Сынып жетекші папкасы


Мазмұны:

1. Сынып жетекшінің міндеттері

2. Оқушы туралы мәлімет

  • Сынып тізімі
  • Сынып белсенділері, кезекшілік кестесі, сабақ кестесі
  • Сыныпқа педагогикалық-психологиялық мінездеме
  • Сыныптың әлеуметтік құжаты
  • Әр оқушыға мінездеме
  • Өгей әке мен өгей шешесімен тұратын оқушылар тізімі

3. Тәрбие жұмысының жоспары

  • Өткен оқу жылындағы тәрбие жұмысына сараптама
  • 2023-2024 оқу жылына тәрбие жұмысы жоспары
  • Сынып сағаттарының кестесі
  • Қыздармен жұмыс
  • Ұлдармен жұмыс

4. Ата-анамен жұмыс

  • Ата-аналар комитетінің кеңесі
  • Ата-анамен жұмыс жоспары
  • Ата-аналар жиналысының хаттамалары
  • Ата-аналар жиналысына қатысу қағазы

5. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру

  • Оқушылардың мектепішілік немесе мектептен тыс үйірмелерге, секцияларға қатысуы
  • Каникул уақытында жүргізілетін жұмыс жоспары
  • Қауіпсіздік ережелері

6. Әдістемелік жинақ

Сынып жетекшісінің міндеттері          І. Әлеуметтік міндеттері

Бұл – баланы қорғау, көмек көрсету, отбасымен бірігіп, баланың дамуына, оның даралық қасиеттерін қалыптастыруына жағдай жасау үшін байланыс орнату.

ІІ. Диагностикалық-әдептік міндеттері

Сыныппен тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білуі керек.

ІІІ. Жеке-дара практикалық міндеттері

  • Оқушының жеке дамуын бақылау, оның өрісін дамытып, қабілеттерінің ашылуына жағдай жасау.
  • Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
  • Оқушыларды қоғамдық қатынастарға жеке дара, топтық әрекетін ұйымдастыру.
  • Оқушылардың еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау.
  • Оқушылардың тұрмыс жағдайын зерттеу.
  • Оқушылардың дамуындағы жеке мінез-құлықтарындағы ауытқуларды байқау, оларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзету.
  • Өмірде кездесетін күрделі проблемаларды шешуге көмек көрсету.
  • Оқушылардың әлеуметтік және заңды құқықтарын қорғау.
  • Өз іскерлігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, балалармен жылы қарым-қатынас орнату.
  • Үнемі практикада педагогика, психология мәселелеріне байланысты өзінің білімін жетілдіру.

Сынып жетекшінің күнделікті атқаратын қызметі

  • Сабаққа кешігіп келген немесе сабаққа келмеген оқушылардың себебін анықтау.
  • Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру
  • Сыныпта кезекшілік ұйымдастыру
  • Оқушылармен жеке-дара жұмыс.

Апта сайынғы жұмысы

 1. Оқушының күнделігін тексеру; 

 2. Сыныппен жоспар бойынша іс-шара өткізу; 

 3. Ата-аналармен жұмыс; 

 4. Пән мұғалімдерімен жұмыс; 

 5. Оқушылардың ауырғаны туралы анықтамасын жинақтау. 

Ай сайынғы жұмысы

1. Өз сыныбындағы сабақтарға қатысу; 

2. Мектеп психологымен кездесу; 

3. Ата-аналар комитетімен кездесу; 

4. Тәрбие жұмысы бойынша жиналыстарға қатысу. 

Тоқсан сайынғы жұмыс

1. Сынып журналын толықтыру; 

2. Сынып жетекшілерінің семинарына қатысу; 

3. Тоқсан сайын тәрбие жұмысын қорытындылау, жаңа тоқсанға жоспарды толықтыру; 

4. Ата-аналар жиналысын өткізу. 

Жылына 1 рет:

1. Ашық іс-шара өткізу; 

2. Оқушының жеке құжаттарын толтыру; 

3. Сынып жұмысынын жоспарын талдау; 

4. Сыныптың статистикалық көрсеткіші. 

Сынып белсенділері:

Оқушының аты-жөні

Атқаратын қызметі

1

Дәулеткерейқызы Нұрай

Сынып басшысы

2

Ескендір Ғайни

Амангелдіқызы Нұргүл

Оқу секторы

3

Найманбайұлы Қадыр

Ғибрат Жанайдар

Сапидат Дінмұрат

Спорт секторы

4

Көмек Алина

Денсаулық, тазалық секторы

5

Керім Каусар

Зарлыкханова Айнара

Мәдениет секторы

6

Көшкенбай Еламан

Лобанов Руслан

Бунин Тимур

Еңбек секторы

СЫНЫПҚА МІНЕЗДЕМЕ

  ??? 8- сыныбында - оқушы бар. Оның ішінде -ұл бала, - қыз бала.

 Жалпы сыныптың әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті деңгейде қамтылған. Денсаулықтары – бірқалыпты.

 Сынып оқушыларының ынтасы жақсы, оқуға деген көзқарасы бірқалыпты, білім сапасы - 42% , оқу озаттарының саны – 2, оқу екпінділерінің саны - 3.

 Оқушылар мектепішілік және сыныптан тыс шараларға белсене қатысады, дегенмен де ешқандай шараларға мүлдем қатыспайтын оқушылар да кездеседі, атап өтер болсақ, Бунин Тимур. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады, сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады.

 Сыныптағы жалпы тәртіп – орташа. Қозғалысы жоғары оқушылар да бар, үнемі сынып жетекшінің қадағалауын талап етеді.

 Оқушылардың еңбекке деген көзқарасы жақсы қалыптасқан, көптеген оқушылар қол еңбегіне бейім.

 Сынып оқушыларының эстетикалық жағдайы жақсы, барлық оқушылар мектеп формасын сақтайды, үнемі таза жүреді. Ұжымдық қызығушылықтары жоғары, мектепішілік, спорттық шараларға белсенділікпен қатысады.

 Оқушылардың спортқа қызығушылығы басым, салауатты өмір салтын ұстанады, зиянды әдеттерден аулақ. Волейбол, теннис, тоқызқұмалақ, мылтық шашып жинау, тіл үйірмелеріне қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген оқушылар да бар. Олар:???????.

 Сынып белсенділері өздеріне тапсырылған жұмысты тиянақты орындайды. Сынып басшысы ??? үнемі сынып оқушыларын түгендеп, кезекшілік қызметін, жалпы сынып тәртібін, ұжымдық ұйымшылдығын қадағалап отырады. Тәрбие сағаттарын және мектепішілік шараларда оқушыларды ұйымдастырып, сынып жетекшісіне үнемі қолғабыс жасап отырады.

 Сынып оқушыларының басқа сыныптармен қарым-қатынасы жақсы. Алдағы мақсатымыз сынып ішіндегі ұйымшылдықты жандандырып, оқушылардың білім сапасын көтеру, мектеп өміріндегі барлық шараларға белсенділікпен қатысу.

 

СЫНЫПТЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ТӨЛҚҰЖАТЫ

Барлығы

Қыздар

Ұлдар

Сыныптың ұлттық құрамы

қазақтар

Ұл

12

6

6

4

Аты-жөні,тегі

Туған күні, айы, жылы

Мекен-жайы, телефоны

1

Аз қамтылған отбасылар

-

-

-

2

Көп балалы

отбасылар

3

Толық емес отбасылар

4

Сенімхатпен тұратын оқушылар

-

-

-

5

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар

-

-

-

6

Мектепішілік бақылауда тұрған оқушы

-

-

-

7

Тәуекел тобы

-

-

-

8

Діни орталықтарға баратын балалар

-

-

-

Өткен 2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жұмысына талдау

 Сынып жетекшінің әдістемелік тақырыбы: Оқушыларды тәрбие бағыттарын қолдана отырып, адамгершілікке, мәдениеттілікке, білімге, құштарлыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

 8-сыныптағы тәрбие жұмысының мақсаты: тәрбиенің жаңа әдістерін қолдану арқылы өзін-өзі тани алатын, өзін-өзі басқара алатын, интеллектуалды дамыған, адамгершілігі мол, мәдениетті, отансүйгіш тұлға тәрбиелеу.

 8- сыныбында 12 оқушы болды. Оның 6-ы қыз, 6-ы ұл. Оқу жылының қорытындысы бойынша сыныпта 3 оқу озаты, 3 оқу екпіндісі болды. Оқу озаттары:??? , Оқу екпінділері: ???? . Сыныптың білім сапасы: 50%.

 2022-2023 оқу жылының тәрбие жұмысының жоспары 8 бағыт бойынша жасалып, жоспарға сай барлық іс-шаралар өткізілді. Сынып белсенділері өздеріне тапсырылған қызметтерін тиянақты орындады. Оқушылар мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Аудандық және мектепішілік байқауларға қатысып, жеңімпаз атанған оқушылар да болды. Ескендір Ғайни физика пәнінен олимпиадаға қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болса, Дәулеткерей Нұрай қазақ тілі пәнінен олимпиададан І орын алып, облысқа жолдама алды. Зарлыкханова Айнара М.Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңінің тәрбиелік мәні» тақырыбында жобаға қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сынып оқушылары спорттық сайыстарға да үздіксіз қатысып отырды. Волейбол, мылтық шашып жинаудан ұлдар да белсенділік танытты. Мектепте жүргізілген «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылар белсенділік танытты. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру барысында ауылымызды таза ұстау үшін ұйымдастырылған сенбілікке қатысты. «Үздіктер шеруі» шарасына сыныптан осы аталған оқушылар қатысып қайтты. Үздік деп танылған екі оқушымыз Нұрай мен Ғайни «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагеріне барып, ойдағыдай жақсы демалып қайтты. Қыркүйек айында облыстық жеңімпаз Нұрай Алматы қаласындағы «Балдәурен» сауықтыру лагеріне барды.

 Сонымен қатар, жыл бойына ата-аналармен де жұмыстар жүргізілді. Ата-аналар жиналысы өткізіліп, әр түрлі тақырыптар ортаға салынды.

ТӘРБИЕ САҒАТТАРЫНАН КӨРІНІС

 

Қазыналы қарияларға қол ұшын беру сәтінен

Ұлдармен жұмыс

Мақсаты:

Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеу.

Міндеттері:

— Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

— ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;

— танымдық жұмыстарды ынталандыру;

Ұлдармен жүргізілетін жұмыс жоспары

Р/с

Мерзімі

Жұмыстың мазмұны

Жұмыс түрі

Жауапты

1

Қыркүйек

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Сынып жиналысы

Сынып жетекшісі

2

Қазан

Қарияларға көмек көрсету

Көмек

Сынып жетекшісі

3

Қараша

Зиянды әдеттерден аулақ бол!

Дөңгелек үстел

Сынып жетекшісі

4

Желтоқсан

«Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз»

Спорттық ойындар

Сынып жетекшісі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

5

Қаңтар

Жат діни ағымдардың ықпалынан сақ болайық.

Әңгіме-сұхбат

Сынып жетекшісі

6

Ақпан

«Ұлдарға кеңес»

Пікір алмасу

Медбике, психолог,

сынып жетекшісі

7

Наурыз

«Ұл бала» туралы мақал –мәтелдер, өлеңдер, нақыл сөздер жинау

Кітапша жасау

Сынып жетекшісі, сынып ұлдары

8

Сәуір

«Ұл мен қыздың арасындағы достық қарым- қатынас»

Дөңгелек үстел

Сынып жетекшісі

9

Мамыр

"Ұлы Жеңіс туралы..."

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

Қыздармен жұмыс

Мақсаты: Сыныптағы әрбір қыз баланы ибалылық сақтауға баулу, құқықтықадамгершілік, имандылық, эстетикалық тәбие беру.

Міндеттері:

  • Қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз балаға  гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету
  • Өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру;
  • Қыздарды инабатты қыз болып өсуге баулу;

Қыз балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары

Р/с

Мерзімі

Жұмыстың мазмұны

Жұмыс түрі

Жауапты

1

Қыркүйек

Жеке бас гигиенасы

Сынып жиналысы

Сынып жетекшісі

2

Қазан

Қыздың ары –қоғамның ары

Пікір алмасу

Сынып жетекшісі

3

Қараша

Үлкенге құрмет, кішіге ізет

Дөңгелек үстел

Сынып жетекшісі

4

Желтоқсан

Жат діни ағымдардың ықпалынан сақ болайық.

Әңгіме-сұхбат

Сынып жетекшісі, сынып қыздары

5

Қаңтар

«Шаш сәндеу үлгілері»

Фотогалерея

Сынып жетекшісі,

6

Ақпан

«Қыздарға кеңес»

Пікір алмасу

Медбике, психолог,

сынып жетекшісі

7

Наурыз

«Бұрымды қыз» байқауын өтізу

Байқау

Сынып жетекшісі, сынып қыздары

8

Сәуір

«Ұл мен қыздың арасындағы достық қарым- қатынас»

Дөңгелек үстел

Сынып жетекшісі

9

Мамыр

"Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары

Р/с

Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Жиналыс №1

1. Жаңа оқу жылының басталуы

2. Мектептің ішкі ережесімен таныстыру.

3. Ата-аналар комитетін сайлау

4. Құқық бұзушылықтың алдын алу.

Қыркүйек

Сынып жетекшісі

Мектеп психологы

2

Жиналыс №2

  • І тоқсан қорытындысы
  • Каникул кезіндегі қауіпсіздік ережесі
  • Мектеп ережесі
  • Ағымдағы мәселелер

Қараша

Сынып жетекшісі

3

Жиналыс №3

  • ІІ тоқсан қорытындысы
  • Ана мен бала қарым қатынасы
  • Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережесі
  • Ағымдағы мәселелер

Желтоқсан

Сынып жетекшісі, мектеп психологы

4

Жиналыс №4

  • ІІІ тоқсан қорытындысы
  • Психологиялық тренинг
  • Көктем мезгіліндегі қауіпсіздік ережесі
  • Ағымдағы мәселелер

Наурыз

Сынып жетекшісі, мектеп психологы

5

Жиналыс №5

  • Жыл қорытындысы
  • Жазғы каникул кезіндегі еңбек пен демалыс
  • Ата-аналар комитетінің жылдық есебі
  • Ағымдағы мәселелер

Мамыр

Сынып жетекшісі

8- сыныпың ата-аналар кеңесі мүшелері туралы ақпарат

Аты-жөні

Атқаратын қызметі

Жұмыс орны

Мекен-жайы

телефон

1

2

3



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу