file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Поиск по сайту

По Вашему запросу найдено 103 ответов (Результаты запроса 1 - 50) :

Табиғат туралы жұмбақтар

Қу талақай үйірілген,
Желден шүй кейірілген.
Құйын

Бір хайуан елге мәшһүр таңғажайып,
Жүреді кейде көп боп, кейде азайып.
Барлығы көпке мәлім болса - дағы,
Еш адам ұстай алмас ебін тауып.
Құйын
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Киіз үйдің ішкі көрінісі

Халықтың мәдени – тұрмыстық салтының бай қазынасымен білімді тереңдету; халық мұрасын қадірлеуге тәрбиелеу; үйдің ішкі көрінісімен танысу; кілем төсеніштер, мәдени тұрмыстық заттарды танып білу

Сабақ жоспары
Толық

Қарапайым физиотерапия түсінігі

Қызылорда медициналық жоғары колледжі
Оқытушы Базарғалиқызы Айжан

Пән:« Мейіргер ісі негіздері »

Тақырыбы: Қарапайым физиотерапия түсінігі. Мұзды мұйық, жылытқыш, қыша қағазын қою алгоритмі. Компресс түрлері. Сумен емдеу. Сүлікпен емдеу.

Мамандығы: 0305000 «Зертханалық диагностика»

Сабақ жоспары
Толық

Сатиралық ертегі: Үсен қу

Үсен осы әңгімесін бастап айтқанда былай дейді екен.
– Көктем уақ жұрт оразасын көкек айында ұстайтын болған. Сол жылда қыста Үсеннің жалғыз көк шолақ аты болады екен. Қыс қаталаң болып, Үсеннің көк аты қыршаңқыға ұрынып, көк шолақ ат болыпты. Бір ауылға мініп барса, қышынып, үйге сүйкеніп, маза бермейтін бопты. Елден қыдырып, ет жеуге, тіпті, ыңғайсыз болған соң көк шолақ атты мінбей, қоя беріп, үйінде жататын бопты. Бір күні қатыны Зарауқа даладан үйге жұлынып, бір нәрсеге тырысқандай түсі бұзылып кіреді.
– Біздің көк атты үлкен атамның ауылындағы кіші енем қолына бақан алып, қуалап ұрып жүр. Дәрісі, үйіне сүйкенді білем. Арам қатқыр, ішің сұйылғыр, – дейді. Зарауқа жылап жібереді.

– Зарауқа, сен оған намыстанбай-ақ қой. Оны мұнда ұстап алып келші. Бір жаққа мініп кетейін, – дейді.

Зарауқа көк шолақ атты ұстап әкеліп, ерттеп береді. Үсен домбырасын ішінен байланып, Асы деген жерде Албан деген елге бармақшы болып, жүріп кетеді.

Жылы жағалай қонып, үш күнде Асыдағы Албанға барады.

Күн батып кеткен кезде бір түйе жинап келе жатқан ақсақалды шалға жолыға кетеді. Ақсақалды шал Үсенге:

– О, батырым, кімсің? – дейді......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Алдар Көсе мен молда

Күндерде бір күн Алдар көсе молдаларды мұқатуға шығады. Ол өз үйінен кетерде әйеліне:
– Үйді жақсылап жина, мен молданы шақырып келермін.
Келісімен: «Шай қайнат, әйел», – дермін, сен төсектен қозғалмай жата бер, екінші рет айтармын, онда да тіл алма, мен сені өткір пышақпен бауыздармын, сен тауықтың қанын толтырып, қуықты тамағың астына байлап, жат. Мен одан соң:
– «Молдеке, әйелім өліп кетті. Оқуыңды оқы», – дермін. Молда бірдеме оқыса, тірілме! Содан соң мен өзім келіп, құлағыңа түтікпен сыбырлармын, сен «Қатты ұйықтап кеткен екенмін», – деп, ұшып тұра кел, – дейді.
Әйелі мақұлдап:
– Жарайды, – деп, қалған екен.
Көсекең түтігін жанына салып, бір қу молданың үйіне келеді. Молда келсе, зулатып дін кітаптарын оқып жатыр екен дейді. Алдар көсені көріп, молда:.....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Қарамерген

Бұрынғы өткен заманда қазақ жұртының бір Қарамерген деген кісісі болыпты. Өзінің дәулеті жоқ, және перзенті жоқ екен. Мергендікпен бұғы атып мүйізін, құлан атып саурысын, әртүрлі аң атып, терісін сатып, жан сақтайды екен. Жаз кетсе – қыс келіп, қыс кетсе – жаз келіп, жолдассыз жалғыз жүреді екен.
Бір күндерде баяғы мерген мылтығын алып: «Қысы-жазы ел бармайтұғын, адам тұрмайтұғын бір алыс жерге барайын!», – деп жүріп кетіпті. Неше күн жол жүріп, бір үлкен тауға келіпті: қараса, тауда адам жүрген жол жоқ. Бір сайменен атын жаяу жетелеп, көп машақат тартып, таудың үстіне шығыпты. Жан-жағына қараса, аң киік есепсіз көп екен. Мерген қуанып, бір бастаудың басына келіп, тастан үй жасапты, төбесін жолым үйдей қылыпты, бірталай уық ағашпенен, үйдің төбесін аңның терісімен жауыпты.....
Ертегілер
Толық

Соңғы көктем

Күн өзінің жарық сәулесін таудан асып шыққан күйде шаша бастады. Жер әлем түнгі тыныштықтан кейін оянып үздіксіз өмірін қайта жалғастырды. Дала мен қалаға ортақтасып келген көктемнің жылы шырайы білінді. Әлі ери қоймаған тау шыңдарына көктемнің иісі де келмеген сияқты.
Қала. Ұйыған тыныштықты бұзып тұрған бірер көліктің дауысы болмаса Алматы әлі ояна қойған жоқ. Кешегі сенбі күнді сәтті аяқтаған тұрғындар жексенбінің үлесін ұйқыдан алып жатыр. Апта бойы құрған жоспарларын жастық пен көрпеге қия алмай, қандарын ұйытып, мына әсем көріністен құр қалып бара жатқандарын қарашы.
Ауыл. Тау сілемдеріне түскен күн шапағаты таңның атысын білдірткенімен, жамағат әлдеқашан оянған. Өріске иірілген қойлар, енесін қуалап бара жатқан құлынның дауысы, жерді жарып шыққан көк майсаның иісі, таза ауаның тылсым күші өне бойыңды сергітіп, өмірге деген құлшынысыңды арттырады.
Ғасыр. Өткен күндерінің қарызын қара шашты ақ қылып, жұмыр бетіне әжім айқастырған адамдардан алып жатыр. Асқар қала ғимараттары, биік бұлттармен ұшы ұштасқан таулар сені қуалаумен асығады, жетпейді. Кешегі күн бүгінгідей болмағанымен, бүгінгідей ертең болмас. Кешегі қуаныш бүгінге жалғаспағанымен, бүгін болмаған қуаныш ертең келер. Арадағы үйлесімділік өз заңдылығымен сақталса болғаны.
Тек ғасыр ғана сол қалпында ойлы көзбенен шыққан күнге, ұйқының боданында жатқан қалаға, тіршілігі қайнап тұрған ауылға үнсіз қарап тұр. Тіс жарғысы да келмейді......
Махаббат хикаялары
Толық

Тағдыр тауқіметі (4 бөлім)

- Ой, ағаларым қайда кеткен? Үйде ешкім жоқ қой.Ескертіп қойып едім ғой,-деп ренжігендей түр
байқатты.Әрі қарай сөзін жалғастырып – Міне,жаным қарашы еш ұмытпаған екен,босқа ашуланыппын.Дастархан жасап қойыпты.Дүкенге шығып кеткен шығар, әйтпесе есікті ашық қалдырмас еді ғой.Кел, мұнда отыр,- деді Қанат
Аяулым ойында ешнәрсе жоқ отырды,күтті әлі де болса күбірлеп қалай сөйлессем екен деп қобалжып отыр.Арада 40 минут өтті.Қанат телевизор қарап отыра берді.Бірде Аяу
- Жаным, көп уақыт өтті ғой ол кісілер қайда?
- Білмеймін ғой өзімде түсінбей отырмын.
- Қоңырау шалып көрерсің мүмкін
- Звандадым жеңгем көтермейді, ағам телефоны сөніп тұр.Қайда жүр а? айттық қой келеміз
деп.Құрсынш өзіміз отырып шәй ішіп алайықшы қарным да ашып кетті.
- Мақул кәзір
Аяулым асханаға келді.Үй әп-әдемі жиһаздар жап жаңа.Тек көрпе-төсек, ыдыс-аяқтар жоқ екенТаң қалды қыз. «Сонда қалай өмір сүреді?» деп күмбірледі де қойды.Асханадан сіріңке әзер тапты шәйнекті газға қойып,сүт бар ма екен деп тоңазытқышты ашып еді, ең қызығы онда 5-6 түйір жұмыртқадан басқа ештеңе жоқ екен.Тағы да аң-таң.Қанаттың жанына барып отырды. «Қазір әжетханаға барып келейін деп» Қанаты тұрып кетті.Ойында артық ештеңе жоқ Аяу асханаға шәйнегіне қарауға бара жатқанында Қанат сыртқы есікті іштен кілттеп кілтті шкафтың жоғарғы жағына қойып жатқандығын көріп қалды.Үндемей кіріп кетті.Шәйнекті қайнатып алып келіп дастарханға отырып үн-түнсіз бір-бір кеседен шәй ішіп алды. Қанат аздап қыздың жанына жақындап отырды.Аяулым өз жігітінен қорқа бастады.Осы үйге келгелі 1 жарым сағаттай болды.Аға-жеңгесі әлі жоқ.Қанат сөз бастады.....
Махаббат хикаялары
Толық

Жетім көдек (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қолыма қалам алдым хат жазғалы,
Бiрталай заман болды халық озғалы.
Жақсылар, құлақ салып тыңдасаңыз,
Дейтұғын жетiм көдек сөз қозғалы.
Ертеде бiр шал болған Түркiстанда,
Бейшара қасiретпен өткен онда.
Екi ұлы қолқабысар жас едi әлi,
Күн кешiп жарлылықпен, болған кемда.
Жарлы шал жүрушi едi жусан шауып,
Байғұстың кемтарлықпен көңлi ауып.
Жусанды әдетiнше шауып жүрiп,
Ол жерден бiр жұмыртқа алды тауып.
Шалда бар адал малдан жалғыз түйе,
Оған да жарлылықпен болған ие.
Қолымнан бұл шыққанда болмайды деп,
Жанындай сақтар едi оны сүйе.
Бiр күнi жусан артып базар кеттi,
Көрiңiз онда болған ғадалеттi.
Алдынан қарсы шығып бiр бай жөйiт оған:....
Өлеңдер
Толық

Ғаяр қатын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ертегi ертедегi кәрi күйге,
Жiбiне сабақталып отыр ине.
Бетiңнiң бедерiне жұқпалы екен,
Опалап жаға берсең, шiркiн дүние!
Ертектiң ертегiсiн құрайын да,
Шықпаса елден құрақ сұрайын да.
Дастанбай деген кiсi бай боп өткен,
Туысы Түркiстанның кiрайында.
Дейдi екен қошаметпен әркiм «Дастан»,
Түркiстан қаласынан байлығы асқан.
Қайыры қарындасқа мол кiсi екен,
Әркiмге қарайласып қажет ашқан.
Байлықпен сегiз күмет үй салдырған,
Төбесi көк қаңылтыр, көз талдырған.
Алтыннан босағасын әшекейлеп,
Iшiне асыл тартып от жандырған.....
Өлеңдер
Толық

Беташарға арналған өлеңдер

Келін күйеудің үйіне келгенде, сәлем салып отырады. Күйеудің туғандары, ағайындары бәрі отырады. Онан соң бір кісі ағаштың басына бір асыл бұйым шүберек байлап алып шығып отырып, келіннің басындағы бүркенген желегін көтеріп, бетін ашып, былайша өлең айтады....

Өлеңдер
Толық

Қасым Аманжолов (Құпия қыз)

— Мынау қыз, елден ерек, келді қайдан?
Біле алмай кім екенін, болдым хайран.
Құпия осы қызда бір сыр бар-ау?
Орнаған жүрегіне кішкентайдан.
Кейпінде кейістіктің көлеңкесі,
Сықылды өмірінде көп мұңайған.......
Өлеңдер
Толық

Шешендік сөздер

Әз Жәнібек жаяу мал қарап жүрген балаға кез болады.
— Шырағым, елсіз жерде неғып жүрсің? — деп сұрайды.
— Жалғыз түйемнен көз жазып қап, соны іздеп жүр едім,— деп жауап береді бала.
— Түйеңді тұсап қойсаң болмай ма?
— Түйемнің тұсауы өліп қалып....
kz
Толық

Ұйқысыздық

Адамдар мен жануарлар тіршілігінде ұйқы өте маңызды орын алды.Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып,қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді ұйқы дейді. Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұнда кейбір жануарлар организміне жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға көшеді.
Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тынысалу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда, ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді,гипоталамус пен ми бағанында қанайналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді.Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.
Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады.Жаңа туған перзент – 21; 6 айлық және 1 жастағы бөбектер шамамен – 14; 2-4 жастағы сәбилер – 16; 4-8 жастағы бүлдіршіндер -13-12; 8-12 жастағы истияр – 10-11; 12-16 жастағы жеткіншектер -8-9; ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.
Ұйқының бірнеше түрі бар:қалыпты, гипноздық, наркотиктік, дерттік және шартты рефлекстік.
Ұйқыға мұқтаждықтың даралама ерекшеліктерінің себептері әлі толық ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың ұйқысының мерзімі әртүрлі келеді, тәулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады.Ғылыми зерттеулерде толық ұйқысыз адамдар да байқалады.
Қалыпты жағдайда дені сау адамдарды 3-5 тәулік ұйықтатпаса жеңе алмайтын ұйқышылдық туады.Психикалық әсерленіс нашарлап, парасатты іс-әрекет төмендейді.Ал өзіндік сезіну өте ауыр, жағымсыз болады.
Ұйқы мен сергектіктің жаратылысы туралы бірнеше ұғымдар бар.
1. Қанайналымдық қағида бойынша,ұйқы мен сергектік ми тамырларындағы қанайналымына байланысты деп танылды.
2. Гистологиялық қағида ұйқы басуды нейрондардың өзгеруінен организм сыртқы ортадан серпіністер қабылдай алмаудың салдары деп түсіндіреді.
3. химиялық қағида – ұйқы организмнің қажуы нәтижесінде қан мен тілдерде ыдырау өнімдерінің көбеюінен болады деп санайды.Олардың белгілі бір мөлшерге дейін жинақталуы ұйқы туғызады.
4. Гуморалдық қағида ұйқы кезінде қанда және жұлын сұйықтығында «дельта-пептид заты» пайда болатынын анықтады.Сонымен қатар,әдейі ұйықтатпаған жануарлардың миында «ұйқы түрткісі» түзілетіндігі байқалды.Олардың басқа жануарларға еккен кезде ұйқысы ұзартылады.
5. Шартты рефлекстерді толып жатқан зерттеулер нәтижесінде тұйқыға кету және ояну кезеңдерін бақылаудан, ұйқының миқыртыстық қағидасы жасалды.Әсіресе, әлсіз тітіркендірулер,ұзақ уақыт нығайтылмайтын бір сарынды сигналдар, ұйықтату әсерін туғызатындығы дәлелденді.
И.П. Павловтың тәжірибелері ұйқының қорғаныстық тежелу екендігін пайымдауға мүмкіндік берді.Қорғаныстық тежелу – үлкен ми сыңары қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті немесе ұзақ тітіркендірудің салдары.Сонымен қатар,ішкі тежелу мен ұйқы, өзінің физикалық және химиялық жаратылысы бойынша, біртекті құбылыстар деп тұжырымдайды.Олардың айырмашылығы, ішкі тежелу – жеке зоналарға бөлінген шала ұйқы, ал нағыз ұйқы – ми қыртысының едәуір аймақтарына жайылған тежелу. Тәжірибелер арқылы ұйқының тежелуге ауысатындығы,ал ішкі тежелудің жануарларды ұйықтататындығы анықталды.....
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі | ҚАЗАҚ ГОВОРЛАРЫНДАҒЫ КІРМЕ СӨЗДЕР

Қазақ говорлары тек көне замандағы ру, тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталып калған байырғы, дәстүрлі сөздер мен тұлғалардан құралмайды. Оның ішінде кейінгі замандарда, тіпті кеше ғана, Ұлы Октябрь революциясынан кейін, пайда болған сөздер де бар. Осы кейінгі замандарда келіп қосылған диалектілік ерекшеліктердің бірсыпырасы — көрші тілдерден ауысып келген сөздер мен тұлғалар. Қазақстан жері бірнеше халықпен шекаралас жатыр. Олардың бірқатарының тілі туыстас та, кейбіреулері басқа типологиялық тілдер тобына жатады. Қазақ халқының көршілес елдермен ерте кезден-ақ тығыз қарым-қатынас жасап, олармен аралас-құралас отырғандығы белгілі. Бұл жағдай қазақ тілі құрамына әсер етпей қойған жоқ. Көрші халықтың тілі арқылы тілімізге ауысқан сөздер мен тұлғалар әсіресе Қазақстанның шет аймақтарында көп кездеседі. Мысалы, Өзбекстанмен шектес жаткан Шымкент облысы тұрғындарынын тілінде өзбек тілінен енген сөздер көп. Қырғызстанмен- шектес жатқан Жамбыл облысының оңтүстік аудандарында қырғыз тілінен енген сөздер бар. Жетісудын шығыс жағын мекендеген қазақтардың тіліне ұйғыр сөзі араласса, батыс қазақтарының тіліне татар, ноғай, башқұрт сөздері қосылып кеткен.
Ал орыс, араб, иран тілдерінің әсері барлық говорларда да байқалады, бірақ әсер ету дәрежесі барлық жерде бірдей емес. Араб, иран тілдерінің элементтері солтүстік-батыс не шығыстан гөрі оңтүстік аймақтарда көбірек ұшырайды. Орыс тілінен енген сөздер әсіресе солтүстік-батыс және шығыс аймақтарды мекендеген тұрғындардың тілінде көбірек кездеседі.
Орыс тілінен енген сөздер. Орыс тілінен енген немесе орыс тілі арқылы говорларға енген сөздердің дыбыстық жағынан қабылдануы олардың әдеби тілдегі сипатымен бірдей емес. Егерде әдеби тілдегі орыс тілінен енген бәтеңке, сот, пұт сиякты бірен-саран сөздерді есепке алмағанда, айтылуы мен жазылуы жағынан орыс тіліндегі нұсқасын сақтаса, говорларда олар ауызекі тілдің дыбысталу ыңғайына сәйкес біраз өзгеріске түсіп айтылады. ....
Рефераттар
Толық

Дінтану | ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ

Қазақ даласына ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін көре білген феодалдық үстем тап иелері ислам дінін қуана қарсы алды. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Академик Бартольд В. В.: «ХІІІ ғасырдың басында мұсылман Хорезм билеушілері мұсылман емес Сырдариядағы және Торғай облысындағы қыпшақтармен соғысуына тура келді,» /1/ — деп жазуына қарағанда, сол кездерде қазақ тайпаларының басым көпшілігі әлі мұсылмандық жолға түсіп, ислам дінін қабылдамаған сияқты. Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен. Өйткені шариғат заңдарын араб миссионерлері үндеп, үгіттеп, насихат жүргізгендеріне қарамастан, халық ата-баба аруағына, тәңірге, жұлдыз-айға ұзақ уақыт бойы сиынды. Ата-баба аруағына сиыну бәлекеттен сақтап, өздеріне бақыт, молшылық, жақсылықтар әкеледі, мал басының аман болуына, өсіп-өнуіне көмектеседі деп, сол үшін олар аруақты разы етуге тырысты. «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады... /2/ ....
Рефераттар
Толық

Психология | Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері

Әрине «өсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан үйретілген жөн деп ойлаймын. XXI ғасыр - жастар ғасыры емес пе? Оқушыларға технология пәнінен көненің көзі саналатын қолөнер түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек, ескі дүниемен қазіргі жаңа әдісті пайдаланып, керемет қолөнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады? Мысалы, еңбек пәніне 51 сағат бөлінсе,оқушылардың жас шамасына қарай қолөнер бөлімін де ұтымды пайдалана білуге болады. Егер кітаби жоспарды құру менің үлесіме тисе, бұл сағаттарды мен мына түрде жүзеге асырар едім, мәселен, 7-сыныптың сабақ жоспарын төмендегідей ұйымдастырған тиімді деген сенімдемін: Сұраныс бар жерде, қолөнердің өріс алып, өркен жаятыны сөзсіз. Еліміз тәуелсіздік алғалы қолөнер біршама еленіп, өз беделіне ие бола бастады. Қазақ өзінің ұлан байтақ жеріндегі ежелден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, байытушы, жаңғыртушы. Қорыта айтқанда нағыз әсем өнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның эстетикалық сезімін оятып, ізгілік, парасаттылық қасиеттерін қалыптастырады.....
Рефераттар
Толық

Табиғат туралы жұмбақтар

Қу талақай үйірілген,
Желден шүй кейірілген.
Құйын

Бір хайуан елге мәшһүр таңғажайып,
Жүреді кейде көп боп, кейде азайып.
Барлығы көпке мәлім болса - дағы,
Еш адам ұстай алмас ебін тауып.
Құйын

Жұмбағым жұтылды,
Ойға қарай құтылды.
Құйын

Өрге қарай құтылды,
Сырына келіп қосылса,
Өз - өзінен құтырды.
Құйын .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ұзатылар қыздың ең басты көрсеткіші ол жасауы

Ұзатылар қыздың ең басты көрсеткіші ол — жасауы. Сондықтан есі бар қыз әрқашанда өз жасауын өзі жинақтауы керек.

Себебі, жасау 1- ден қыздың көрсеткіші, 2- ден көп шығынды талап ететін басты мәселе.
Сонымен, жасауға кіретін заттар:
9 көрпе: 6 жамылшы, 3 төр көрпе. Оның ішінде біреуі «махаббат көрпесі», бір төр көрпе «құдағи көрпесі» болып кетеді. Бәрін бірдей базар көрпе жасауға да болмайды, себебі «анасы қолдан жасатқан көрпесі» екен деген сөз өзіңе де сондай ыстық болады.
төсек-орын (спальный гарнитур)
сандық
3 көрпе тыстары (апарған көрпелерге сай болуы керек)
2 жастық
2 кілем: біреуі қыстыратын, біреуі төсейтін есебінде жүреді
9 қол орамал: 3 ванный, 3 қол сүртетін, 3 кухонный
ыдыс-аяқ наборы: ішінде тарелка, шыны бәрі бәрі болуы керек
кастрюльдер наборы: кастрюль, сковородка, қазан ......
Кеңестер
Толық

Әлеуметтану | Қазақ этносындағы салт-дәстүрлер

Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күн көрісі, әдет-ғұрпы, салты болатындығын білеміз. Мұның бәрі сол халықпен бірге жасасып, оның тарихына өзінше ілесе жүретіндігін байқаймыз. Қоғамдық өмірдің, экономикалық жағдайлардың ілгерілеп дамуына байланысты, халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, сана-сезімі, дүниеге көзқарасы, т.б. өзгеріп отырады. Бір заманда туып, бертін келе, көп уақыт бойына қалыптасқан, белгілі жүйеге түскен дағдыға айналған тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып, салт-сана, алғашқы мазмұнын біртіндеп жоғалта да бастайды. Бұлардың орнына қоғамдық-таптық тілек жағдайларына сәйкес жаңа мазмұн, түр туады. Демек, қоғамдық және экономикалық жағдайлар, олардың дамуы ертеден келе жатқан, қалыптасып қалған тұрмыс-тіршілікке, әдет-ғұрып, салтқа өз әсерін тигізеді, жаңа мазмұнда өзгеруіне, бұрынғы қалпын біртіндеп жоғалтуына жағдай жасайды. Қазіргі таңда қазақ жастарының арасында батыс мәдениетіне еліктеушілік үрдісі кең етек жаюда. Ел болашағы жастар екені белгілі. Алайда, олар өзге мәдениеттердің теріс ықпалын өз бойына жинай берсе, болашағымыз бұлыңғыр болмақ. Сондықтан қазақ жастарының болмысын сақтап қалу үшін олардың әлеуметтену процесіне қазақи салт-дәстүрлерді тәрбие арқылы енгізуіміз қажет.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жастарымыздың арасында батыс мәдениетіне еліктеушілік асқындап барады. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деген Абай атамыздың өзі өзге мәдениеттің жетістіктерін ғана игеріп, яғни өзіңе, халқыңа пайдалысын ал деген еді ғой. Өзге ұлттың білімі асты екен деп ұлттық салт-санаңды ұмыт деген сөз емес қой бұл. Олай болса, ұлтымыздың келешегі жарқын болсын десек алдымен ұлттық салт-санамызды қолға алайық. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген халық даналығы осыны меңзейтін секілді. Тұлғаның әлеуметтену процесіне салт-дәстүрдің әсер ететіндігін ата-бабамыз ертеден-ақ ескерген. Қыз бойжетсе сырға тағып, ұл ержетсе атқа мінгізіп, біріне отбасының тұрмыс-тіршілігі – қазан-ошақ қызметі мен бала тәрбиесін үйретсе, біріне отағасы болуды, ата салтын жалғауды, әке жолын қууды меңгертті. Бұл үрдістің барлығы дерлік ұлттық тәрбие артқылы атадан-балаға беріліп отырды. Тәрбие әлеуметтенудің мақсатқа бағытталған формаларының бірі ретінде тұлғаны әлеуметтік байланыстарға қатыстыру мақсатында, сонымен қатар бұл процестердің кепілдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында қоғам арқылы жүзеге асады. Қазіргі заманғы өркениетті қоғамда тәрбие тұрақты сипатқа ие болып, әр түрлі институттардың: отбасы, білім беру, БАҚ іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Жаңа ұрпақ мәдениетінің қалыптасуында отбасылық тәрбие басты рөл атқарады. Отбасылық тәрбие кең ауқымды диапазонға ие. Оның негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, мәселе оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпақтарға жеткізу, бойына сіңіру, яғни дүниеге келулеріне себеп болған балаларын, өздерін қоршаған ортаға және адамзатқа, өз қоғамына пайдалы мүше етіп жеткізу. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Сүлеймен Баязитов | Жарылыс

Алғыс сөз

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Сүлеймен Баязитовтің аталмыш кітабына «Жарылыс» атты романы еніп отыр.

Роман оқиғасы Павлодар, Баян өңірінде, тіпті тұтастай қазақ даласында кеңестік кезеңдегі байларды кәмпескелеу, аштық ұйымдастыру, қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, Семей ядролық полигонындағы алғашқы атом сынағы, тың игеру, бір сөзбен, қазақ халқының басынан кешкен ауыр да азапты жылдар роман кейіпкерлері Әділ, Ғайша, Айтқожа, Валя, Әнуар, Адольф, т.б. тағдыры арқылы сөз болады.

Автор боямасыз өмір шындығын шама-шарқынша әділ бейнелеуде. Атомсыз әлемге жол ашқан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991 - жылдың 29 - тамызындағы «Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы туралы» № 408 - Жарлығы романның толғақты түйіні ретінде ұсынылуы автордың сәтті шешімі екені деп білеміз. .....
Әңгімелер
Толық

Марат Әбдіраманхан | Қыран тағдыры

1

Ақ сағымы бұлдыраған шетсіз-шексіз сайын дала, бүгінде ерекше құлпырып тұр. Жасыл желекке оранып, самал желі зырлай соғып жаныңа жайлылық бередей құшағын айқара ашуда. Құдды жап-жасыл кілем төсеп қойғандай болып, көк майса шөптері, әр жерге абайсызда төгіліп кеткен бояу сынды қызылды-жасылды гүлдері, сол гүлдерден балшырын іздеп шарқ ұрып жүрген баларалары, таудан бастау алып сылдырай аққан мөлдір бұлағы маң далаға айрықша сән беріп, көңілмен ұғар жарасымдылық тапқандай. Сол даланың маңғаз салтанатындай болып ақ шағалаға ұқсап кіршіксіз әрі тұла бойы ою-өрнекке тұнған еңселі киіз үй тұр. Ежелгі хан ордасы осы мекен деп қалғандайсың. Киіз үй ішінде төр жақта реттеліп қойылған жүкаяқ үстінде қат-қат көрпелер, сәл беріректе төр көрпе, текемет, алаша сияқты көздің жауын алар әсем дүниелер қаббаттаса жайылыпты. Мұнан бөлек үй іші түлкі, қасқыр, қоян сынды ірілі-ұсақты аң терілеріне малынып тұр. Бұның өзі киіз үйге өзгеше сән беріп тұрғандай. Оң босаға жақта бірден көзге ұрып, менмұндалап тұратын басқалардан ерек бір нәрсе бар. Ол нәрсе алтындалған тұғыр үстінде қайратты қанаттарын қомдап,жан-жағына отты көзін жарқылдата тігіп отырған қыран бүркіт еді. Пышақтай өткір тегеурінімен тұғырды сығымдай ұстап, әрі-бері қозғалақтап қояды. Жіліншігіне тағылған қызыл жібек бау да қыранның ерен айбатын білдіргендей. Анда-санда жем тілегендей ‘‘шаңқ’’ етіп қояды. Бірақ неге екені белгісіз, даусы әлсіз, талмаусырай шығады, енді бірде аспан мұхитын еркін шарлағысы келгендей түндіктен алып күнге өткір данарын қадай қарайды. Сөйтді де тас мүсіндей қатады да қалады. Бәлкім, өз тағдырын, өткенін сан мәрте қайталай ойлайтын шығар. Кім білсін?

2

.....
Әңгімелер
Толық

Әбіш Кекілбаев | Автомобиль

Сен ылғи шалғай қиырларға, алыс сапaрларға аттанушы ең. Сондай бір айлап-жылдап жүретін ұзақ рейстен әлі оралмай қойғаның.

Сен біздің ауылда бұрын-соңды ешкім ата кәсіп ете қоймаған жаңа өнерге бірінші боп бет бұрғандардың бірі едің - Құландар жортқан құба түзге талай-талай соны соқпақты өзің салдың. Талайларды алыс жолдарға, сәт сапарларға өзің аттандырдың. Міні әлі күнге ұлығат шеруден қалдырмай ілестіріп келе жатқан осы сапарыма арқамнан қағып, аттандырып салған өзің едің.. Сол сапар ақым, досқарызым өтелген жоқ, енді өтелмекші де емес...

Сенің атың Қобылан еді. О баста Қобыландыдай батыр болсын деп қойылған шығар.Сенің өн бойыңда, шынында да батырларға тән молдық, ерлік бар еді. Сол дархан молдығың мен кеңдігіңнен де бейбіт заманда бейуақ, опат болдың. Ақ түтек боранда бала кезден бауыр басқан рулін ғана басыңды сүйеді.

Өзіңді енді қайтып көрмес, құшақтаспас мәңгілік ғайыпқа қимайтын өз көңіліме жұбаныш болсын деп жазылғам өзің мен әріптес достарыңның сонау ақ желең жинақтары туралы осынау шағын хикаяны аяулы аға, дос, Қобылан, шофер Қобылан Зоранов, саған бағыштадым.

Aвтор.



Это как выпущенный бег, знающий свой путь...

Ригведа, Гимн Варуне

Мы живем впервые...

Юрий Олеша.

I

Орталық түгілі көрші қойшы ауылдардың өзіне артық аяқ бастырмайтын Көксұр Елеместі сол күні қандай түлен түрткеніне Жақан көпке дейін түсіне алмай қойды.

.....
Әңгімелер
Толық

Антон Чехов | Каштанка

I

Әумесерліктің әлегі

Қанден мен көпек төбеттен шыққан түлкі тұмсық, тексіз сары дүрегей тротуар бойымен әрі-бері бүлкектеп, жан - жағына жалтақ-жалтақ қарай берді. Анда-санда бір тоқтап, табанынан ызғар өткен соң аяғын алма-кезек көтереді де: япыр-ау, осы мен қалайша адасып кеттім дегендей қыңсылап қояды.

Таңның атқанын, күннің батқанын, тіпті мынау бұрын аяқ басып көрмеген бейтаныс көшеге қалай тап болғанын да жақсы біледі.

Балташы Лука Александрин ертеңгісін құлақшынын милықтата киіп, қызыл шүберекке ораған әлдебір затты қолтығына қысты. Дүрегей тақтай сүргілейтін жаңғырық астындағы ағаш үгіндісінде жатыр еді:

— Каштанка, кеттік! - деген таныс дауысты естіп жылы орнынан атып шықты да, рақаттана бір керіліп алып, иесінің соңынан салпақтап ере жөнелген. Лука Александрычқа жалға жұмыс тапсыратын адамдар тым қашықта тұратын, солардың әрқайсысын бір сүзіп шыққанша балташы талай трактирге кіріп, сусын қандырып алушы еді. Жол бойы өзін шектен тыс дарақы ұстағанына да Каштанка енді өкінгендей. Көшеге еріп шыққанына қатты қуанған дүрегей біресе далақтап көрінген конканы1 қуалап кетті де, енді бірде қайдағы жоқ ауланы тіміскілеп, абалап бейтаныс иттерге жармасты. Жиі-жиі көз жазып қалған балташының қайта-қайта тоқтап оған зекіп ұрысқаны да есінде. Қызара бөртіп Лука Александрычтың сызданып:

— Сеспей қат!.. Сеспей қатқыр албасты, - деп құлағынан тартқанын да ұмытқан жоқ. .....
Әңгімелер
Толық

Эрнест Хемингуэй | Килиманджаро қарлы тау

Килиманджаро - биіктігі 19710 фут, басын мәңгі қар басып жатқан тау, дәлірек айтқанда, Африканың ең биік шыңы. Масай тайпалары оның батыс шыңын "Нгайэ-Нгайэ" деп атайды екен, мұның мағынасы Тәңірдің тұрағы немесе құдайдың қонысы деген сөз. Сол шыңның құзар басында мерт болған қабыланның мұздап қатып-қурап қалған сүйегі жатыр. Осынау қарлы құзға қабыланды не айдап барғанын тірі жан білмейді.

— Бір ғажабы бұл дерт мүлде жаныма батар емес,- деді ол.- Әбден асқынып, меңдегенде ғана білінеді ғой деймін.

— Тіпті еш жерің ауырмай ма?

— Еш жерім ауырмайды. Тек қолқаны ататын мүңкіген иісі демесең. Енді ол жағын кешірерсің. Жүрегіңді айнытып тұрған болар.

— Олай деме, қайтесің олай деп.

— Аналарға қарашы,- деді енді сырқат,- Міне қызық, бұларды қай Құдай айдап әкелді? Құр тамашалау үшін қалықтап жүр ме екен, әлде иісті сезді ме екен бұл жыртқыштар.

Ол жатқан кереует қалың жапырақты мимозаның саясында тұрған еді. Осыдан күн нұрына шомылған жазықты кеңірек шолып әрі қарай көз жіберді де, ол анадай жерде қоқиланып жүрген үш құзғын құсты көрді, ал енді бірнешеуі аспанда қалықтап жүрді де қойды. Олардың тек жерге түскен көлеңкелері ғана тез-тез зымырағандай. - Машина бұзылған күннен бері олар сумаңдап осы маңнан кетпей қойды, - деді ауру. Бүгін бұл құзғындар бір нәрсені сезгендей жерге жалпиып-жалпиып қонып алған. - Алғашында мен болашақ әңгімелерімнің бір жеріне қыстырып жіберуіме септігі тие ме деген оймен олардың бар әрекетін бақылаумен болған едім. Бақсам, олай ойлауымның өзі ағаттық екен. .....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Ел поэмалары Қозы Көрпеш Баян


Қазіргі жиналған ел әдебиетінің ішінде қазақ жұртының ел поэмасына қосылатын екі үлкен әңгіме, 5 өлең бар. Біреуі – "Қозы Көрпеш – Баян", екіншісі – "Қыз Жібек". Ел поэмасы деп қандай түрдегі әңгімелі өлеңді айтатынымызды осы екеуінің мағынасы мен үлгісін қарастырған уақытта анықтап айтпақшымыз. Сондықтан, қазір жалпы сөзді айтудың орнына сол екі әңгімені бас-басына қарастыруға кірісеміз. Әуелі қарастыратынымыз "Қозы Көрпеш – Баян".

"Қозы Көрпеш – Баянның" қысқаша әңгімесі

Ескерту: екі бай аты 1-Қарабай, 2-Сарыбай.

Бұрынғы өткен уақытта Балталы, Бағаналы деген елдің ішіне шеттен ауып келген Қарабай, Сарыбай деген екі бай келеді. Сарыбай келген жерден Балталының еліне үлкен мырзалық көрсетіп, қалың елдің бейілін алып, ханы есепті, қадірлі жақсысы болады. Қарабай тоқсан мың жылқы айдаған бай болса да, сараңдықпен құнсыз болып елге қадірі жоқ болады. Екеуінің жасы жетпіс пен сексенге келген кәрі. Бірақ балалары жоқ, зарлы. Бір күні екі бай елсіз тауда анда жүріп, кез келіседі, мұңдарын айтысады. Екеуінің де үйіндегі қатындары екі қабат екен. Құдай атын айтып дос болып, бірінен ұл, бірінен қыз туса, екеуін қоспақ болып ежеғабыл жасайды. Сол уәденің үстінде, Қарабай Сарыбайдан тілек етіп бір буаз маралды атқызады. Буаз аңның киесі атып, Сарыбай сол жерде өледі. Қарабай егіз лақ маралды алып, еліне қайтады......
Әңгімелер
Толық

Иван Бунин | Антон алмасы


... Ерте келген жаймашуақ күз есімде қалыпты. Әдейі тұқым себетін мезгілді аңдып тұрғандай тамыз айы жылы жаңбырмен басталған — жаңбырдың нағыз керек кезі, әулие Лаврентий мерекесінің қарсаңы еді. "Лаврентийде жаңбыр жылы, су момын болса күз бен қыс май тоңғысыз" дейтұғын. Саршатамызда аңызды сілбі басып кетті. Бұл да жақсылықтың нышаны: "Саршатамызда сүттігеннің ұлпасы ұшса — күз шуақты"... Елең-алаңдағы таза ауа, тымық таң есімде... Тағы бір есімнен кетпейтіні - сары алтындай сағым шашып, сарғайып, сирей бастаған үлкен бақ, үйеңкі аллеясы, жердегі танау жарған сары жапырақтардың көрпесі, күзгі ауада балдың хош иісін аңқытқан Антон алмасының ароматы. Ауаның тазалығы сонша, тіпті тынысың сезбейді, бақ ішін дабырлаған дауыс, арбаның сықыры кернеп тұр. Бұл тархандар — бағбан мещандар, түнімен қалаға жөнелту үшін жалдама мұжықтарға алма тиетіп жатыр - түнді де әдейі күтеді, арба үстінде жатып алып аспандағы жұлдызды санасаң, кәусар ауада қара майдың иісі кеужірінді ұрса, кіре жолда шұбырған арбалардың сықырын естіп жатудың өзі ғанибет емес пе! Алма тиеген мұжық алманың бірінен соң бірін күрсілдетіп соғып жүр, мещанин оған қой деп айтпайды, өйткені доғарып тастау ырымда жоқ нәрсе. Керісінше:

— Же, жеп қал, осыдан басқа шаруаң жоқ, - деп қояды. — Бал шайқағанда да ауыздан қайтқанша ішетін. .....
Әңгімелер
Толық

Рабиндранат Тагор | Мұра


— Талақ еттім, кетемін мен! − деді ашуға булыққан Бриндобон Кундо әкесіне.

— Ә, солай ма, иттен жаралған неме! − деп жауап берді Джогонатх Кундо. − Қақтым, бақтым жастайыңнан. Әке қарызын өмір-бақи да өтей алмассың. Көргенсізін көрдің бе мұның!

Джогонатх бүйірі шығып тамақ та ішпейтін, жөні бүтін көйлек те кимейтін. Өз дүниесін өзінен аяйтын, сарабдал тістенгіш адам болатын. Ерте заманда сопы, дәруіштер жан рақаты болмаса, тән рақатын көп ойламапты ғой. Джогонатх солардың сара жолын қуған жан еді. Рас, ол ойлағанын үнемі жүзеге асыра бере де алмайтын. Кейде оның ниетіне қазіргі азған қауым көлденең тұрса, кейде адам баласының табиғатына тән қисынсыз бір құмарлық жол бермейтін.

Баласы үйленгенге дейін мұның бәрі де бір жайда өтіп жатқан еді. Той өтісімен-ақ Бриндобон ішіп-жем, киім жайындағы әке өсиетін тыңдамайтын болып кетті. Ол тіпті рухани өмір дегеннен гөрі киім-кешек пен құлқын қамын артық санайтын болды. Джогонатх шығыны өсе берді.

Әке мен бала жиі-жиі қырқысып қалуды шығарды. Бір күні Бриндобонның әйелі ауырып қалып еді, қымбат дәрі жазып берген дәрігерді Джогонатх қуып жіберуге дейін барды. Бұл дәріден ол дәрігердің надандығын көрді. Бриндобон әуелі жалынып еді, соңынан қоқан-лоққы да жасады, − бәрі де заяға кетті. Ақыры жамағаты дүние салды. Бұл өлімді ол әкесінен көрді.

.....
Әңгімелер
Толық

Эдгар По | Морг көшесіндегі кісі өлімі

Сирендер шырқаған неткен ән немесе әйелдер арасында жасырын жүргенде Ахиллдың есімін қалай атады екен? — қаншама шым-шытырық сауалға толы болса да — болжам жасауға болады.

Сэр Томас Браун. Құтыға жерлеу.

Біздің ақылымыздың айырып, ажырата білу қабілетіміз талдау жасауға келгенде тым шорқақ, Біз оны тек нәтижесіне қарай бағалаймыз. Басқа да қасиеттермен бірге адам, әсіресе дарынды адам үшін талдай білу айрықша ләззат қайнары болып табылатынын біз жақсы білеміз. .....
Әңгімелер
Толық

Тоқаш Бердияров | Нан


Қонысбай ғажайып бір түс көрді. Түсінде қап-қара киім киініп, цирк аренасында тұр екен. Басында күмбез тәріздес қара сәлде, қолында қылтырықтай таяқша, кәдімгі жұрттың көзін байлағыш сиқыршының өзі дерсің!

Ол жан-жағына көз тастап, көпшілік қауымға ойлы көзбен қарады. Бәрінің де жүздері солғын, жадау тартқан. Алдыңғы қатардан «нан» деп жылаған жас балалардың ащы да аянышты даусы естіледі. Қонысбай таяқшасын бір сермеп, селтиіп тұрған цирк қызметкерлеріне ишарат білдірді. Олар табан арасында үлкен бір ақ тандырды дөңгелетіп аренаға шығарды. Сиқыршы бала тандырдың аузын жылтыр қара шүберекпен жапты да өлеңдете жөнелді.

Жомарт тандыр, ақ тандыр,

Мына жұртты шаттандыр.

Әмірімді ал, ұққын.

Қарнын тойғыз халықтың!

Қаптың аузы сөгілсін,

Аузыңнан нан төгілсін!

Айтқандай-ақ, нан дегеніңіз тандырдың аузынан қайнап шыға бастады. Тап-таза бәрі бидайдың ұнынан жасалған, буы бұрқыраған арайлы да ажарлы кәдімгі нан! Түйенің көзіндей күлшелердің асты қаудырақ, үсті том-томпақ, аузыңа салсаң ериін деп тұр әншейін. Шайнамай-ақ жұта салуға болады. Жұрт мәз-мейрам. Бөбектердің қолында бір-бір күлше. Жүздерінде күлкі ойнайды. Бүкіл көрермендер сиқыршы балаға алғыстарын айтып жатыр. .....
Әңгімелер
Толық

Сайын Мұратбеков | Жусан иісі

1

Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан: жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық ақсақ қара бала бір кетпейді. Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, ес қалмай далбақтай жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын»,- деген жалынышты үнін естимін.

Әуелде біз, балалар, оның ертегі айтатынын білгеміз жоқ. Ол әжесі екеуі біздің ауылға қырық екінші жылдың жазында көшіп келген. Мал дегеннен, тек бұзаулы қоңыр сиыры бар еді. Аянның әкесі майданға аттанып, туған анасы содан екі ай бұрын қайтыс болыпты. Біздің ауылда әжесінің жамағайын төркіндері бар екен, соларды сағалап келсе керек.

...Біз, балалар, көшеде екіге жарылып ап, қағазға топырақ орап, бұрқылдата лақтырып, атысып ойнап жүргенбіз. Ары өтіп, бері өткен кемпір-шал: «Желкең қиылғырлар-ай, соғыс аздай, бұл атысып ойнады дегенді қайдан шығарды осылар, басқа ойын аз ба-ей!..» -деп ұрсып-ұрсып қуып тастайды. Бірақ олар кетісімен қайта жиналамыз. Қайта атысамыз. Желсіз тымырсық күнде бұрқылдаған май топырақ тұманша қалқып, шаңытып тұрып алады. Жуық арада сейіле қоймайды. Соның арасында тұншыға жүріп, көзіміз ғана жылтырап, бір-бірімізге «уралап» ұмтыламыз. Ойынның осындай бір қызу шағында біздің «атаман» - Садық кілт тоқтай қап: .....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Мағауин | Тазының өлімі

1

Сүлдерін сүйретіп басына бір, аяғына бір шықты. Үстін кіршіксіз таза ақша қар басқан кішкентай ғана төмпешік. Меңірейіп қалған. Жазда, алғаш үйілген кезінде әлі дымы құрғамаған қоянжон топырақтан жылы леп, мейірбандық есіп тұратын. Мүмкін солай көрінген болар. Әйтеуір тазы мұнда жиі келетін. Төңіректеп жүреді. Қиыршық тас аралас сарғыш топыраққа тұмсығын тығып жіберіп, қорқырай дем алады. Сыздықтап әлдебір иіс білінетін. Сүйкімсіз иіс. Терісін сыпырып, аулаққа лақтырып тасталған түлкіден екі-үш күн өткен соң дәл осындай күлімсі леп шығар еді. Үстіне құрт-құмырсқа қаптап кететін. Тазы жеркене лоқситын-ды. Ал мына жас топырақты қаба дем тартқан кезінде бойын мүлде басқа сезім билейтін. Қолқаны атары рас, бірақ соның өзінде әлденендей таныс, жанға жақын бірдеңе бар. Не екені де белгілі. Шіріген етпен аралас, мұрынға болмашы ғана лебі жеткен иіс – иесінікі. Ол осы арада жатыр. Қисынға келмейтін нәрсе, бірақ анық солай. Өз көзімен көрген. Тазының бойы жеңілейіп, еңсесі көтеріліп қалатын. Алысқа ұзаған жоқ қой әйтеуір. Ертең-ақ оянады. Қашанғы жата берсін... Енді міне, сол белгінің өзі жоғалыпты. Бәлки, тұрып кетіп қалған шығар. Мүмкін, ендігі үйде отырған болар? Жоқ. Қар түнде ғана жауды. .....
Әңгімелер
Толық

Иван Бунин | Митяның махаббаты екінші тарау

Тоғызыншы наурыз Митяның Мәскеудегі ең соңғы бақытты күні болды. Әйтеуір өзі осылай деп жорыған.

Катя екеуі күндізгі сағат он екіде Тверь бульварымен өрлеп келе жатқан. Қыс аяқ астынан көктемге жол берді де күн көзі ысып кетті. Расында бозторғай мекеніне қайтып, жылу мен қуанышты өзімен бірге ала келгендей. Қар еріп, дүние елжіреп қоя берді, төбеден су сорғалап, көше сыпырушылар жаяу жолдың мұзын оя бастады, шатырлардың жылбыраған қарын түсірді, қайда қарасаң да қаптаған адам, жұрт көңілді. Биіктегі шарбы бұлттар түтіндеп барып сейіліп, көк аспанға сіңіп кетті. Алыста, бәрінің төбесінен қарап, ойланып Пушкин тұр, Страстный монастырі жарқырайды. Митяға қатты ұнағаны, сол күні Катя ерекше көрікті еді, қаяусыз ақ көңілмен жақындығын танытып, балалық сеніммен оның қолтығынан алып, еңкейіп оның бақытты да сол тәкаппар жүзіне қарай берген, адымын алшаңдай басқан Митяның қатарына әрең ілесті. Пушкиннің қасына жеткенде күтпеген жерден:

— Сен балаша аңғалдықпен күлген кезде аузыңды арандай ашып, ерніңді қайыстай созатының не? — деп салғаны. — Тек ренжи көрме, мен сені сол күлкің үшін жақсы көремін. Оның үстіне византиялыққа ұқсайтын көзің қандай ғажап!

.....
Әңгімелер
Толық

Иван Бунин | Митяның махаббаты

Тоғызыншы наурыз Митяның Мәскеудегі ең соңғы бақытты күні болды. Әйтеуір өзі осылай деп жорыған.

Катя екеуі күндізгі сағат он екіде Тверь бульварымен өрлеп келе жатқан. Қыс аяқ астынан көктемге жол берді де күн көзі ысып кетті. Расында бозторғай мекеніне қайтып, жылу мен қуанышты өзімен бірге ала келгендей. Қар еріп, дүние елжіреп қоя берді, төбеден су сорғалап, көше сыпырушылар жаяу жолдың мұзын оя бастады, шатырлардың жылбыраған қарын түсірді, қайда қарасаң да қаптаған адам, жұрт көңілді. Биіктегі шарбы бұлттар түтіндеп барып сейіліп, көк аспанға сіңіп кетті. Алыста, бәрінің төбесінен қарап, ойланып Пушкин тұр, Страстный монастырі жарқырайды. Митяға қатты ұнағаны, сол күні Катя ерекше көрікті еді, қаяусыз ақ көңілмен жақындығын танытып, балалық сеніммен оның қолтығынан алып, еңкейіп оның бақытты да сол тәкаппар жүзіне қарай берген, адымын алшаңдай басқан Митяның қатарына әрең ілесті. Пушкиннің қасына жеткенде күтпеген жерден:

— Сен балаша аңғалдықпен күлген кезде аузыңды арандай ашып, ерніңді қайыстай созатының не? — деп салғаны. — Тек ренжи көрме, мен сені сол күлкің үшін жақсы көремін. Оның үстіне византиялыққа ұқсайтын көзің қандай ғажап!

Митя күлмеуге тырысты, іштегі мақтанышы мен болар-болмас ренішін жасырып, төбесінен төніп тұрған Пушкинге қарап: .....
Әңгімелер
Толық

Эрнест Хемингуэй | Шал мен теңіз

Шал Гольфстримге қайығымен бір өзі ғана шығып жүрді. Міне, сексен төрт күн болды, теңізге күнде шығады, бірақ қармағына әлі де ештеңе іліккен жоқ. Бастапқы бір жарым айдай уақыт бойында бұған бір бала серік болған еді. Күн өте берді, қолға балық түспеді, содан соң баланың ата-анасы күдер үзіп, бұл шалды "жолын қырсық шалған сорлы-бейбақ" десіп, балаға енді басқа қайыққа ауыс деп әмір еткен-ді. Басқа қайыққа барғанда баланың жолы болып, серігі мен екеуі алғашқы аптаның ішінде-ақ үш ірі жайын ұстаған-ды. Шалдың жағаға күнде құр алақан оралғанын көргенде, бала оны қатты аяп, жаны ашитын; балықшының багор, гарпун секілді құрал-саймандарын, қайық үстіне құратын желкенін қарияның үйіне көтерісіп жеткізіп салу үшін ылғи алдынан шығатын-ды. Қарттың қайығының үстінде шиыршықталып жататын, он бойына кенеп жамау жапсырылған қырық сұрақ желкен — бейне тас-талқаны шыққан жасақтың құлаған туы сияқтанып елестейтін көзге.

