түсінік хаты
«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ»
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес Біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны жаңартылды.
Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басты идеясына айналды.
- Бағдарламаның мақсаты:
қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық
пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
- Бағдарламаның міндеттері:
- Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
- Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын
болуға баулу;
әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.
- Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;
өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.
- Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:
әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру.
- Бағдарлама мазмұны:
Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі
жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары
мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.
Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:
Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;
Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;
Қаңтар – заң және тәртіп айы;
Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;
Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.
- Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:
Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым
түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі:
- Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық
Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту
Негізгі орта мектеп түлегі:
Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;
Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету;
Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, ұлттық мерекелерге құрмет көрсету;
азаматтық және ұлттық бірегейлікті түсіну;
мемлекеттік тілді меңгеру;
Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және оны әрі қарай дәріптеу бойынша волонтерлік қызмет пен
жобаларға қатысу;
әр түрлі ұлт өкілдерімен сыйластық қарым-қатынас;
Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу.
- Құндылық: бірлік және ынтымақ
Құзыреттілік: тиімді коммуникация
Негізгі орта мектеп түлегі:
қоғамдағы әлеуметтік нормаларды, ережелерді білу және түсіну;
сенімді қарым-қатынас орнату және сыныпта жағымды ахуалды сақтай білу;
тек өзі үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін де жауапты болуға дайын болу;
бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу;
басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу.
- Құндылық: әділдік және жауапкершілік
Құзыреттілік: қоғамға қызмет
Негізгі орта мектеп түлегі:
өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру;
әдеп нормасына сәйкес өзінің және басқалардың іс әрекеттерін талдау;
оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;
берілген ортақ іс үшін ұжым алдындағы жауапкершілікті түсіну;
басқаға көмектесуге, мейірімділік танытуға дайын болу;
- Құндылық: заң және тәртіп
Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық
Негізгі орта мектеп түлегі:
құқықтық жүйе мен адам құқығы негіздерін білу;
тәртіп пен әділдік, нормалар мен ережелерді сақтау қажеттілігін түсіну;
қоғамды қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңыздылығын білу.
- Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
Құзыреттілік: инновациялық ойлау
Негізгі орта мектеп түлегі:
өзінің және басқалардың еңбегінің нәтижелерін бағалау;
түрлі мамандықтар мен олардың қызмет ерекшеліктерін зерттеуге қызығушылық таныту;
өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу;
еңбек қоғамдық және табысты болудың негізі екенін түсіну;
жеке мүдделерді, қажеттіліктерді ескере отырып, білім мен өмірлік жоспарлардың жеке траекториясын
саналы түрде таңдауға және құруға дайын болу.
- Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық
Құзыреттілік: шығармашылық
Негізгі орта мектеп түлегі:
тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу, өз шешімдері мен идеяларын ұсына білу;
өз бетінше әрекет ету және жобаларды іске асыру;
бақылау, өлшеу, эксперименттер мен тәжірибелер жүргізу;
модельдеу, таным объектілерінің құрылымын анықтау, бір бүтіннің әртүрлі бөліктері арасындағы
қатынастарды іздеу және бөлу, процестерді кезеңдерге бөлу, себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алу;
оқу есептерін шешудің оңтайлы тәсілдерін таба білу, ол үшін жаңаларын қолдану және бұрыннан
таныс алгоритмдерді біріктіру, оларды стандартты емес есептерді шешуге қолдана алу;
әр түрлі таным құралдарын қолдану дағдылары, әлем туралы білім жинақтау (тілдік, оқырмандық
мәдениет, ақпараттық, цифрлық ортадағы қызмет).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?