Сынып жетекшілер хаттамасы - Біртұтаас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру
мектебінің сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысы болып өтті.
№хаттамасы
Хатшы:
Қатысқандар:
Қатыспағаны:
Күн тәртібіндегі мәселелер
Тақырыбы: «Біртұтаас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру»
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оларды іске асыру жоспары
2.Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің 2024-2025 жаңа оқу жылының жоспарымен таныстыру
3.Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу
4.Тәрбие сағаттарының өткізу кестесі
Тыңдалды:
1. Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оларды іске асыру жоспары
-Баяндаушы: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Мазмұны Жаңа оқу жылында енгізілетін біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтары мен мақсаттары талқыланды. Бағдарлама аясында оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру бойынша арнайы шаралар жоспарланды. Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.
Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:
Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;
Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;
Қаңтар – заң және тәртіп айы;
Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;
Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.
Құндылықтарды қалыптастырудағы жүйелі және кешенді жұмыс оқу-тәрбие процесінде күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шараларды қамтиды:
күнделікті:
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.
«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.
«Үнемді тұтыну» – жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар арқылы суды, тамақты, энергияны және табиғи ресурстарды үнемді тұтынуды және іс-әрекет барысында табиғи ресурстарға (су, энергия және т.б.) ұқыпты қарауды қалыптастыру.
«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде арнайы күй тыңдату.
апта сайын:
«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.
Аптаның дәйексөздері – бүкіл ұйымның сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, халық даналығы, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, тақталарда және т.б. орналастырылады.
«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру, әңгіме өткізу.
Апта сайын сынып сағаттарын өткізу шеңберінде білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс іске асырылады. Сынып сағаттарының мазмұнына келесі алдын алу шаралары біріктіріледі:
Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам;
Буллингтен қорған!
Ойынға салауатты көзқарас;
Өмірге салауатты қадам;
Қоғамдық мүлікті қорға!
Қауіпсіз қоғам.
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» алдын алу шарасы сынып сағаттарында ақпараттық қауіпсіздік, кибермәдениет, кибергигиена, медиа сауаттылықты дамыту тиісті мүдделі мемлекеттік орган мамандарымен бірлесіп пікірталастар, кездесулер өткізу ұсынылады.
Сынып сағаттарында «Буллингтен қорған!» алдын алу шарасын ұйымдастыру ұсынылады. Бұл білім алушылардың басқалармен қарым-қатынас жасау, өз эмоцияларын басқару және қақтығыстық жағдайларды шешу дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтер мен кейс-сессияларын мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізу ұсынылады.
«Ойынға салауатты көзқарас» – лудоманияның алдын-алуға бағытталады. Лудомания туралы бейнероликтер қарауға, ойынға құмарлық, онлайн ойындарға ақша тігу т.б. зияны туралы топтық талқылаулар ұйымдастыруға және салауатты әдеттерді, баламалы қызығушылықтар мен хоббиді дамытуға бағытталған сынып сағаттарын, мектепішілік шеберлік сыныптарын өткізуді қамтиды.
«Өмірге салауатты қадам» алдын-алу іс-шаралары шеңберінде синтетикалық есірткінің (Интернет-ресурстар арқылы) таралуының алдын алу және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша сынып сағаттарында олардың зияны мен денсаулыққа теріс әсері туралы деректі фильмдер көру, сыныптарда есірткіге қарсы плакаттар, бейнероликтер және т.б. әзірлеу, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты мәселелерін талқылау бойынша іс-шаралар өткізу ұсынылады.
«Қоғамдық мүлікті қорға!» сынып сағаттарында вандализмге қарсы плакаттар, граффити немесе иллюстрациялар әзірлеу және/немесе қоғамдық мүлікті қиратудың, мәдени ескерткіштерді қиратудың зияны туралы топтық талқылауларды мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізуді қамтиды.
«Қауіпсіз қоғам» Қылмыстық кодекстің зорлық-зомбылыққа, есірткі заттарын таратуға және т.б. құқықбұзушылық актілеріне байланысты негізгі нормаларды түсіндіру және адам бас бостандығынан айыру, заң бұзушылық жағдайлары, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық істер туралы бейнероликтер қарау мүдделі мемлекеттік орган мамандарымен бірлескен шаралар өткізуді қамтиды.
Қауіпсіз мінез-құлық және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, буллинг, лудомания, вандализм, нашақорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде сынып сағаттарын ұйымдастыру жоспарына сәйкес жүргізу ұсынылады
2. Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің 2024-2025 оқу жылының жоспарымен таныстыру
- Баяндаушы: Сынып жетекшілер бірлестігі жетекшісі
- Мазмұны:2024-2025 оқу жылына арналған сынып жетекшілердің әдістемелік жұмыс жоспары ұсынылды. Жоспарға сәйкес әр айда өткізілетін тәрбие сағаттарының тақырыптары мен мерзімдері нақтыланды.
3. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу
- Баяндаушы: Психолог
- Мазмұны: Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстардың жоспары талқыланды. Оқушылармен, ата-аналармен, құқық қорғау органдарымен бірлескен шаралар жоспарланды.
4. Тәрбие сағаттарының өткізу кестесі
- Баяндаушы:, Сынып жетекшілер бірлестігі жетекшісі
- Мазмұны: Тәрбие сағаттарының өткізу кестесі ұсынылып, сынып жетекшілеріне тапсырмалар берілді. Әр сыныпқа жеке тақырыптар бекітіліп, жүргізілетін іс-шаралар жоспарланды.
Қабылданған шешімдер:
1. Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру барысында әр сынып жетекшісі оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, жұмыс жоспарларын түзетеді.
2. Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің жоспары бекітілді.
3. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын жүйелі түрде өткізу үшін жұмыс тобы құрылды.
4. Тәрбие сағаттарының өткізу кестесі бекітілді, сынып жетекшілер өздерінің жоспарларын осы кестеге сәйкес үйлестіреді.
Хаттама жүргізушісі: [Аты-жөні]
Қолы: ____________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?