Ұстаздар концерттінің сценарийі
Ұстаздар күнінің сценарийі
Өтетін орны: Мектеп АКТ залы
Күні: 28.09.23ж
Уақыты:
Фанфар
1.жүр: Армысыздар ардақты да аяулы ұстаздар!
2.жүр. Бүгінгі «Ұстаз ұлы есім» атты концертімізге қош келдіңіздер!
1.жүр. Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Ән:
2.жүр.Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы.
1.жүр.Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі - Ұстаз.
2.жүр. Дұрыс айтасын , Бека
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. Ұстаздан тәрбие болған немесе ұстаз алдын көрген деген сөздер ана тәрбиесін алған деген сөздерінен ұштасып жатады
1.жүр. Иә, Гүлзада апай
Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан өнегелі шәкірт шыгатыны сөзсіз.
Ән:
2.жүр. Ұстаз - ұлағатты есім.шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,тәлім- тәрбие беру, жаксы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.
-2-
1.жүр.шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз.Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиеттті тұлға ретінде ерекшеленді.
2.жүр.Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
1.жүр.Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
2.жүр.Еңбектеріңізге табыс,отбасыларынызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
Бірге өсіп ен жайлаған ұл мен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.
Би:
1.жүр. Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде қанша мән - мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
2,жүр.Иә, ол ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстасу мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп , оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі- ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі - бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
1.жүр.Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік.
Ән:
2.жүр «Мектеп- білім тірегі, ұстаз оның жүрегі»- деп ғұлама ағаларымыз айтқандай,Меңболат менің ойымша, кез келген адам ұстаз бола алмайды.
-3-
1.жүр.Олай ойлауыңның себебі неде?
2.жүр.Себебі ұстаздық - өнер,тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез - келген адамның қолынан келе бермейді.
1.жүр.Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Гүлзрдр апай «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
БИ:
2.жүр Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның .
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың - деген өте дурыс айтылған
Ұстаз ол екінші анамыз ал мектеп екінші үйіміз .
Ән:
1.жүр. Мұғалім,ғазиз мұғалім,
Төгілген арай , шуағым.
Арманым қонса,қолыма,
Арқаң деп сенің ұғымын
2.жүр. Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Ән:
2.жүр.Меңболат, ұстаздық ету - уақыт ұту емес,өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
1.жүр.Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашраған
Шаршаса да осы жолдың бойында
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам –
2.жүр. Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық,сен мәуелі бәйтерек
Тамырлары сан тарапқа тараған.
-4-
Ән:
Алдарыңызда болған жас талантты әншілер «Ер-Али» дуэті қошеметтеріңіз
1.жүр. Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең , ұстаздар құтты болсын!
2.жүр.Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
(екеуі хормен)
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
Ән:
1.жүр Құрметті ұстаздар,кештің қонақтары бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік концертіміз аяқталды.
Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын!
Сценарийді жазған: Мергенбаев К.Ж
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?