Шал — титықтаған арық кісі еді; маңдайы, мойыны арса-арса; бетіне күрең-қоңыр дақтар түсіп, өңі шұбар тартқан, мұндай дақтар ыстық жақтардағы теңіз бетіне түскен күн сәулесінің адамның өңіне шағылысуынан пайда болады......
Әңгімелер
Толық

Оноре де Бальзак | Жергілікті дәрігер

I таpay

ӨЛКЕ МЕН АДАМ

1829 жылдың жазғытұрғы бір жайдары күнінде жасы елулер шамасындағы кісі Гранд-Шартрезге таяу орналасқан үлкен елді мекенге қарай бет алып, өрлеу жолмен салт келе жатты. Бұл мекен — табаны тастақ, арнасы көбінесе құрғап қалатын шағын тау өзенінің аңғарында ұзыннан созылып жатқан, халқы тығыз кантонның орталығы. Қазірде қар суымен толысқан өзен аңғарды бойлай бұрқ-сарқ ағып жатыр, арнасы екі жақтан бір-біріне қарама-қарсы ентелеп келіп беттескен қос қыраттың ортасында қысылып қалған, үстеріне жан-жақтан анталап, Савойя мен Дофиненің шыңдары төніп тұр. Екі Морьенаның тізбек-тізбек жоталары, жалпы нобайлары бір-біріне ұқсас болғандарымен, жанағы бейтаныс кісі өтіп бара жатқан өңірдегідей жердің ала-құлалығын, дәл сол тұстағыдай күн сәулесі мен көлегей көлеңкенің құбылған ойнақылығын басқа ешқайдан табуға болмас еді. Біресе аңғар алқабы далия шалқайып кетеді де, жылдың қай мезгілінде де тау бұлақтарынан сусындаған құнарлы жердің нәрлі өсімдігі жап-жасыл кілемдей болып көздің жауын алып жатады; біресе алдыңнан су күшімен жүретін тақтай зауыттары көлденеңдеп шыға келеді де, оның әр жерде жайылып жатқан жұпыны құрылыстары, қабығы аршылған шырша бөренелерінің қоймалары жалт етіп көзге шалынады; жаңағы буырқана сарқыраған өзеннен бұрып әкеліп, ауқымды тақтай науалар арқылы ағызып қойған су шыжымдары және көрінеді. Әр жерде шашыраған лашық үйлер мәуелі жеміс бақтарына көміліп, еңбекқор кедейшілік жайындағы ойға итермелейді. Ал одан әрегіректе балықтың қабыршақтары секілді бір-біріне қабаттаса жабысқан дөңгелек қышпен жабылған қызыл төбелі шағын үйлер ұзақ жылдар бойғы еңбектің берекелі нәтижесін айғақтап тұрғандай.

.....
Әңгімелер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Колхоздан келген қонақ


Есіл оянысымен көзін уқалай түрегеліп, бұрыштағы бала кереуетіне қараса, түнде онымен «жақсы түс көр» айтысып ажырасқан бұйра бас сары қыздың қарасы да жоқ. Көрпе-жастық кешегі күндізгі салтанатында тап-тұйнақтай жиюлы тұр. Есіл шифоньер айнасының алдында шашын өрігі тұрған анасынан:

— Мама, Зина қайда? — деп сұрады.

— Зина балалар бақшасына кетті.

— Қашан кетті?

— Әлгінде, сен ұйықтап жатқанда тұрып кетті.

Бұл хабар Есілге тым жайсыз әсер етті. Ол әлі де ұйқы табы айықпай, құрыстаныңқырап тұрған қабағын шыта түсіп, жабырқау кейіпте отырып қалды. Осы кезде мамасы:

— Ұйқың қанса, түрегел. Киін, — деп еді. Есіл мұны естімегендей, өз уайымын айтып жауап қатты:

— Мен енді кіммен ойнаймын?

— Түрегел. Аулада сен ойнайтын бала табылады.

Есіл тұрып, киіне бастады. Ол мамасымен екеуі Алматыға кеше кешқұрым келген болатын. Мамасы бұдан бұрын да мұнда талай келіп-кетіп жүрген адам. Ал Есіл болса бірінші рет.

Зинамен ол кеше теп-тез үйірсектеніп, екеуі бүкіл кешті тату ойнап, қызықты өткізіп еді. Енді сол серігі ұзақ күнге қасында болмайтынын білген соң Есіл қалай уайымдамасын. Мұндағы балалардан ол басқа ешкімді де танымайды ғой.

Шай үстінде де Есілдің қабағы ашыла қоймады. Мамасы оның көңілім сергітпекші болып:

— Мына әжең сені көшеге алып шығып, қала аралатып көрсетеді. Трамвайға мінгізеді,— деді.

— Ал сен ше? .....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Есенберлин | Алтын құс

Қозғалмай шалқамнан жатқаныма бір жетіден асып кетті. Көзімді ашып жан-жағыма қараймын. Аурухана бөлмесінің іші мұнтаздай тап-таза. Қабырғасы да, төсек орным да, терезеге ұстаған пердесі де — бәрі де аппақ. Аққудың үлпе жүнінде көзге жұмсақ. Осы айнадай таза ақ бөлменің сүреңіне сән бергісі келгендей ашық терезеден көгере бастаған жас қайыңның бұтақтары қарап тұр. Жасыл жапырақтары желмен ойнап әлсін-әлсін сылдыр қағады. Кенет бабына келтіре салған бұлбұл әні сұлу үнге ділгер жанымды кәнігі етеді...

Мен езу тартып күлімсіреймін. «Тәубе, тәубе! Өмірдегі ең қуанышты сол секундімде осынау шат дүниені қайта көре алмай өліп кетуім мүмкін екен-ау! Қуанышта да ажал бар деп кім ойлаған! Жасың келген соң, жар басында тұрған адам тақылеттес болады екенсің. Аяғыңды сәл мүлт бассаң, шыңырауға зымырай жөнелесің. Мен де сол қауіпке душар бола жаздаппын ғой». Иә, ажал деген қақпаннан бұ жолы да құтылып кеттім. Қақпан қанша тарс жабылғанмен, өткір жүзінің әлі жетпей қалды. Тағы да босатып жіберді. Енді мен көзімді жұмып сәл ойлана қаламын. Сол-ақ екен көз алдымда сол күнгі сурет елестей жөнелді.

Иә, сол күні мен жиырма бес жыл бойы мойныма таққан тұмардай жүрегімнің түбінде арман болып сақталып келген Ақбаянмен кездестім. Электр қоңырауын басып едім, есікті өзі ашты.

— Келдің бе? — деді үлкен бота кезін күлімдете. Сөйтті де, қынай белді сұңғақ денесін ырғалта, оқтаудай жұп-жұмыр, түп-түзу аяқтарын былқ-сылқ басып, қолымнан ұстап мені қонақ бөлмесіне қарай жетектей жөнелді. .....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Есенберлин | Алыстағы арпалыс

БІРІНШІ ТАРАУ

Өзеннің екіге бөлініп ағатын сағасынан жақында ғана кен зерттеушілер титан элементі кездесетін рутил минералын тапқан. Бұл адам айтқысыз зор байлық болатын. Бірақ кеннің негізгі желісі өзеннің тармақтанып, теңізге барып құятын оң жақ саласының астында болып шықты. Енді тек осы мол қазынаның үстіндегі суды тоқтатып, қабат болып жауып жатқан әк тасынан аршып алып, бай минералға жету ғана қалған еді.

Үкімет титанның адамзаттың келешегіне, бейбітшілік ісіне зор маңызы бар екенін ескере отырып, осы Жарқын қойнауын пайдалануға асығыс түрде кіріскен-ді. Өзеннің оң жақ саласын құрғату үшін бөгет сала бастаған. Осы бөгет қасынан жаңадан рудник ашуды ұйғарған.

Рудниктің салынып жатқан жері — сұрғылт топырақты алан. Солтүстіктен күнбатысқа қарай аттың тағасындай дөңгелене келген, бірімен-бірі жалғаса біткен құлын жалды жоталар. .....
Әңгімелер
Толық

Антон Чехов | Анюта

Жалға берілетін "Лиссабон" бөлмелерінің ең бір арзанқол кішкентай нөмірінде үшінші курстың студенті, медик Степан Клочков бұрыштан - бұрышқа әрлі-берлі жүріп, өзінің медицинасын жаттап жүр. Жақ жаппай, тынымсыз жаттаудан әбден тамағы тобарсып кеткен, маңдайынан шып-шып тер шықты.

Шет-шетіне қырау тұрып, неше түрлі өрнек түскен терезе алдында, жайдақ орындықта оның пәтершісі Анюта отыр, жасы жиырма бестер шамасында, сүйегі ұсақ, өзі ап-арық, кескіні қара торы, өңі құп-қу, жәудіреген қоңыр көздері, тіпті, монтаны. Жауырынын бүгжитіп, еркек көйлегінің жағасына қызыл жіппен кесте тігіп отыр. Жұмысы тығыз. Дәліздегі сағат құмыға күңгірлеп түскі екіні соқты, ал бөлме іші әлі жиналған жоқ. Умаждалған көрпе, әр жерде жайрап жатқан жастықтар, кітаптар, әйелдің көйлегі, үлкен легеннің ішінде мөймілдеп көпіршіген жуынды, оның бетінде қалқыған шылым тұқылдары, еденде ыбырсыған қиқым-сиқым - осының бәрі бір жерге үйіліп, әдейі қойыртпақталып, былығып жатқан сияқты...

— Оң жақ өкпе үш сайдан тұрады... — деп жаттайды Клочков. — Шекаралары! Үстіңгі сайы көкіректің алдыңғы бетінде 4-5 қабырғаларға дейін барады, бүйір жақта 4- қабырғаға дейін... артқы жақта Spina Scapulae1-re дейін... .....
Әңгімелер
Толық

Бейімбет Майлин | Шұға

(пьеса)
4 перделі, музыкалы пьеса
ҚАТЫСУШЫЛАР:

Есімбек – бай.
Бәйбіше – оның әйелі.
Әлім – баласы.
Шұға – қызы.
Мақпал – Шұғаның жеңгесі.
Айнабай – Есімбектің қол шоқпары.
Күлзипа – оның қызы
Қабен.
Кәрім – Әбіштің жолдастары.
Қарасай – Шұғаның айттырған күйеуі.
Шоқпарбай – Қарасайдың жолдасы.
Базарбай – Есімбектің қойшысы.
Әбіш – оқыған жігіт.
Қыз-келіншектер, жігіттер, бақсы, пристав, тағы басқалар.

БІРІНШІ ПЕРДЕ
Шымылдық ашылар кезде сахнада жаң-жұң дауыс; ойын-күлкі. Қыз-бозбала, келіншектер. Сахнаның орта шенінде алтыбақан. Алтыбақанда бір қыз бен бір келіншек тербеліп, көтеріңкі түрмен ән салады. Бірсыпырасы оған қосылады. Алтыбақаннан бөлектеу Шұға мен жеңгесі. Жеңгесі Шұғаға сөз айтып тұрады. Шұға ұнатпаған пішін көрсетеді. Бұларға таяу бір келіншек пен Күлзипа. Бұл екеуі де өзара сөйлесіп, әлденеге мәз болған түрде. Алтыбақанның екінші жағыңда Қарасай мен Тоқтарбай. Бұл екеуі өзара сөйлесіп, көздерін Шұғаға қадаумен болады. Ән тоқталып, жаң-жұң басылған кезде.
Шұға (ұнатпай).
Апырм-ай, жеңеше,
Құлағым сарсылды.
Мақпал.
Беу, еркежан,
Жастықты неліктен,
Жүрегің тарсынды? .....
Әңгімелер
Толық

Джек Лондон | Әйел қырық жанды


Тұла бойы аппақ қырау, көзі кіртиген бір ит үшкір тұмсығымен шатыр есігін түртіп ашып, басын ішке сұғып жіберген.

— Е-ей, Сиваш!.. Әй, албастыдан туған малғұн, шық әрі, шық! — деп іштегілер жамырай айқайлап, өре тұрды. Беттлз қалайы тәрелкемен тұмсықтан таңқ еткізіп ұрып үлгергені сол — әлгі кіртиген көз бен үрпиген бас қас қағымда жоқ болды. Бұдан соң іле-шала Луи Савой шатырға есік ретінде ілінген қалың брезенттің жан-жағын қымтай жауып қойды да, пеш үстіндегі ыстық табаданды аяғымен аударып тастап, оның жалын шарпыған түбіне қолын төсеп жылытуға кірісті.

Сыртта сақылдаған сары аяз. Екі күн бұрын спиртті термометр алпыс сегіз градусты көрсетіп тұрып, кенет сырт етіп сынып түскен, одан кейін де суық күшейе түспесе бәсеңдеген емес, ал енді оның қанша күнге созылары да белгісіз. Мұндай түкірігің жерге түспес аязда, жылы үй, жылы ұядан алыста, мұздай суық ауамен өзек қарып отыруды досың түгіл дұшпаныңа тілемес едің. Рас, дәл осындай күндері алды-артына қарамай жолға шығып кететін көзсіз ерлер де болады, бірақ олардың кейін дін аман қалғандарын көрген ешкім жоқ — екі өкпеден айырылып, күрк-күрк жөтеліп, ақыры мәңгілік тоңға жамбасын мәңгі тигізіп тынғандар қаншама. Бір қызығы өстіп өлгендердің мәйітін мұздай көрге салғанда, осындай бүлінбеген, бұзылмаған қалпында Қиямет күніне жетсін деген ұғыммен олардың бетін мүкпен ғана жауып кете барады. Ал мұндай Ұлы Күнге сенбейтіндерге, әрине, ең кереметі — Клон-дайккс барып өлу деп көпіре алмайсың. Бірақ бұдан Клондайкте өлу — жаман, тіршілік ету — тамаша деген ұғым тумаса керек. .....
Әңгімелер
Толық

Жүсіпбек Аймауытов | Қартқожа


Елі үшін күйген,
Еңбекті сүйген,
Ізгі тілекті,
Ер жүректі,
Жұртшылық көсемі
Жалынды жастарға арнаймын.

Жазушы

БІРІНШІ БӨЛІМ

ОҚУ

Ұмытпасам, бұдан табандатқан 14-15 жылдар бұрын болса керек: Қаржасбайдың аңыраған қонақ үйіңде жиырмаға тарта баланы алқа қотан отырғызып, Мәжит қожаның азан-қазан қып оқытып жататыны. О кез Мекалайдың аузынан жалын шығып тұрған шағы еді. Ал, бұ күнде Мекалайдың жалыны түгіл, әуелі қабірін таба алар ма екенсің. Бұ күнде ондағы ызбарын төгіп отыратын Мәжекең де, бет-аузы ақпандағы алабас бураша сорағытып, ақ сабауға қош айтысып, қыжырайып, төсегінде жатыр. Пай-пай-пай! Көрінде өкіргір, Қожаекем-ай! Жөнсіз қатал едің-ау, жарықтық! «Бибіден» дабыл жесең де, жаназадан құр қалсаң да, ашуыңды балалардан алушы едің-ау! Өткен күннің белгісі жоқ қой, әйтпесе нағыз...

Әйтеуір бесті айғырдан да шақар оқытады. Қожасы бар болсын, оның басын ауыртқалы отырғам жоқ, әшейін аузыма түсіп жатыр. Со кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта — астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос-қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып, бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай... Екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы да сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайды. Со баланың қақ-соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді. Құдай ондап, аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа. Жас балаға лайық ат емес қой.

.....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Есенберлин | Көлеңкеңмен қорғай жүр

ЖЫР БАСЫ



Тың жерлерді игерудің

20 жылдығына

Бұлыңғыр күнде тынбай себелеген ақ жауын. Жер қара, дүние бозғылтым. Балдағын тас еденге тақылдатып Атымтай перронға тағы шықты. Жел тұрып, суық жаңбыр енді бетінен қарсылай шапалақтады. Мойнына сорғалаған жаңбыр суын елемей, ол поезд келетін батыс жаққа тесіле қарады. Келетін мезгілінен кешіккеніне үш сағаттан асып барады. Семафорға дейін ештеңе көрінбеді. Атымтай ақырын күрсінді де вокзалға қайта кірді. Әйелі Бибіғайша поездың жоғын ерінің томсарған қатыңқы реңінен байқады да, теріс бұрылып кетті. Жанында тұрған анасына таңдана, үрке қараған балдырған бөбегі Хасенді көтеріп алып, бауырына қыса, қайта-қайта бетінен, маңдайынан, тамағынан құшырлана сүйе бастады. Еріне қарағанда әйелдің бетінде қаншалық қайғы көрінсе, баласын сүйгенде оның жүзінен соншалық шаттық аңғарылады. Қайғысы, қуанышы аралас ұлан-асыр шаттық! Атымтай әйелінің мұндай түрін көруге шыдай алмай, далаға қайта шығып кетті. Әйелін, баласын осы шулы облыстық қаладан тез-ақ алып кетуге бар, әттең, поезд келмей-ақ қойды.

Рота командирі Атымтай Батыс-Теріскей майданында төрт жыл өмірін өткізді. Жеңіс күнінен бір жеті ғана бұрын аяғынан қатты жарақаттанып, ауруханаға түскен. Содан сентябрь айында ғана жазылып шықты. Кеудесі орден мен медальға толған жаралы ер соғыстан бұрын өзінің кен бұрғышысы болып жұмыс істеген руднигіне бармай, осы облыстық қалаға бірден тартқан. Оған себеп: өзі әскерге кетісімен туған бөбегін алып әйелі осы қалаға көшкен-тін. Атымтайдың бұл сапары — сол әйелі мен баласын іздеп келген беті. .....
Әңгімелер
Толық