Жолда жүру ережелері » оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспары
«Жолда жүру ережелері » оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспары»
8-сынып
№ р/с | Айлар | Тақырыптың атауы | Сағат саны |
1. | қыркүйек | Жол жүру ережелері (қайталау). | 1 |
2. | қазан | Көлік құралдарының қозғалысы. Көлік құралдарының аялдама жолдары. | 1 |
3. | қараша | Көлік құралдарыныңнөмірлік, тану белгілері мен жазбалары. | 1 |
4. | желтоқсан | Жол-көлік оқиғасыуақытындағыоқушылардың мінез-құлқы. | 1 |
5. | қаңтар | Түрлі жарақаттар алған жағдайда алғашқы медициналық көмек. | 1 |
6. | ақпан | Жол қозғалысының қауіпсіздігі. | 1 |
7. | наурыз | Жол қозғалысына қатысушылардыңқұқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері. | 1 |
8. | сәуір | жаяу жүргіншілерге арналғанжол жүру ережесі.Жол "қақпан". | 1 |
9. | сәуір | Жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыратынжол жағдайларын зерттеу . | 1 |
10. | мамыр | Қорытынды сабақ. | 1 |
Барлығы: | 10 |
Тәрбие сағатының жоспары
Сынып: 8 Б | Мектеп: Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы Мұғалімі: Амандос А | ||
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережелері» | |||
Сабақтың мақсаты: |
| ||
Құндылықтарды дамыту |
| ||
Сабақтың барысы | |||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Басы Ортасы | Сынып оқушылары 4 топқа бөлініп отырады. (әр топта 4 оқушыдан)Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?1 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.2 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады.3 - оқушы: Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады.4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібінЕрежесін білеміз.Сақтанғанда қатерден,Сау - саламат жүреміз.Мұғалім: Олай болса сендерге көшеде жүру ережелеріне байланысты біраз сұрақтар қояйын. Ал сендер келген қонақтарға бар білімдеріңді көрсетуге тырысыңдар.- Балалар, жол деген не?5 - оқушы: «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?6 - оқушы: Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.- Тротуар деген не?7 - оқушы: Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не?8 - оқушы: Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.9 - оқушы: Тротуар – жүрер жолы жаяудың, желаяқтың,Жайбасардың, баяудың.Машинаның жолы – көше ортасы,Соны ұмытып кете көрме, аяулым.- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?Хормен: Жол белгілері- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?10 - оқушы: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол)деп атайды.Суретпен жұмыс1. Жаяу жүргіншілер жолын көрсет.2. Балаға үйден мектепке дейінгі ең қысқа жолды табуға көмектес. Оны қызыл сызықпен белгіле.3. Ал енді ең қауіпсіз жолды тап. Оны жасыл сызықпен белгіле.- Қызыл сызықпен белгіленген жол қысқа болғанымен қауіпті, сондықтан жасыл түспен белгіленген жолмен жүргіземіз.11 - оқушы: Жолақ жолмен көшеденӨтеді кіл жаяулар.Көліктердің бәрініңЖылдамдығы баяулар.«Қалмасын жұрт жолынан!»-Деп жол берер көліктер.Зебраның жонынанАумайды өзі, келіп көр!- Көшеде жүру тәртібін не басқарады?Оқушылар хормен: БАҒДАРШАМ12 - оқушы: Бағдаршам атыҮш көзі бар батыр.Тоқ болғанмен заты,Өзінде көп ақыл.13 - оқушы: Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.Би «Бағдаршам» ( үш қыз бағдаршамның үш көзіне сәйкес күсті дөңгелекшелермен билейді)1 - қыз: Қызыл көзі жанғандаҚалт тоқтай қал табанда.2 - қыз: Сары көзі жанғанда,Сақ, абай бол барынша.3 - қыз: Жасыл жарық жол ашық,Жүре бергін бел асып.Сергіту ойынын ойнайық.Орнымыздан тұрайықБағдаршамның белгісінҚимылмен келтіріп шығайық.( Мен қызыл дөңгелекті көтергенде отырасыңдар, сары дөңгелекті көтергенде тұрасыңдар, жасыл дөңгелекті көтергенде орындарыңда жүресіңдер.)- Балалар, кейде қиылыстардағы бағдаршам жұмыс істемей қалуы мүмкін. Бұл жағдайда бағдаршамның міндетін мемлекеттік автоинспекциясының қызметкерлері атқарады. Оны РЕТТЕУШІ дейміз. Қазір Нұрдәулет реттеуші болады. Сендер оның қимылын бағдаршамның қандай сигналына сәйкес келетінін алдарыңдағы қызыл, сары, жасыл белгішелерді көтеру арқылы көрсетесіңдер.Нұрдәулет: (ала таяғымен реттеуші қимылын 2 рет көрсетеді)Көрсең жолдың бойынанМАЙ қызметкерлерінШаршау білмес, ей, ұлан,Елеу керек еңбегін.Көз салып ол қырағы,Бос жібермей әр күнін,Қадағалап тұрадыЖолда жүру тәртібін.- Рахмет. Ал, балалар, жолдағы жол белгілері не үшін керек деп ойлайсыңдар?14 - оқушы: Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді.І топ. Ескерту белгілері.1 - оқушы: Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.(суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).• жаяу жүргінші өтпесі• балалар• тайғақ жол• жол жөндеу жұмыстары• екі жақты қозғалыс• велосипед жолымен қиылыс• шлагбаумы бар темір жол• шлагбаумы жоқ темір жол2 - оқушы: Басымдылық белгілері – бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген бөліктерінің көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту керектігін бейнелейді.• басты жол• басты жолдың аяқталуы• жол беріңіз• аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады.ІІ топ. Тыйым салатын белгілер.3 - оқушы: Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады (суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).• кіруге тыйым салынады• қозғалысқа тыйым салынады• велосипедпен жүруге тыйым салынады• жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады• аялдауға тыйым салынады4 - оқушы: Нұсқау белгілері – бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.• түзу қозғалыс• оңға қозғалыс• айналма жол• велосипед жолы• жаяу жүргінші жолы• ең төменгі қозғалысты шектеуІІІ топ. Ақпараттық көрсеткіш белгілері.5 - оқушы: Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға, жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орын туралы хабарлайды.• автобус немесе троллейбус тоқтайтын жер• трамвай тоқтайтын жер• біржақты қозғалыстағы жол• тұрақ орны• жаяулар өтпесі• жер асты жаяулар өтпесіІҮ топ. Қызмет көрсету белгілері.Қызмет көрсету белгілері - тиісті объектілердің орналасуын хабарлайды.• алғашқы медициналық көмек пункті• аурухана• телефон• тамақтану орны• ауыз су• демелыс орны7 - оқушы: Қосымша ақпарат белгілері (табличкалар) - өздерімен бірге пайдаланылатын белгілердің ықпалын нақтылайды немесе шектейді.• объектіге дейінгі арақашықтық• ықпал ету аймағы• қолданылу бағыттары- Өте жақсы, балалар. Осы жол белгілерін үнемі естеріңде сақтаңдар. Ал енді мына бір көрініске назар аударыңдар.( теледидардан арнайы түсірілгенвидео көріністі қосамын )Үш оқушы мектепке бару үшін үйінен шықты да, көлік жүретін көшеде қуаласып ойнады. Тәртіпсіздеу біреуі екінші оқушыны итеріп жібереді. Ол жығылып қалады. Үшінші оқушы жығылған баланы тұрғызуға көмек көрсетеді. Дәл осы кезде бұрылыстан шыға келген машина әзер тоқтайды. Итерген тәртіпсіз оқушы бар ықыласымен айқайлап, күліп тұрады.- Осы көрініс жайында не айтасыңдар? / /- Әрине, осындай ережеге сай емес ойындар кездейсоқ апатқа кезіктіреді. Сондықтан жолда жүру ережесін үнемі сақтаңдар.Топтық жұмыс «Қай жерде ойнауға болады? Ал қай жерде ойнауға болмайды?».Егер топтарыңа жолда жүру ережелерін бұзбай ойнап жүрген балалардың суреті берілген болса астындағы шаршыны жасыл түспен, керісінше ереже сақталмаған жерді қызыл түспен бояйсыңдар.- Біз ауылда бір жерден екінші жерге жаяу қатынай береміз. Ал қалада қоғамдық көліктерді пайдаланбасқа келмейді. Ол кезде көбіне қандай көлік түрін пайдаланамыз?- / автобус /- Автобусқа мінерде қандай ережені сақтау керекпіз?8 - оқушы: Автобусты аялдамада күтеміз. Тәртіпті сақтау керекпіз. Автобустың артқы есігінен кіріп, алдыңғы есігінен түсу керек.( Екі оқушы қысқа көрініс көрсетеді. Автобустың макетінің атқы есігінен кіріп, алдыңғы есігінен түседі )9 - оқушы: Есігінен артқы,Көлікке сен мінгін.Дәл осы бір салтты,Құлағыңа ілгін.10 - оқушы: Кезекте сен әлгіАртқы есіктен кіргін.Енді есіктен алғы,Түсеріңді білгін. | презентация, жол жайында видеолар, суреттер, нақыл сөздер. | |
Соңы | Жақсы, балалар. Сендер көшеде жүру ережелері жайлы көп әңгімеледіңдер. Енді сендердің білімдеріңді «Жол белгілерін білесің бе?» деп аталатын лото ойыны арқылы қорытындыламақпын. Сендердің қолдарыңда белгі аты жазылған карталар бар. Сол картаны жол белгілерінің сәйкес суретіне теріс қойып шықсаңдар қызықты суретті көре аласыңдар.( Оқушылар қолдарындағы жол белгісінің атын оқып, сәйкес суретке қондырады. Соңында суретті тамашалайды)- Қандай сөйлем шықты?Хормен оқиды: Жолда жүру ережелерін сақта!Мұғалім: Тәрбие сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда сол сияқты біз тұрғандай ауылдардың бәріне ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.Тәрбие сағатына белсене қатысып, ізденгіштік қабілетін көрсеткен оқушылар атап өтіледі. |
Тәрбие сағатының жоспары
Сынып: 6 Б | Мектеп: Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы Мұғалімі: Амандос А | ||
Сабақтың тақырыбы: «Көлік құралдарының қозғалысы» | |||
Сабақтың мақсаты: | а) көлік құралдарының жүрісі, қызметі туралы түсінік беру; ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;
| ||
Құндылықтарды дамыту | |||
Сабақтың барысы | |||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Басы | Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерді көлік құралдарының көшеде жүру тәртібімен таныстырамын. Өздерің жол-көлік оқиғаларыңа тап болмас үшін зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.
ІҮ.Сабақты бекіту Интербелсенді тақтада жолда жүру қауіпсіздігі шаралары.
. Сабақты қорытындылау Өмірде ережеде көрсетілгендей, жазып, сызылғандай мүмкіндіктер бола бермейді. Балалардың арасында ойын ойнап жүріп ойламаған жерден кездейсоқтыққа ұшырап қалатын жайлардың болатынын да ұмытпаңдар. | презентация, жол жайында видеолар, суреттер, нақыл сөздер. |
Тәрбие сағатының жоспары
Сынып: 6 Б | Мектеп: Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы Мұғалімі: Амандос А | ||
Сабақтың тақырыбы: «Жол-көлік оқиғасы кезінде оқушылардың мінез-құлқы» | |||
Сабақтың мақсаты: | а) Оқушыларға жол-көлік оқиғасы бола қалған кезінде өздерін ұстай білу ережелерін меңгерту; | ||
Құндылықтарды дамыту | Оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту; өмірге деген құштарлықтарын арттыру | ||
Сабақтың барысы | |||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Басы | Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерді жол-көлік оқиғасы кезіне өздерінді ұстай білу ережелерімен таныстырамын. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңда | презентация, құқық бұзушылық жайында видеолар, суреттер, нақыл сөздер. | |
Ортасы |
Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда не істеуіміз керек?
| ||
Соңы | Сабақты бекіту Интербелсенді тақтаға жол-көлік оқиғасы кезінде жарақаттанғандарға көрсетілетін алғашқы дәрігерлік жәрдем қандай болуы тиіс екендігі жазылады. Тездетіп дәрігерлік «жедел жәрдемге», полицияға немесе жол полициясы қызметкерлеріне хабарлау керек.
Сабақты қорытындылау
Жоғарыда автокөліктің тоқтау жолын құрастыратын факторларға шолу жасадық. Ендеше тоқтау жолы дегеніміз не? Жүргізушінің кедергіні көріп, тежеуішті басқанға дейінгі аралық пен тежеуішті басып, машина тоқтағанға дейінгі арақашықтықтың қосындысы тоқтау жолы деп аталады. ҮІ.Бағалау ҮІІ.Үй тапсырмасы
|
Тәрбие сағатының жоспары
Сынып: 8 Б | Мектеп: Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы Мұғалімі: Амандос А | ||
Сабақтың тақырыбы: «Жолда қауіпсіздігіне әсер ететін ауа райы жағдайлары» | |||
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға жолда жүру қауіпсіздігі туралы түсінік беру; | ||
Құндылықтарды дамыту |
| ||
Сабақтың барысы | |||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Басы | Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерді жолда жүру қауіпсіздігімен таныстырамын. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.
Жол полициясы қызметкерлері (аудандық, қалалық, облыстық, және республикалық)
Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты – көліктер мен жүргіншілердің жүріс-тұрысын дұрыс ұйымдастыру және реттеу. Көшедегі көліктер жүрісіне сырттай бақылау болмаса, жол бойынде ереже талаптары бұзылып, кейде олардың жол апатына ұшырып жататын жағдайлары да кездеседі.
Жолда жүру ережелерін бұзған жүргізушілерге Әкімшілік кодексіне сай ескерту, айыппұл,салу, жүргізуші куәлігінен айыру сияқты шаралар қолданылады.
Жолда жүру ережелерін бұзған мектеп оқушылар болса, онда олардыңтәртібін мектеп жиынында жариялап, тәртіпке шақыруға болады. Ал жолда жүру ережелерін өрескел бұзып, соның салдарынан шығын келсе, ата-аналарыншақырып, шығынды төлейтіндей жаза қолданылады. Ол үшін заң орындарыныңөкілдері қатысып, оқиға орын алған жерде кінәлі екендігін делелдеуі тиіс | презентация, жол жайында видеолар, суреттер, нақыл сөздер. | |
Ортасы |
| ||
Сабақты қорытындылау
Егер мектеп оқушысы ЖҚЕ бұзса, онда бұл үшін қандай жағдайларда ата-анасын жауапкершілікке тарта алады |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?