Ұстаздар күні концерттік бағдарламаға арналған сценарий


Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

«Шаңырақ» бастауыш мектебінің

«Шәкірттің бақыты – Ұстаздың мерейі» атты концерттік бағдарламаға арналған сценарий

2023-2024 оқу жылы

Өтілетін күні: 04.10.2023 ж

Өтілетін уақыты: 11.00

Өтілетін орны: Акт зал

Жүргізушілер: 1-жүргізуші - Жексембек Айболат (4ҚАсынып оқушысы )

2- жүргізуші - Ахмад Ару (4А сынып оқушысы)

Бимен ашылады (Гүлдер ансамблі)

Фанфар

Бірге: Армысыздар қадірменді қонақтар!

1-жүргізуші: Өз ісіне береке, әр шәкіртін аялап, жанына нұр құйып жүретін аяулы біздің ұстаздар!

2-жүргізуші: Скромные и ласквые, мудрые и чуткие с праздником всех чей гордое имя учитель.

1-жүргізуші: Шәкірттеріңіздің құрмет пен махаббатына толы «Шәкірттің бақыты – Ұстаздың мерейі» атты мерекемізді ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші: Бүгінгі айтулы мерекеде алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Лариса Гурамовнаға береміз.

2-жүргізуші: Огромное спасибо за  теплые слова, искренние пожелания! 

  • жүргізуші: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар

Алдарыңызда, 3ҚА, 4ҚА сынып оқушыларының орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Ару осы екеуміз ұстаздар туралы мақал-мәтел айтып жарысып көрсек қалай қарайсың?

2-жүргізуші: Ал ендеше баста.

1-жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр ұстаз көрген хат таныр»

2-жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»

1-жүргізуші: «Ұстаз- ұлы есім»

2-жүргізуші: Тоқташы Айболат, бүгін екеуміз ұстаздар туралы қай тілде болсын қанша мақтау айтсақ та, тауыса алмаспыз. Әлі біраз тұратын түріміз бар. Бұлай біз ұстаздарымызды жалықтырып алармыз.

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың Ару. Қымбатты ұстаздар асыға әсем әнімен Қалижан Хадишаны және бишілерімізді ортаға шақырамыз. Вальс би, «Мектеп»

  • жүргізуші: Ару сенің ойыңша ұстаз деген кім?

2-жүргізуші: Ұстаз —  білгенін  үйретуші  ғана  емес,  тұла бойы  тұнған  өнеге,  ақ  тілеулі  ана  тәрізді  барлық  адамның бойынан  жақсылық  іздейтін  ізгі ниет  иесі. 

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың  ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ал, мына отырған Ұлы ұстаздарым шабыттандырады. Білімге, өнерге, ғылымға шабыттандыратын құрметті менің ұстаздарым шәкірттеріңіздің атынан мерекелік өлеңдерімізді қабыл алыңыздар.

Жаттаулар 6 оқушы бірінші сыныптар

1-жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,Ұстаз деген – анасы ол адамның.Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,Сен де одан адам болып жаралдың.Ұстазыңды түсін сен де тереңнен,Бар әлемге еңбегімен еленген.Сенің бағың өрге қарай өрлесе,Ол да бірге қуанышқа кенелген.Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,Ол өзіңнің орындалған арманың.Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,Қасиеті бас иерлік мәңгілік!- дей келе, мектеп оқушыларының «Милая школа» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Белсенді және шығармашыл, бойымызға құндылықтарды дарытатын,

1-жүргізуші: Ғылымға, өнерге баулыйтын ұстаздарымыз

2-жүргізуші: И только вы достойный любви и уважения, восхищение и благодарности. Все народным праздником дорогие наши учителя!

2-жүргізуші: «Ұстаз ана» әнімен оқушыларымызды ортаға шақырамыз!

Бірге: Мерекелеріңізбен құрметті ұстаздар. Келесі кездескенше сау болыңыздар.

Дайындыққа:

  • Онлайн шақыру чатқа жіберу;
  • Азанда ұстаздарды қошеметпен қарсы алу: лента «Ұлағатты ұстаз»,шар
  • Ассистенттерді құттықтау: бокал ішінде шоколад және кофе, ашық хат
  • 11:00 АКТ залында мерекелік іс-шара.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу