Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Архившілер барында
Архившілер барында, Естеліктер жоғалмас. Архившілер сіз барда, Өткеніміз тоналмас.
©  Халықаралық архив күні
Архив өткен шағымыз
Архив өткен шағымыз, Құжаттарды сақтайтын. Архившілер мамандар, Ел үмітін ақтайтын!
©  Халықаралық архив күні
Архившілер күні бұл
Архившілер күні бұл, Архивтерде отырар. Құжаттарды сақтайтын, Реттеп бәрін бақылар...
©  Халықаралық архив күні
Архивте бәрі сақталар
Құжатымыз біздердің, Архивтерде сақталар. Архившілер еңбегі, Санамызда жатталар.
©  Халықаралық архив күні
Архив күні ерекше
Архив күні ерекше, Аталынып өтілер. Өткен күннің бейнесін, Көз алдыңа келтірер.
©  Халықаралық архив күні
Амандықта болыңыз!
Ұстаздарым ғажайып, Сіздермен бір жанымыз! Жаңа оқу жылында, Көріскенше бәріміз! Ұстаздарым, достарым, Амандықта болыңыз!
©  Соңғы қоңырау күні
Құтты болсын кеп жеткен
Құтты болсын кеп жеткен, Соңғы қоңырау бүгінгі! Жаңа оқу жылында, Келем ұстап гүлімді.
©  Соңғы қоңырау күні
Біз бақытты баламыз
Біз бақытты баламыз, Айтқан тілді аламыз. Біткен соң жазғы демалыс, Мектепке біз барамыз!
©  Соңғы қоңырау күні
Жанымыз бір мектеппен!
Жанымыз бір мектеппен, Білім берер біздерге. Ұстаздарым рахмет, Шын жүректен сіздерге!
©  Соңғы қоңырау күні
Жарасады сәніміз!
Оқу оқып мектепте, Жарасады сәніміз. Бүгін соңғы қоңырау, Шырқалатын әніміз!
©  Соңғы қоңырау күні
Өсеміз біз оқумен!
Өсеміз біз оқумен, Білім алып мектепте. Бітіреміз сыныпты, Жыл соңына жеткенде.
©  Соңғы қоңырау күні
Хош бол менің достарым!
Хош бол менің достарым, Демалысқа шығамыз. Күзде қайта келгенше, Хабарласып тұрамыз.
©  Соңғы қоңырау күні
Хош бол менің Ұстазым!
Хош бол менің Ұстазым, Қайта айналып келгенше! Күзде, білім күнінде, Мектебіме енгенше!
©  Соңғы қоңырау күні
Соңғы қоңырау үнімен
Соңғы қоңырау үнімен, Біздер кетіп барамыз. Үш айдан соң келеміз, Алшақтамай арамыз!
©  Соңғы қоңырау күні
Алтын ұя мектебім
Алтын ұя мектебім, Келді соңғы қоңырау! Демалысқа шығамыз, Қарайлаумен жолың-ау!
©  Соңғы қоңырау күні
Барасыздар хоштасып
Мектеп бітіруші ағалар, Әпкелерім, Түлектер. Барасыздар хоштасып, Бізден болсын тілектер! Ақ жол болсын сіздерге,Лүпіл қағып жүректер!
©  Соңғы қоңырау күні
Жарқырасын жаныңыз!
Мектеп бітірген Түлектер, Қадамыңыз оң болсын! Аспаныңыз ашық боп, Несібеңіз мол болсын!
©  Соңғы қоңырау күні
Жаратқаным жар болсын!
Түлектерге, аға, әпке, Ақ жол біздер тілейміз! Түсіп сіздер оқуға, Амвн-есен жүр дейміз!
©  Соңғы қоңырау күні
Құтты болсын баршаңызға
Бүгін соңғы қоңырау, Құтты болсын баршаға! Жаңа оқу жылында, Келеміз біз ән сала!
©  Соңғы қоңырау күні
Мектептегі бал күндер
Мектептегі бал күндер, Білім берген ізгі елге. Келді соңғы қоңырау, Демалыс қып біздерге!
©  Соңғы қоңырау күні
Атсын дәйім таң күліп
Атсын дәйім таң күліп, Келді соңғы қоңырау! Аға-әпкелер, бітірер, Түлектерге жабырқау!
©  Соңғы қоңырау күні
Қайта айналып келгенше
Хош бол менің мектебім, Хоштасайық ендеше! Ұстаздарым аман бол, Қайта айналып келгенше!
©  Соңғы қоңырау күні
Жылдың соңы кеп қалды
Мамыр айы басталып, Жылдың соңы кеп қалды. Жалғаған әр Ұстаздар, Оқы, оқы деп таңды.
©  Соңғы қоңырау күні
Рахмет сізге Ұстазым!
Келді соңғы қоңырау, Рахмет сізге, Ұстазым! Амандықта болыңыз, Келгенше біз Ұстазым!
©  Соңғы қоңырау күні
Әпке сізге арнаймын!
Әпке сізге арнаймын, Бар жақсыны тек қана. Оқуға түс, өрлей бер, Әрбір күннен бақ таба!
©  Соңғы қоңырау күні