Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Аға сізге тілеймін!
Аға сізге тілеймін, Ақ жол аппақ тілекпен! Студент бол, білгір бол,Сабақты оқып жүрекпен!
©  Соңғы қоңырау күні
Қадамыңыз оң болсын!
Түлеп ұшқан Түлектер, Қадамыңыз оң болсын! Жоғары оқу жолында, Сәттіліктер мол болсын!
©  Соңғы қоңырау күні
Хош бол аға, әпкелер!
Биыл мектеп бітірген, Жаны жайсаң Түлектер! Хош бол аға, әпкелер, Сіздерге көп тілектер!
©  Соңғы қоңырау күні
Мектебім мен ұстазым!
Хош бол, қайта келгенше, Мектебім мен ұстазым!  Өзіңменен өтуде, Балалық шақ, қыс жазым!  
©  Соңғы қоңырау күні
Демалыстың үнімен
Келді соңғы қоңырау, Демалыстың үнімен. Қыркүйекте мектебім, Келем қайта гүліммен!
©  Соңғы қоңырау күні
Жиырма бесі мамырдың
Жиырма бесі мамырдың, Соңы оқу жылының. Келді жазғы демалыс, Сәті тоқсан күнінің!
©  Соңғы қоңырау күні
Келді соңғы қоңырау
Келді соңғы қоңырау, Оқу бітті, қараңыз. Ұстаздарым, рахмет, Деп айтады баланыңыз!  
©  Соңғы қоңырау күні
Хош бол, менің мектебім
Хош бол менің мектебім, Демалысқа шығамыз. Алғыс айтып өзіңе, Рахмет көп қыламыз.
©  Соңғы қоңырау күні
Бүгін соңғы қоңырау
Бүгін соңғы қоңырау, Жиналайық ендеше. Қош аман бол мектебім, Қайта айналып келгенше.
©  Соңғы қоңырау күні
Енді соғыс болмасын!
Жеңіс күні құтты боп, Жақсылыққа бастасын. Енді соғыс, алапат, Елімді кеп баспасын!
©  Жеңіс күні
Біз бақытты баламыз
Біз бақытты баламыз, Жеңіс күнін тойлайтын. Аталарға ардагерлер, Алғысты көп арнайтын.
©  Жеңіс күні
Құтты болсын бұл Жеңіс
Құтты болсын бұл Жеңіс, Бейбіт күнде тербелген. Тарих болып бұл күні, Қазағыма дем берген.
©  Жеңіс күні
Мерекеде бүгінгі
Мерекеде бүгінгі, Шаттанамыз, қуанып. Ардагерлер қауымын, Еске аламыз жұбанып
©  Жеңіс күні
Жеңіс күні келгенде
Жеңіс күні келгенде, Мерекені тойлаймыз. Ардагерді еске алып, Бұлбұл құстай сайраймыз.
©  Жеңіс күні
Бүгін шаттық, мереке
Бүгін шаттық мереке, Құтты болсын Қазағым. Жеңіс күнмен жалғансын, Бар жақсылық, ғажабың!
©  Жеңіс күні
Мерекеде бүгінгі
Мерекеде бүгінгі,Шаттанайық бәріміз.Ардагерді еске алып, Сырласайық қане біз.
©  Жеңіс күні
Тоғызыншы мамырда
Тоғызыншы мамырда, Жеңіс күні тойланар. Шайқасқан бұл соғыста,Ардагерді ойға алар.
©  Жеңіс күні
Құтты болсын мереке
Құтты болсын мереке, Жеңіс күні кеп жеткен. Ардагерлер үні бұл, Жанымызды тербеткен.
©  Жеңіс күні
Жеңіс күні құтты болсын!
Тоғызыншы мамыр бұл, Құтты болсын жеңіс күн. Ардагерді еске алар, Естеліктер күні бұл.
©  Жеңіс күні
Кейіпкері жеңістің
Кейіпкері жеңістің ардагерлер, Аман келген соғыстан елімізге. Жеңіс күнін тойлаған халықпенен, Қызымет қып кең байтақ жерімізде.
©  Жеңіс күні
Ардагерлер азайып бара жатыр
Ардагерлер азайып бара жатыр, Жылдан жылға жүрген соң көш ілгері. Ұмытылмас жандар ол ешқашанда, Жеңіс күні айтылар есімдері.
©  Жеңіс күні
Ардагерлер ерлігі
Ардагерлер ерлігі ұмытылмас, Атойлатып жеңіске жеткен жандар. Тоғызыншы мамырда Жеңіс күнін, Елмен бірге тойлатып өткен жандар.
©  Жеңіс күні
Ардагерлер өмірден өтіп жатыр
Күндер зулап, ай, жылдар өтіп жатыр, Бір жан келіп, біреуі кетіп жатыр. Аман болып жеңіске жетіп келген, Ардагерлер өмірден өтіп жатыр.
©  Жеңіс күні
Тоғызыншы мамырда еске аламыз
Тоғызыншы мамырда еске аламыз, Соғыстарда өмірден өткендерді. Құттықтаймыз еліне атойлатып, Аман-есен отбасына жеткендерді.
©  Жеңіс күні
Ұлы жеңіс күні бұл
Ұлы жеңіс күні бұл, Есік ашқан қуантып. Сарбаздарға жеңдік деп, Жарайсың деп үн қатып.
©  Жеңіс күні