Қазақ тілі емтиханы туралы


АСТАНА- 2024

БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА «ҚАЗАҚ ТІЛІ», «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ПӘНДЕРІНЕН 5-8, 10-СЫНЫПТАРДА ЕМТИХАН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ

ЕМТИХАННЫҢ МАҚСАТ, МІНДЕТТЕРІ

Міндеті:

білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығын бағалау;

функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.

Мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС) талаптарына сәйкес бағалау.

 

ЕМТИХАН ӨТКІЗУ ТАЛАБЫ

Емтихан қазақ тілінде өтеді

Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады (27-31 мамыр аралығында 9,11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау уақытынан басқа уақытта өткізу ұсынылады)

Педагогтердің емтихандағы кезекшілік кестесі білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады

Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, емтихан материалдарын педагогтер құрастырады және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді

Ерекше білім қажет ететін оқушылар үшін педагогтің дайындаған жеке білім бағдарламасы мазмұнына сай емтихан тапсырмалары құрастырылады

Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар дәрігердің анықтамасы болған жағдайда (емтиханнан босату туралы) емтиханнан босатылады

ЕМТИХАН ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

1. Қазақ сыныптары үшін «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша:

- оқылым

жазылым

әдеби тіл нормаларын сақтау

«Қазақ тілі» оқу пәні бойынша рубрика

2. Өзге тілде оқытатын сыныптар үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні бойынша:

- тыңдалым

- айтылым

- оқылым

жазылым

тілдік бағдар

«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні бойынша рубрика

ЕМТИХАН МАЗМҰНЫ

«Қазақ тілі» оқу пәні бойынша

2) оқылым

ЕМТИХАН МАЗМҰНЫ

«Қазақ тілі» оқу пәні бойынша

3) жазылым

ЕМТИХАН МАЗМҰНЫ

«Қазақ тілі» оқу пәні бойынша

3) Әдеби тіл нормаларын сақтау

«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА

Қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін

ЕМТИХАН МАЗМҰНЫ

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша:

ЕМТИХАН МАЗМҰНЫ

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша:

ЕМТИХАН МАЗМҰНЫ

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша:

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА

Өзге тілде оқытатын сыныптар үшін

«ҚАЗАҚ ТІЛІ», «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ЕМТИХАН

6. Емтихан өткізуді ұйымдастыру мәселелері

«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша білім алушының оқу үлгерімін бақылауға берілген

мәтін саны, эссе тақырыптарының саны – 4 нұсқада

Сөз саны кесте бойынша көрсетілген

7. Эсседегі тапсырмалардың қиындығы: әр сыныптың жас ерекшелігіне сай беріледі

8. Білімді тексеру тапсырмасының формасы: (тыңдалым, айтылым) оқылым, жазылым дағдыларын қолданып эссе жазады

9. Білімді тексеру тапсырмаларын орындау уақыты: орындау уақыты – 180 минутты құрайды (жалпы эссені жазу уақыты берілген тапсырмаларды, оқуға жұмсалатын уақытты ескере есептелген).

АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ

оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін

БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ ТАПСЫРМАЛАРЫ БОЙЫНША ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТЫ БАҒАЛАУ

Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы

(оқыту қазақ тілінде)

АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ

оқыту өзге тілдегі сыныптар үшін

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптар үшін

БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ ТАПСЫРМАЛАРЫ БОЙЫНША ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТЫ БАҒАЛАУ

Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы

(оқыту өзге тілде)

ЕМТИХАННЫҢ ӨТКІЗІЛУІ БОЙЫНША ЕСКЕРТУЛЕР

Педагогтің тапсырмаларды дайындау қадамдары:

Емтихан тапсырмаларын оқыту қазақ тіліндегі сыныптарда оқылым, жазылым дағдылары бойынша, оқыту өзге тілдегі сыныптарда тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қамтып дайындайды:

алынған дағды бойынша оқу мақсатын таңдайды;

әртүрлі дереккөздерден мәтін дайындайды;

мәтінге тапсырма құрастырады;

дайындалған тапсырмаларға критерий, дискриптор мен рубрика құрастырылады.

Тыңдалым дағдысы бойынша оқу мақсатына сай таңдалған мәтінді аудиожазба түрінде алдын-ала жазып компьютерге жүктеп қоюы керек. Емтихан кезінде білім алушы мәтінді екі рет тыңдайды, тыңдалымға арналған тапсырмаларды орындайды (сұрақ-жауап, жабық тапсырмалар, тест т.б.).

Айтылым дағдысы бойынша білім алушыға тақырып беріледі (диалог, монолог, сұхбат т.б).

Оқылым дағдысы бойынша таңдалған мәтінмен (сұрақ құрастыру, сәйкестендіру, тест, кестемен жұмыс, сөз мағынасын ашу т.б.) жұмыс жасайды.

Жазылым дағдысы бойынша берілетін эссе тақырыбы оқылым бойынша таңдалған мәтінмен мазмұндық байланыста болуы керек.

Барлық дағды бойынша таңдалатын тақырып, мәтіндер үлгілік оқу бағдарламасында ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген лексикалық тақырыптармен мазмұндас болуы керек (мәтін мазмұнында дінге, саясатқа қатысты, түсінуге, қабылдауға қиын сөздер болмауы керек. МЖМББС-дағы құндылықтарға негізделген, тәрбиелік мәні бар, білім алушыға қызықты мәтіндер алынады. Сыныбына, жас ерекшелігіне сай сөз саны анық болу керек. Мәтін мазмұны мұқият тексеріліп, алынған дереккөздер көрсетілуі қажет).

ЕМТИХАННЫҢ ӨТКІЗІЛУІ БОЙЫНША ЕСКЕРТУЛЕР

Емтиханды өткізу қадамдары:

аудио мәтінді тыңдай отырып орындалған тапсырмалардың нәтижесі арқылы білім алушының тыңдалым дағдысы тексеріледі (өзге тілде оқытатын сыныптар үшін);

2) айтылым дағдысы бойынша білім алушыға тапсырмалар беріледі (өзге тілде оқытатын сыныптар үшін);

3) оқылым бойынша білім алушыға дайын мәтін беріледі (қазақ және өзге тілдерде оқытатын);

4) жазылым дағдысы бойынша білім алушы эссе жазады (оқылым бойынша берілетін мәтін мазмұны мен эссе тақырыбы бір-бірімен байланысты болу керек (қазақ және өзге тілдерде оқытатын);

5) эссе мәтініне грамматикалық талдау (ішінара дайындалған тапсырма бойынша) жасайды.

ЕМТИХАННЫҢ ӨТКІЗІЛУІ БОЙЫНША ЕСКЕРТУЛЕР

Күнделікке емтихан бағасын қою кезінде 30 балдық жүйеге ауыстырылады.

Емтихан аяқталғаннан кейін берілген кестелерді толтырады, талдау жасайды. Білім алушылардың білім сапасының көрсеткішін анықтайды. Жаңа оқу жылында білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою мақсатында жұмыс жасауда емтиханның қорытынды нәтижелері басшылыққа алынады.

Емтиханның аяқталу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының талаптарына сай хаттама толтырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу