметтік пакетті қамтамасыз етудің маңызы зор.

      Мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлық материалдық жағынан тиімсіз болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты мәдениет қалыптасуға тиіс.

      Сапалы цифрландыру сыбайлас жемқорлықты төмендету факторы ретінде

      Цифрландыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, азаматтың шенеунікпен тікелей байланысын және тиісінше, "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын болдырмай, барлық рәсімдердің бюрократиядан арылтуға және ашықтығына кепілдік береді.

      Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін цифрлық форматқа көшіру арқылы озық технологиялық шешімдерді одан әрі қолдану барлық салаларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталатын болады.

      Деректердің бірыңғай ауқымына негізделген цифрлық Үкіметтің жаңа архитектурасын құру азаматтардың өмірін айтарлықтай жеңілдетеді. Талап етілетін құжаттар автоматты түрде берілетіндіктен мемлекеттік органдарға, халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажеттігі жойылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін жасырын қызметтерді алып тастау, сондай-ақ мемлекеттік емес платформалар арқылы электрондық форматты бір мезгілде кеңейте отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетудің баламалы тәсілдерін қысқарту дәйекті қадам болады.

      Мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсетудің және мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін реинжинирингтеудің жүйелі шаралары Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылатын болады.

      Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын цифрлық трансформация талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады.

      Қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесін жедел төлемдер инфрақұрылымын кеңейту арқылы, оның ішінде азаматтың цифрлық "әлеуметтік әмиянын" пайдалана отырып ұлғайту маңызды шара болып табылады, бұл ақша ағындарын оңайлатады және олардың ашықтығын қамтамасыз етеді.

      Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын анықтау және жою құралдарын жетілдіру

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жариялылығы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық алғышарттарын өз бетінше жою белсенділігін арттыруға ықпал ететін болады.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау және ұсынымдарды іске асыру мониторингі процесіне қоғамдық кеңестерді тарту арқылы сапа мен объективтілік қамтамасыз етілетін болады.

      Жобалық тәсіл шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау институтын дамыту оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, дербес жауапкершілікті, проблемаларды кешенді түрде шешуді және формализмнің алдын алуды қамтамасыз етеді.

      Бұған ықтимал сыбайлас жемқорлыққа осал тұстар туралы белгі беретін индикаторлары бар салалық картограммаларды әзірлеу ықпал ететін болады. Тәуекелдердің мұндай бейіндері сыбайлас жемқорлықтың жалпы көрінісін нәтижесіз талқылаудан арыла отырып, азаматтар үшін аса сезімтал салаларда нақты алдын алу шараларына негіз болады.

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жасалған сыртқы және ішкі талдаулардың ұсынымдары құқықтық мониторинг жүргізу көздерінің тізбесіне енгізілетін болады, оның нәтижелері қоғамдық кеңес отырыстарында қарау нысанасына айналады.

      Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама институтын, оның ішінде сарапшылық әлеуетті жетілдіру арқылы одан әрі дамыту қажет.

      Ғылыми тәсіл және жасанды интеллект элементтерін енгізу ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ете отырып, осы жұмыстың сапасы мен қамту аясын арттыруға мүмкіндік береді.

      Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдын алудың анағұрлым әсеріне қол жеткізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ғылыми құрамдас бөлігін дамыту бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады.

      3-міндет. Жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру

      Жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидаты жазалау практикасында ғана емес, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, келтірілген залалды өтеуде және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруде де болуға тиіс.

      Бұл жерде құқық үстемдігін қамтамасыз ету және сот төрелігінің мінсіз жүйесі шешуші болуға тиіс, мұнда атқаратын лауазымдары мен байланыстарына қарамастан, барлық құқық бұзушылар сыбайлас жемқорлық үшін жауапқа тартылатын болады.

      Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сот билігі мен судьялардың тәуелсіздігі күшейтіледі, олардың қызметінің ашықтығы мен олар қабылдайтын шешімдердің әділдігі қамтамасыз етіледі.

      Қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделін енгізу де елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде пәрменді шара болады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте заңсыз жұмыс әдістері мен арандатушылық әрекеттерге жол берілмейді. Кінәсіздік презумпциясы конституциялық қағидатын қатаң басшылыққа алу қажет.

      Ықтимал сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінен қоғамға келтірілетін залалды болғызбай, жосықсыз қызметшілерді уақтылы анықтауға және жұмыстан босатуға мүмкіндік беретін парасаттылыққа тексеруді (integrity check) енгізудің тетіктерін әзірлеу қажет.

      Бұл ретте тексерушілер тарапынан теріс пайдаланудан қорғау кепілдіктері көзделетін болады.

      Игіліктерді заңсыз алу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау үшін басты себеп болып табылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықты "тиімсіз" ететін, яғни заңсыз жиналған қаражатты пайдалану мүмкіндігін жоятын тетіктерді енгізу талап етіледі.

      Шығыстар кірістерден айтарлықтай асып кеткен кезде негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу осындай құралдардың бірі болады.

      Аталған институттың пәрменділігін қамтамасыз ету үшін кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде декларацияларды, оның ішінде электрондық жүйелер арқылы тәуекелге бағдарланған тиімді тексеру қолданылатын болады.

      Жария лауазымдардың тізілімін енгізу қаржылық мониторинг шеңберінде осы тізімге кіретін адамдардың ғана емес, олардың жақын туыстарының да ірі сатып алуы мен операцияларын қадағалауға мүмкіндік береді.

      БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының негіз қалаушы қағидатын іске асыру – қылмыстық құқық бұзушылықтарды, әсіресе қылмыстық кіріс алу және оны заңдастыру тәуекелдерімен ұштасқан қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезінде қылмыстық активтерді іздестіру мен қайтаруды қамтамасыз ету келесі қадам болады.

      Осы мақсатта "ақшаны қадағалау" ("follow the money") қағидаты бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тиісті мамандануын және олардың уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен белсенді ынтымақтасуын қамтамасыз ете отырып, міндетті қаржылық тергеп-тексеруді көздеу қажет.

      Сыбайлас жемқорлықта жосықсыз шенеуніктермен қатар бизнес-орта да мүдделі тарап болып табылады. Сараптамалық бағалауларға сәйкес, заңды тұлғалардың парадан алатын пайдасы параның өзінен он есе көп.

      Сондықтан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту сыбайлас жемқорлықты төмендету үшін міндетті шарттардың бірі болып табылады.

      Үлкен айыппұл санкцияларын және басқа да шектеу шараларын қолдану компаниялар үшін лауазымды адамдарды параға сатып алуды экономикалық тұрғыдан тиімсіз етеді.

      Сонымен бір мезгілде кәсіпкерлік субъектілерін лауазымды адамдардың құқыққа сыйымсыз әрекеттерінен, оның ішінде рейдерліктен қорғау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

      "Тұрмыстық" сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жүйелі шаралар тұрғысынан мемлекеттік органдар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар жұмыскерлерінің заңсыз материалдық сыйақыны қорқытып алу фактілерінің жолын кесу тәсілдері қайта қаралатын болады.

      Неғұрлым тиімді алдын алу тетігі мақсатында пара ұсынуды/параны уәде етуді криминалдандыру қажет, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда елеулі прогреске қол жеткізу және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету үшін, Қазақстанның жаңа халықаралық құқықтық құралдарға – Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауаптылық туралы конвенциясына және ЭЫДҰ-ның Халықаралық коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды адамдарды параға сатып алумен күрес жөніндегі конвенциясына қосылу керек.

      4-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту

      Қоғамдық бақылау институтын дамыту

      Азаматтық қоғамның пікірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың "лакмус қағазы" болуға тиіс.

      Қоғамдық бақылауды іске асыру тетіктері қоғамдық кеңестердің қызметімен шектелмейді.

      Осы бағытта "Қоғамдық бақылау туралы" Заңның қабылдануы маңызды болып табылады, ол мемлекеттік бақылауға балама ретінде осы институтты айқындап береді.

      Азаматтық қоғам өкілдерінің бюджет процесіне, мемлекеттік сатып алу мониторингіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалауға, қандай да бір саладағы, өңірдегі неғұрлым проблемалы, өткір мәселелерді айқындауға қатысуы арқылы олардың мемлекетпен өзара іс-қимыл процестерін жетілдіру қажет.

      Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен іске асырылатын жобаларға тиімді қоғамдық мониторинг енгізіледі.

      Мемлекеттік органдардың шешімдері туралы ақпараттың жариялылығы азаматтық қоғаммен сындарлы диалогқа жәрдемдесетін болады және халықтың шенеуніктермен артық байланыс жасау қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпарат беруіндегі бытыраңқылық пен көп есептілікті жойған жөн.

      Пәрменді кері байланыс тұрғысынан азаматтар үшін өзекті әрі түсінікті деректерді орналастыра отырып, мемлекеттік органдардың жария ақпараттық ресурстарын оңайлатуды қамтамасыз ету қажет.

      Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қоғамдық кеңестерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы рөлін күшейту бөлігінде олардың функцияларын объективті түрде қайта қарау талап етіледі.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға журналистер мен өзге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кеңінен тарту қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал ететін болады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде журналистердің өкілеттіктері мен құқықтарының әлеуетін барынша толық пайдалануға ықпал ету қажет.

      Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау тетіктерін жақсарту

      Азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтауға қатысуын ынталандыру үшін олар туралы хабарлаудың қолданыстағы тетіктері дамытылатын болады.

      Қоғамдық санада дұрыс көзқарас қалыптастырған маңызды. Сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениеті сөз жеткізушілікпен астаспауға тиіс.

      Азаматтарға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы цифрлық коммуникацияның оңайлатылған тәсілдері арқылы хабарлау мүмкіндігі берілуге тиіс.

      Бұл ретте бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша қоғамдық резонанс тудыратын сигналдарға ерекше назар аудару қажет. Мұндай кеңінен үн қосу теріс пайдалану және тиімсіз жұмсау фактілерінің алдын алу жағдайында көтермелеуге негіз болуға тиіс.

      ЭЫДҰ-ның және ГРЕКО-ның ұсынымдарына сәйкес сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін заңнамалық деңгейде енгізу талап етіледі.

      Ақпарат берушілерді жұмыс орнында қудалау мен қысым жасаудан қорғай отырып, олардың еңбек ету құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды бекіту қажет.

      Арыз иесі туралы және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көрсеткен жәрдем туралы ақпаратты жария еткені үшін қылмыстық жауаптылық енгізе отырып, оның құпиялылығына кепілдік берілуге тиіс.

      5-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үздік нәтижелерге қол жеткізу және қабылданатын шаралардың тиімділігін объективті бағалау мониторингтің тұтас жүйесі арқылы қамтамасыз етілетін болады.

      Енгізілетін жобалық тәсілді ескере отырып, ол объективтілік және жариялылық қағидаттарына негізделетін болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ахуалды нақты уақыт режимінде көрсететін индикатор болады.

      Мұндай құрал азаматтардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға толыққанды қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының жұмысын рейтингтік бағалау көзі болып, оларды азаматтардың өмір сүру сапасын нақты жақсартуға ынталандырады.

      Сыбайлас жемқорлық деңгейін әлеуметтанушылық өлшеулерді дамыту мәселесі жұртшылықтың мұндай зерттеулердің нәтижелеріне, оларды жүргізу тәсілдері мен әдістеріне кеңінен қолын жеткізе отырып, жеке қарауды талап етеді.

      Сыбайлас жемқорлықты түйсінудің ұлттық индексін қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларының қаншалықты тиімді екенін түсінуге, өзгерістерді бағалауға және іске асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

      6-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру

      Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға баса мән беріліп жатқан кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорларына және ақпараттық жүйелеріне, қол жеткізудің нақты негіздерін, алынған ақпаратты теріс пайдалану мен жария ету және оларды қызметтен тыс мақсаттарда пайдалану мүмкіндіктерін болдырмайтын бақылау тетіктерін белгілей отырып, қол жеткізу мәселесін одан әрі пысықтай отырып, үлкен деректерді талдау негізінде интеграцияланған талдау құралдарын қолдану өзекті болып отыр.

      Мұндай тетік жасырын заңдылықтар мен тәуекелдерінің арақатынасын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың үрдістері мен басқа да инсайдтарды анықтауға ықпал ететін болады.

