Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсын өткізудің ЕРЕЖЕСІ
Дарын республикалық ғылыми -
практикалық орталығының
директоры
__________ Г.Тұрсынов
___________ 2024 жыл
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында
«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық
конкурсын өткізудің
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ереже
Осы ережелер жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілетін республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсының (бұдан әрі - Әбіш оқулары) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық - әдістемелік қызметінің жүзеге асырылуын, байқауды өткізу мен қаржыландыру тәртібін, оқушылардың қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.
- Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы (Бұдан әрі - «Дарын» РҒПО) Маңғыстау облысы білім басқармасымен бірлесіп өткізеді.
- Әбіш оқуларының негізгі мақсаты - мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
- Әбіш оқуларының негізгі міндеттері - дарынды балаларды анықтау, әдеби мұралардың жүйелі оқылуын жолға қою.
ІІ. «Әбіш оқулары» конкурсының қатысушылары:
- Әбіш оқуларына облыстық кезеңнің жеңімпазы атанған жалпы білім беретін ұйымдардың 8 - 11 сынып оқушылары қатыса алады. Әр облыс облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған 3 оқушыны қоса есептегенде барлығы 8 оқушы және 1 жетекшіден тұратын бір топты ұсынады.
- Оқушылардың жол бойындағы өмір қауіпсіздігіне жауапты жетекші бекітіледі. Жетекшіні білім ұйымдары тағайындайды.
- Байқау Әбіш Кекілбаевтың туған жерінде өтетіндіктен, Маңғыстау ауданы Онды ауылынан жеке команда қатыса алады.
ІІІ. «Әбіш оқулары» конкурсын ұйымдастыру және өткізу тәртібі:
- Республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми – шығармашылық конкурсы төрт бағыт бойынша өткізіледі.
1. 1.Үй тапсырмасы.
Ә. Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу
Қойылатын талаптар: Конкурсқа 1 оқушы қатысады. Жұмыс саны 3 - тен аспауы тиіс. Суреттің оң жақ бұрышында жұмыстың тақырыбы, оқушының аты – жөні, облысының атауы, мектебі, сыныбы мен жетекшісінің аты-жөні толық көрсетіліп жазылуы қажет.
Орындау техникасы: Жұмыс форматы – А3 түрінде. Кескіндеме (акварель, гуашь, акрил), графика (тушь, перо, қылқалам, түрлі – түсті қарындаштар және т.б). Рамкаға салу міндетті.
Республикалық кезеңде жас суретшілерге қазылар алқасы екі тақырып («Құс қанаты» және «Ең бақытты күн» шығармалары) бойынша ұсынып, оны жоғарыдағы орындау техникасына сәйкес салуды тапсырады. Берілетін жұмыстың уақыты - 3 сағат.
- Ә.Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу
Қойылатын талаптар: Конкурсқа 1 оқушы қатысады. Өзі таңдаған 2 шығарманы (1 проза, 1 поэзия) ұлттық құндылықтар, ел, туған жер, адамгершілік, махаббат, өнер тақырыптарында мәнерлеп оқиды. Берілетін уақыт - 3 - 5 минут.
- Шығармашылық жұмыс. Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы.
Қойылатын талаптар: Конкурсқа 1 оқушы қатысады. Оқушы жазушының тарихи тұлғалар, туған ел, жер туралы және сүйіспеншілік бағыттарында жазған еңбектерінен зерделеу жоба жұмысын қорғайды.
Жұмыс көлемі 10 беттен аспауы керек, мәтіні толық компьютерде теріліп (WORD, шрифт Times New Roman-14, 1,5 интервал, сол жақтан 2 см жол қалдыру) беттері нөмірленуі тиіс. Титул парағында:
- жұмыс жүзеге асырылған ұйымның атауы;
- жұмыстың тақырыбы;
- бағыты (тарихи тұлғалар, туған ел, жер, сүйіспеншілік);
- орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі, қаласы);
- жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, оқу дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);
- жұмыстың орындалған уақыты көрсетіледі;
- жұмыс мазмұны;
- абстракт (аннотация) – жұмыстың барысы 250 сөзден артық емес сөзден тұратын жұмыстың қысқаша мазмұндамасы көрсетілуі тиіс;
- кіріспе – жұмыстың тиянақты сипаттамасы (екі беттен артық емес),
мақсаты, жұмыстың жүзеге асырылған жері көрсетіледі;
- жұмыстың негізгі бөлімі 5 беттен артық емес жеке тараулардан, параграфтардан тұруы мүмкін;
- қорытынды (1 беттен артық емес) жұмыстың негізінде жасалған қорытындыларын, нәтижелерін, ұсыныстарын келтіреді.
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі жұмыс соңында жалпы тізіммен беріледі.
Шығармашылық жұмыс арнайы дайындалған слайд арқылы қорғалады. Берілетін уақыт - 5-7 минут.
- Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым
Қойылатын талаптар: Конкурсқа топ құрамындағы 5 оқушының қатысу мүмкіндігі қарастырылады (5 адамнан артық болмауы керек). Сахна мәдениеті, өзін - өзі ұстауы, сахналық киімі, сөйлеу мәнері мен тақырыптың толық ашылуы бағаланады (экранда көрсетілген және театрларда қойылған туындылардан басқа). Берілетін уақыт - 10 минут.
Әбіш оқулары жоғарыда көрсетілген бөлімдер бойынша 2 кезеңде:
- І кезең облыстық кезеңі – 2024 жылдың ақпан мен наурыз айлары аралығында;
- ІІ кезең республикалық кезеңі – 2024 жылдың мамыр айында өткізіледі.
Облыстық конкурстан I орын алған оқушылар байқаудың республикалық кезеңіне қатысады.
Әбіш оқулары ғылыми-шығармашылық конкурсының республикалық кезеңін ұйымдастыру және өткізу жауапкершілігі Маңғыстау облысының білім басқармасына жүктеледі.
Әбіш оқулары ғылыми-шығармашылық конкурсын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіруді Маңғыстау облысының білім басқармасы жүзеге асырады.
2. Республикалық ұйымдастыру комитетінің құрамына «Дарын» РҒПО, облыстық әкімдіктердің, білім және мәдениет басқармаларының қызметкерлері енеді.
Республикалық ұйымдастыру комитеті:
- іс – шараларды өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;
- тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;
- байқаудың қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап қорытады;
- іс – шаралардың материалдарын баспасөзде жариялайды.
Республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсына қатысушыларды төрағадан, хатшыдан және алқа мүшелерінен (барлығы 7 адамнан кем емес) тұратын қазылар алқасы бағалайды:
- қатысушыларды білімі мен өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді;
- қатысушылардың білімі мен өнеріне талдау жасайды және 5 баллдық жүйемен бағалайды.
- қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;
- жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;
- байқаудың қорытындысы туралы есеп береді.
Маңғыстау облысының білім басқармасы іс – шаралардың қорытындыларын жинақтап әлеуметтік желілерге жариялайды.
ІV. Қорытындылау және марапаттау
1. Әбіш оқуларының бағыттары бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары және командалық І, ІІ, ІІІ орын алған топтар «Дарын» РҒПО дипломдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
2. Әбіш оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлер саны әр бағыт бойынша байқауға қатысушылардың жалпы санының 45 % пайызын құрайды.
3. Конкурсқа дайындаған жетекшілері «Алғыс хатпен» марапатталады.
4. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.
V. Қаржыландыру
1. Республикалық кезеңге қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары жіберуші жақ есебінен төленеді.
2. Республикалық кезеңге қатысушылардың марапатына берілетін бағалы сыйлықтарды Маңғыстау облысының білім басқармасы көтереді.
Ұйымдастыру комитеті
Байланыс телефондары:
«Дарын» РҒПО:
«Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы:
Эл. Пошта caspiandaryn@mail.ru
Сұраныс үлгісі
№ | Оқушылардың аты - жөні | Облысы, қаласы ауданы | Мектебі сыныбы | Бағыты | Тақырыбы | Дайындаған жетекшінің аты – жөні, телефоны | Топты алып жүретін жетекшінің аты – жөні, ұялы телефоны | Келіп – қайту кестесі(ұшақ, поездвагон№, уақыты) |
Ескерту: Республикалық «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми- шығармашылық конкурсының республикалық кезеңіне қатысып жүлделі орынға ие болған оқушы екінші рет байқауға қатыса алмайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?