Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Жақсы көрем елімді
Жақсы көрем елімді, Бірлік күнін тойлайтын. Өзге ұлттармен сыйласып, Татулықты жоймайтын..
©  Бірлік күні
Мен бақытты баламын
Мен бақытты баламын, Туылған бірлікті елінде. Ынтымақты сақтайтын, Қазақстан жерімде.
©  Бірлік күні
Бейбітшілік ұраным
Бейбітшілік ұраным, Бірлік күні жалғасар. Достығымыз берік бұл, Сыйластықпен тарасар.
©  Бірлік күні
Достығымыз жарасып
Бірге ойнаймыз балдармен, Достығымыз жарасып. Достық сенімін ақтаймыз, Сыйластықта тарасып.
©  Бірлік күні
Күйіміз де бір біздің
Күйіміз де бір біздің, Үйіміз де бір біздің. Астындамыз бір тудың, Көктем, жазым, бір күзім.
©  Бірлік күні
Бірге біздің Жанымыз
Бірге біздің Жанымыз,. Шырқап айтар әніміз. Бірлік күні тойлаймыз, Мерекені тағы біз.
©  Бірлік күні
Бүгін бірлік күнінде
Бүгін бірлік күнінде, Мерекені тойлаймыз. Баласымен өзге ұлт, Асыр салып ойнаймыз.
©  Бірлік күні
Өзге ұлттан досым бар
Өзге ұлттан досым бар, Бірлігіміз жарасқан. Кезіміз көп бірге ойнап, Сыйластықпен тарасқан.
©  Бірлік күні
Бірлік күні кеп жеткен
Жанымызды тербетті, Бірлік күні кеп жеткен. Ынтымақ пен достықты, Сыйластырған құрметпен!
©  Бірлік күні
Көңілімнің көктемі
Көңілімнің көктемі, Бірлік күні кеп жеттің Сыйластықтың үнімен, Жанымызды тербеттің!
©  Бірлік күні
Үшінші айдың бастауы
Үшінші айдың бастауы, Бірлік күні қараңыз. Бір болайық халайық, Ажырамай арамыз.
©  Бірлік күні
Ұлтаралық ынтымақ
Ұлтаралық ынтымақ, Бүгін бірі мамырдың. Жалғасы бұл шаттықта, Шуақты атар таңымның.
©  Бірлік күні
Бірлінімнің күні бұл
Бірлігімнің күні бұл, Бірінші мамыр мереке. Ынтымақ пен сыйластық, Жол салатын береке.
©  Бірлік күні
1 ші мамыр бүгінгі
Бірінші мамыр бүгінгі, Сыйластыққа ұласар. Достығымыз нығайып, Кең даламда, қыр асар.
©  Бірлік күні
Біплігіміз жарасып
Ынтымақта болайық, Бірлігіміз жарасып. Қиын сәтте барлық ұлт, Бір-біріне қарасып.
©  Бірлік күні
Бейбітшілік жасасын!
Бейбітшілік жасасын, Бірлігіміз жанданып. Тәнті болсын біздерге, Барлық ғалам таң қалып
©  Бірлік күні
Ынтымақтың күні бұл
Ынтымақтың күні бұл, Бірлік күні кеп жеткен. Сыйластықтың үні бұл, Әр күніңді нұрлы еткен!
©  Бірлік күні
Бірлік күні
Бірінші мамыр — Бірлік күні, Ынтымақтың белгісі. Сыйластықпен жалғасар, Болса өмір кем тұсы...
©  Бірлік күні
Кәсібі бұл мерекең
Кәсіби бұл мерекең, Құтты болсын кеп жеткен. Энергетик ағалар, Көңілдерін кең еткен!
©  Энергетик күні
Амандығыңды тілейміз.
Энергетик ағалар, Амандығыңды тілейміз. Жеміс беріп еңбегің, Бақытты боп жүр дейміз.
©  Энергетик күні
Құтты болсын мерекең
Энергетик мамандар, Құтты болсын мерекең. Қызметіңде, үйіңде, Арта берсін берекең!
©  Энергетик күні
Жадырасын жаныңыз
Энергетик күнінде, Жадырасын жаныңыз. Энергетик мамандар, Әр күні бақыт табыңыз.
©  Энергетик күні
Энергетик күнінде
Энергетик күнінде жарқыраңыз, Энергетик мамандар мерекеңде. Денсаулығың мықты боп, аман жүрші, Артып дәйім күн сайын берекең де.
©  Энергетик күні
Атвр сәтті таңымыз
Энергетик ағалар сіздер барда, Атар сәтті күн сайын таңымыз да. Жарық жағар ағалар сіздер барда, Тыныш болар алаңсыз жанымыз да.
©  Энергетик күні
Энергетик ағаларым сіз барда
Энергетик ағалар сіздер барда, Жарығымыз жанданар әр күн сайын. Өшіп қалса жарығым сіздер барда, Жағвды деп жүреміз, жоқ боп уайым.
©  Энергетик күні