      Азаматтардың сыбайлас жемқорлық алғышарттарының бар екендігі туралы сигналдары кейіннен ден қою шараларын қабылдау үшін үлкен деректерді талдау шеңберінде пайдаланылуға тиіс.

      "1424" call-орталығы кадрлық және техникалық тұрғыдан озық стандарттарға сәйкес келетін болады.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің жұмысы мәселелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның үйлестіруші рөлі күшейтіледі.

      Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде кешенділік пен толықтығын қамтамасыз ету үшін Әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара іс-қимылын регламенттеу қажет.

      Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде кешенділік пен толықтықты қамтамасыз ету үшін әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара іс-қимылын регламенттеу қажет.

      Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың жаңа тәсілдерінің пайда болуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз сапалы арттыру процесін талап етеді.

      Цифрлық қаржы активтерін, криптобиржаларды және басқа да цифрлық платформаларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қабылданатын болады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде одан арғы байыпты халықаралық ынтымақтастық шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы озық стандарттарды имплементтеу жөніндегі жұмыс, оның ішінде ГРЕКО-ның және ЭЫДҰ-ның ұсынымдарын іске асыру арқылы жалғасатын болады.

6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

      6.1. 2026 жылдың қорытындысы бойынша нысаналы индикаторлар:

      1) Transparency International сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі – 47 баллдан төмен емес;

      2) өткен 12 айда кемінде бір рет мемлекеттік лауазымды адаммен байланыс жасаған және мемлекеттік лауазымды адамға пара төлеген немесе осы мемлекеттік лауазымды адам пара талап еткен адамдардың үлесі (Орнықты даму мақсаттарының 2030 жылға дейінгі ұлттық индикаторлары тізбесіндегі жаһандық индикатор) – 25,3%-дан жоғары емес;

      3) Дүниежүзілік банктің мемлекеттік басқару тиімділігі индексі (Government Effectiveness) – 74-75 процентильден төмен емес;

      4) Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің "Институттар" индикаторы – 48-орыннан төмен емес;

      5) Дүниежүзілік сот төрелігі жобасының Заң үстемдігі индексі (World Justice Project, Rule of Law Index) – 0,57 баллдан төмен емес;

      6) Дүниежүзілік банктің халықтың пікірін есепке алу және мемлекеттік органдардың есептілігі индексі (Voice and Accountability) – 57,5 процентильден төмен емес;

      7) Дүниежүзілік банктің сыбайлас жемқорлықты бақылау индексі (Control of Corruption) – 48-50 процентильден төмен емес;

      8) елдің ЖІӨ құрылымындағы мемлекеттің экономикаға қатысу үлесінің қысқаруы – 13,9%-дан жоғары емес;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке халықтың сенім деңгейі (Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі өткізетін нәтижелілікті бағалау шеңберінде) – 66 %-дан төмен емес.

      6.2. 2026 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін негізгі нәтижелер:

      1) азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға барынша тартылуы;

      2) ашық және қоғамға есеп беретін мемлекеттік аппарат;

      3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың тиімді жүйесі;

      4) транспарентті бюджеттік процестер және бәсекелес сатып алу;

      5) сыбайлас жемқорлық үшін жауапқа тартудың әділ жүйесі.

      

     

      . Кіріспе"

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат"

   1. Адамдарға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру"  "Құжатта белгіленген нысаналы даму параметрлері мемлекеттік басқару реформасының кейінгі қадамдарын іске асыруға негіз болуға тиіс. Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасының ережелері құқықтық саясат, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамаларын әске асыру.

2. Іске асыру стратегиясы, басымдықтары мен мерзімдері"

3. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер" Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы.

      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы № 723 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 341 Жарлығы

 

Мектебімізде 11 "А" және 11 "Ә" сынып оқушыларына "Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті. Жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты:

" Сыбайлас жемқорлық" -  қоғамдық қасіретке әкелетінін түсіндіре отырып, оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылықтарын артыр

сабақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетті қалыптастырудың ерекшеліктері

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.

Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.

Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады..

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді.

            Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамгершілік пен азғындық (орынды және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі».

Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің толық қалыптасуы

Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің толық қалыптасуы үшін бірқатар шарттар керек екендігі сөзсіз. Ол үшін, ең алдымен тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді:

 – сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік;

– моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;

 – құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;

 – қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру;

– мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.

