Дәптерді жүргізу мен тексеру


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәптерлерді жүргізу тәртібі бойынша

әдістемелік ұсыным

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды

(2017 жылғы 21 сәуірдегі № 5 хаттама).2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының

жалпы орта білім беретін ұйымдарында

оқу процесін ұйымдастырудың

ерекшеліктері туралы:

Әдістемелік нұсқау хат. - Астана:

Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2017. 340 б.

осы құжат басшылыққа алынды,

себебі дәптерді тексеру осы ӘНХ-та бар,

кейінгілерде мүлдем жоқ.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәптерлерді жүргізу тәртібі бойынша

әдістемелік көмек

Дәптерді тексеру - білім сапасын бақылаудың бір жолы. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша дәптерлерді жүргізуі және оларды тексеру барысында төменде көрсетілген ережелерге сүйену ұсынылады:

- дәптерлер қызыл сиялы қаламмен тексеріледі;

- мұғалім дәптерді тексеру барысында дәптердің жүргізілу жағдайы туралы да жазбалар енгізе алады;

- оқушылардың мінез - құлқына қатысты жазбалар жазылмайды.

Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:

- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;

- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды;

- барлық жазбалар арасына жол тасталмай, жолдың басынан бастап бір деңгейде жазылады

- үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;

- әр сабақта үй тапсырмасы тақтада жазылып тұруы керек;

- жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады, мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);

- сынып немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;

- мәтін азат жолдан басталады;

- сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;

- талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;

- ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады;

- баға тапсырмадан кейін дәптердің сол жақ шетіне нүктесіз қойылады (1 - сыныпқа коментарий жазылады, басқа сыныптарға балл қойылады);

- талдау жұмыстары қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау);

- төл дыбыстарды дұрыс жазбаса, қызыл жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі тиіс;

- дәптерге мүмкіндігінше мұғалімнің ескертулері жазылып отырады (дұрыс жаз, қатесіз көшір т.б);

- дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет.

Оқушылардың дәптерлерінің саны

Пән

Дәптер саны (орыс мектебі)

1-4 сынып

5-11 сынып

Қазақ тілі, қазақ тілі мен әдебиеті

қисық жолды 2 жұқа дәптер (1 - 3- сыныптар)

кең жолды 2 жұқа дәптер (4 - сынып)

1 сөздік дәптері

кең жолды 2 жұқа дәптер

1 сөздік, 1 анықтама дәптер

Оқушылардың дәптерлерінің саны

Пән

Дәптер саны (қазақ мектебі)

5 - 11 сынып

Қазақ тілі

кең жолды 2 жұқа дәптер

Қазақ әдебиеті

кең жолды 1 дәптер

БЖБ мен ТЖБ-ға 1 дәптер болу керек.

Дәптерлерді толтыру үлгісі

Қазақ мектебі

5-11 - сынып оқушыларының дәптерлерін толтыру үлгісі

«№ ? орта мектебі» КММ

5 «А» сынып оқушысы

Талғат Қанаттың

қазақ тілінен №1 жұмыс дәптері

5-11 - сынып оқушыларының дәптерлерін толтыру үлгісі

«№ ? орта мектебі» КММ

5 «А» сынып оқушысы

Талғат Қанаттың

қазақ әдебиетінен №1 жұмыс дәптері

Орыс мектебі

1- 4 - сынып оқушыларының дәптерлерін толтыру үлгісі:

«№ ? орта мектебі» КММ

5 «А» сынып оқушысы

Максимова Анастасияның

қазақ тілінен № 1 жұмыс дәптері

5-11 - сынып оқушыларының дәптерлерін толтыру үлгісі

«№? орта мектебі» КММ

5 «А» сынып оқушысы

Максимова Анастасияның

қазақ тілі мен әдебиетінен №1 жұмыс дәптері

Сабақтың күні мен тақырыбын рәсімдеу үлгісі

Қазанның тоғызы

Сынып жұмысы

Менің мектебім

Цифрмен жазылмайды, апта күндері қойылмайды.

Сабақтағы сөздік жұмысы

Сөздік жұмыс әр сабақтың міндетті кезеңі деп саналады, сөздік дәптеріне жазылады. Сөздік дәптері айына 1 рет тексеріледі, бірақ баға қойылмайды.

Жазба жұмыстарын тексеру тәртібі

Жазба жұмыстарын тексергенде төмендегі ережелерді ұстану қажет:- қатенің астын сызу, түзету қызыл сиямен жүргізіледі;- қате жазылған әріп немесе тыныс белгісі көлбеу сызықпен сызылып, дұрыс нұсқасы көрсетіледі;

- қате жазылған сөздің бөлігі, сөйлем жіңішке түзу сызықпен сызылып тасталады;- емле мен тыныс белгісінен жіберілген қате парақтың шетіне көрсетіледі: (/) - емлелік қате, (V) - тыныс белгілерінен жіберілген қате;- баға тапсырманың сол жағына қойылады (тапсырмалар критерий / дескриптор бойынша бағаланады);- жазба жұмыс дәптерлері бастауыш сыныптарда күнделікті тексерілуі керек, орта, жоғары буында аптасына кем дегенде 2 рет тексеріледі

- қатемен жұмыс жасалынады;- үй тапсырмасының көлемі сынып жұмысының 1 /3 бөлігінен аспауы керек.- барлық дәптерлер өз уақытында тексерілуі керек.

Ескерту: Егер кейбір мектептердің ішкі жағдайларына байланысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен дәптерлерді жүргізу тәртібі бойынша әдістемелік ұсынымдары болса, жіберіліп отырған әдістемелік көмекпен салыстырып, алатын жерді алып, қосатын жерді қосасыздар. Барлық мектепте бір жүйе болу керек, бірізділікпен жұмыс жасауымыз керек. Сондықтан осы құжатты басшылыққа аласыздар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу