Қазақша сценраий: Мен патриотпын!

Қазақша сценраий: Мен патриотпын!

Тақырыбы: Тәуелсіздік, егемендік және патриотизм - біздің басты қазынамыз!

(Музыка ойнап тұрады. Әли Оқаповтың «Қазақстан» әні. Сырттан дауыс шығады)

Бүгінгі “Мен патриотпын, атты үгіт-насихат топтарының қалалық байқау-сайысында
Сәтбаев қаласы әкімдігінің “№16 жалпы орта білім беретін мектебі,, және оның “жас патриоттары,,
(Сөз оқылып жатқанда балалар ортаға шығып тұрады)

Дәурен: Барлық Сәтбаев патриоттары бізбен!
Әділет: Барлық Сәтбаев патриоттары Елбасымен!
Гүлзат: Ең алғашқы сөз-ана
Дәурен: Ең жарқын сөз-Отан
Меруерт: Ең басты сөз
Топ: Қазақстан
Топ: Біз
Гүлдана:патриотпыз
Арай:жаспыз
Нұртөре: жігерліміз

Топ: Біз
Меруерт: Қазақстан
Арсен: қуаттымыз
Топ: біргеміз!

Дәурен: Ұранымыз!
Топ:Патриотпыз елімізді сүйетін
Отан үшін отқа да ыстық күйетін.
(осы кезде қолдарындағы жазуды көтереді. ПАТРИОТ деген сөз шығады)
Арай: Біз-қашаннан ер,қаһарман халықпыз
Аяулым: Біз-тарихта теңдесі жоқ алыппыз
Меруерт: Біз-күштіміз күштілердің бәрінен
Гүлдана: Біз-сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз!
Топ: Біз кімбіз?
Нұртөре: Біз- бақытты, ғаламтор жүйесіне қол жеткізген білімге құштар жастармыз.
Ернұр: Біз-ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор жастармыз.
Дәурен: Біз-сан мамандықты игеретін мамандық иелеріміз
Арсен: Біз-тәуелсіздік тірегіміз!

Гүлзат: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы!
Ол әркімге еркін өмір сыйлады.
Білімділер алға шығып елімде,
Жақсы атақпен нұр шапағын жинады.

Нұртөре: Асыл елім бүгінгі Ақ Ордасы бар,
Айбынды елім қаһарман Елбасы бар
Жолбасшы елмін жыл сайын Елбасының
Жолдауымен қамданып жолға шығар

Аяулым: Айналайын асыл ел,алтын халық
Айқын мақсат алдында, айқын бағыт
Әлемдегі үздік ел етемін деп
Елбасың жүр алдында жарқыл қағып

Әділет: Елбасы-төбеңдегі бақ жұлдызын,
Қаратты өз аузына жердің жүзін
Сұңғыла саясатпен сара тіліп
Ерітті тарихтағы тоңның мұзын

Гүлдана: Секірді заңғардағы тау барысы
Нұрсұлтан-ел тірегі, ел намысы
Адамның бұл өмірде арманы жоқ
Халқының бола берсе қорғанышы

Дәурен: Жерұйығым, Жампозымды жыр етем ,
Аты да оның,заты да оның нұр екен
Темірқазық адастырмас алашты,
Дана басшы, дара басшы-Нұрекең!
Арай: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тек Елбасы ғана емес, ол-білгір саясаткер!
Нұртөре: Ол-қоғам қайраткері
Аяулым: Ол-нағыз патриот
Ернұр: Ол-дарынды адам!

Гүлдана: 2012 жылы-«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні» болып жарияланды!
Арай: Біздің президент еліміздің болашағын жастармен байланыстырады.
Әділет: Біз Елбасымыздың идеяларын ілгері бастыратын жастармыз!
Топ: Біз Елбасымызды мақтан тұтамыз!
Аяулым: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан!
Ернұр: Тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі!
Меруерт: Тәуелсіз болу дегеніміз-ешкімге бағынышты болмай, өз еркімен өмір сүру деген сөз.
Арсен: Елбасы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты биылғы жолдауында 2015 жылды-Қазақстан Республикасы Ассамблеясы жылы деп жариялады.
Дәурен: 2015жылы -Біз қазақ хандығының 550 жылдығын;
Гүлзат: Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан Республикасы Ассамблеясының 20 жылдығын;
Әділет: және Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтетін боламыз!
Арсен: Осы тарихи мерейтойлардың өз деңгейінде аталып өтілуіне мен өз үлесімді қосамын.
Гүлзат: Сен өз үлесіңді қос!
Топ: Біз өз үлесімізді қосамыз!
Ернұр: Себебі: менің Отаным,
Гүлдана: Сенің Отаның,
Аяулым: Біздің Отанымыз-
Топ: Қазақстан!
Нұртөре: Қазақстан күн санап өсіп-өркеңдеуде! Ал, 2050 жылы біз қандай боламыз?
Меруерт: Егер біз күшті болсақ, бізбен санасатын болады
Нұртөре: Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етеміз,
Гүлзат:Тәуелсіз елді өз қолымен құрған аға буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың біздің лайықты жалғастыратынымызға кәміл сендіреміз.
Дәурен: Мемлекетіміз біздің оқуымыз бен өсіп өнулеріміз үшін барлық жағдайды жасауда.
Ернұр: Болашақтың Қазақстанын біз былай елестетеміз?
Әділет: Ол кезде біз қамал бұзар қырықтың қырқасына шығады екенбіз.
Арай: Бәріміздің де отбасы, балаларымыз бар,еліміз үшін еңбек етеміз.
Сол кезде 2050 жылғы қазақстандықтар, яғни біздер:
Меруерт: Үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдар қгоғамы боламыз
Әділет: Біздер-әлемнің азаматтарымыз, саяхаттап жүреміз
Гүлзат: Жаңа білім меңгеруге құштармыз,біздер еңбексүйгішпіз
Гүлдана: 2050 жылғы Қазақстан-жалпыға ортақ еңбек қоғамы.
Ол-барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет.
Арсен: Білім беру, денсаулық сақтау саласы да үздік.
Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған.
Әділет: Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ, онда заң үстемдік етеді.
Дәурен: Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып шын мәніндегі мемелекеттік тіл мәртебесіне көтеріліп, елімізді «Қазақстан мемлекеті» деп атайтын боламыз.
Топ: Олай болса біз!
Меруерт: ХХІ ғасыр- Қазақстанның «Алтын ғасыры» боларына сенеміз.
Ернұр: Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Аяулым: Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атанады
Арсен: Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз!
Гүлзат: Көк байрақтын астында күн сөнгенше
Топ: сөнбейміз,
Гүлзат: Егемендігімізді ешкімге де
Топ: бермейміз!

Ән «Қазақстан»

Соңы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу

Ілмектер: Мен Қазақстанның патриотымын, классный час на казахском языке, Қазақша Тәрбие сағат: Қазақ тілі Қазақстандық патриотизм, Қазақша Тәрбие сағат, Қазақ тілі Қазақстандық патриотизм казакша тарбие сагат, классный час на тему патриотизм в казахстан на казахском языке, открытый урок на тему патриотизм в казахстан на казахском языке, патриотизм туралы ашық сабақ, патриотизм туралы тәрбие сағаты, қазақстандық патриотизм тәрбие сағаты, мен патриотпын тәрбие сағаты, мен қазақстан патриотымын тәрбие сағаты, мен казакстан патриотымын ашык тарбие сагаты сабак, мен қазақстан патриотымын ашық сабақ, я патриот казахстана классный час на казахском, я патриот казахстана открытый урок на казахском, мен патриотпын сценарий қазақша, мен патриотпын сценарий на казахском языке, патриотизм туралы сценарий, патриотизм туралы сценарий на казахском, патриотизм туралы сценарий казакша, я патриот казахстана сценарий на казахском