Осыған байланысты мыналар қажет:

 – сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық «иммунитетті» қалыптастыру және осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамыту;

 – Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін қалыптастыру, бұл ретте «сыбайлас жемқорлық» сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік тойтарыс, төзбеушілікті туындатуы тиіс;

 – құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен тәртіпті құрметтемеуді білдіретін құқықтық нигилизмді жою (латынша nihil – ештеңе);

– құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде, әсіресе, білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында: «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы керек. Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал», делінген.

Мұнда өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Өйткені, азаматтардың өз құқықтарын жақсы білуі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына бірденбір ықпал ететін фактор болып табылады.     Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып, әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.

Мұның бәрі елімізде құқықтық мемлекеттің іс жүзінде орнауына, заңның үстемдігіне, әр адамның қауіпсіз өмір сүруіне, қоғамдық тәртіптің нығаюына, әлеуметтік ахуалдың жақсаруына, ең бастысы ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрақты дамуға жеткізеді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.

 Қазақстан тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық қоғамды біріктіруші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруда негізін қалаушы болып табылады. Бұл – азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым мен білім ғибраты, зайырлы ел – толеранттылық елі сияқты құндылықтар.

            Жалпы айта келгенде, егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этностық ерекшелігі ретінде ұлттық мәдениетті мысалға алсақ, отбасында балаларды еңбекке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу дәстүрі әрқашан да болған. Сондықтан отбасында ұлттық тәрбиенің негізі, адамгершілік пен іс- әрекеттің өзегі ретінде адал еңбек басым болуы тиіс. Сонда ғана отбасы деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қоя аламыз. Бұл тосқауыл осы мәселені заңдық реттеуге қарағанда мықтылау, тиімдірек.

            Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда этникалық ерекшеліктерді негізге алу еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуы мен рухани жаңғыруына, мемлекетіміздің алға қойған стратегиялық бағыттағы жоспарларына қол жеткізуге, мәңгілік ел болып қалыптасуына маңызды жағдайлар туғызатындығы сөзсіз.

Әдeбиeттep тiзiмi

1. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права: учеб. пособие /М. Черниловский. – М., 1994.

 2. Есембаева Ж. Е. Правовые средства борьбы с коррупцией: маг. дисс. – Астана, 2013. – 103 с. 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы. http://adilet.zan.kz 4. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы. http://adilet. zan.kz/rus/docs/U1400000986.

5. European Journal On Criminal Policy And Research Том: 22 Выпуск: 3 СпециальныйВыпуск: Si Стр.: 439-475 Опубликовано: Sep 2016г.

 6. Назарбаев Н.Ә. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық реформа: «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі баяндама // Егемен Қазақстан. 2015. 12 наурыз.

7. Измайлов А. Э. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана.1991г. http://bibliotekar.kz/narodnajapedagogika-pedagogicheskie-voz 15.09.2017.

8. Мәней Х.  "Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ұлттық ерекшеліктері" мақаласы: «Сейфуллин оқулары-14: Жастар, ғылым, инновациялар: цифрландыру – жаңа даму кезеңі» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары 

      2.1. Қол жеткізілген нәтижелер

      Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамның сұраныстарына қарай, ұлттық практика мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, ұдайы жетілдіріліп отырады.

      Бұл бағытта жүйелі және кешенді тәсіл Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия) іске асыру арқылы қамтамасыз етілді.

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның қабылдануына орай алдын алу және қылмыстық-құқықтық құралдардың ақылға қонымды теңгерімі бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі құрылды.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оның кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру арқылы азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлықпен күреске белсенді түрде тартылуда.

      Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тәуелсіз уәкілетті орган –Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құрылды.

      Агенттік мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының басты жүргізушісі бола отырып, өз қызметінде тиімді алдын алу, ауқымды ағарту, қоғаммен сындарлы әріптестік және қылмыстық-құқықтық шаралар элементтерін ұштастырады.

      Жобалық басқару шеңберінде әрбір мемлекеттік орган үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үлгілік базалық бағытты енгізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіруші әлеуетін күшейтті.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу